Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Есеп тіркегіштердің түсінігі, түрлері мен нысандарыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Есеп тіркегіштердің түсінігі, түрлері мен нысандары 1. Есеп тіркегіштердің түсінігі 2. Есеп тіркегіштердің түрлері мен нысандары Өткен тарауда шаруашылық әрекеттерін құжаттандыру есеп жұмысының бірінші кезеңі болып табылатындығы туралы сөз еткен болатынбыз. Алайда, құжаттарда тек жеке шаруашылық әрекеттері ғана тіркеледі, сондықтан құжаттандыру шоттарда жүзеге асырылатын осы әрекеттердің жүйелі топтастырылуы мен қорытындылануын бере алмайды. Шоттар бойынша шаруашылық әрекеттеріндегі жазбаларын меңгеру үшін шоттардың Т-бейнелі сызбасын әлі күнге дейін пайдаланып келдік. Ал тәжірибе жүзінде осы мақсаттарға есеп тіркегіштер қолданылады. Есеп тіркегіштер дегеніміз – шаруашылық құралдары мен әрекеттерін тіркеу үшін пайдаланылатын кестеленген қағаз парақтары. Есеп тіркегіштердегі жазбалар алдын ала ресімделген және өңделген алғашқы құжаттардың негізінде жасалады және есеп жұмысының маңызды учаскесі болып табылады, өйткені есептің уақыттылығы, бухгалтерлік есеп беруді тапсырудың сапасы мен мерзімі олардың дұрыстығы мен уақыттылығына байланысты болып келеді. Бухгалтерлік есепті жүргізу тәжірибесінде есеп тіркегіштерінің әр түрлі нысандары қолданылады, бірақ олардың барлығын мына белгілері бойынша топтастыруға болады: · Сыртқы түрі; · Бухгалтерлік жазбалар сипаты; · Есеп жазбаларының көлемі және оларды қорытындылау дәрежесі; · Құрылу нысаны; Сыртқы түрі бойынша есеп тіркегіштер бухгалтерлік кітаптарға, карточкаларға, бос парақтарға, электрондық түрлерге бөлінеді. Бухгалтерлік кітаптар дегеніміз – шаруашылық әрекеттері жазбаларына арналған түптелген, кестеленген және нөмірленген қағаз парақтары. \әрбір кітаптағы параұтардың кестеленуі мен тіркегіштерінің сипаты жазбалардың сипаты мен тіркегіштердің мақсатына байланысты әр түрлі болып келеді. Кітап ереже бойынша бір жылға ашылады, оның бірінші бетінде жазбалары бір жыл бойы жүргізілетін шоттар мен субшоттардың атауларын береді. өте маңызды мақсаты бар кейбір кітаптарда барлық парақтары тігіледі және «Осы кітапта осынша парақ нөмірленген және тігілген» деген жазу жазылып, жауапты тұлғалардың қолтаңбасымен және мөрмен бекітіледі. Негізгі есеп тіркегіш ретінде кітаптар ХIII ғасырдан бастап кеңінен қолданыс тапқан. Ұзақ уақыт ойында кітаптар есеп тіркегіштерін жалғыз ғана түрі болып табылды. Олардың жүргізілуінің бірқатар мәнді кемшіліктері бар, оның ең бастыс – кітаптағы жазбаны бір уақытта тек бір ғана жұмысшы жүргізгендіктен, есеп жұмысшыларының еңбегін бөлу қиындығы. Бухгалтерлік кітаптарды қолдану есептің автоматтандырылу мүмкіндігіне жол бермейді. Сонымен қатар кітаптарды түптеудің оң қасиеттері бар екендігін атап өткеніміз де жөн. Оның ішінде парақтарды түптеу және үздіксіз бекіту есеп жазбалары парақтарын жоғалтудан және әр түрлі қасақана әрекеттерден сақтаудың маңызды құралы болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік кітаптар казіргі кезде жеке объектілердің талдау есебі, сондай-ақ жинақтау есебі ( Бас кітап ) мен кассалық әрекеттердің есебі ( кассалық кітаптар ) үшін пайдалынады. Карточкалар – бұл баспаханалық әдіспен қажетті реквизиттері басылған шамамен қатты қағазда кестеленген жеке беттер. Карточкалар оларды картотекада бірге сақтауға мүмкіндік беретін белгілі стандартты мөлшерде болады. Картотекамен жұмыс жасауды жеңілдететін бірқатар әдістемелер бар. Оның ішінде картотека индикатор деп аталатын әр түрлі түстегі пластинкалармен бекітілетін қажетті картон бөлгіштерімен тараулар мен топтарға бөлінуі мүмкін. Ол карточкаларды жылдам табу үшін жасалады. Карточкаларды ашу кезінде оларды рет-ретімен нөмірленетін арнайы реестрде тіркейді. Бұл оларды сақтауға бақылау жасауға, ал карточканы жоғалтқан жағдайда қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Карточкаларды материалдар, дайын өнім, тауарлар есебінің айтарлықтай талдау шоттарының саны жүргізілетін есеп жұмысының учаскілерінде қолдану дұрыс. Картотекада карточкалар топтар бойынша орналастырылады. Демек, материалдар бойынша карточкалар материалдар түрі бойынша, ал оның ішінде сорттары, мөлшерлері және басқа да белгілер бойынша орналастырылады. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу, әр түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу алфавит бойынша құрылады. Бухгалтерлік кітаптардан карточкаларға көшу бухгалтерлік есептегі жазбалар техникасының жетілгендігін көрсетеді. Карточкаларды пайдалану бухгалтерия қызметкерлері еңбегін бөлуге, олардың еңбек өнімділіктерін жоғарылатуға, есеп тіркегіштерінің автоматтандырылуын кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Бос парақтар карточкаларға қарағанда мөлшері жағына бір шама үлкен, тіркегіштердің көптеген санынан тұрады және күнтізбелік тәртіппен есеп мәліметтері рет-ретімен жинақталады. Оларды жуналдар деп атау қабылданған. Олар жеке парақтарды алуға және оңай салуға мүмкіндік беретін арнайы папкаларда немесе тіркегіштерде сақталынады. Электрондық әдіспен дайындалған тіркегіштер дегеніміз – ақпараттарды автоматты жолмен алынған арнайы тіркегіштер. Оларда болатын мәліметтер әр түрлі деңгейлі қорытындыларға бөлінудің арнайы белгілері бойынша топтастырылады: жеке, аралық, жалпы және біріктірілген. Электрондық әдіспен дайындалған тіркегіштер есеп пен басқаруға барлық қажетті мәліметтерден тұрады. Есепте есеп тіркегіштердің қандай да нысандарының – кітаптар, бос парақтардың қолданылуы олардың ерекшеліктерімен және кәсіпорынның есеп саясатымен анықталады. Есеп тіркегіштер бухгалтерлік жазбалар сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: хронологиялық, жүйелік, аралас. Хронологиялық тіркегіштер шаруашылық әрекеттерін рет-ретімен кезегі бойынша тіркеу үшін пайдаланылады. Хронологиялық есеп тіркегішттерге мысал ретінде есптің мемориалды-ордерлік нысаны кезінде жүргізілетін арнайы тіркеу журналын алуға болады. Журналда шаруашылық әрекеттері олардың бухгалтерлік жазбалармен ресімделу шамасы бойынша тіркеуге алынады: жазбалардың реттік нөмірі, оның күні мен сомасы жазылады. Яғни, журналда тіркелген әркеттердің жалпы қорытындысы шоттар бойынша жазбалардың толықтылығын тексеруге мүмкіндік береді. Жүйелік есеп тіркегіштерде шаруашылық әрекеттері корреспонденцияланатын шоттар бойынша тіркеледі. Оған мысал болып Бас кітап, талдау есебінің кітаптары мен карточкалары табылады. Шаруашылық жүргізу тәжірибесінде аралас тіркегіштер кең қолданыс тапты. Оларда хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріледі. Аралас тіркегіштерде жазбалар неғұрлым көрнекті, есеп тіркегіш бойынша еңбек шығындары қысқартылады, хронологоялық және жүйелік жазбалар біріктірілген есеп тіркегішінде жүргізілгендіктен, қате жіберу мүмкіндігі де кемиді. Аралас есеп тіркегіштерге хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп берілетін журнал-ордерлер мен ведомостары жатады. Есеп жазбаларының көлемі және оларды қорытындылау дәрежесі бойынша есептіркегіштер жинақтау және талдау мәліметтері есебіндегі әр түрлі мақсаттарға байланысты жинақтау, талдау және аралас есеп тіркегіштеріне бөлінеді. Жинақтау есеп тіркегіштері жинақтау есебінің көрсеткіштерін көрсету үшін қолданылады. Оған мысал ретінде Бас кітапты айтуға болады. Жинақтау тіркегіштеріне жазбалар күн сайын немесе ай сайын жүргізілуі мүмкін. Талдау есебінің тіркегіштері талдау есебінің көрсеткіштерін көрсету үшін қолданылады. Жалпы қатар бойынша талдау тіркегіштерін құру үшін әр түрлі кәсіпорындарда төмендегідей болып бөлінетін карточкалардың үлгі нысандары қолданылады: сандық есеп, сандық-сомалық есеп, контокорренттік және көп бағанды. Сандық есепті карточкалар тек сандық өлшемдегі әрекеттерді бейнелеуге арналған. Мұндай карточкалар қоймадағы тауарлы-материалдық құндылықтар есебі үшін қолданылады. Сандық-сомалық есеп карточкалары әрекеттерді заттай, сондай-ақ ақшалай өлшегіштермен бейнелеу үшін пайдаланылады. Оларда сомалары мен сандарын жазу кестелері қарастырылған. Контокоренттік карточкалар тек ақшалай өлшемде ғана есеп жүргізуге арналған. Көп кестелі карточкалар жеке бөліктердің жазбалар детализация талап етілетін шоттар бойынша ақшалай өлшегіштерде есеп жүргізу үшін пайдаланылады. Есептіркегіштердің құрылу нысаны бойынша біржақты, екіжақты, көп бағанды, сызықты және шахматты болып бөлінеді. Біржақты тіркегіштердің кіріс (дебет) және шығыс (кредит) бағандары бір жақта орналасуы айтарлықтай ерекшелігі болып табылады. Мұндай тіркегіштерге материалдық құндылықтар есебіне арналған әр түрлі карточкалар жатады. Есеп бір парақта ақашалай, зататй немесе барлық уақытта екі өлшегіште де жүргізіледі. Біржақты тіркегіштер жинақтау және талдау есебінде қолданылады. Олар мынадай болып келеді:
Күні № Әрекет мәтіні Кіріс (дебет) Шығыс (кредит) Қалдық Қолтаңба
Екі жақты тіркегіштер шот нысанында болады, яғни дебеттік жағы ашылған парақтың сол жағында, ал кредиттік оң жағында болады. Екәжақты тіркегіштер есептің қолмен жүргізілетін әдісі кезінде жинақтау және талдау есебінде жүргізіледі. Екіжақты тіркегіш төмендегідей нысанда болады:
Күні № Әрекет мәтіні сомасы Күні № Әрекет мәтіні Сомасы
Көп бағанды нысандарда мәліметтер корреспонденцияланатын шоттар бөлігінде дебеттік және кретиттік жақтарында ашық тіркеледі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.) |