Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттарыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттары 2. Құжаттардың жіктелуі Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық әрекеттер растаушы құжаттармен рәсімделуі керек.Бұл құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін алғашқы есеп ақпараты қызметін атқарады, сондықтан құжаттандыру бухгалтерлік есеп әдісінің ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бухгалтерлік құжат (лат.documentum – дәлелдеу, куәлік) дегеніміз – шаруашылық әрекеттерді орындау фактісін, оларды орындауға құқықты растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалдық жауапкершілігін бекітеттін жазбаша куәлік. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі сан алуан және әр түрлі шаруашылық әрекеттерін орындаумен бірге жүреді. Өз кезегінде әрбір шаруашылық әрекеті міндетті түрде орындалған шаруашылық әрекеттері немесе оларды орындауға құқық туралы алғашқы мәліметтері бар есеп құжаттарымен рәсімделеді. Өндіріс және сату процестері, сонымен қатар кәсіпорынның өз ішіндегі және одан тыс жеке бөлімшелері мен әр түрлі қаржылық, шаруашылық, есеп айырысу қатынастары есеп құжаттарының объектілері болып табылады. Кәсіпорындардың шаруашылық және есеп жұмыстарындағы құжаттардың маңыздылығы: 1) Құжаттар есеп жазбаларын негіздеу құралы қызметін атқарады. Құжаттардың сапасына айтарлықтай шамада дерлік бухгалтерлік есептің де сапасы байланысты болады. Дұрыс бухгалтерлік есеп ақпараттарын қажетті кезде тек кәсіпорынның барлық шаруашылық әрекеттерін уақытында және нақты рәсімдеу жағдайында ғана алуға болады. Құжаттар есеп деректерінің дұрыстығы мен шынайылығын растайды және бухгалтерлік жазбалардағы мүмкін болатын қателерді анықтауға көмек береді. 2) Бухгалтерлік құжаттардың зор оперативті мағынасы бар. Олар үкімдерді беруге, сонымен қатар шаруашылық әрекеттердің дұрыстығын растауға қызмет етеді, яғни кәсіпорынды оралымды басқаруға қолданылады. 3) Бухгалтерлік құжаттар бақылау-талдау қызметін атқарады. Құжаттардың көмегімен орындалған әрекеттердің дұрыстығы бақыланады, жүргізілетін жұмыстың ағымдағы талдауы жасалады,яғни кәсіпорынды алдын ала, ағымдағыжәнекезекті бақылауүшін пайдаланылады. Алдын ала бақылау кәсіпорын басшысының құжаттарға қол қоюы кезінде жүзеге асырылады, өйткені олар орындалған әрекеттер үшін құжаттарды толтырған жұмысшының жеке жауапкершілігіне ие болады. Ағымдағы бақылау алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша қаржы-шаруашылық қызметі есебі мен талдауы процесінде жүргізіледі. Кезекті бақылау көбінесе құжаттық тексеру, аудит нысанында жүргізіледі, сонымен қатар есеп қызметкерлері бухгалтерлік есепте шаруашылық әрекеттерін бейнелеу кезінде құжаттарды тексеру жолымен жүзеге асырылады. Алынған мәліметтер кәсіпорын қызметін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін қолданылады. 4) Құжаттардың кәсіпорынның меншігін сақтауын қамтамасыз етудегі рөлі ерекше. Олардың көмегімен материалдық жауапты тұлғалардың әрекеттері қадағаланады, құндылықтарды алу мен берудің негізділігі тексеріледі. Олар кәсіпорынның менщігін ұрлау және қасақана әрекеттер жасау жағдайларын ашуға, сонымен қатар олардың алдын алуға мүмкіндік береді. 5) Құжаттардың құқықтық маңыздылығы бар, олар кәсіпорындармен және басқа суъектілермен немесе жеке тұлғалармен арада туындайтын дауларды шешуде пайдаланылады. Төрелік сот пен сот инстанцияларында осындай дауларды дұрыс және уақытында құрылған жазбаша куәліктің заңды күші бар құжаттары арқылы шешеді. Құжаттармен құжаттандыру, бір ізге салу, стандарттау және құжат айналымы сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Құжаттандыру – шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен ресімдеу әдісі. Әрекет есепте оны растайтын тиісті құжаттарсыз көрсетілуі мүмкін емес. Сондықтан барлық шаруашылық әрекеттерін дұрыс және уақытында ресімдеу бухгалтерлік есептің алғашқы кезеңі болып табылады.
Құжаттарды бір ізге салу – бұл меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді ресімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Бір ізге салу құжаттарды ықшамдайды және қысқартады, сонымен қатар оларды автоматты өңдеуге дайындайды: бір реттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.
Құжаттарды стандарттау – бұл құжаттарды басу кезінде қағазды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бір типтік құжаттар бланкілерінің бірдей (стандартты) мөлшерлерін жасау. Сонымен, стандарттау құжаттардың бухгалтерлік өңделуін және олардың мұрағатта сақталуын жеңілдетеді. Құжаттарды неғұрлым тереңірек игеру және пайдалану үшін құжаттар бухгалтерлік есепте құжаттардың мақсатын сипаттайтын айтарлықтай мәнді белгілері бойынша былай жіктеледі: · Мақсаты бойынша; · Кұрылу тәртібі бойынша; · Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша; · Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша; · Толтыру орны бойынша; · Толтыру әдісі бойынша ( 12-сызбаны қараңыз)
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.) |