ысқаша дәрістер конспектісі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ысқаша дәрістер конспектісі

Поиск

3. Қысқаша дәрістер конспектісі

Шолу дәрісі

Дәріс1. Эксперимент туралы жалпы мәліметтер

Дәріс сұрақтары:

1.1. Эксперименттің мақсаты

1.2. Эксперименттің түрлері

1.3. Экспериментті қою және ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты: Ғылыми зерттеулердегі эксперименттің ролімен таныстыру.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:эксперимент, іздену эксперименті, шешуші эксперимент, жәй эксперимент, күрделі эксперимент, ақпараттық эксперимент, модельді эксперимент.

 

Зерттеушінің өзгерістерді бақылап, басқа өзгерістерге деген әсерін анықтау арқылы жасалатын зерттеудің бөлігін эксперимент деп атаймыз. Эксперимент келесі екі жағдайда көпжақты болады:

1. Экспериментің жоспары бірден көп «тәуелсіз» өзгерістерден тұруы мүмкін (жынысы, оқыған жылы, арифметиканы оқу түрі, оқулықтағы қаріптің түрі мен көлемі).

2. Экспериментің жоспары бірден көп «тәуелді» өзгерістерден тұруы мүмкін (қателіктердің саны, дұрыс жауаптардың саны мен жылдамдығы, әр түрлі тесттердің мәліметтері). 

Эксперимент және оны жүргізу деген маңызды принциптер нені көрсететді? Барлық эксперименттердің мақсаты нақты құбылыс пен гипотеза арасындағы байланысты анықтау болып табылады. Оған мыналар жатады: зерттеуші белгілі бір жағдайды өзі жасайды немесе іздейді, нақты жағдайды гипотезамен байланыстыра отырып зерттейді, және гипотезамен байланысы бар немесе жоқ екенін зерттейді.

«Эксперимент» деген сөздің өзі белгілі бір құбылыстың орындалуы мүмкін немесе мүмкін еместігін көрсеттеді. Эксперименттің басты мақсаты зерттеліп отырған объектінің қасиеттерін анықтай отырып, гипотезаның шындық немесе жалған екенін дәлелдеу болып саналады. Экспериментті ұйымдастыру мен орындау оның мағынасы арқылы анықталады.  

Эксперименттер химиялық, биологиялық, физикалық, психологиялық, әлеуметтік т.б. ғылым саласында қолданылады. Олар шартты жасалу жолына байланысты:

- табиғи;

- жасанды деп бөлінеді.

 Зерттеу мақсатына байланысты:

- қайта құраушы;

- айқындауыш;

- бақылаушы;

- іздеуші;

- шешім қабылдаушы.

Өткізуді ұйымдастыруына байланысты:

- лабораториялық;

- өндірістік.

Зерттелуші объекті немесе құбылыстың құрылымына байланысты:

- қарапайым;

- күрделі.

Зерттеу объектісіне сыртқы факторлардың әсері бойынша:

- заттық;

- энергетикалық;

- ақпараттық.

Эксперименттік зерттеу түрі мен зерттелуші объекті арасындағы байланысқа байланысты:

- қарапайым;

- модельді.

Экспериментте зерттеліп отырған модель түріне байланысты:

- материалды;

- ой арқылы.

Бақылау мөлшеріне байланысты:

- активті;

- пассивті.

Факторлар өзгерісінің санына байланысты:

- бір факторлы;

- көп факторлы.

Зерттеліп отырған объектінің мінездмесіне байланысты:

- технологиялық;

- социометриялық т.б. деп бірнше топқа бөлінеді.

Әрине, эксперименттері жіктеуде басқа да белгілерді қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген түрлердің ішіндегі табиғи эксперимент зерттеу объектісін табиғи шарттарда зерттеуді қарастырады (көбінесе, биолгия, әлеуметтану, педагогика, психология ғылымдарында қолданылады). Жасанды эксперимент жасанды шарттарда зерттеуді қолдайды (жаратылыстану және техникалық ғылым салаларында кең қолданылады). 

Қайта құрушы (жасаушы) эксперимент гипотезаны, объектіні және объектінің басқа да объектілермен байланысын зертей отырып, зерттеу оъектісі функциясы мен құрылымын активті түрдегі өзгерсіні қарастырады. Зерттеуші объектінің ашылмаған тенденцияларын ашу шартын қарайды. Осылайша, объектінің жаңа қасиеттері мен сапасын ойлап шығарады.

 Айқындауыш эксперимент жеке ұсыныстарды тексеру үшін жасалады. Бұл эксперимент барысында зерттеу объектісі мен нәтиже арасындағы байланыс анықталады. Бақылаушы эксперимент зерттеу объектісін бақылау мен нәтиженің байланысын жинақтайды.

Ізденістік эксперимент зерттеліп отырған құбылысқа әсер еттеін жеткілікті алдын ала алынатын мәліметтердің жетіспеушілігі болған кезде ғана жүргізіледі. Ізденістік эксперимент нәтижесі бойынша факторлардың мағынасы орнатылады, түсініксіз жайттарды талдайды. 

Шешім қабылдаушы эксперимент екі немесе одан да көп болжамдар белілі бір құбылыстармен сәйкес келген жағдайда фундаментті әділ теорияны қалыптастыру үшін қолданылады. Бұл кай болжамның дұрыс екендігін анықтайтын болғандықтан, қиындық туғызады. Шешім қабылдаушы эксперимент бір болжамды қолдап, ал қалғандарын жоққа шығарады. Бұл эксперименттің мысалына жарықтың шағылысуы жөніндегі ньютондық теория мен Гюйгенстің толқынды теориясын жатқызуға болады. Бұл тәжірибелер француз ғалымы Фуко арқылы жасалды (1819—1868). Олар мөлдір денедегі жарықтың таралуын қарастырды. Болжам бойынша мөлдір денедегі жарықтың шағылысу жылдамдығы бос денемен салыстырғанда жоғары болуы керек. Бірақ, Фуко бұл теорияны жоққа шығарды, яғни жарықтың жылдамдығы бос кеңістікте жоғары екенін дәлелдеді. Фуконың бұл тәжірибесі екі болжам арасындағы ұзақ жылдық дауды шешті. Келесі мысалға Птолемей мен Коперниктің арасындағы Жердің қозғалысына байланысты дауды келтіруге болады. Фуконың шешім қабылдаушы эксперименті бұл теорияны Коперниктің пайдасына шешті.           

Лабораториялық эксперимент -лабораторияда әр түрлі приборларды, арнайы жабдықтарды қолдану арқылы жүргізіледі. Көбінесе, лабораторияда объектінің өзі емес, оның үлгісі қолданылады. Бұл эксперимент минималды шығын мен ресурстарды қолдану арқылы жақсы ғылыми ақпарат алуға мүмкіндік береді.дегенмен, мұндай эксперимент зерттеліп отырған құбылысты үнемі нақты түсіндіре бермейді, сондықтан табиғи эксперименті қайта жасауды қажет етеді.

Табиғи эксперимент нақты объектінің өзі мен табиғи жағдайларда жасалады. Бұл эксперимент түрі табиғи зерттеулерде қолданылады. Эксперименттің өткізілу жеріне байланысты табиғи эксперименттер өндірістік, далалық, полигондық, жартылай табиғи деп бөлінеді. Табиғи эксперимент жан-жақты ойластыруды, жоспарлауды, зерттеудің рационалды әдістерін таңдап алуды қажет етеді. Табиғи эксперименттің ғылыми мәселесі – табиғи жағдайда эксперимент үшін барлық шарттарды, жағдайды қамтамасыз ету. Табиғи эксперименттің орталық тапсырмасы: зерттеліп отырған объектіге қоршаған ортаның әсерін анықтау; объектінің статистикалық және динамикалық параметрлерінің ұқсастығын анықтау; обектінің іс-әрекеттік тиімділігін бағалау және оның беріліп отырған талаптармен сәйкестігін анықтау.

Эксперименттер ашық немесе жабық болуы мүмкін. Олар көбінесе, психология, әлеуметтану, педагогика салаларында кең тараған. 

Ашық экспериментте зерттелушіге оның тапсырмалары мен мақсаты анық түсіндіріледі, ал жабық экспериментте зерттеліп отырған субъектіге нақты объективті мәліметтерді алу үшін жасырылады. Кез келген ашық эксперименттер зерттелушінің субъективті көзқарасына белгілі бір әсерін тигізеді.Сондықтан, ашық эксперимент зерттеу объектісі – адам болған жағдайда, оның субъективті қолдауы керек болған жағдайда ғана жүргізіледі. Жабық эксперимент өте жоғары түрде құпияланады, зерттелуші ол жөнінде біле алмайды, жұмыс табиғи жағдайлардан тыс болуы да мүмкін. Мұндай эксперимент зерттелушінің қорғанышын, өзін-өзі шектен тыс бақылауын және өзін әдеттегіден тыс ұстауын болғызбайды. 

Жай эксперимент бір-біріне тығыз байланысты қарапайым қызмет атқаратын объектілердің құрылымын үйренуге арналған. 

Күрделі экспериментте бір-біріне байланыстылығы көп, күрделі қызмет атқаратын иерархиялық құрылымдағы күрделі объектілердің немесе құбылыстардың құрылымын анықтауда қолданылады. Байланыстылықтың жоғары дәрежесі бір элементтің өзгерісінің көп элемент өзгерісіне әсер етуімен сипатталады. Күрделі объектілердің зерттелуінде бірнеше әр түрлі құрылымдардың, әр түрлі мақсаттардың болуы мүмкін. Дегенмен күрдеі объектінің нақты жағдайы сипатталады. Өте күрделі эксперименттерде құбылыстардың немесе объектінің әлі күнге дейін нақты, әрі толық сипатталмаған жағдайы қарастырылады.

Ақпарттық эксперимент  нақты ақпараттың зерттелу объектісіне әсерін анықтау үшін қолданылады. Ақпарттық эксперимент, көбінесе, биология, психология, әлеуметтану, кибернатика салаларында қолданылады. Мұндай эксперименттердің көмегімен объектіге ақпараттың әсер етуі анықталады. 

Заттық эксперимент зерттелу объектісінің жай-күйіне әр түрлі заттық факторлардың әсерін анықтайды. Мысалы, болаттың сапасына әр түрлі қоспалардың әсер етуін жатқызуға болады.

Энергетикалық эксперимент зерттелу объектісіне энергия түрлерінің әсерін анықтайды (электромагнитті, механикалық, жылу т.б.). эксперименттің бұл түрі жаратылыстану ғылымдарында кең таралған. 

Қарапайым (классикалық) эксперимент зертеушіні танылған субъект ретінде және объектіні қосады. Қарапайым экспериментте зерттеу құралы зерттелуші объектімен сәйкес келеді. Олар зерттеуші мен зерттеу объектісі арасындағы жалғастырушы болып табылады.

Модельді эксперимент қарапайым эксперименттен басқа зерттелуші объектінің үлгісімен байланысты болып келеді. Модель зерттелуші қондырғының құрамына кіреді. Модельді эксперименттің нақты объект пен оның моделінің арасында айырмашылық болуына байланысты бірнеше жетіспеушіктері де бар. Модельдеу кезіндегі эксперимет құралдарының арасындағы ойдағы және материалды эксперименттің айырмашылығы бар. 

Ойдағы (ойлық) эксперименттің құралы зерттелуші объектінің немесе құбылыстың ойдағы (сезімдік бейне, бейнелік модельдер, белгілік модельдер) моделі болып табылады. Ойдағы эксперименттің белгісін анықтау үшін мына терминдер қолданылады: идеалдандырылған, қиялдағы эксперимент. Ойдағы эксперимент адамның субъектіні танудағы ақыл-ойлық қызметінің бір түрі. Ол процесс барысында шынайы эксперименттің құрылымын қиялда көру жатады. Ойдағы эксперименттің құрылымы мынадай: зерттеу объектісінің ойдағы моделі; ойластырылған, жоспарланған өзгерістер және олардың объектіге әсері; эксперименттің барлық сатысында ғылымның белгілерін нақты қолдану. Мұндай эксперимент нәтижесінде шешімдер қалыптасады.

Материалды эксперимент ойдағы экспериментке ұқсас құрылымға ие. Бірақ, материалды экспериментте ойдағы зерттеу объектісі емес нақты зерттеу объектісі қолданылады. Материалды эксперименттің ойдағы эксперименттен негізгі айырмашылығы шынайы эксперименттің материалды және объективті формаға ие болуы. Ал, материалды эксперимент пен ойдағы эксперименттің ұқсастығы практикада қолданылмас бұрын адам ойында толықтай жоспарланылады. Сондықтан, ойдағы эксперимент шынайы эксперименттің идеалды жоспары болып табылады. Ойдағы эксперимент шынайы экспериментке қарағанда қолданылу аясы кең болып келеді. Себебі, ол тек қана дайындық пен жоспарлау кезінде ғана емес, сонымен қатар шынайы экспериментті жүргізу мүмкін емес болған жағдайда да қолданылады. Мысалы, Галилей аристотельдік теорияны жоққа шығаратын инерция заңын ойлау эксперименті арқылы дәлелдеген болатын. Яғни, қозғалыстағы денені итеруші күш тоқтаған кезде ғана дененің қозғалысы тоқтайды деп тұжырымдады. Мұндай қортындыға тек ойдағы эксперимент әдісімен келуге болады. Сондықтан Эйнштейн былай деді: «Біз инерция заңын нақты тәжірибемен дәлелдеуге болмайтын көрдік, ол тек сырттай бақылау арқылы ойлай арқылы дәлелденеді. Бұл эксперимент іс-әрекетпен байланысты болғанына қарамастан, оны нақты іс-әрекет арқылы орындауға келмейді». Ойдағы эксперимент шынайы экспериментті ауыстыра отырып, таным шекарасын арттырады. Ойдағы эксперимент шынайы экспериментте мүмкін емес іс-әрекеттерді түсіндіру арқылы шынайы тәжірибеде кездесетін шектеушіліктерден құтылуға көмектеседі. Ойдағы экспериментті тек қана ғалымдар емес, сонымен қатар, жазушылар, суретшілер, педагогтер, дәрігерлер қолданады. Ойлау арқылы тәжірибе жасау шахматшыларда да кездеседі. Ойдағы эксперименттің техникалық құрастыру саласындағы рөлі де зор. Ойдағы эксперименттің нәтижесі формулаларда, сызуларда, графиктерде, эскизді жобаларда көрініс табады.  

Пассивті эксперимент зертеу объектісін және оның қызметін жасандылықсыз бақылау нәтижесінде алынған көрсеткіштердің өлшемін қарайды. Пассивті эксперименттің мысалына мына бақылауларды жатқызуға болады: көлік ағыны қозғалысының интенсивтіліген, жылдамдығын, құрамын бақылау; қандай да бір дерттің саны мен оның белгілерін бақылау; белгілі бір топтың жұмысқа қабілеттілігін бақылау; адам жасына байланысты өзгеретін көрсеткіштерді анықтау; жолдық-көліктік жағдайлардың (ДТП) санын бақылау. Пасиивті эксперимент зерттеу объектісінің таңдаынған көрсеткіштерін бақылау болып табылады.

Активті эксперимент зерттеліп отырған жүйенің шығу және кіру жүйесін бақылайды және арнайы кіру сигналдарының таңдауымен байланысты.

Технологиялық эксперимент технологиялық процестің элементтерін (өнім, жабдық, жұмысшылар қызметі т.б.) зерттеуге бағытталған. 

Социометриялық эксперимент шағын топтардағы тұлғааралық әлеуметтік-психологиялық қатынастарды зерттеуге бағытталған.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.008 с.)