Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырып: Бухгалтерлік баланс және оның мәні.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Тақырып: Бухгалтерлік баланс және оның мәні. 1. Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік 2. Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымы 3. Есеп беру түсінігінің нысандары мен түрлері 1.Бухгалтерлік баланс- ақшалай бағалауда көрсетілген әрі белгілі бір мерзімге құрылған шаруашылық құралдарының құрамы мен орналастырылуы және құрылу көздері бойынша экономикалық топтастыру және жалпылама қорыту тәсілі. Бухгалтерлік баланстар мынандай белгілері бойынша жіктеледі: 1)құру уақыты бойынша 2)құрудың қайнар көзі бойынша 3)ақпараттар көлеміне байланысты 4)қызметтің сипатына байланысты 5)меншік нысандары бойынша 6)бейнелеу көлемі бойынша 7)тарату тәсілдері бойынша 1)Құру уақытына байланысты бухгалтерлік баланстар бөлінеді: -кіріспе -ағымдағы -таратылу -бөлу -қосылу немесе біріктіру Кіріспе баланс-кәсіпорынның өз қызметін бастаған кездегі құндылықтарын анықтайды. Ағымдағы баланс-кәсіпорынның қызмет ету уақытында жасалады. Ол бөлінеді: -бастапқы баланс және соңғы баланс -аралық баланс Бастапқы баланс- есепті кезеңнің басына, ал соңғы баланс аяғына құрылады. Ағымдағы баланс- жылдын басы мен аяғы арасындағы кезеңге құрылады. Таратылу балансы- кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады. Бөлу балансы- ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге бөлінген кезде жасалады. Қосу немесе біріктіру балансы- бірнеше кәсіпорынды біріктірген кезде жасалады. 2)Құрудың қайнар көзі бойынша: -инвентарлық -кітаптық -бас Инвентарлық баланстар- бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгерту кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысуы) талап етіледі. Кітаптық баланс- алдын-ала түгендеу жүргізу жолымен жүргізіледі. Бас балансты-есеп мәлеметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды. 3)Баланстар ақпарат көлеміне байланысты: - біртекті баланс -жинақты баланс -топтастырылған жинақ балансы Біртекті баланс- тек бір ғана кәсіпорынның қыметінің көрсетеді. Жинақ баланс- біртекті баланс баптарындағы сомаларды қосу жолымен алынады. Топтастырылған жинақ балансты- холдингтік компанияларда (басқа коммерциялық бақылау акция пакеттерін иеленушілер) өзінің еншілес және тәуелді серіктестері бар кәсіпорындар пайдаланады. 4)Қызметінің сипатына байланысты: -негізгі қызмет балансы -негізгі емес қызмет балансы Негізгі қызмет балансы-кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына сәйкес жасалған баланс. Негізгі емес қызмет балансы- кәсіпорынның құрамындағы бөлімдер бойынша (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қосалқы ауыл шаруашылығы) жасалады. 5) Меншікті нысанына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті басқару, кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді. 6)Бейнелеу көлемі бойынша: -дербес баланс -жеке баланс Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындар. Жеке балансты кәсіпорындардың құрылымдық бөлімдері (цехтар, фирмалар және т.б) жасайды. 7) Тазарту тәсілі бойынша баланстар: - Баланс-брутто( италян тілінен аударғанда «таза емес») -Баланс-нетто(италян тілінен аударғанда «таза») Баланс-брутто- реттеуші баптарды қостын баланс(негізі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы) Баланс-нетто- реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс. Баланс өзінің құрылуы бойынша актив пен пассивтен тұратын екі жақты болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының заттық құрамы, орналасуы мен пайдалануы көрсетілетін сол жағы баланс актив деп аталады. Баланстың оң жағы пассив деп аталады және онда кәсіпорынның шаруашылық қызметіне салынған қаражаттың шамасын, оның шаруашылық құралдарын құруға қатысу нысанын көрсетеді. Баланста актив пен пассив жиынтықтарының тепе-теңдігі міндетті түрде сақталуы керек. Оны былай көрсетуге болады: Активтер=Қаржылық міндеттемелер+ меншіктік капитал 2. Бухгалтерлік баланс 5 бөлімнен тұрады: I бөлім. «Қысқа мерзімді активтер» ол мынадай баптардан тұрады: 1) ақша қаражаты 2)қысқа мерзімді қаржы инвестициялары 3)қысқа мерзімді дебеторлық берешек 4)қорлар 5) ағымдағы салық активтері 6) сатуға арналған ұзақ мезімді активтер 7) өзге де дебиторлық активтер II бөлім. «Ұзақ мезімді активтер» ол мынадай баптардан тұрады: 1)ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары 2) ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 3)үлесті тарату әдісімен есепке алынатын инвестициялар 4) негізгі құралдар 5) биологиялық актив 6) барлау және бағалау активтері 7) материалдық емес активтер 8)кейінге қалдырылған салықтық активтер 9) өзге де ұзақ мерзімді активтер IIIбөлім. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» ол мынадай баптардан тұрады: 1) Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері 2) салық боынша міндеттемелер 3)басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер 4) қысқа мерзімді кредиторлық берешек 5) қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері 6) өзге де қысөа мерзімді міндеттемелер IV бөлім. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» ол мынадай баптардан тұрады: 1) ұзақ мерзімді кредиторлық міндеттемелер 2) ұзақ мерзімді кредиторлық берешак 3) ұзақ мезімді бағалау міндеттемелері 4) кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 5) өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер V бөлім. « Капитал мен резервтер» ол мынадай баптардан тұрады: 1) жарғылық капитал 2)төленбеген капитал 3) сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар 4) эмиссиялық кіріс 5) резервтер 6) төленбеген табыс ( жабылмаған залал) 7) жиынтық табыс (залал) Баланс баптары реттеуші және реттеуші баптарсыз болып бөлінеді. Реттуші баптар: -тура реттейтін -контрарлық Тура реттейтін баптар баланстың негізгі бабына қосымша болып табылады. Контрарлық баптар негізгі бабтың шамасын азайтуды көрсетеді және баланста минус таңбасымен көрсетіледі. 3. Қаржылық есеп беру дегеніміз- кәсіпорын мен ұйымдардың қаржылық жағдайлары, қызметінің нәтиделері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер туралы ақпараттар. Қаржылық есеп беру «Бухгелтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның заңына сәйкес мемелекеттік мекемелердің есеп берулерін қоспағанда мынадай есеп берулерден тұрады: 1)бухгалтерлік баланс 2) табыстар мен шығындар туралы есеп 3) ақша қозғалысы туралы есеп 4) өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп 5)есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты нысандарының бірі болып табылады. Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады. Қайта құрылған ұйым үшін бірінші есепті кезең оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап осы жылдың 30 желтоқсанына дейігі мерзімі болып табылады. Ұйымдар қаржылық есеп беруді келесілерге ұсынады: 1) құрылтай тұжаттарына сәйкес меншік иелеріне 2)ҚР-сы мемлекеттік статистика органына 3)құзіретіне сәйкес ҚР-ның мемлекеттік бақылау және қадағалау органына.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.008 с.) |