Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Осы шағымдарға жеңіл тиреотоксикоздың белгілері қосарлануы мүмкін: тахикардия, тершеңдік, ашушаңдық.Поиск на нашем сайте Де Кервеннің тиреоидитін гранулематозды тиреоидит, вирустық тиреоидит, алып жасушалы тиреоидит, жеделдеу тиреоидит деп те атайды. Бұл дертті де Кервен 1904ж. сипаттап жазған. Этиологиясы. Бұл дерттің қоздырғышы вирус саналады. Болжамалы вирустар: Коксаки вирустары, аденовирустар, ЕСНО-вирус, тұмаудың вирусы және Эпштейн-Баррдың вирусы. Клиникасы. Ұзақ продромалық (бастапқы) кезең, дерттің эпидемиялық сипаты және жыл мезгілдеріне тәуелділігі (күзде, қыста көбеюі) дерттің вирустық этиологиясын дәлелдей түседі. Продромалық кезең бірнеше аптаға созылады. Науқасты бұлшықеттердегі ауырсыну сезімі, субфебрилитет, жалпы әлсіздік, тамағының ауыруы мазалайды. Клиникалық айқын симптомы – қалқанша бездің бір немесе екі бөлігінің де проекциясындағы (тұсындағы) ауырсыну сезімі, оның құлаққа, төменгі жақ сүйек аймағына таралуы. Уақыт өте келе ауырсыну сезімі жайылмалы бола бастайды, жұтынғанда, басын бұрғанда күшейе түседі. Осы шағымдарға жеңіл тиреотоксикоздың белгілері қосарлануы мүмкін: тахикардия, тершеңдік, ашушаңдық. Пальпация кезінде қалқанша без тұтастай немесе оның бір бүйірлік бөлігі ұлғайған, тығызданған, сипаған кезде науқас қатты ауырсынады. Без тіндері қоршаған ағзалармен жабысып бір шоғыр (конгломерат) түзейді. Қан анализінде қабынулық процестің белгілері анықталады, Т4 және Т3 гормондардың деңгейі жоғарылауы мүмкін, бірнеше апта бойы антитиреоидтық антиденелердің титрі жоғары күйде қалады. Диагнозды нақтылау үшін УДТ, сцинтиграфия әдістері қолданылады. Емдеу. Бастапқы сатысында (4-8 апта) емді преднизолоннан бастаған жөн (50-60 мг-нан тәулігіне 2 рет) және қанды ультракүлгін сәулемен сәулелеу қажет (4-5 сеанс). Бұл емнің оңды әсері тез байқалады. Бір аптадан кейін гормонның мөлшерін азайта бастайды (2-3 тәулікте 5 мг-ға азайтады). Преднизолонмен емдеу бір-екі аптадан аспауы тиіс. Емдеу нәтижесінде дерт жедел сатыдан эутиреоидтық фазаға ауысады. Науқастардың 30-50 %-ында өтпелі гипотиреоз болуы мүмкін. Созылмалы фиброзды тиреоидит
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 86; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |