Уа, Аллаһ, оны кешір. Уа, Аллаһ, оны бекем ет». 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Уа, Аллаһ, оны кешір. Уа, Аллаһ, оны бекем ет».

Поиск

اللَّهُمَّ اغْفِرْ لَهُ اللَّهُمَّ ثَبِّتْهُ

«Уа, Аллаһ, оны кешір. Уа, Аллаһ, оны бекем ет».

/Аллаһумма-ғфирләһу, Аллаһумма саббитһу/.

Түнде жерлеу туралы

Түнде жерлеуге келер болсақ, бұлай істемеген абзал, әрі мұның себептері көп, олардың арасында жаназа намазында адамдар аз болатыны немесе түнде мәйіттің нашар кебінделуі т.с.с. Алайда егер мәйіт бұзыла бастаса, немесе басқа да бір себептер болатын болса, қабір қазушылардың жұмысын жеңілдету үшін шырақ пайдаланып, мәйітті түнде де жерлеуге болады. Бұған дәлел Ибн ‘Аббастан жеткен, онда: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде бір кісіні түнде қабірге қойғандығы және онда шырақ қойғаны» хабарланады. Әт-Тирмизи 2/157, Ибн Мәжаһ 1/464. Хадис жақсы (хасан).

Али ибн Рабахтан оның Уқбадан: «Түнде жерлеуге болады ма?», - деп сұрағаны жеткізіледі. Уқба: «Иә, себебі Абу Бакрды түнде жерледі ғой», - деді. Әл-Бәйһақи 4/32. Иснады сенімді (сахих).

Қажеттілік туған жағдайда мәйітті жерлегеннен кейін қазып алуға болатындығы туралы

Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) әкесін басқа адамға қосып бір қабірге жерлегенін, бірақ сосын жарты жылдан кейін ол оны қайта (бөлек) жерлегенін айтатын. Абу Дауд 3232. Шейх әл-Әлбани иснадын сенімді (сахих) деп атаған.

Жерлеуге байланысты кейбір ескертпелер:

- Жерлеу рәсімі барысында қолайлы сәтті пайдаланып, жерлеу рәсіміне қатысып отырған адамдарға насихат айту керек, Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жиі осылай істейтін.

- Егер қалада бірнеше мазарлар болса, онда мәйітті салиқалы кісілер көбірек жерлеген мазарға жерлеген жақсырақ.

- Бір қабірге бірнеше адамды қосып жерлемеу керек, тек егер осыда қажіттілік болмаса. Ухуд шайқасынан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір қабірге бірнеше адамнан жерлеуді бұйырғаны жеткізіледі. Абу Дауд 9/34, ән-Нәсаи 4/80, әт-Тирмизи 3/128. Хадис сенімді (сахих).

- Егер бір қабірге бірнеше адам қойылса, онда олардың арасына топырақ төсеп, бөлу керек.

- Қайтыс болған адамды (қабірге) түсіріп қоятын, немесе саманды (кірпішті) немесе тақтайларды беріп тұратын адамдардан басқалар қабірдің үстіне (топырлап) жиналмаулары керек.

- Мәйіттің салмағының ауырлығына қарай қабірге екі немесе үш адам түсулері керек, әрі мәйітті алып, Сүннетте бекітілген сөздерді айтып, қабірге қоюы керек. Олар мынандай:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)