Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Седативтік терапия. Фенобарбитал Т4-нің перифериялық метаболизмін жеделдетіп, оның Т4-байланыстырушы глобулинмен өзара әсерлесуін жеңілдетеді.Поиск на нашем сайте Операциядан кейінгі гипопаратиреозды емдеу оңай іс емес. Паратиреоидтық гормонмен емдеу оған артылған үмітті ақтамады. Себебі, оның әсері баяу және кеш дамиды, сондықтан құрысу ұстамасын тез жоюға жарамсыз. Тартылудың ұстамасын тез арада жою үшін венаға кальций хлоридінің немесе кальций глюконатының 10 %-дық ерітіндісін 5,0-10,0 мл сорғалатып немесе кальций хлоридінің 1 %-дық ерітіндісін 200 мл мөлшерде тамшылатып құяды, қажет болған жағдайда кальций препаратын енгізуді қайталайды. Әрі қарай операциядан кейінгі гипопаратиреозды емдеу мақсатында және қолдаушы ем ретінде кейде кальций препараттарын тәулігіне 6-8 гр-ға дейін қабылдайды. Д витамині де қоса қолданылуы мүмкін. Құрамында кальций мол тағамдарды (сүт, сүт тағамдары, көкөністер) пайдаланған жөн. Хирургиялық ем. Байқамай алынған қалқанша маңы бездерді гетеротопиялық траснплантация жасау (баспалдақ немесе изеу бұлышқетінің арасына) операциядан кейінгі гипопаратиреоздың алдын-алудың бірден-бір жолы. Кальций препараттарымен емдеу нәтижесіз болған жағдайда кейбір авторлар Оппель операциясын ұсынады: Мықын аймағының шелмай қабатына майынан ажыратылған аллосүйекті немесе ксеносүйекті уақытша трансплантация жасайды. Кальцийдің мұндай уақытша депосының 6-12 айға дейін әсері болуы мүмкін. Тиреотоксикалық криз. Тиреотоксикалық криз – ДТЖ-ға операция жасалғаннан кейін дамитын науқастың өміріне қауіп төндіретін тиреотоксикоздың ағымының күрт нашарлауы. Криз басым көпшілігіне операцияға дейінгі кезеңде тиреотоксикоздың ағымын дұрыс бағаламай, операция алдында толық (эутиреозға дейін) дайындық жасалмаған жағдайда дамиды. Мамандандырылған хирургия бөлімшесінің жағдайында плазмоферез, гемосорбция, гипербариялық оксигенация ұштастырып дайындалған науқастарда операциядан кейінгі тиреотоксикалық криздің жиілігін 0,01 %-ға дейін төмендетуге болады. Тиреотоксикалық криз операциядан кейін жедел бірінші сағаттарда немесе тәуліктерде дамып, тиреотоксикоз белгілерінің күрт үдеуімен сипатталады: қозғалыстық және психикалық қозу, өте жоғары қызба, ентігу, тахикардия ( минутына 150-160 рет), қозу есі-құсы ауысуға дейін өршіп, кейінірек сопороздық жағдайға немесе комаға ұласуы мүмкін. Криз операциядан кейін неғұрлым ерте басталса, соғұрлым болжам нашар болады. Ең қорқынышты болжам дененің сарғаюы, ол жедел бауыр жетіспеушілігінің қаупі. Тиреотоксикоздың ең ауыр асқынуы – жүрек-қантамыр жетіспеушілігі. Тиреотоксикалық криз мамандандырылған реанимация бөлімінде емдеуге жатады, себебі бұл асқынуда өлім жиілігі 50 %-ға дейін жетеді. Емдеу. Тиреотоксикалық криздің кешенді емі: • Глюкокортикоидтар. Профилактикалық дозасын шамамен (100 мг) 30 минут бойы құяды, науқастың жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты 50-100 мг гидрокортизонды (гидрокортизонның гемискуцинаты) венаға тамшы түрінде немесе бұлшықет арасына әрбір 3-4 сағат сайын енгізеді. Тиреостатиктер. Тәулігіне 400-800 мг пропилтиоурацил қолданған жөн. Ол тиреоидтық гормондардың биосинтезін тежеп қана қоймай, Т4-нің Т3-ге айналу процестеріне де тосқауыл болады. Тәулігіне 40-60 мг тиамазол (мерказолил) пайдалануға болады; • Жүрек-қантамыр функциясын қалыпқа келтіру: жүректік гликозидтерді аз мөлшерде пайдаланады. Жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің қаупіне байланысты β-адреноблокаторларды сақтықпен тағайындайды: пропранолол (анаприлин) 1-2 мг көктамырға тамшылатып енгізу немесе әрбір 4-6 сағат сайын 40-60 мг-нан ішкізу қажет; • Дезинтоксикациялық терапия және су-электролиттік бұзылыстарды қалыпқа келтіру: тәулігіне венаға құйылатын ерітінділердің көлемі 3-5 литрден кем болмауы тиіс. Су-электролиттік бұзылыстарды қалыпқа келтіру үшін полиионды ерітінділер, декстрозалар, микроциркуляцияның бұзылыстарын түзеу мақсатында декстран (реополиглюкин), 5 %-дық альбумин, гемодез енгізіледі. Қышқыл-негіздік тепе-теңдікті және калийдің қандағы концентрациясын үнемі қадағалап отыру қажет. Дезинтоксикацияның тиімді әдісінің бірі – плазмоферез болып табылады. Күшейтілген диурез де дезинтоксикация мақсатында жүргізіледі.
Қолданылған және ұсынылатын әдебиеттер: 1. Браверман Л.И. Болезни щитовидной железы. – М. Медицина, 2000 – 432 стр. 2. Брейдо И.С. Хирургическое лечение заболеваний щитовидной железы. – СПб. : Гиппократ, 1998 – 336 стр. 3. Валдина Е.А. Заболевания щитовидной железы. – Спб. : Питер, 2001 – 416 стр. 4. Калинин А.П., Майстренко Н.А., Ветшев П.С. Хирургическая эндокринология. Руководство. – СПб.: Питер, 2004 – 960 стр.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |