Зертханалық және аспаптық тексеру. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Зертханалық және аспаптық тексеру.

Нысанды тексеру кезінде қалқанша бездің көлемі өте кішкентай көлеммен өте үлкен көлем аралығында болуы мүмкін, қаттылау, кейде беткейі бұдырлы, түйіндер болуы ықтимал.

Функциясы – гипотиреоз.

Зертханалық және аспаптық тексеру.

Қалқанша без гормондарын тексергенде айқын немесе субклиникалық гипотиреоз анықталады, әйтседе АИТ-тің тиреотоксикалық фазасында тиреотоксикоздың субклиникалық белгілері көрініс береді. Тиреоидтық пероксидазаға (ТПО) қарсы антиденелердің жоғарылауының жеке диагностикалық маңызы жоқ, бірақ қалқанша бездің функциясы бұзылғанда дерттің себебін анықтауға көмегі бар.

Қалқанша безді УДТ-де тіндердің көптеген гипоэхогендік белгілері байқалады: науқастардың 80 %-ында қалқанша без ұлғайған, 15 %-ында қалқанша бездің көлемі кішірейген.

Сцинтиграфияда радиофармпрепараттың қалқанша безде жинақталуы төмен дәрежеде. 

Ажырату диагнозын АИТ-тің тиреотоксикалық фазасы мен ДТЖ-дың арасында жүргізеді.

Емдеу. АИТ-тің спецификалық емі жоқ. Тиреотоксикалық фазасында симптоматикалық ем қолданылады: β-адреноблокаторлар, фенобарбитал және т.б.. Тиреостатикалық дәрілерге ауыр тиреотоксикоз ұзақ уақыт сақталып, β-адреноблокаторларға, басқа симптоматикалық дәрілерге төзімділік байқалғанда ғана жүгінеді.

Радиойодтерапия АИТ-те қолданылмайды деуге болады және аса қажет емес.

Гипотиреоз жағдайында қалқанша без гормондарының препараттарын (L-тироксин, эутирокс) қолданады.

Хирургиялық ем.

Қазіргі таңда АИТ-ті емдеуде хирургиялық ем сирек қолданылады.

Операцияға негізгі көрсетім – АИТ-тің өршіп, кеңірдекті немесе жоғарғы қуыс венаны қысуы.

Компрессиялық синдромның алғашқы белгілерінің өзі-ақ (дауыстың өзгеруі, күш түскенде ентігу, қою тамақ ішкенде түйілу) хирургиялық емге шексіз (абсолюттік) көрсеткіш болып табылады. 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)