йел кісінің мәйітін оның қабіріне сол түні жыныстық қатынаста болған адамға қойюға  болмайды 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йел кісінің мәйітін оның қабіріне сол түні жыныстық қатынаста болған адамға қойюға  болмайды

Поиск

Әйел кісінің мәйітін оның қабіріне сол түні жыныстық қатынаста болған адамға қойюға  болмайды

Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қызын жерлегенде, оның: «Сендердің араларыңда осы түні әйелге жақындамаған біреулер бар ма?», - деп сұрағаны жеткізіледі. Сонда Абу Тәлха: «Мен», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Онда түс», - деді де, ол оның қабіріне түсті. Әл-Бухари 1285.

Әйел адамды қабірге жақын туысы бола тұра, бөтен еркектің түсіргенінде тұрған ештеңе жоқ, бірақ бұны жақын туыстары істегені жақсырақ.

Мәйітті қабірге қойғанда жүзін Қағбаға (қыблаға) қарату керек

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қағба - сендердің тірілеріңе де, өлілеріңе де қыбла», - дейтін. Әл-Бәйһақи 3/408, әт-Тахауи 1/383. Хадис жақсы (хасан).

Мұсылманның мәйітін қабірдің түбіне қоймау керек

Ибн Аббастың сөздерінен (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ләхд – біз үшін, ал шәқ – біз үшін емес». Абу Дауд 3208, әт-Тирмизи 1045. Шейх әл-Әлбани хадисті сенімді (сахих) деген.

Ал имам Ахмадтың нұсқасында: «Ләхд – біз үшін, ал шәқ – Кітап иелері үшін», - делінген.

Ләхд – бұл қабірдің түбінен Қағба тарапқа қаратылып, ішіне мәйіт сыятындай етіп қазылатын үңгір сияқты кішігірім қуыс.

Шәқ – бұл қабірдің түбі (ләхд жасалмай қазылған жай қабір).

Қабірді топырақпен көмуден бұрын, мәйіт жатқан ләхдты бір нәрсемен жабу керек

Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ләхдқа қойылғанын, ал сосын (ләхд) саманмен бітелгенін, және оның қабірі жерден бір сүйем жоғары болып тұратындай етіп (көмілгенін)» баяндаған. Ибн Хиббан 2160, әл-Бәйһақи 3/410, шейх әл-Әлбани иснадын жақсы (хасан) деді.

Са’д ибн Абу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын) өлім алдында: «Маған ләхд қазыңдар және мені сонда қойғаннан кейін, (топырақпен) көмуден бұрын саманмен бітеңдер», - деді. Қз.: «Шарх «Сахих» Муслим» 7/30.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)