Крон ауруы (гранулематозды колит) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Крон ауруы (гранулематозды колит)

1932 ж. Американдық дәрігер В. Crohn созылмалы ауырсыну синдромымен, мықын ішектің сегментарлық жіңішкеруімен және жедел қабынуымен сипатталатын 14 науқас туралы деректер жариялап, дерттің диагнозын «терминальдық илеит» деп атады.

«Терминальдық илеит» термині тек алғаш ұсынылған атау, себебі Крон ауруында патологиялық өзгерістер мықын ішектің терминальдық бөлігінде тек 10 – 20 % жиілікте ғана кездеседі. Уақыт өте келе Крон ауруына тән патоморфологиялық өзгерістер асқазан-ішек жолының кез-келген жерінде орналасуы мүмкін екендігі дәлелденді.

Крон ауруы – асқазан-ішек жолының себебі белгісіз, созылмалы қайталанбалы трансмуралдық сегментарлық, жергілікті және жүйелік асқынулармен көрініс беретін қабынуы.

Этиологиясы және патогенезі. Осы уақытқа дейін тоқ ішектің бейспецификалық қабынбалы дерттерінің этиологиясына бірегей тұжырым жоқ.

Крон ауруы мен жаралы колиттер екі жекелеген патологиялар емес, бір дертің клиникалық-морфологиялық варианттары болуы мүмкін деген көзқарас та бар. Мамандардың көпшілігі аталған колиттердің себептері әртүрлі, бірақ солардың әсерінің нәтижесінде адам ағзаларында аутоиммундық қабынудың әмбебап механизмі дамиды деп есептейді.

Крон ауруының инфекциялық теориясының жақтаушылары қоздырғыштар ролін Mycobacterium paratuberculosis және қызылшаның вирусы атқарады деген болжамды ұстанады.

Крон ауруы мен құрсақ ағзалары туберкулезінің клиникаларының ұқсастығы, сонымен қатар ішек қабырғаларында гранулемалардың (түйіршіктердің) болуы дерттің этиологиясында туберкулездің ролі бар деген ұйғарымға иландырады.

Бірақ, гранулемаларда туберкулез таяқшаларының болмауы, зертханалық теңіз шошқаларын зарарландыра алмау, Манту сынамасының теріс мәнділігі және туберкулезге қарсы емнің оң нәтиже бермеуі дерттің туберкулездік этиологиясын жоққа шығарады.

Крон ауруының вирустық теориясын жақтаушылардың келтіретін уәжі мынадай: қызылшаның вирусы ішек қабырғасы қан тамырларының бұзылыстарына себеп болып, өзіндік ерекшеліктері бар өзгерістерге, клиникалық белгілердің дамуына соқтырады.   

Бірақ, заманауи вирусологиялық зерттеу әдістерін қолданып ішек тіндерінен қызылша вирусын табу мүмкіншілігі жоқ.

Ал инфекциялық теорияның дұрыстығының бір айғағы – антибиотикотерапияның оң нәтиже беретіндігі.

Қазіргі таңда толық анықталған жағдай мынау: Крон ауруына тән қабыну процессі даму үшін ішектің иммундық жүйесінің тапшылығына себеп болатын генетикалық (тұқымқуалаушылық) бейімділік болуы тиіс.

Патоморфологиясы. Крон ауруының асқорыту жүйесінің қай сегментінде орналасқанына қарамастан патоморфологиялық өзгерістер бір типті. Тоқ ішектің ұзындығы өзгермейді, өзек диаметрі кеңеймейді, керісінше, кейбір бөліктерінде жіңішкеру бар. Өзгерістер трансмуральдық, барлық қабаттарға таралған, серозды қабығы әртүрлі дәрежеде қанға толған, кей жерлерінде ұсақ дөңгелек түйіршіктер (гранулемалар) болуы мүмкін. Қатты қабынған кілегей, кілегей астылық қабаттарда терең, жіңішке, шеттері тегіс, пышақпен кескендей жаралар болады.

Жаралар ішек бойымен немесе көлденең орналасқан, жиектері тік, тегіс, ал олардың арасында орналасқан кілегей қабық көтеріңкі болып, көпір үстіндегі кесек тасты (булыжная мостовая) елестетеді. Басым көпшілгіне тоқ ішектің өзегі жіңішкерген, сегментарлық қабыну орын алады («шамаданның тұтқасы» симптомы), одан жоғары және төмен орналасқан ішек тұзақтары өзгермеген. Кейде жіңішкерген тұзақ ұзын, қабырғасы қалыңдап, шлангке (майысқақ түтік) ұқсайды; олар көбіне ащы ішек бойында орналасады. Араларында өзгермеген кілегейлі қабық телімдері орналасқан бірнеше қабыну аймақтары болуы мүмкін.

Крон ауруымен жаралы колиттер макроскопиялық айырмашылықтары төмендегі кестеде келтірілген (8 кесте). 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)