Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
абірлердің үстіне мешіт тұрғызу немесе қабірлерді мешіттерге айналдыруСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қабірлердің үстіне мешіт тұрғызу немесе қабірлерді мешіттерге айналдыру Ибн Мәс’удтан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, адамдардың ең жамандары - Қиямет Сағатының басталғанын көретіндер және қабірлерді мешіттерге айналдырғандар». Ахмад 1/435, Ибн Хиббан 340. Шейхул-Ислам Ибн Таймия, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани хадистің иснадын жақсы (хасан) деген. Қабірлерде құрбан шалу Әнастан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Исламда қабір үстінде құрбан шалу жоқ», - деп айтқаны жеткізіледі. ‘Абдур-Раззақ: «Олар (мүшрик арабтар) қойды немесе сиырды адамның қабірінің үстінде бауыздайтын», - деді. Абу Дауд 3222, әл-Хаким 1/370. Хадис сенімді (сахих). Қабірдің үстінен жүру немесе оның үстінде отыру Уқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен үшін жанып тұрған шоқтың немесе өткір қылыштардың үстінен жүру, немесе аяқ киімдерімді түнделетіп жөндеу (яғни бұл өте қиын іс) мұсылманның қабірінің үстінен жүруден абзалырақ». Ибн Мәжаһ 4/474, Ибн Абу Шәйба 4/133. Хадистің иснады сенімді (сахих). Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, сендердің кез-келгенің үшін киімді күйдіріп, теріге дейін жететін жанып тұрған шоқтың үстіне отыру қабір үстінде отырғаннан жақсырақ болады». Муслим 971. Қабірлердің арасында аяқ киіммен жүру Қабірлердің арасында тікенектер т.с.с. зиянды нәрселер болмаса, онда аяқ киіммен жүрмеген абзал, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұған тыйым салды. Башир ибн Хасасидің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен бірде ол Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге зиратта жүргенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің арасында аяқ киімімен жүрген бір адамды көріп қалғаны хабарланады. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Әй, аяқ киімде жүрген адам, аяқ киіміңді шешіп таста», - деді. Әлгі адам бұрылып қарады да, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таныған соң өзінің аяқ киімдерін шешті. Абу Дауд 2/72, ән-Нәсаи 1/288, имам ән-Науауи және шейх әл-Әлбани хадисті жақсы (хасан) деген. Хафиз Ибн Хәжар «Фатхул-Бари» кітабында (бұл) хадис қабірлер арасында аяқ киіммен жүру құпталмайтын іс екеніне нұсқайтындығын айтқан. Абу Дауд былай дейтін: «Мен имам Ахмадтың жаназаға ілесіп, қабірлерге жақындай келе өзінің аяқ киімдерін шешкенін көрдім». Қз.: «әл-Мәсаил» 158.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |