Тақырып: Бухгалтерлік есептің принциптері (қағидалары) мен тұжырымдамалары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырып: Бухгалтерлік есептің принциптері (қағидалары) мен тұжырымдамалары

Поиск

Тақырып: Бухгалтерлік есептің принциптері (қағидалары) мен тұжырымдамалары

 

1.Бухгалтерлік есептің принциптері.                                                           

2.Бух    галтерлік есепті пайдаланушылар.                      

3.Шаруашылық процестер нәтижесі                                                                  

1. Қағида – бұл бухгалтерік есептің ғылым ретінде одан келешекте шығатын барлық тұжырымдарды анықтайтын негізгі, басты және базалық ережесі.    

Есеп саясатын қалыптастырып, пайдалану барысынада бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:

- Есептеу. Табыс–нақтылы қолға келген сәтте басталады, ал шығын да солай, шығарылған сәтінен есептелінеді, яғни ақша қаражатының түскен немесе төленген сәтінен емсе, пайда болған сәтінен. Есептеу әдісінің артықшылығы сол–ол субъектінің шынайы қаржылық жағдайы мен қызметін неғұрлым дұрыс көрсетеді.

- Үздіксіз қызмет. Субъект алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра береді және онда өз қызметін тоқтату немесе елеулі түрде қысқарту ниеті болмайды, демек міндеттеме белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өтелінеді.

- Мәнділік. Бір жағынан, егер ақпарат болжамдық жөнінен құнды болса, онда шешім қабылдау нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, ақпарат бұдан бұрындары күтілген үмінттің қаншалықты дұрыс болғаны туралы бірдеңелер біледі. Ақпараттың тұтынушыға дер уақытында түсуі өте маңызды. Егер ақпарат керек уақытында табылмаса, оның ешқандай маңызы болмайды. Ақпараттың мәнділігі оны алуға жұсалған шығыннан жоғары тұруға тиіс. Міне, алынған ақпартты тиімділігі бойынша анықтайтын өлшем осы.

- Түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.

- Дұрыстығы. Ақпарат дұрыс болуға тиіс, яғни елеулі қателіктер мен ағаттықтарға жол бермейді, өйткен оған тұтынушылар сенуге тиіс.

- Шынайы және әсірелеусіз ұғыныс. Шынайлылық–мынадай шаруашылық процесстерімен сәйкестілік дәрежесі: тексерілуі және оның дәлелдену мүмкіндігі. Есеп ақпаратты белгілі бір шығын топтың мүддесін білдірмеуге тиіс, яғни ол әсерлеусіз, әрі бейтарап болуы керек.

- Бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.

- Сақтық. Ол шаруашылық жағдайы әлі беймәлім күйде тұрғанда шешім қабылдауға сақтықпен қарауды білдіреді, яғни активтер мен табыс артықтау, ал міндеттеме немесе шығындар кем бағаланбау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайыра бағалау сол кезеңнің табысы емес, төленбеген қосымша капитал болып табылады. Демек, қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте жүзеге асырылған қаржылық инвестициядан түскен табыс қана көрсетіледі. Ал аталмыш қайра бағалау тек оларды жүзеге асыру сәтінде ғана табыс деп танылады.

- Салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.

- Тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.

- Сабақтастық. Субъект өзі тандап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге сабақтастыра қолданады.

Аталған принциптерді сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын бұрмалып көрсетеді. Есептік ақпарат пен активтер мен міндеттемелердің статьяларын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 2.Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәлеметін пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:                                                                            1)ішкі пайдаланушылар                                                                                         2)сыртқы пайдаланушылар                                                                                          Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорындарда қызмет атқаратын тұлғалар,ал сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғаны жатқызады.  

Сондай ақ осы қаржылық ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылардың өзі төмендегідей санатқа бөлінеді:

-кәсіпорынды басқарушылар. Кәсіпорынды басқарушыларға осы ұйымның алдына қойғанмақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Оларға: кәсіпорын иесі, кәсіпорынның басшылары,директорлар, менеджерлер. Бөлім басшылары жатады.

-кәсіпорыннын тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылығы бар тұлғалар. Оларға қаржы салымшылары, несие берушілер,жабдықтаушылар жатады.

-кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар. Оларға: салық органдары, сақтандыру компаниялары,, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер жатады.

    Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары шешім қабылдау үдерісінде көріністін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтауды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын жалпы және жеке деп бөлінеді.                                                 Жалпы тұжырымдама бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді. Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілген бухгалтерлік есеп туралы көзқарастарды білдіреді.                                                                                         2. Сондықтан бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық субъектінің шаруашылық қызметі болып табылады. Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің негізгі элементтері бухгалтерлік есеп пәнінің мына элементтері бола алады:                                                              -шаруашылық әрекеттері мен процестері                                                                                     - есеп айрысу, несиелік қатынастар                                                                                              -еңбекті пайдалану және жалақылау                                                                                                      -шаруашылыққұралдарын алу, сақтау және пайдалану.                             Шаруашылық әрекеттері дегеніміз- кәсіпорынның өндіістік-шаруашылық қызметі барысында орындалатын жеке шауашылық оқиғалары мен әрекеттері.             Өнеркәсіп орындарының шаруашылық қызметтері 3 негізгі шарттылық процесс тән:                                                                                                                                                 1)дайындау процесі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     2)өндіру процесі                                                                                                                                        3)сату(жөнелту) процесі                                                                                 Дайындау процесі кезінде белгілі бір кәсіпорын(сатып алушы) басқа бір кәсіпорындардан (жабдықтаушылардан) өндіріс процесін қамтамасыз ететін қажетті еңбек заттарын (материалдар, отын және т.б) алады және салаларға сәйкес ақша қаражатын төлейді.                                                                                                                 Өндіру процесі өнеркәсіп орнында жұмысшылар еңбегінін ықпалымен, еңбек құралдарының көмегімен (машиналар, станоктар, аспаптар) еңбек заттары жаңа бір түрге-дайын өнімдерге айналатынымен түсіндіріледі.                                            Сату (жөнелту) процесі кезінде белгілі бір кәсіпорын (жабдықтаушы) басқа кәсіпорындарға (сатып алушыларға) өзінің өндірген дайын өнімдерін сатады және солар үшін сәйкес ақша қаражатын алады.                                                                           Есеп айырысу қатынастары екі жақты сипатқа ие. Есеп айырысу қатынастарының сипатын анықтау үшін «кредиторлар» және «дебиторлар» ұйымдары қолданылады. «кредиторлар» және «дебиторлар» сөздері латын тілінен алынған және қазақ тіліне аударғанда кредитор-қарыз беруші, ал дебитор-қарыз алушы деген мағынаны білдіреді.             Несиелік қатынастардың кәсіпорындар мен несиелік мекемелер –банктер арасында да алатын орны бар. Банктер қарыз беру арқылы кәсіпорындарды несиелендіруді жүзеге асырады.                                                                                                             Банктік қарыз-деп банктін кәсіпорының иелеріне белгілі бір мақсаттарға және белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарын қарыз түрінде ұсынуын түсінуге болады.

 

 

   



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.01 с.)