Тақырып: Шаруашылық операциялардың әсерінен баланстың өзгеруі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырып: Шаруашылық операциялардың әсерінен баланстың өзгеруі

Поиск

Тақырып: Шаруашылық операциялардың әсерінен баланстың өзгеруі

1.Шаруашылық әрекеттерінің ықпалынан баланстың өзгеріске ұшырау типтері

1.Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын шаруашылық әрекеттері актив және пассив жиынтықтарының теңбігін бұзбайды. Сонымен бірге, жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен түсіндіріледі: шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің мөлшері. Сөйтіп олар баланстың активінде де, пассивінде де болуы мүмкін.

Сонымен, шаруашылық әрекеттерінің баланс баптарындағы өзгерістерді шаруашылық әрекеттің сипатына қарай төрт топқа бөлеміз:

 

 

Актив

Пассив

Көбеюі

Азаюы

Көбеюі

Азаюы

І

 

 

 

ІІ

 

 

 

ІІІ

 

 

 

ІV

 

 

 

 

1) Шаруашылық әрекеттерінің бірініші типінде активтегі бір бап көбейеді, ал екіншісі осы сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді:

А+Х-Х=П

Мысалы, Кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы беру үшін есеп айырысу шотынан кассаға 178000 тг. сомасында ақша қаражаты аударылады. Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды: «Есеп айырысу шоты» және «Касса». «Касса шоты» бойынша 178000 тг. сомасына артады, ал «Есеп айырысу шоты» бойынша 178000 тг.сомасына, яғни тең сомаға кемиді.

2) Шаруашылық әрекеттерінің екінші типінде пассивтің бір бабы көбейеді де, екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді:

П+Х-Х=А

Мысалы, Құрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын қарамағында қалған таза табыстың 54000 тг.сомасында5ы бөлігі резервтік капиталды арттыруға бағытталады. Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: «Таратылмаған табыс» азаю жағына және «Резервтік капитал» көбею жағына өзгеріске ұшырайды.

3) Шаруашылық әрекеттерінің үшінші типі бойынша активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді. Баланс валютасы да сол сомаға көбейеді:

А+Х=П+Х

Мысалы, Жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына 120000 тг.сомасына материалдар алынып, кірістелді. Осы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі «Материалдар» бабы мен баланстың пассивіндегі «Жабдықтаушылар мен мердігерлер» бабы көбейеді. Баланс валютасы да сомаға артады.

4) Шаруашылық әрекеттерінің төртінші типінде активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды. Баланс валютасы да сол сомаға азаяды: А-Х=П-Х

Мысалы, Кәсіпорын қызметкерлеріне 137000 тг.сомасында жалақы берілді. Осы шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс активінің «Касса» шоты мен баланс пассивінің «Жұмысшылармен жалақы бойынша есеп айырысу» шоты кемиді. Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)