Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Мұсылмандардың қабірлерін қазып, тонауСодержание книги
Поиск на нашем сайте Мұсылмандардың қабірлерін қазып, тонау Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (қабірлерді) ашып-қазатын еркектер мен әйелдерді лағынеттеді», - деп айтқан. Әл-Бәйһақи 8/270. Шейх әл-Әлбани сенімділігін (сахихтығын) растады. Ал кәпірлердің қабірлеріне келер болсақ, оларды тегістеуге болады. Әнас (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мединаға қоныс тепкенде, ол мешіт соғуды бұйырды, және Бану Нажар руының адамдарына адам жіберіп: «Уа, Бану Нажар, маған қабырғаның арғы жағындағы өз жерлеріңнің бағасын қойыңдар»,- деді. Олар: «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етеміз, біз оның төлемін (яғни сыйды) тек Аллаһтан ғана сұраймыз», - деп жауап қатты”. Әнас былай деді: «Ал онда көпқұдайшылдардың қабірлері, қирандылар мен пальмалар болатын. Әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығымен қабірлер тегістетілді, қирандылар жермен бірдей етілді, ал пальмалар шабылып, болашақ мешіттің Қыбласының қабырғасы ретінде бір қатарға тізіп тұрғызылды». Әл-Бухари 428. Зиратта дәрет сындыру Зиратта дәрет сындыруға болмайды, және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің және базардың ортасында дәрет сындырудың айырмашылығы жоқ екенін айтқан. Ибн Мәжаһ 4/474, Ибн Абу Шәйба 4/133. Хадистің иснады сенімді (сахих). Сондай-ақ: - Қабірлердің басында Құран оқуға, өлілерге «шәһада» айтқызуға әрекет етуге, азан шақырып, қамат түсіруге болмайды; - Қажет болмаса, зираттарда дауыс көтермеу керек; - Қабірге қайтыс болған адамның атын, туылған күні мен қайтыс болған уақытысын жазбау керек; - Қабірге шамшырақ немесе жарық лампасын орнатуға болмайды; - Қабірді күтіп қарауда артық кетушілік жасап, оның үстіне өскен шөптерді жұлып немесе шөптен тазартпау керек; - Қабірге әрдайым су шашуға, оған гүл қоюға, немесе тал отырғызуға болмайды. Қз.: «Әхкамул-жәнаиз» 333. Шейх Мухаммад ибн Ибраһим Әли Шейх былай дейтін: «Мазарларда талдар отырғызуға болмайды, себебі бұда өздерінің мазарларын саябақтарға айналдыратын христиандарға ұқсап-еліктеу бар!». Қз.: «Фатауа Ибн Ибраһим» № 914. Шейх Ибн ‘Усаймин «Фатауа нурун ‘алә әд-дарбта» қабірлер – оларды безендіретіндей т.с.с. істерді жасайтындай тірілердің емес, өлілердің үйі екенін, және олар өтіп бара жатқандарға насихат болуы үшін, оларды қалай тұр солай қалдыру керектігін айтатын. www.Islam-forum.ru Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы [1] Бұл жерде имам қабірді белгілеп қою үшін бір нәрсе егуді немесе соның үстіне күмбез-кесене соғуды емес, жай тұрмыстық мақсатпен сол жерді бір нәрсе егуге немесе онда тұрмыстық қажеттіліктегі ғимарат құруды айтып тұр. Өйткені қабірдің басына оның арнайы белгілеп қою үшін тал егу, құрылыстар құру сияқты істер тыйым салынғандығына нұсқайтын шариғи мәтіндер көп және имам оларды білмеді деп есептеу қисынға келмейді. – ауд.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.008 с.) |