Түгендеу және оның түрлері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Түгендеу және оның түрлері

Поиск

Түгендеу және оның түрлері

1. Түгендеу және оның түрлері

2. Түгендеу жүргізу тәртібі мен  ресімделуі

Бухгалтерлік есеп шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің құрамында, шаруашылық процесстері мен олардың нәтижелерінде болатын барлық өзгерістерді уақытында және нақты көрсетуге арналған. Есеп мәліметтері нақты бар шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздеріне сәйкес келуі керек. Бірақ тәжірибе жүзінде кей кезде есеп мәліметтері мен нақты бар мәліметтердің арасныда ауытқулар болып тұрады. Ауытқулар табиғи кемулердің ( кеуіп кету, ағып кету, жанып кету ), тауарлы-материалдық құндылықтарды тасымалдаудын, біртекті өнімдер сорттарының араласып кетуінін, салмақ өлшегіш аспаптарының қате көрсетуінін, әрекеттері ресімдеу кезінде болатын арифметикалық қателер мен материалдық жауапты және бөтен тұлғалардың қасақана қарекеттерінің ( ұрлық, салмағын қате өлшеу, дұрыс санамау ) салдарынан болуы мүмкін.

Осы жағдайлар кәсіпорын басшысының мерзім сайын материалды жауапты тұлғанын міндетті түрде қатысуымен құндылықтардың нақты бар болуы мен есеп айырысулардын мәліметтерін тексеру қажеттілігін тудырады. Мұндай тексеруді түгендеу деп атайды.

Түгендеу – бұл негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, ақша қаражаты, есеп айырысулардың есеп мәлеметтері мен салыстыратын бухгалтерлік есеп әдісі элементтерінің бірі болып табылады. Бухгалтерлік есеп әдісі элементтеріне қатысты ол тек бухгалтерлік есептің маңыздылығын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар бухгалтер тәжірибе жүзінде өте қажетті болғандықтан, осы сауалға неғұрлым толығырақ тоқталайық.

Түгендеуді меншік нысанына, қызмет ету түріне және жұмыс тәртібіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Ол құжаттандырудың міндетті қосымшасы болып табылады. Барлық шарушылық құбылыстарының толық және дұрыс көрсетілуін түгендеуді құжаттандырудың көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады.

Шаруашылық құралдарың қамту толықтығына байланысты түгендеу толық және ішінара болып бөлінеді.

Толық түгендеуді, ереже бойынша, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жүргізеді, оның мақсаты – кәсіпорын балансында барлық активтер мен пассивтердің шынайы бейнеленіп көрсетілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге толық түгендеу бақылау жүргізуші органдардың талап етуі бойынша да жүргізілуі мүмкін.

Ішінара түгендеу т.генделетін объектілердің тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды, яғни шаруашылық құралдарының қандай да бір түрін ғана, мысалы, негізгі құралдар, кассадағы бар ақшалай қаражат.

Түгендеу сипатына байланысты былай бөлінеді:

- жоспарлы, түгендеу жүргізудің мақсаты мен мүмкіндігіне байланысты алдын-ала белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын түгендеу;

- кездейсоқ, кәсіпорын басшысының өкімімен, бақылаушы органдардың тапсырмасы мен, материалды-жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде, табиғат апатынан кейін жүргізілетін түгендеу.

Түгендеуді тексерілетін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға

болып тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді.

Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп асясатында бекітіледі.

Бухгалтерлік есеп стандартында әр түрлі шаруашылық құралдары мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу тәртібі қарастырылған, енді біз оның жүргізілуінің жалпы тәртібіне тоқталайық.

Түгендеу жүргізудің алдында түгендеудің жұмыс комиссиясы өз мүшелеріне жұмыстың басталу мен аяқталу мерзімдері бекітілген бұйрық ұсынады.

Нақты қалдықтарын алуды аяқтаған күнге құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталып, талдау есебінің карточкаларында ( кітаптарында ) сәйкес жазбалар жүргізіліп, түгендеу күніне қалдықтары шығарылып болуы керек.

Тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруді бастамас бұрын, түгендеудің жұмыс комиссиясы мыналарды жүзеге асыруға міндетті:

- жеке кіретін және шығатын жерлері бар құндылықтар сақталған барлық сақтау орындарын, қосалқы орындарды пломбалау керек;

- барлық салмақ өлшегіш аспаптарының дұрыстығын тексеру керек;

- материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы түгендеу жүргізудің алдында соңғы кіріс және шығыс құжаттарының тізілімдері мен есеп берулерді алу керек.

Түгендеу комиссиясының төрағасы « түгендеу жүргізгенге дейін ... күнге » ( күні ) деген белгімен тізілімдерге тіркелген барлық кіріс және шығыс құжаттарына бұрыштама қояды. Ол бухгалтерияға есеп мәліметтері бойынша түгендеу жүргізудің алдында құндылықтардың қалдығын анықтау үшін негіздеме болып табылады.

Құндылықтарға жауапты тұлғалар түгендеу жүргізудің алдында құндылықтарға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға ( орталық бухгалтерияға немесе орталық бухгалтерияның есеп-бақылау тобына ) тапсырылды және оған жауапкершілікке жүктелген барлық құндылықтар кірістелді, ал шығарылғандары шығындарға жатқызылды деп түгендеу тізіміне қолхат береді. Осыған ұқсас қолхаттарды құндылықтарды алуға берілген есеп беруге тиісті сомалары және сенімхаттары бар тұлғалардан да алады.

Кездейсоқ түгендеу кезінде барлық тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу комиссиясының алдында түгендеуге, ал қалған жағдайларда алдын ала дайындайды. Олар топтастырылған, сортталған және өздерінің атаулары, сорттары, мөлшерлері бойынша белгілі бір тәртіппен, олардың санын санауға қолайлы жағдайда болуы керек.

Негізгі құралдар, шикізат, дайын өнім, тауарлар, ақшалай қаражат және басқа да құндылықтарды түгендеуді олардың орналасу орындары мен осы құндылықтарды сақтауға алған жауапты тұлғалар бойынша жүргізеді.

Құндылықтардың нақты қалдықтарын тексеру материалдық жауапты тұлғалардың ( кассир, шаруашылық, сауда кәсіпорындары, секциялар, қойма, дайындау пункттері меңгерушілері және т.б. ) міндетті түрде қатысуымен жүзеге асырылады.

Түгендеу кезінде құндылықтардың болуы қайта санау, қайта салмағын өлшеу, қайта ұзындығын өлшеу жолымен анықталады.

Жабдықтаушының тиісуге болмайтын орауында сақтаулы материалдар мен тауарлар бойынша олардың саны таңдау жүргізу арқылы осы құндылықтардың бір бөлігін ғана міндетті тексеру негізінде анықталуы мүмкін. Материалдардың салмағын ( көлемін ) анықтауды өлшеу және техникалық есептеулер негізінде жүргізуге болады; өлшеу және есептеу актілері тізімге қосылады. Салмақталатын тауарлардың үлкен мөлшерін түгендеген кезде өлшеу ведомостарын түгендеуді жұмыс комиссиясының бір мүшесі мен материалдық жауапты тұлға жүргізеді. Жұмыс күнінің соныңда ( немесе қайта өлшеу аяқталғаннан кейін ) осы ведомостардың мәліметтерін салыстырады және дұрыс жиынын түгендеу тізіміне қосады.

Түгенделетін құндылықтар мен объектілердің атауларын, олардың санын есепке алынатын номенклатура және өлшем бірліктері бойынша тізімде көрсетеді.

Түгендеу тізіміне түгендеудің жұмыс комиссиясының барлық мүшелері мен материалды жауапты тұлға қолдарын қояды. Тізімнің соңында материалдық материалдық жауапты тұлға комиссияның көзінше құндылықтарды түгендеуді растайтын қолхат береді.

Материалдық жауапты тұлғалар ауысқан кезде, жүргізілетін түгендеу кезінде құндылықтардың нақты болуын тексеру кезінде түгендеу тізімінде құндылықтарды қабылдаған тұлға оларды қабылдағаны туралы, ал тапсырған тұлға оларды тапсырғаны туралы қолтаңба қояды.

Шаруашылыққа қатысы жоқ, бірақ онда тұрған құндылықтарға жеке тізімдер жасалады.

Егер құндылықтарды түгендеу бір күннің ішінде аяқталмаса, онда келесі күндердің ішінде міндетті түрде аяқталуы тиіс. Мұндай кезде құндылықтар сақталынған орындар түгендеу комиссиясы кеткен кезде мөртаңбалануы қажет. Түгендеу комиссиясының жұмысы кезіндегі пломба комиссия төрағасының қолында сақталады. Түгендеу комиссиясы жұмысының үзілісі кезінде ( түскі мезгілде, түнгі уақытта, басқа да себептер бойынша ) тізімдер түгендеу жүргізіліп жатқан жабық орындағы жәшіктерде ( сөре, сейф ) сақталуы керек.

Түгендеу комиссиясының жұмысын түгендеу нәтижесі, сонымен қатар қойма шаруашылығы жағдайын тексеру мен тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етілуін көрсететін хаттамамен ресімдейді.

Пайдаланылатын және толық емес тауарлы-материалдық құндылықтардың болуы кезінде хаттамада оларды әкелу уақыты, жабдықтаушының атауы, түгендеу жүргізу кезіндегі құндылықтардың жай-күйі мен олардың сапасының төмендеу себептері көрсетіледі. Осындай тауарлы-материалдық құндылықтарға арнайы түгендеу тізімдерін жасайды, ал осы құндыоықтардың өздері сақтау орындарында ерекше орналастырылады.

Жарамсыз болып қалған құндылықтарға жеке түгендеу тізімін жасайды. Комиссия хаттамасында оларды жеке көрсетеді және бүліну себептері мен оған кінәлі тұлғалар көрсетіледі.

Хаттамада комиссия түгендеу қорытындысы бойынша өздерінің шешімдерін жазады және анықталған кемшіліктер, жетіспеушіліктер есебі мен қайта сорттау кезіндегі артықшылықтар көрсетіледі, сонымен қатар табиғи кему нормасы шегінде жетіспеушіліктерді шығару бойынша олардың алдын алу шараларын ұсынады.

Түгендеу аяқталғаннан кейін барлық материалдар бойынша және комиссия хаттамасын үнемі қызмет етуші түгендеу коммисиясына қарауға береді.

Басқа кәсіпорындардың қоймасында сақталған тауарлы-материалдық қорларды жауапты сақтауға бергендігін растаушы құжаттардың негізінде тізімге алады. Тізімде осы құндылықтардың атауын, санын, сортын, нақты құнын (есеп мәліметтері бойынша), жүктің сақтауға алынған күні, сақтау орны, құжаттардың нөмірі мен күнін көрсетеді.

Жауапты түрде сақтауға кәсіпорындардың алынған осы құндылықтарға түгендеу тізімінің көшірмесін комиссия құжаттар бойынша бекітілген құндылықтардың нақты болуы ( түгендеу тізімі көшірмесінің мәліметтері бойынша ) санымен салыстырады.

Түгенделетін негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер тізімге енгізіледі ( нысаны төменде берілген ); ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар мен есеп айырысулар түгендеуін актімен ресімдейді.

Түгендеу тізімдері есептеу немесе басқа техникалардың көмегімен, сондай-ақ қолмен толтыру әдісімен толтырылуы мүмкін.

Ешқандай шимайлар мен өшірулер жүргізуге жол берілмейді.

Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған бос бағандар қалдыруға болмайды. Тізімдердің соңғы беттерінде толтырылмаған бағандар сызылады.

Егер материалдық жауапты тұлға түгендеу жүргізіп болғаннан кейін түгендеу тізімдерінде қате тауып алған жағдайда ( қойма, секция ашылғанға дейін және т.б ) бұл жайында түгендеу комиссиясына хабарлауына болады. Материалдық жауапты тұлғаның жетіспеушіліктер немесе артықшылықтар атаулары толтырылмай кеткенде, дұрыс санамай кеткенде болған қателіктерден туындағаны жөніндегі өтініші түгендеу жүргізілген қойма, кілет, секция ашылғанға дейін қабылданады.

Түгендеу комиссиясы көрсетілген фактілерді тексеруді жүзеге асырады және олар расталған кезде, белгіленген тәртіп бойынша, табылған қателерді жөндеуді жүзеге асырады.

 

                                                                                               Нысан № түг.-3

 

______________________________________________

`( кәсіорын, ұйым )

 

 

Цех ( қойма ) ___________________________________

 

 

ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ

                 ТҮГЕНДЕУ ТІЗІМІ № ______

 

« ____ » ___________________________ _____ж.

 

               ( тауарлы-материалдық құндылықтардың түрі )

 

 

                      Қолхат

Түгендеу жүргізу алдында құндылықтарға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияғы тапсырылды және маған (бізге) жауапкершілік жүктелген барлық құндылықтар кірістеледі, ал шығарылғандары шығындарға жатқызылады.

           

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)