Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жүрек трансплантациясыПоиск на нашем сайте Жануарларға тәжірибе жүзінде жүректі, «жүрек-өкпе» кешенін, басты және бүйректің трансплантациясын өткен ғасырдың 50 жылдары Ресей ғалымы Демихов Владимир Петрович жүзеге асырды. Ең алғашқы жүрек трансплантациясын 1967 жылдың 3 желтоқсанда ОАР-ында Кейптаун қаласында сәтті жүзеге асырған Кристиан Бернард. Ол автокатастрофада қайтыс болған қара нәсіл Дениз Дарвальдан ақ нәсілді бизнесмен Луис Вашканскиге жүректі алмастырып салған. Операциядан кейін науқас не бәрі 18 күн өмір сүрген. Дегенмен профессордың бұл ісі хирургия саласында революциялық жағдай. Бүкіл әлем ер жүрек профессордың батыл ісіне тамсанды. Бірақ, оның Мәскеуге екі рет келіп білімі бойынша биолог саналатын В.П.Демиховпен кездесіп, одан тәжірибе жүзінде жүректі алмастырып салудан тәлім алғанын естеріне де алған жоқ. 1946 жылы Демихов В.П. алғашқы болып бір иттің жүрегін өкпесімен бірге екінші итке, ал кейінгі жылдары бүкіл маңызды ағзаларды, соның ішінде, тіпті басты да алмастырып салған. Ғалымдар В.П.Демиховты қиялкес, алдамшы, психикалық дені сау адам емес, әйтеуір ғалым емес деп атаған. Дегенмен, 1962 жылы жүрегі алмастырылып салынған Гришка атты төбет 141 күн өмір сүргеннен кейін, барлығының адам жүрегінің трансплантациясының күні де жақындап қалғанына көздері жете бастады. К.Бернард да бірнеше рет Демиховта оқығанын, тек доктор Демихов жүрек трансплантологиясының атасы екенін атап кеткен. КСРО-ның сол кездегі денсаулық сақтау министрі Б.В.Петровский жүрек аллотрансплантациясын, алмастырылып салынған ағзалардың үйлеспеу мәселесі толық шешілмей, жасауға тыйым салған. Бірақ та, министрдің тыйым қоюына қарамай, 1968 жылы академик А.А. Вишневский Ленинград қаласының Әскери-медициналық академиясында адамнан адамға жүректі алмастырып салған. Операциядан кейін науқас 1,5 күн өмір сүрген. КСРО-да алғашқы сәтті жүрек трансплантациясы 1987 жылы 12 наурызда жасалды, оны академик Шумаков В.И. трансплантология және жасанды ағзалар ҒЗИ-де жасап – операциядан кейін науқас Ш. 8,5 күн өмір сүрді. Көрсеткіштер: Жүрек трансплантациясына көрсеткіш ретінде жүректің ишемиялық ауруының нәтижесінде жүрек жетіспеушілігі дамып, миокардтың жиырылу қабілетінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтыратын аурулар ( кардиосклероз, инфаркттан кейінгі кардиосклероз, жүрек аневризмалары, кардиомиопатиялар), жүректің туа және жүре пайда болған ақаулары саналады. Жүректі ортотопикалық позицияда отырғызады. Донор жүрегін донордың бас миы өлімі тіркелегеннен кейін алады. Әдетте, донордан жүректі алу және оны реципиентке салу бір мезетте қатар жүргізіледі. Донордың жүрегін алмастырып салу мәселесімен бірге жасанды жүрек мәселесін шешу жолдары ізделуде. Жүрек қызметін жасанды аппаратпен уақытша алмастыратын операциялар жасалған. Дегенмен, алдағы уақытта бұл науқастарға донордың жүрегін салуға тура келеді. Бәлкім, алдағы уақытта осындай аппаратты донор кеудесіне ендіріп, ол өз кезегінде науқаста қан айналымды ұзақ уақытқа дейін ұстап тұруы мүмкін.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.009 с.) |