Кәпірлерді мұсылмандармен бірге және мұсылманды кәпірлермен бірге жерлеуге тыйым салынған 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәпірлерді мұсылмандармен бірге және мұсылманды кәпірлермен бірге жерлеуге тыйым салынған

Поиск

Кәпірлерді мұсылмандармен бірге және мұсылманды кәпірлермен бірге жерлеуге тыйым салынған

Бұған дәлел Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандар мен кәпірлердің қабірлерінің арасында шектеу қойып, былай деп айтқаны туралы жеткен хадис: «Егер біздің қабірлеріміздің және жәхилиет дәуірінде қайтыс болған адамдардың қабірлерінің жанынан өтетін болсаңдар, оларға (кәпірлерге) олар От тұрғындары екендіктерін хабарлаңдар». Ибн әс-Сунни «‘Амәл әл-яум уә-лләйлә» 587. Шейх әл-Әлбани хадисті жақсы (хасан) деп атаған.

Қайтыс болған кісілерді жерлеу құпталмайтын мезгілдер туралы

‘Уқба ибн ‘Амр (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге уақыттың үш мезгілінде қосымша намаздарды оқуға және өлілерімізді жерлеуге тыйым салатын: күн шығып жатқанда, ол көкжиектен найза бойындай көтерілгенінше; тал түсте, күн тас төбеге көтеріліп, батысқа қарай еңкейе бастамайынша; күн батып бара жатқанда, ол (толығымен) батып кетпейінше». Муслим 2/208.

Имам әл-Хаттаби былай деген: «Адамдар осы үш мезгілде жаназа намазы мен жерлеу рұқсат етілгендігі жөнінде әртүрлі пікірде болған, әрі көптеген ғалымдар осы уақытта жаназа намазын оқымаған абзал дегенге ұйыған, бұл ‘Атаның, ән-Наха’идің, әл-Ауза’идің, әс-Сауридің, Ахмадтың және Исхақтың пікірі. Ал әш-Шәфи’иге келетін болсақ, ол жаназа намазы мен жерлеу рәсімдері күн мен түннің кез-келген уақытысында бола береді деп есептеген, бірақ бұл жерде көпшілік ғалымдардың пікірі сенімді (сахих) хадистермен көбірек сәйкес келіп тұр». Қз.: «әл-Мә’алим» 4/327.

Қабірді қайтыс болған адамның денесінің көлеміне сәйкес етіп қазу керек

Хишам ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Қабірді қазыңдар, оны кең етіңдер және бұны жақсылап орындаңдар». Ибн Мәжаһ 1561. Шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін (сахихтығын) растаған.

Қабірдің шұнқырлығын қайтыс болған адамның мәйітін жануарлар қазып алмайтындай және және оның иісі сыртқа шықпайтындай етіп қазу керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)