алқанша безге жасалған операциялардан кейінгі асқынулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

алқанша безге жасалған операциялардан кейінгі асқынулар

Операцияның таңдалатын көлемі – мейлінше субтотальды резекция немесе тиреоидэктомия. Операциядан кейін натрий левотироксинімен алмастырушы (заместительная) терапия жүргізіледі.

Қалқанша безге жасалған операциялардан кейінгі асқынулар

 Асқынулар қалқанша безге жасалатын операция үстінде де және операциядан кейінгі кезеңде де дамуы мүмкін. Қазіргі таңдағы замануи хирургиялық тәжірибенің қағидасы – операция алдында науқасқа жасалатын операцияға тән мүмкін деген асқынулар туралы ескертіп, операцияға науқастың ерікті келісімін алу. Бұқаралық ақпарат құралдары, ғаламтор жүйесі және тұрғындардың (науқастардың) медицина-заң турасындағы сауаттылығының артуы соңғы кезде пациенттер мен олардың туысқандары тарапынан арыз-шағымдардың көбеюіне әкеп соқтырып отыр. Сондықтан, қалқанша безге операция жасау алдында науқастар мен олардың туысқандарына операциядан кейінгі косметикалық кемістік (дефект), тиреоидэктомиядан кейінгі өмір бойғы гормондық терапия туралы, стационарлық гистологиялық зерттеуден кейін екінші операция жасау мүмкіндігі жөнінде ескерту қажет.

Науқастың жансыздандыру кезінде, операциялық жара тарапынан болатын асқынулар және жалпы тромбоэмболиялық асқынулар туралы құлағдар болғаны жөн.

Б.В. Петровский және В.С. Семенов асқынуларды үш топқа бөлуді ұсынады:

1. Спецификалық асқынулар: қайырылма нервтердің жарақаттануы, операция кезінде немесе операциядан кейін қан кету, тиреотоксикалық криз, гипопаратиреоз;

2. Мойынға жасалған операцияларға тән асқынулар: кеңірдектің жарақаттануы салдарына болатын асфиксия, өңештің, мойын нерв шашақтарының жарақаттануы, ауа эмболиясы, пневмоторакс;

3. Барлық операцияларға тән асқынулар: пневмония, жедел бронхит, жараның іріңдеуі және т.б.

С.С. Харнас қаламдастарымен (2010ж.) асқынуларды екі топқа бөледі:

Қалқанша безге жасалатын операцияларға тән спецификалық асқынулар:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)