Сәйкестік мәселелері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сәйкестік мәселелері

Сәйкестік мәселелері

Реципиент организмінде трансплантаттың қызметін қалыпты атқаруы реципиент пен донор арасындағы сәйкестік мәселесіне байланысты. Қазіргі уақытта донорды таңдау, екі негізгі жүйе АВО (эритроциттер антигені ) және HLA (гисто сәйкестік антиген атауын алған лейкоцит антигендері ) антигендерімен жүргізіледі.

АВ0 жүйесі бойынша сәйкестік

Ағзалардың трансплантациясында АВ0 жүйесі бойынша реципиент пен донордың тобы оптимальды сәйкес келгені дұрыс, сондай–ақ ереже бойынша (гемотрансфузия кезіндегі Оттенберг ережесін еске түсіреді), АВ0 жүйесі бойынша сәйкес келмеген жағдайда да транспалантациялау мүмкін.

· Егер реципиентте қан тобы 0 ( І ) болса – тек 0 ( І ) топтағы донор ағзасын трансплантациялауға болады.

· Егер реципиентте қан тобы А ( ІІ ) болса – тек А ( ІІ ) топтағы донор ағзаларын трансплантациялау қажет, 0 ( І ) топтағы донор жарамсыз;

· Егер реципиентте қан тобы В ( ІІІ ) болса - онда 0 ( І ) және В ( ІІІ ) қан топтары бар донорлардың ағзаларын пайдалануға болады;

· Егер реципиентте қан тобы АВ ( ІҮ ) болса – онда А ( ІІ ), В ( ІІІ ) және АВ ( ІҮ) топтағы донорлар қажет.

Rh фактор бойынша сәйкестік маңызды емес.

 

                    HLA жүйесі бойынша сәйкестік

 HLA жүйесі бойынша сәйкестік донорды таңдау кезінде шешуші рөлді атқарады. Гистосыйымдылықтың негізгі гендерінің синтезін қадағалайтын гендер комплексі ҮІ хромосомада орналасады. HLA антигендерінің полиморфизмі кең таралған. Трансплантологияда А, В, DR локустарының ғана маңызы бар.

Қазіргі таңда HLA –А локусының 24 аллелдері, HLA – В локусының 52 аллелдері және HLA – DR локусының 20 аллелдері анықталған. Гендер комбинациясы әртүрлі және жоғарыда көрсетілген локустары бойынша барынша сәйкес келуі тіпті мүмкін емес. Операциядан кейін ерте кезеңде ағзаның немесе тіннің үйлеспеуі ең алдымен HLA – DR локусына байланысты, ал одан кейінгі кезеңде себепкер ретінде HLA –А және HLA – В локустары есептеледі. HLA –А және HLA – В бойынша толық сәйкес келген жағдайда донор бүйрегінің алғашқы 2 жылда реципиент организмінде үйлесу мүмкіншілігі 90 %, ал аталғандар ішінен тек жартысы сәйкес келген жағдайда 65 -85% жетеді.

Дегенмен, әрбір реципиентке генетикалық тұрғыдан жақындау донорларды таңдағанмен толық сәйкестілікке қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан операциядан кейін реципиенттерде үйлеспеу реакциясы болуы мүмкін.

Алмастырылып салынған ағзаның үйлеспеуі – бөгде ағзаны жоюға бағытталған реципиенттің иммунды жүйесінің жауап реакциясы.

Өте жедел ( операциялық үстел үстінде), ерте кездегі жедел ( алғашқы 1 апта ішінде), жедел ( 3 ай арасында) және созылмалы үйлеспеу ( белгілі бір ұзақ уақыт арасында) түрлерін ажыратады. Клиникалық ағзаның үйлеспеуі, алмастырылып салынған ағзаға байланысты иммунды жүйесінің белсенділігі артып, жағдайының күрт нашарлауы «үйлеспеушілік кризі» деп аталады.

Үйлеспеушілік кризін алдын –алу және емдеу мақсатында трансплантациядан кейінгі кезеңде науқастарға иммунодепрессивті терапия жүргізіледі: циклоспорин, ортоклок, антилимфоцитарлы глобулин және антилимфоцитарлы сарысулар.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)