Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ішек трансплантациясы. Талақ трансплантациясыПоиск на нашем сайте Ішек трансплантациясы Ащы ішектің алғаш рет трансплантациясын Фишер 1963 жылы Бостон қаласында ішектің бұратылып гангренасы дамыған жаңа туған сәбиге жасаған. Алмастырып салу үшін анасының ішегінен сегмент алынған. Ішек трансплантациясы тек техникалық жағынан ғана емес, сонымен қатар биологиялық тұрғыдан алғанда да өте қиын операция болып саналады. Ішек трансплантантының өте бір маңызды ерекшелігіне ондағы лимфоциттердің интрамуральды шоғырлануы түрінде күшті лимфоидты аппараттың (пейер табақшалары) және көптеген лимфатикалық түйіндер тобының болуы жатады. Сондықтан, алмастырылып салынған ішектің жаңа иесінің ағзасына бағытталған антиденелер өндіретін қабілеті бар ( қожайынға қарсы трансплантант). Ал бұл, өз кезегінде, гистосәйкессізділік реакциясын басуда және иммуносупрессант таңдауда қиындықтар тудырады. Сонымен қатар ащы ішекте интрамуралды және экстраорганды коллекторлы тамырлардың да маңызы өте зор, олар арқылы ыдыраған майлардың сіңірілуі мен тасымалдануы жүзеге асырылады. Дегенмен, тарнсплантация кезінде айтылған коллекторлы лимфа тамырлары кесіліп, лимфаның ағуына тосқауыл туады. Ішектегі майлардың сіңірілуін бұзылысы, жүйке талшықтарының кесілуі мен ішектік тарнсплантаттың уақытша децентрализациясымен түсіндірілетін моторлы-эвакуациялық асқынулармен көрінеді. Алмастырылып салынған ішектің функционалды жетіспеушілігі өте жай жойылады және науқастың өміріне қауіп төндіреді. Осы және басқа да ерекшеліктер ( ішектің қабырғасының жоғары сезімталдылығы, соның ішінде кілегей қабатының ишемияға деген сезімталдылығы, қабылдамаудың ең ерте сатыларындағы кілегей қабатының тосқауылдық қабілетінің бұзылысы және т.б.), ішек трансплантациясының және олардың клиникалық оң нәтижелерінің санының мардымсыздығын түсіндіреді. Ішек трансплантациясына бірден бір көрсеткіш - қатерлі ісіктер мен «қысқа ішек» синдромы. Ең алғаш рет талақ трансплантациясын 1969 жылы Hathaway және басқалары әкесінен баласына жасады. Ал 1976 жылы КСРО-да НИИБ және ҒЗО-да В.И Шумаковтың басшылығымен ауыр дәрежелі гемофилияға шалдыққан науқасқа жасалынды. Операцияға көрсеткіш ауыр дәрежелі гемофилияның А түрімен шектелген (себебі талақтан қан ұюдың VIII факторы синтезделеді). Ережеге сәйкес, талақ пен мықын қан тамырларын анастамоздау арқылы гетеротерапиялық трансплантация техникасы жүргізіледі. Ауыр гемофилияға шалдыққан аз ғана науқастарды талақ трансплантациясы жүргізілгеннен кейін бақылау барысында, ауыр гемофилияның жеңіл түріне тұрақты трансформацияның анықталмауына байланысты кеңінен клиникалық қолданыста жүргізетін дәлелді ұстанымдар жоқ. Жоғарыдағы аталған ағзалардан басқа, қазіргі таңда кеңінен ерлерде аталық безінің, әйелдерде аналық бездің, көздің торлы қабығының, шеміршек пен сүйек тінінің трансплантациясы жүргізілуде. Соңғы уақытта қалқанша және қалқанша маңы безіне, қантты емес диабетте алдыңғы гипоталамус-гипофиз комплексіне, жүйке жүйесінің органикалық аурулары анықталмаған жағдайда, жүйке тіні мен оның элементіне трансплантация жүргізілуде.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 90; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |