Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
айтыс болғандарды жан тапсырған жерлерінде көму абзалырақСодержание книги
Поиск на нашем сайте Жәбир (Аллаһ оған разы болсын): «Ухудта қайтыс болғандарды Мединаға әкелгенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды мерт болған жерлеріне қайтып апаруды бұйырды», - деп баяндаған. Ән-Нәсаи 2004. Шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін (сахихтығын) растаған. Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мерт болғандарды өлтірілген жерлерінде көміңдер», - деген. Ән-Нәсаи 2005. Шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін (сахихтығын) растаған. Алайда, бұл туралы Ибн әл-Мунзир жеткізгендей, ғалымдар арасында «осы бұйрық тек шәһидтерге ғана қатысты ма, әлде кез-келген қайтыс болған мұсылманға ма?» деген келіспеушілік бар. Мысалы, Айша қайтыс болған адамның денесін: ол шәһид, не басқа болсын – кез-келген жерге көшіруді айыптайтын. Десе де басқа ғалымдар бұл рұқсат етілген деп есептеген, мысалы, әз-Зухри мұндай сұраққа Са’д ибн Абу Уаққас пен Са’ид ибн әл-Мусайибтың денелерін қайтыс болғандарынан кейін Мединаға көшіргендігін айтып, жауап берген. Сондай-ақ ибн ‘Уяйна Ибн Умардың Меккеде жан тапсырып жатып, оны ол жерде жерлемеуді өсиет еткенін айтып отыратын. Ибн әл-Мунзир осы мәселе бойынша түрлі-түрлі пікірлерді келтіре отырып: «Қайтыс болған адамды қаза тапқан елді-мекенінде жерлеген абзалырақ, әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уақытысында үкім осындай болатын, және осы пікірді көптеген ғалымдар ұстанған. Әрі қайтыс болған адамның мәйітін басқа қалаға көшірудің айыпталатыны оның (мәйіттің) бұзылуының қауіптілігінен», - деп айтқан. Қз.: «әл-Әусат» 5/464. Ал Хафиз Ибн Абдул-Барр былай дейтін: «Бұл мәселеде өлген адамның денесін көшіру – бұл бидғат, немесе бұл – Сунна деген қатып қалған қағида жоқ. Әрі мүминдер қалай қаласа, солай істесін». Қз. “әл-Истизкар” 8/295. Осы пікірлердің бәрін келтіріп, шейх Али ибн Адам әл-Атьюби былай деді: «Мен үшін дұрыс пікір – бұл тек шәһидтердің мәйіттерін көшіруге тыйым салынғандығы, себебі бұған осы тарауда келтірілген сахих хадистер нұсқайды. Ал шәһид еместерге келетін болсақ, оларды қайтыс болған жерлерінде жерлеген жақсырақ. Алайда егер олардың денелерін әлдебір себептермен көшіруге тура келсе, әрі олардың мәйіттерінің бұзылу қауіпі болмаса, онда бұған тыйым жоқ. Са’д ибн Абу Уакқас пен Са’ид ибн Зәйдтің денелерін сахабалардың қатысуымен көшіріп әкелгендігі айтылып өтті және олардан ешкім бұған сөгіс айтпады, өйткені шәһидтрден басқа ешкімге қатысты бұл жөнінде Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген тыйым жоқ». Қз.: «Шарх «Сунан» ән-Нәсаи» 19/345-347.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.008 с.) |