Жерлеп болғаннан кейін қаза болған адам үшін дұға ету 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жерлеп болғаннан кейін қаза болған адам үшін дұға ету

Поиск

Қабірді биік етпеу керек

Абул-Хайяж әл-Асадий (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “Бірде ‘Али ибн Абу Талиб (Аллаһ оған разы болсын) маған: «Мен сені кезінде Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мені жіберген тапсырмамен жіберейін бе? Кез-келген бейнені көрсең, оны дереу жой, ал кез-келген биіктетілген қабірді көрсең, оны жермен бірдей етіп тегістеп таста»”. Муслим 969.

Имам ән-Нәуауи былай деді: «Бұл хадисте қабірді жерден тым биік етпеу Сүннет болып табылатындығына нұсқау бар. Оны бір сүйемге көтеріп, жерді тегістеу керек». Қз.: «Шарх «Сахих» Муслим» 7/32.

Жоғарыда келтірілген хадисе: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі жерден бір сүйемге көтерілген», - деп айтылған. Ибн Хиббан 2160, әл-Бәйһақи 3/410, иснады жақсы (хасан).

Сүннетке сай қабір дегеніміз – міне, осы.

Қабірдің топырағын ол жерден бір сүйемнен артық көтерілетіндей етіп үймеу керек, бірақ осы орайда егер қабір құмды жерде емес, саз топырақты жерде болса, онда ол уақыт өте келе шөгетінін ескеру керек. Ғалымдар қабірді оның үстін басып өтуден сақтану үшін, қабір екенін тануға болатындай биіктіктен артық көтермеу керек деп айтатын.

Қабір топырақпен көмілгеннен соң, барша жиналғандар Аллаһтан қайтыс болған адам үшін оны бекем етуін сұраулары керек және құр-бос әңгімелерден аулақ болуы қажет. ‘Усман ибн ‘Аффанның былай дегені хабарланады: “Қайтыс болған адамды жерлеу біткеннен кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтан бауырларың үшін кешірім сұрап дұға етіңдер және Ол оны бекем етуін сұраңдар, себебі, ақиқатында, қазір оған сұрақтар қойылуда», - деді”. Абу Дауд 3221, әл-Хаким 1/370. Хадис сенімді (сахих).

Сөз періштелердің әрбір адамға қабірде қоятын «Раббың Кім? Дінің қандай? Сендерге жіберілген адам кім болатын?» деген сұрақтар туралы болуда.  

Жерленген кісі үшін былай деп дұға ету керек:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)