Зертханалық диагностика. Инструментальдық (аспаптық) диагностика 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Зертханалық диагностика. Инструментальдық (аспаптық) диагностика

Зертханалық диагностика

Циррозбен сырқаттанған науқастардың функционалдық компенсация дәрежесін анықтаудан басқа да биохимиялық сынамалар (тесттер) және морфологиялық зерттеулер көмегімен бауырдағы қабынбалы процестің белсенділік деңгейін анықтау қажет. Олардың арасында күнделікті тәжірибеде жиі қолданылатыны – бауыр жасушаларының зардаптануының сезімтал индикаторы – аминотрансферазаларды (АЛТ және АСТ) анықтау. Олардың белгілі мөлшерде (3-4 есе немесе одан да астам) жоғарылауы, әсіресе гипергаммаглобулинемия, ЭШЖ–ның (эритроциттердің шөгу жылдамдығының) және билирубиннің деңгейлерінің жоғарылауымен қосарланса, бұл жағдай цирроз процесінің белсенділігінің жоғарылығының белгісі және операциялық емнің өте қауіпті екендігін көрсетеді.

Инструментальдық (аспаптық) диагностика

Нысанды (объективті) тексеру, ауру тарихын зерттеу нәтижесінде тек портальдық гипертензия диагнозын анықтап қана қоймай, белгілі бір дәлдікпен оның түрін де болжауға болады. Дегенмен, диагнозды нақты анықтау және хирургиялық емнің тәсілін таңдау эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулерден кейін ғана мүмкін болады.

Эзофагогастроскопия – портальдық гипертензия диагнозын анықтаудың ең оңай, әрі сенімді тәсілі. Өңеш пен асқазанда варикозды кеңейген веналардың табылуы – қақпалық гипертензияның абсолюттік белгісі. Эндоскопиялық тексеру тек варикозды кеңейген веналардың бар-жоғын, олардың орналасқан жерін, кеңею дәрежесін ғана анықтап қана қоймай, сонымен қатар кілегей қабықтағы өзгерістердің дәрежесін және қан кету қаупінің дәрежесін болжауға мүмкіндік береді.

Веналардың варикозды кеңеюінің дәрежесін анықтауда А.Г. Шерцингердің (1986ж.) жіктелісі тиімді:

- І дәреже – веналардың диаметрі 3 мм-ге дейін;

- ІІ дәреже – веналардың диаметрі 3-5 мм;

- ІІІ дәреже - веналардың диаметрі 5 мм-ден астам.

Бұл жіктелісті өңештің де, асқазанның да веналарының варикозды кеңеюлерінде қолдануға болады.

Варикозды кеңейген веналардың орналасуы емдеу тәсілін таңдауда негізгі рол атқарады.

Олардың орналасуы төмендегідей бөлінеді:

- өңештің жеке варикозы;

- өңештің варикозы және олардың асқазанның кардия және субкардия бөлігіне таралуы;

- асқазанның проксимальдық бөліктерінің варикозы;

Эндоскопиялық тексеру кезінде өңеш-асқазандық қан кету қаупін болжауға болады.

Қан кету қаупінің белгілері мынадай:

- өңеш-асқазан веналарының кеңеюінің ІІІ дәрежесі;

- түйіндердің кернеп тұруы;

- варикозды веналардың қабырғаларының жұқаруы;

- васкулопатиялар – кілегей қабықтағы «қызыл маркерлер»;

- өңештің кеңеюі (дилатациясы).

Ультрадыбыстық зерттеу әдісінің портальдық гипертензияның болжамды түрін және шунттау операциясының мүмкіндігін анықтауда көмегі зор. УДЗ әдісінің көмегімен талақ венасы мен қақпа венасының диаметрін анықтап, олардың өткізгіштік дәрежесін, қанағым ерекшеліктерін, қорыта айтқанда операцияның түрін таңдап, дұрыс жоспарлауға мүмкіндік туады.

УДЗ тәсілінің ақпараттық құндылығының жоғары екендігіне қарамастан, кей жағдайларда ангиографиялық зерттеулерге деген қажеттілік туындауы мүмкін. Басым көпшілігіне бауыр астылық блокта, егер бұрын спленэктомия жасалмаған болса, портокавальдық анастомоз салу мүмкіндігін анықтау үшін ангиографияға жүгінеді.

Киари ауруын нақты анықтау үшін каваграфия жасау қажет.

Қақпалық жүйенің қан тамырларының жағдайын бағалауда компьютерлік спиральдік томографияның да ақпараттығы жоғары.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)