Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Мазарға (зиратқа) кірерде немесе оның қасынан өтіп бара жатқанда айтатын дұғаСодержание книги
Поиск на нашем сайте بِسْمِ اللهِ وَعَلَى سُنَّةِ رَسُولِ اللهِ «Аллаһтың атымен әрі Аллаһ Елшісінің Сүннетіне сай». Ахмад 4812, Абу Дауд 3213, әл-Хаким 1/366. Хадис сенімді (сахих). /Бисми-Лләһ уа ‘алә суннати расули-Лләһ/. - Егер мәйіттің денесінен ажыраған бөлек мүшелері болса, оларды да қабірге қою керек. - Табытқа салып көму тыйым салынған, себебі бұл кәпірлерге ұқсап-еліктеу әрі ысырапшылдық. - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде қабірде жатқан адамның бас жағына үш рет топырақ тастау бар. Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірде жатқан мәйіттің бас жағына үш рет топырақ тастағаны» хабарланады. Ибн Мәжаһ 1/499. Сенімділігін (сахихтығын) имам ән-Науауи және хафиз Ибн Хәжар растаған. - Әйелді қабірге қоярда, дене мүшелерін еркектер көріп қоймауы үшін, бір нәрсемен жабу керек. - Егер қабірлері бөлек болса, еркектер мен әйелдерді бір-біріне жақын жерлегенде тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. - Егер еркектер болса, әйелдер жерлеумен айналыспаулары керек. - Ескі (бұрынғы) қабірдің орнына тек оған жерленген мәйіт топыраққа айналып кеткенде ғана басқа мәйітті жерлеуге болады. Имам әз-Зәйлә’и былай деген: «Егер қайтыс болған адамның мәйіті топыраққа айналып кетсе, оның орнына басқа адамды жерлеуге, немесе сол жерге бір нәрсе егуге (отырғызуға), немесе ол жерде (құрылыстар) соғуға рұқсат етіледі[1]». Қз.: «Радд әл-мухтар» 3/138. Ескерткіштер туралы Шариғатта адамның қабіріне адамдар оның қабір екенін білуі үшін және оның үстімен жүріп өтпеуі үшін, сондай-ақ жақын адамының қабірін тануы үшін, қандай да бір ескерткіш орнатуға рұқсат етіледі. Бұған ‘Усман ибн Мәз’унды (Аллаһ оған разы болсын) жерлегенде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адамға тас алып келуін бұйырғаны, бірақ әлгі адам оны әкеле алмағаны туралы айтылатын хадис дәлел болады. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі барып, сол тасты алып келеді де, оның бас жағына қойып былай дейді: «Осы арқылы мен бауырымның қабірін танитын боламын, әрі жанұямның мүшелерінен қайтыс болғандарды осы жерге жерлейтін боламын», - деді. Абу Дауд 3206, әл-Бәйһақи 3/412. Шейх әл-Әлбани хадисті жақсы (хасан) деп атады. Алайда ескерткіштің көлемінде артық кетуге болмайды. Шейх Ибн әл-Қайим былай жазған: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының қабірлері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бакрдың және ‘Умардың қабірлері секілді жерден тым биіктетілмеген, тым төмен болмаған». Ол сондай-ақ былай деді: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде қабірлерді биік ету, немесе олардың үстіне тастан, кірпіштен немесе гипстен бір нәрсе орнату, немесе күмбез көтеру болмаған. Бұның барлығы Сүннетке қарсы келетін айыпталатын (діндегі) жаңалықтар (бидғаттар)». Қз.: «Задул-мә’ад» 504. Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге қабірлерді гипстеуге, оларға әлдебір нәрсе жазуға, олардың үстіне қандай да бір құрылыстар соғуға және олардың үстімен жүруге тыйым салатын». Әт-Тирмизи 1052, Ибн Мәжаһ 1563. Шейх әл-Әлбани сенімділігін (сахихтығын) растады. Бұл хадисте ескерткіштерге ешқандай жазу жазуға болмайтынына дәлел бар! Ал бүгінгі таңда мұсылмандардың қабірлерінен көруге болатын үлкен әрі қымбат ескерткіштерге, бейнелер мен мүсіндерге, қоршауларға және ескерткіштерді барынша шеберлікпен безендіруге, және мазарларды галереяларға, мұражайларға, кесенелерге, т.с.с. айналдырып, кімнің қабірі қымбаттырақ әрі артықтығырақ көрінеді деп жарысуға келетін болсақ, бұл қайтыс болған кісіге ешқандай пайдасын тигізбейтін үлкен күнә, кәпірлерге ұқсап-еліктеу, көзбояушылық пен мән-мағынасыз ақша ысырап ету болып табылады. Салиқалы мұсылман үшін оның бас жағына жай қарапайым тасты немесе сол секілді бір нәрсені қою жеткілікті болады. Қабірлерді зиярат ету туралы Ибн Мәс’удтың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұрын мен сендерге қабірлерді зиярат етуге тыйым салатынмын, ал ендігі уақытта оларды зиярат жасаңдар, себебі олар бұл өмірдің ләззатынан тосады әрі болашақ өмірді еске салады». Муслим 2/672. Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің анасының қабірін зиярат еткенде жылағаны, және оның жанында болғандар да жылағаны жеткізіледі. Одан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мен өзімнің Раббымнан ол (анам) үшін кешірім сұрауға рұқсат сұрадым, бірақ маған тыйым салынды. Және мен оның қабірін зиярат етуге рұқсат сұрадым, әрі маған бұл рұқсат етілді. Ендеше, қабірлерді зиярат етіңдер, себебі олар өлімді еске салады». Муслим 2/671. Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Бақи’ қорымынан қайтыс болғандар үшін дұға етіп шыққандығы жеткізіледі, және Айша одан бұл туралы сұрағанда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, маған олар үшін дұға етіп сұрау бұйырылды», - деді. Ахмад 6/252. Хадис сенімді (сахих). Қайтыс болғандар үшін дұға еткенде екі қолды жаюға болады, себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылай істеген. Айшадан: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Бақи‘ қорымында жатқан өлгендер үшін дұға еткенде қолдарын жайды», - деп жеткізіледі. Мәлик 1/239, Ахмад 6/92. Хадистің иснады жақсы (хасан). Хатим әл-Асам былай деді: «Қабірлердің қасынан өз жаны туралы ой жүгіртпей және қайтыс болған кісілер үшін Аллаһқа дұға етпестен өтіп кеткен адам өз-өзіне де, оларға да опасыздық жасады». Қз.: «Сакаратул-мәут» 13. Осы хадистерде мазарларды зиярат етудің мақсаты қандай болуы керек екендігі айқын көрсетілген! Зираттарға өлімді еске алу үшін немесе қайтыс болған мұсылмандар үшін дұға ету үшін бару керек. Мұсылман адам зиратқа кіріп бара жатып, зиратқа кірерде айтатын зікірлерін айтуы керек, Ақырет өмірін еске алуы керек, өзінің өліміне дайын болуы қажет және жерленіп қойған кісілердің жағдайы туралы ойлануы керек. Сырттан барлық қабірлер бірдей болып көрінеді, бірақ шын мәнісінде олардың ішінде біреулері рахатта болуда, ал басқалары өздерінің күнәлары себепті азапқа тартылуда. Уа, Аллаһ, бізді қабір азабынан сақта және бізді рахатқа бөленетіндердің қатарынан ете гөр! «Әссәләму алейкум, уа, осы жерде жатқан мүминдер мен мұсылмандар! Ақиқатында, Аллаһ қаласа, біз де сіздерге қосыламыз. Аллаһ бізден бұрын өткендерімізді де, кейінірек өтетіндеріміз де рахым етсін. Аллаһтан өзіміз үшін де, сіздер үшін де азаптан құтқаруды сұраймыз». Муслим 2/671, Ибн Мәжаһ 1/494.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |