Дауыс байламының қозғалғыштығын қалыпқа келтіретін операциялар: нейропластика, нейромиопластика, миопластика; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дауыс байламының қозғалғыштығын қалыпқа келтіретін операциялар: нейропластика, нейромиопластика, миопластика;

- Дауыс байламының қозғалғыштығын қалыпқа келтіретін операциялар: нейропластика, нейромиопластика, миопластика;

- Дауыс байламдарын медиалдық жағдайда бекітіп, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру: эндоскопиялық хордэктомия, аритеноидхордэкомия, хордоаритеноидэктомия, дауыс байламдарының эндоскопиялық фиксациясы;

- Екі жақты латералдық жағдайдағы дауыс байламдарының парезінде дауысты қалыпқа келтіру үшін дауыс байламдарының бірін медиалазациялайды. Ол үшін сыртқарырақ жерден кілегей қабық астына инертті пластикалық заттар (Cortex) енгізеді.

Гипопаратиреоз. Операциядан кейін қалқанша маңы бездердің қызметінің бұзылуы олардың топографиялық-анатомиялық және қанмен жабдықталу ерекшеліктеріне байланысты. Қалқанша маңы бездер қалқанша бездің артқы және бүйірлік беткейлерінде орналасқан және олардың қанмен жабдықталуы қалқанша бездің қан тамырларымен тығыз байланысты. Қалқанша без обырындағы ауқымды лимфодиссекция, ірі ошақты, көп түйінді жемсауға жасалған тиреоидэктомиядан кейін қалқанша маңы бездердің қанмен жабдықталуы бұзыуы мүмкін. Егер, операцияның түбегейлігіне нұқсан келетін болса, барлық қалқанша маңы бездерді сақтау міндетті емес. Бездің гормондық қызметін қанағаттанарлық деңгейде сақтау үшін бір ғана бездің 1/3 бөлігі жеткілікті болғандықтан барлық бездерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, олардың біреуін ғана сақтау жеткілікті. Гипопаратиреоздың өтпелі, тұрақты түрлерін, клиникалық белгілері бойынша – айқын және жасырын (астыртын), жедел және созылмалы түрлерін ажыратады. Бұл асқынудың жиілігі 3-7 %, ал тұрақты гипопаратиреоз пациенттердің 1 %-ында кездеседі.

Тетания асқыну орын алған науқастардың басым көпшілігінде операциядан кейінгі 3-5 күндердің аралығында, ал кейде бірінші күндері-ақ дамиды. Құрысу (судороги) алдында алғашқы белгілер – денесінің жыбырлауы, шаншу, аяқ-қол, бетінің жансыздану сезімі байқалады. Құрысу белгілері науқастың денесіндегі қатты ауырсыну сезімімен қосарланады (бұлшықет ишемиясы). Кейде құрысу-тартылу құбылыстары кеңірдек пен жұтқыншаққа, көкетке таралып ларингоспазмға және асфиксияға ұласуы ықтимал. Ауыздың шеңбер бұлшықетінің және қол бұлшықеттерінің құрысуы бет-әлпеттің («балықтың ауызы») және қолдың жағдайының («акушер қолы») ерекшеліктерін анықтайды. Операциядан кейінгі гипопаратиреозды анықтау үшін нысанды тексеру әдістерінен өзге зертханалық әдістерді қолданады. Қан сарысуындағы (плазмадағы) және зәрдегі кальций (әсіресе, иондалған) мен фосфордың концентрациясын анықтау қажет.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)