Донорлық тіндерді сақтау мәселелері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Донорлық тіндерді сақтау мәселелері

Трансплантанттың сырқаттанған ағзамен «бірлескен жұмысы» нәтижесінде морфологиялық және функционалды құрылымының өзгеру мәселесі.

Алмастырып салынған донор ағзасы өзінің қызмет ету уақыты аралығында алынып тасталған ағзадағыдай өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, жүрек трансплантациясынан кейін өмір ұзақтығы тәж қан тамырларының зақымдалуының даму жылдамдығына байланысты (жүрек трансплантациясынан кейінгі алғашқы сәттер). Алмастырылып салынған жүректегі тәж артерияларындағы қан айналымының бұзылысы негізінде аталған артериялардың дистальды бөліктерінің артериосклерозымен, циклоспорин А жағымсыз әсерлерінің салдары мен артериолалардың вазодилатациялық бұзылыстарына алып келетін экстравазалды компрессия дамытатын миокард фиброзымен түсіндіріледі. Бүйректің аллотрансплантантының созылмалы үйлеспеуі нәтижесінде дамитын ренальды дисфункция да алмастырылған бүйректе алынып тасталған бүйректегідей морфологиялық өзгерістердің дамуымен түсіндіріледі.

Трансплантациядан кейін, ұзақ уақыт өткен соң, науқастарда өлім себебі негізінде инфекциялық вирусты гепатиттер мен қатерлі ісіктер жатады.

 

Оқшауланған ағзалардың ұзақ уақыт бойы сақтау мақсатында консервациялық перфузиялық әдістер пайдаланылады: оларға биологиялық және аппаратты перфузия әдістері жатады.

Биологиялық перфузия – оқшауланған ағзаны тірі аралық донорға қосу. Дегенмен, құқықтық мәселелер мен жедел үйлеспеу реакциясын алдын – алу мақсатында перфузияланатын ағзамен басты локустар бойынша сәйкес болуға міндетті аллогенді аралық донорды таңдау қиыншылығына байланысты бұл әдіс клиникада қолданылудың өз жолын таппады.

Аппаратты перфузия – жүрек ( ырғақты насос), өкпе (оксигенатор), ішкі орта (перфузат) және бақылау контурының аналогтарын (перфузаттың тұрақты құрамы мен температурасын бір қалыпты ұстап тұру мақсатында) құрамдастыратын оқшауланған ағзадан гомеостазды бір қалыпты ұстап тұру жағдайы. Әртүрлі отандық қондырғыларды ( гомеостат – 1 және гомеостат – 2, АКО-2, АКО-3, АКО-4) пайдаланғанда, тіпті гипотермиялық перфузия жағдайларында кейбір ағзалардың сақтау мерзімі 2 сағаттан бастап 48 сағаттан аспау қажет.

Перфузиясыз әдіс – терең гипотермия жағдайында сақтау үшін ағзаның қан айналым сағасын консервирлеуші ерітіндімен бір рет жуу арқылы жасалады. Бұл әдісте де ағзалардың сақталу мерзімі әртүрлі, әдетте сағаттармен есептеледі. Перфузиясыз әдіс арқылы ағзаларды сақтау тіндердің энергия пайдалану мұқтаждығын азайтуға көзделген терең гипотермия әсерімен және жасушалардың метаболизмін қамтамасыз ететін консерванттардың ерекше құрамы арқылы қол жеткізіледі. Қолданылатын консерванттарға «кустадиол», «перфторан», «евроколинз» және т.б. препараттар жатады. 

Тіндерді ұзақ уақыт бойы консервациялау мәселесін оларды мұздатылған күйде сақтау әдістерінің жетілдіруімен шешуге болар еді. Дегенмен трансплантатқа қысқа уақыт ішінде криогенді әсер ету, жасуша ішілік бос су мен мембраналық липидтердің фазалық қалпын өзгертуге бағытталған гипотермиялық консервациямен салыстырғанда, айқын үлкен көлемді зақымдануларға алып келетін өзгерістерді тудырады. Адамнан адамға ағзалар мен тіндерді алмастырып салу мәселелері толық шешілмегендіктен, жасанды жолмен алынатын ағзаларды жасау (гемодиализ мақсатында пайдаланылатын кішігірім жасанды бүйрек аппараты, эритроциттердің минимальды гемолизін ұшырататын жасанды жүрек және т.б.) және ксенотрансплантанттарды пайдалану сұрақтары әлде де өз өзектілігін жойған жоқ.

Трансплантология және жасанды ағзаларды пайдалану - бірі бірімен тығыз байланысқан бағыттар, дегенмен олардың мақсаттары бір ғана – науқастың өмірін сақтап қалу мақсатында зақымдалған ағзаны уақытша немесе тұрақты түрде алмастыру. Жасанды ағзалардың қолайлы қолданылу мәселелері реципиент ағзасы мен протез арасында физиологиялық қарым-қатынасты толық қалпына келтірумен ғана шешіледі, ал ол өз кезегінде дамыған технологиялар мен техникалық тұрғыдан жетілдірілген құрылғыларды қажет етеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)