Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
йқы безінің трансплантациясыПоиск на нашем сайте Өкпе трансплантациясы Ең алғашқы өкпе трансплантациясын Metras Францияда 1950 жылы жасаған. Соңғы 30 жыл ішінде трансплантологияның қарқынды дамуына қарамастан, өкпе трансплантациясының ілгері жылжуы айқын байқалмайды. Дегенмен, бұл зерттеу белсенділігінің жеткіліксіздігінен емес, тек қана өкпенің өзіне тән кейбір ерекшеліктеріне байланысты (трансплантациядан кейінгі ерте кезеңде тыныс функциясын қалпына келтіру мәселесі, бронхиалды анастамоздың ишемиясы, сыртқы ортамен байланысы болғандықтан залалдану қаупінің жоғарылығы). Сондықтан, қазіргі таңда өкпенің трансплантациясы бүйрек және жүректің трансплантациясымен салыстырғанда өте сирек қолданылады. Әлемдік статистикаға көз салсақ, операциядан кейін бірінші жылы реципиенттердің 65-73% тірі қалады екен, ал қайтадан трансплантация жасатқандар ішінен 40 % сәтті ақырға үміткер. Көп жағдайларда ортотопикалық алмастырып салу техникасы қолданылады. Көрсеткіштер: ақырғы тыныс жетіспеушілігіне соқтыратын және өкпенің паренхимасы зақымдалатын барлық өкпе дерттері, өкпе тамырларының аномалиясы мен т.б дерттер. Өкпе ағзасын ауыстыру үш түрде өткізіледі: 1. Бір өкпені алмастырып салу 2. Екі өкпені де алмастырып салу 3. «Жүрек-өкпе» кешенімен бірге алмастырып салу – өкпе трансплантациясының ішінде ең көп таралғаны. Бауыр трансплантациясы Бауырдың ортотопикалық трансплантациясын ең алғашқы рет 1963 жылы Денверде ойдағыдай жасаған Starzl, содан соң 1992 жылы бауырдың ксенотрансплантациясын жасады. Қазіргі таңда бауыр трансплантациясы техникалық жағынан да, әрі реанимациялық-анестезиологиялық қамтамасыздандыру жағынан қарастырғанда да ең қиын операция болып есептеледі. Операцияның өзі 10-12 сағатқа дейін созылады ( жүрек трансплантациясы, мысалы, 2-3 сағат). Операция кезінде 10-12 литрге дейін қан және қан алмастырғыш препараттары құйылады. Бауыр трансплантациясына көрсеткіштер: цирроздың әр түрлі формалары, бауырдың біріншілік обыры, склеротикалық холангит, өт шығару жолдарының атрезиясы және т.б. дерттер. Ағзаны алу тек жұмыс жасап тұрған жүректің жағдайында ғана жүзеге асырылады (донор миының өлімін констатациялаған соң). Бауырды ортотопикалық позицияда орналастырады. КСРО-да ең бірінші рет бауыр трансплантациясын ( сол жақ бөлігін гетеротопикалық отырғызу) В.И.Шумаков 1981 жылы жасаған және 1990 жылы бауырдың алып гемангиоэндотелиомасы бар науқасқа ортотопикалық бауыр трансплантациясын жасады. Ең алғаш рет адамға ұйқы безінің аллотрансплантациясын Минесота университеттік клиникасында Kelly және Lillehei 1966 жылы жасаған. Ұйқы безінің ағзалық трансплантациясы қант диабеті емінің емдеу әдістерінің бірінің негізінде, соның ішінде диабеттік ангио- және невропатиямен, нефропатиямен, ретинопатиямен асқынған жағдайларда жасалады. Дегенмен ұйқы безінің трансплантациясының нәтижелері бүйрек, жүрек және бауыр трансплантациясының нәтижелерімен салыстырғанда артта қалуда. Инсулинтәуелді қант диабеті бар науқастарға ұйқы безін алмастырып салу операциясы әлі күнге дейін үлкен қауіппен жасалады. Инсулинтәуелді қант диабетімен ауыратын науқастар арасында өлім жиілігі жоғары болғанмен, сырқат науқас өміріне тікелей қауіп төндірмейді, сондықтан жүрек немесе бауыр трансплантациясымен салыстырғанда, ұйқы безінің трансплантациясын өмірлік көрсеткіштерге байланысты жасалатын операциялар қатарына жатқызылмайтынын атап өткен жөн. Дегенмен, ұйқы безін алмастырып салу бүйрек жетіспеушілігінің терминалды жағдайындағы инсулин тәуелді қант диабетімен ауыратын науқастардың емінде таңдау компоненті болып қала береді. Себебі бұл операция қант диабетінің екіншілік асқынуларының дамуын алдын алып, процестің ары қарай дамуын тоқтатуы мүмкін және бүйректік трансплантанттың нефропатиясының дамуын тежейді. Қажет болған жағдайда симультанды немесе бүйректің кезекті трансплантациясын да жасайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.) |