Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ештің бүйірқалталары (дивертикулдары)Поиск на нашем сайте 1769 ж. ағылшын анатомы Ludlow алғаш рет өңештің мойын бөлігінің бүйірқалтасын (дивертикулын) аутопсия кезіндегі кездей-соқ «табыс» (находка) ретінде сипаттап жазды. Өңештің бүйірқалталары туралы деректерді алғаш рет жүйеге келтіріп сипаттаған патанатом (1840 ж.) Rokitancky болатын. Ол бүйірқалталарды пульсиондық және тракциялық деп бөлді. 1877-1878 жж. Zenker мен Zimssen 34 жағдайға негізделген статистикалық деректерге сүйене отырып, бүйірқалталарды патогенезіне байланысты пульсиондық, тракциялық және аралас деп бөлуді ұсынды. Олар жұтқыншақ-өңеш аймағындағы бүйірқалталарға ерекше көңіл бөлді. Сол уақыттан бастап бұл дивертикулдар «Ценкер дивертикулдары» деп аталады. Өңештің бүйірқалталары – өңеш қабырғасының көкірекорта кеңістігіне қарай өсетін бұлтиюы. Жалпы жүргізілген рентгенологиялық тексерулер негізінде ересектердің 2 %-ында бүйірқалталар кездесетіні анықталды. Жіктелісі. І. Шығу тегіне байланысты: - Туа біткен; - Жүре пайда болған. ІІ. Даму механизміне байланысты: - Пульсиондық; - Тракциялық; - Аралас. ІІІ. Орналасуына байланысты: - Жұтқыншақ-өңештік - Бифуркациялық; - Диафрагма үстілік; ІV. Құрылымына байланысты: - Шынайы; - Жалған. Бүйірқалталардың басым бөлігі жүре пайда болады, туа біткен дивертикулдар сирек кездеседі. Пульсиондық бүйірқалталар (дивертикулдар) – өңешішілік қысымның жоғарылауы салдарынан пайда болатын, өңеш қабырғасының бұлтиюы (ағзаның гипермоторлық дискинезиясы). Тракциялық бүйірқалталар (дивертикулдар) – өңеш пен өңешті қоршаған ағзалардың арасында жабыспалардың дамуының нәтижесінде пайда болады. Жабыспалар басым көпшілігіне өңеш пен өкпе түбірінде орналасқан лимфа түйіндердің немесе кеңірдек айырығының (бифуркациясының) арасында дамиды. Жұтқыншақ-өңештік және диафрагма үстілік бүйірқалталар пайда болу механизмі бойынша пульсиондық болып табылады: олардың дамуының негізгі себебі – өңештің жоғарғы және төменгі қысқыштары аймағындағы қысымның жоғарылауы. Бифуркациялық бүйірқалталар даму механизмі бойынша негізінен тракциялық болып табылады. Дегенмен, кез-келген дивертикулдың дамуында екі механизмнің де ролі болуы мүмкін, тек біреуінің әсері басым болуы ықтимал. Шынайы бүйірқалталардың қабырғасы өңештің барлық қабаттарынан тұрады, ал жалған бүйірқалталардың қабырғасында бұлшықет қабаты болмайды, кілегейлі және кілегей астылық қабаттар бұлшықеттер талышқтарының арасындағы саңылаулар арқылы шығып, бұлтиып тұрады. Клиникасы және диагностикасы. Ценкер дивертикулы бастапқы кезеңдерде ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін. Кейде тамақ ішкен кезде науқастың тамағында ыңғайсыздық, «тырнау» сезімі байқалады. Басым көпшілігіне мұндай науқастар тамағына салқын тиюге немесе жұтқыншақ-кеңірдек ауруларына байланысты емделеді. Дивертикул үлкейген сайын оның қуысына тамақтың, сұйықтықтың жинақталуы салдарынан өңештің қысылу симптомдары (дисфагия, ықылық ату, ауыздан шығатын жағымсыз иіс) пайда болады. Кейде көлемі үлкен дивертикул іргелес ағзаларды қысуы, ығыстыруы ықтимал, мұндай жағдайларда тиісті белгілер пайда болады: мойын веналарының білеуленуі, ентігу, жүрек соғу, дауысының қарлығуы және т.б. Бүйірқалтада қабынулық процестер (дивертикулит, перидивертикулит) дамыған жағдайда мойын аймағында ауырсыну сезімі пайда болады, ауырсыну сезімі желкеге, төссүйек артына қарай беріледі. Бүйірқалтада жара пайда болған жағдайда қан кетумен асқынуы мүмкін, ал дивертикул жарылса мойын флегмонасы дамиды. Бифуркациялық бүйірқалталардың (дивертикулдардың) басым көпшілігіне клиникалық белгісі болмайды, оларды рентгенконтрастты тексеру кезінде кездей-соқ анықтайды. Бүйірқалтаның көлемі ұлғайып, оның өңеш өзегіне босауы қиындаған жағдайда төссүйек артында ауырсыну сезімі (стенокардия), ауырсыну сезімінің арқаға берілуі, кекіру, сиректеу болса да дисафгия байқалады. Ауырсыну сезімі дивертикулиттің, перидивертикулиттің, кейде дивертикулдың мойыншасында дамитын сегментарлық эзофагиттің салдары болып табылады. Іргелес ағзалардың қысылу симптомдары да пайда болуы мүмкін: жүрек қағу және ентікпе. Дивертикулит дамыған жағдайда, жара пайда болғанда немесе дивертикул тесілген жағдайда өте ауыр асқынулар – медиастинит, респираторлық-өңештік жыланкөздер дамиды. Дивертикул жоғарғы қуыс венаға немесе аортаға тесілсе, профузды қан кетуден науқастар бәр сәтте қайтыс болады. Эпифренальдық бүйірқалталарда (дивертикулдарда), бастапқы кезеңдерде, бүйірқалтаның (дивертикулдың) мойыншасы кең болғандықтан, клиникалық белгілер болмайды. Бүйірқалта үлкейе келе, әсіресе дивертикулитпен асқынған жағдайда дерттің клиникалық белгілері пайда болып, айқындала түседі: төссүйек артындағы ауырсыну сезімі, кекіру, дисфагия, өңештен қан кету. Өңеш бүйірқаталарының (дивертикулдарының) асқынулары: дивертикулит, бүйірқалтаның жарасы, бүйірқалтадан қан кету, бүйірқалтаның тесілуі (перфорациясы), бүйірқалтада қатерлі ісіктердің дамуы (малигнизация). Диагноз қоюда шешуші рольді полипозициялық контрастты рентгендік зерттеу атқарады. Бұл әдістің көмегімен бүйірқалтаның орналасқан жерін, көлемін, пішінін, асқынуларын және қосалқы дерттерді анықтайды. Міндетті түрде жүргізілуге тиіс зерттеу әдісі – эзофагоскопия. Бұл әдістің көмегімен бүйірқалтаның кілегейлі қабығының жағдайын, орналасқан жерін, мойыншасының көлемін, әртүрлі асқынуларын (қан кету, жыланкөз, полип, обыр) анықтауға болады. Емдеу. Емдеу әдістері консервативтік және оперативтік болып бөлінеді. Консервативтік ем асқынусыз бүйірқалталарға шалдыққан, сонымен қатар оперативтік емге қарсы көрсетімдер анықталған науқастарға жүргізіледі. Емнің негізгі мақсаты дивертикулитті жою немесе оның бәсеңдету. Диета шектелген, механикалық тұрғыдан жақсы өңделген, өте ыссы немесе салқын емес, өңештің кілегейлі қабығын тітіркендірмейтіндей болуы тиіс. Бүйірқалтаның қуысын антисептиктермен (калий перманганаты, нитрофурандар және т.б.) жуып тұрудың көп көмегі бар. Оперативтік ем бүйірқалтаның клиникасы өте айқын, асқынулар жиі байқалатын науқастарға жүргізіледі. Диаметрі 3 см-ге дейін бүйірқалталарға инвагинация жасалады. Бүйірқалта диаметрі 3 см-ден астам болса немесе асқынулар орын алған жағдайда дивертикулэктомияжасалуы тиіс.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |