Емдеу. Ридельдің тиреоидиті – инвазивті өсетін, қатерлі ісікке жиі айналатын және операцияға дейін морфологиялық диагностикасы қиын дерт. Сондықтан, фиброзды тиреоидиттің емі – тек операция және 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Емдеу. Ридельдің тиреоидиті – инвазивті өсетін, қатерлі ісікке жиі айналатын және операцияға дейін морфологиялық диагностикасы қиын дерт. Сондықтан, фиброзды тиреоидиттің емі – тек операция және

Емдеу. Ридельдің тиреоидиті – инвазивті өсетін, қатерлі ісікке жиі айналатын және операцияға дейін морфологиялық диагностикасы қиын дерт. Сондықтан, фиброзды тиреоидиттің емі – тек операция және таңдау біреу – тиреоидэктомия. Түбегейлі (радикальды) операция техникалық тұрғыдан қиын, операция кезінде іргелес ағзаларды жарақаттау мүмкіндігі жоғары. Кей жағдайларда қатерлі ісік сенімді түрде жоққа шығарылса, безді толық алмай, ағзаларға декомпрессия жасайтын операция көлемімен де шектелуге болады.

Аутоиммундық тиреоидит

Лимфоцитарлық аутоиммундық тиреоидит (АИТ) – қалқанша бездің гипотиреозға жиі әкеп соқтыратын ауруы.

1912 ж. Х. Хашимото ДТЖ-ға байланысты алынған 4 қалқанша бездің морфологиялық құрылымын зерттеп, 4 айырықша белгілер тапқан:

- бездің ұлпасының (паренхимасының) лимфоцитарлық инфильтрациясы;

- спецификалық лимфоидтық фолликулдардың пайда болуы;

- эпителийлік жасушалардың деструкциясы;

- дәнекер (фиброзды) тіннің пролиферациясы және оның қалқанша бездің қалыпты тінін алмастыруы.

Бұл дерттің әр елдің тұрғындарының арасында таралу жиілігі балаларда 0,1-1,2 %, ал ересек әйелдерде 6-11 %. Ерлер мен әйелдер арасындағы сырқаттанушылықтың арақатынасы 1:8. Ғалымдардың басым көпшілігі АИТ-тің екі түрін ажыратады:

- гипертрофиялық түрі (Хашимотоның жемсауы);

- атрофиялық түрі (біріншілік микседема). Бұлардың екеуі де гипотиреозға себеп болады.

Этиологиясы және патогенезі. АИТ – ағзаспецификалы аутоиммунды дерт. Оның негізгі себебі – Т-супрессорлардың жеткіліксіздігі (дефектісі). Соның салдарынан Т-хелперлер қалқанша без жасушаларының антигендерімен өзара байланысуға мүмкіндік алады. Бұл дертте генетикалық (тұқымқуалаушылық) бейімділік те байқалады.

Клиникасы. АИТ-ке бейспецификалық көрініс тән. Қалқанша без гормондарының жетіспеушілігі біртіндеп дамиды. Науқастар дәрігерге қаралған сәтте басым көпшілігіне эутиреоз немесе субклиникалық гипотиреоз жағдайында болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)