Микрохирургия туралы түсінік. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Микрохирургия туралы түсінік.

Трансплантология негіздері.

     

Медицинаның, соның ішінде хирургияның қарқынды дамуы көптеген дерттердің толық жазылуына немесе ұзақ уақыт қайтымды ( ремиссияда) сатыда болуына қол жеткізді. Дегенмен, кейбір жағдайларда, әсіресе дерттің декомпенсация сатыларында, емдеудің қандай жолымен де зақымдалған ағзаның қызметін қалыпқа келтіру мүмкіншілігі болмайды. Мұндай амалсыздық қызметі жойылған ағзаны басқа ағзамен ауыстыру мүмкіншілігін қарастыруға итермелейді. Жаңа ағзаны басқа адамнан алуға немесе оны жасанды жолмен құрастыруға тура келеді. Организмдегі ағзаларды алмастыру мәселесімен трансплантология ғылымы айналысады.

Трансплантология терминіне әр түрлі түсініктемелер берілген:

Трансплантология (ағылшын тілінен transplantation – алмастырып салу ) – басқа организмнен алынған ағзаларды келесі бір организмге алмастырып салудың теориялық алғышарттары мен тәжірибелік мүмкіншіліктерін зерттейтін ғылым. (Петров С.В.,2003 ж)

Трансплантология – аурудың жарақаттың немесе даму ақауларының салдарынан қызметі бұзылған немесе жойылған ағзаларының орнына (реципиентте) басқа организмнен (донор) тін немесе ағза алып, алмастырып салу туралы ғылым. (Чадаев А.П., 2006 ж)

Клиникалық трансплантологияның дамуының арқасында адамзаттын көптеген ғасырлар бойы қол жеткізе алмай жүрген қызметі әлсіреген немесе даму ақаулары бар ағзаларды алмастыру жөніндегі арманы орындалды.

Клиникалық трансплантология – дәстүрлі емдеу тәсілдеріне көнбейтін дерттелген кейбір ағзаларды немесе тіндерді трансплантациялау арқылы емдеу әдістерін пайдаланатын медициналық ілімдер мен біліктілік кешені.

Трансплантация – донордан материалды, яғни ағза немесе тіндерді алып, реципиент ағзасына алмастырып салу операциясы.

Егер алмастырылатын ағзаны немесе тінді донордан алу кезінде операция қиындының қоректендіретін көзінің сақталуымен жүретін болса, бұл әдісті қоректендіргіш аяқшамен бірге пластика деп атайды. Ал егер, алмастырып салынатын ағза немесе тіндер операция уақытында донордың қоректендіру көзінен ажыратылса және ол реципиент организіміне салынатын болса, бұл әдісті бос трансплантация деп атайды.

Донор – басқа организмге ағза немесе тінді алмастырып салу мақсатында ағзасы немесе тіні алынатын адам.

Реципиент – донор ағзасы немесе тіндері алмастырылып салынатын адам.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)