Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жерлеу, ескерткіштер жӘне Қабірлерді зиярат ету туралыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен ЖЕРЛЕУ, ЕСКЕРТКІШТЕР ЖӘНЕ ҚАБІРЛЕРДІ ЗИЯРАТ ЕТУ ТУРАЛЫ Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Ал содан кейін: Жерлеу туралы Аллаһ Тағалаға мақтау-мадақтар болсын, Ол адамдарға өлілердің мәйіттерін жерлеу керектігі туралы білім беруі арқылы адамзатты Өзінің ұлы бір нығметіне бөледі, әрі осының арқасында адамдардың мәйіттері хайуанаттардың шіритін денелері секілді жер бетінде ашық қалмайды. Тек ақылдарынан адасқан пұтқа табынушылар мен кәпірлер ғана осы нығметті елемей, өз өлілерінің денелерін өрттеп, күлге айналдырып жатады. Барлық адамдарды, соның ішінде кәпірлерді де жерлеудің міндеттілігі туралы (Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немере ағасы) Абу Талиб қайтыс болғанда, Али ибн Абу Талиб (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Расында, сіздің адасқан көкеңіз – Абу Талиб қайтыс болды», - деп айтқаны жеткізіледі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Барып, оны жерле», - деді. Осыдан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Алиді көргенде, оған: «Ғұсыл құйын», - дейді. Ән-Нәсаи 1/110, Абу Дауд 9/32. Хадис сахих. Бұл хадисте кәпірлерді жуып, ақ матаға ораудың қажеті жоқ екендігіне нұсқау бар, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны істеуді бұйырмады. Бұл хадис сондай-ақ кәпірді көмуден кейін ғұсыл құйыну абзал болатынына нұсқайды. Мұсылман адамның қабірін қазып, оны жерлеген адамның артықшылығы туралы Абу Рафи’адан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «(Мұсылман адам үшін) қабір қазып, оны соған қойып, көмген адамға Аллаһ сонысы үшін мұқтаж адамға Қиямет Күніне дейін өмір сүретініндей үй соғып бергеніндей сый-сауап жазады». Әл-Хаким 10516, әл-Бәйһақи 3/395. Имам әл-Хаким, имам әз-Зәһаби және шейх әл-Әлбани хадисті сахих деген. Хафиз әл-Мунзири және хафиз әл-Хайсами осы хадистің барлық жеткізушілеріне «әс-Сахихта» сүйенетінін айтқан. Ал хафиз Ибн Хәжар хадистің иснадын күшті деген. Қз.: «Мәжма’у-ззауаид» 3/21, «әд-Дирая» 140, «Әхкамул-жәнаиз» 69.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |