абірлерді (мазарларды) әйелдердің зиярат етуі туралы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

абірлерді (мазарларды) әйелдердің зиярат етуі туралы

Поиск

السَّلاَمُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ، مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللهُ بِكُمْ لاَحِقُونَ، وَ يَرْحَمُ اللهُ الْمُسْتَقْدِمِينَ مَنَّا وَالْمُسْتَأْخِرِينَ،

أَسْأَلُ اللهَ لَنَا وَلَكُمُ الْعَافِيَةَ

/Әссәләму ‘аләйкум әһлә-ддияри минәл-му’минина уәл-муслиминә, уә иннә ин шә-Аллаһу бикум ләхиқун, уә ярхаму Ллаһул-мустақдимина миннә уәл-мустә’хирин, әс-әлу-Ллаһа ләнә уә ләкумул-‘афияһ/.

Осы дұғаның басында келген сәлемді айтқан кезде екі қолды жаймау керек, және жүзді қабірлер жаққа бұру керек. Ал сәлемнен кейін қайтыс болғандар үшін дұға ету кезінде қабірге емес, Қағбаға қарау керек, себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір жаққа қарап намаз оқуға тыйым салған, ал дұға - бұл құлшылықтың нағыз өзегі, тамыры болғандықтан, бұл туралы шейхул-Ислам Ибн Таймия айтқандай, намазда бетті қаратуға тыйым салынған жаққа дұға еткенде де жүзді бұруға болмайды. Қз.: «әл-Иқтида» 175-бет.

Қабірлерді (мазарларды) әйелдердің зиярат етуі туралы

Қабірлерді әйелдердің зиярат етуіне болатындығына қатысты ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Бұны тыйым салынған деп есептейтін ғалымдар Ибн Аббастан жеткен хадиске сүйенеді, онда: «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтығ игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат ететін әйелдерді және олардың үстіне мешіттер соғып, шырақтар жағатындарды лағынеттеді», - деп айтылған. Абу Дауд 3236, әт-Тирмизи 320, ән-Нәсаи 4/94, Ахмад 1/229.

Дегенмен, бұл хадисті көптеген мухаддис ғалымдар әлсіз деп атаған, себебі оның иснадында сенімге лайықты емес Абу Салих Мәула Умм Хани деген жеткізуші бар.

Ал Абу Хурайрадан жеткен: «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерге жиі зиярат жасайтын әйелдерді лағынеттеді» (Ахмад 2/337, әт-Тирмизи 1056, Ибн Мәжаһ 1576), - деген хадиске келер болсақ, бұл хадис сенімді (сахих).

Барлық пікірлерден шыға келе, бұл туралы шейх әл-Әлбани айтқандай, әйелдердің қабірлерге барғаны құпталмайды деген пікір ең күштісі болып табылады.

Қабірлерде істеуге тыйым салынған және айыпталатын нәрселер туралы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)