Диффузды эзофагоспазм – Барсони-Тешендорф синдромы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Диффузды эзофагоспазм – Барсони-Тешендорф синдромы

Синдром өңештің төменгі қысқышының қалыпты моторикасы сақталып, өңештің қабырғаларының спастикалық жиырылуымен сипатталады. Біріншілік және екіншілік эзофагоспазм деп екіге бөлінеді. Біріншілік эзофагоспазмда өңеш кеңеймеген, жұтынғанда кардияның ашылу рефлексі бұзылмаған. Екіншілік эзофагоспазм деп өңештің басқа дерттерінің, басым көпшілігіне кардиоспазмның астарынан дамыған эзофагоспазмды ұғынады.

Негізгі клиникалық симптомдары: дисфагия және кеуде қуысындағы ауырсыну сезімі. Регургитация, арықтау және жалпы әлсіздік секілді белгілер сиректеу кездеседі.

Диагностика рентгенологиялық, эндоскопиялық және эзофагоманометриялық зерттеулерге негізделген.

Рентгендік тексеруде «таспих тәріздес», «бұранда тәріздес» өңеш анықталады, контрасттың кідіруі, өңештің төменгі бөлігінің тарылуы байқалмайды.

Бұл дерттің өзіне тән эндоскопиялық ерекшеліктері жоқ. Эзофагоманометрияда өңештің өне бойының әр жерлерінде сегментарлық жиырыулы анықталады, өңеш-асқазандық қысымның градиенті қалыпты.

Емі. Біріншілік эзофагоспазмда консервативтік ем жүргізіледі: кальцийдің антагонисттері, нитраттар, седативтік дәрілер, витаминдер, спазмолитиктер, физиопроцедуралар. Бұл дертке шалдыққан науқастарға кардиодилатация жасалмайды.

Консервативтік ем нәтиже бермеген жағдайда – операция: аорта доғасынан өңештік төменгі қысқышына дейін эзофагомиотомия жасалады.

Екіншілік эзофагоспазмға шалдыққан науқастарға кардиодилатация курсын жүргізу қажет болады (5-6 процедурадан аспауы тиіс). Жоғарыда келтірілген кешенді ем қоса жүргізіледі. 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)