Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырып: Бухгалтерлік есептің құрылуы және дамуы. Есепті нормативтік және құқықтық реттеу.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 1.Шаруашылық есеп туралы жалпы түсінік және шаруашылық есептің пайда болуы мен бухгалтерлік есептің дамуы. 2.Шаруашылық есепте қолданылатын есеп өлшегіштері. 3.Шаруашылық есептің түрлері және Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықты реттеу. 1.Бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп түрлерінің бірі болып табылады. Шаруашылық есеп тағамға, киімге, тұрғылықты жерге қажеттілікткрді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдық игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығыныңм шаруашылық қызметінің есебі. Халық шаруашылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік сияқты салалардан тұрады. Әрбір сала жеке кәсіпорындарынан тұрады. Оларға зауыт, фабрика, кен орындары, шахталар, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда т.б. жатады. Шаруашылық қызметінің нәтежиесі табыс, оның қайнар көзі- еңбек болып табылады. Шаруашылық қызметі басқару мен бақылауды қажет етеді. Шаруашылық есептің жүзеге асырылуы кезекті 2 процеске бөлінеді: 1. Алғашқы мәліметтерді алу. 2. Осы алынған, мәліметттерді өңдеу. Алғашқы мәліметтерді алу, әрекеттерді бақылау, өлшеу және тіркеудің көмегімен жүзеге асырылады. Әрекеттерді тіркеудің нәтежиесінде әрекеттер олардың аяқталғанын мазмұны мен сандық көрсетілуін растайтын құжаттарды бейнелейді. Есептік өңдеудің нәтежиесінде жекеленген әрекеттер туралы әр түрлі мәліметтерден әрбір шаруашылық процесі және кәсіпорынның шаруашылық қызметі бойынша жинақталған жалпылама мәліметтер алынады. Шаруашылық есеп-қәсіпорындар мен халық шаруашылығының шаруашылық қызметін басқару және бақылау мақсатында сандық және сапалық көрсеткіштермен есептеу және көрсету. Шаруашылық есептің дамуы 6 мың жылға жуық уақытты қамтиды. Бухгалтерлік термині 15ғ Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтерлік атағын алған лауазымды тұлға Инсбурк , есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штейхер болып табылады. Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін 4 кезеңге бөліп қарастырады. 1.Тауарлы ақшалай қатынастардың пайда болуынан бастап 18ғ аяғына дейін. 2.18ғ-дың аяғынан 19ғ дейін. 3.19ғ-дан бастап 20ғ дейін. 4.20ғ-дан бүгінгі күнге дейін. Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болдып табылады. Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына есептеу ғылымның басты бағыттары анықталған , ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алады. Үшінші кезең өз мәні бойынша бухгалтерлік есептің ілімінің 1 саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Бухгалтерлік есептің төртінші даму кезеңі сыртқы нарықтық орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсатының айқындалуымен сипатталады. Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын 12 ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болды. Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушы және дамытушысы Француз ғалымы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар деген еңбегін жазған. Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін, оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап, сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Заңы бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның тәртібін белгілейді. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады: 1. Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп оны өңдеп отырады. 2. Ұйымның қаржылық ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады, ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды. 2. Шаруашылық есептерінен бақыланатын барлық объекілер сандық көрсеткіштің көмегімен көрсетіледі. Шаруашылық есепте заттық, еңбек және ақшалай өлшегіштер пайдаланылады. Заттай өлшегіштер- есептеу, санау, салмақтау мәліметтерін алу үшін қолданылады. Мұндай өлшегіштер болып ұзындық өлшегіштер(м, см), салмақ өлшегіштер (кг, г, тонна), көлем (л, текшеметр) және т.б. өлшегіштер қолданылады. Еңбек өлшегіштер- жұмсалған еңбектің мөлшерін есептеуге арналған. Оларға жұмыс күндері сағаттары және минуттары жатады. Еңбек өлшегіштің ерекше түрлерінің бірі ауыл шаруашылығында пайдаланылатын еңбек күні. Еңбек күні жұмысшылардың еңбек шығындарын есепке алушы сонымен қатар әрбір жұмысшының ұйым табысындағы үлесін бекітуші болып табылады, есептеледі. Еңбек өлшегіштерді көбінесе заттай өлшегіштермен бірге қолданылады. Ақшалай өлшегіштер- бір келкі, бір текті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу үшін қолданылады. ҚР-да ақшалай өлшем бірлігі ретінде теңге және оның үлесі тиын қолданылады. Сонымен қорыта келгенде шаруашылық есеп әр түрлі есеп өлшегіштерін қолданады. Олардың әрқайсысы тиісті көрсеткіштерді есептеу үшін қажет. Әртүрлі өлшегіш түрлері бір-бірімен өте тығыз байланысты және кейбір кезде қандай да бір шаруашылық құбылыстары туралы толық сипаттама аолу үшін бірге қолданылады. Әсіресе ақшалай өлшегіштің жалпылама көрсеткіштерді алуға мүмкіндік беруде алатын рөлі зор. 3.Шаруашылық есеп халық шаруашылығындағы жоспардың жалпы ел бойынша және әрбір кәсіп орын ұйым және мекеме бойынша жеке-жеке орындалуын көрсетеді. Мәліметтердің барлығы шаруашылық есептің әр түрлі көрсеткіштерінің көмегімен алынады: 1.Жедел немесе оперативтік есеп; 2.Бухгалтерлік есеп; 3.Статистикалық есеп; 1. Жедел немесе оперативтік есеп- жеке шаруашылық әркеттерімен процестерінің тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен оларды қадағалау және бақылау жүйесі болып табылады. Осы есептің мәліметтерін алу және пайдалану жеделдігі оның ерекше бір белгісі болып табылады. Жедел есепке алынатын мәліметтерге ғылыми өңдеудің қандай да бір әдістерде қолданылмайды. Жедел есептің мәліметтерінің ғылыми өңдеуге алу , алдағы уақыттағы бухгалтерлік және статистикалық есептерде ғана жүргізіледі. Статистикалық есеп- жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі. Статистика жаппай қоғамдық құбылыстардың сандық жағын оның тікелей байланысты сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттейді. Орын және уақыттың нақты бір жағдайында қоғамдығ даму заңдылықтың сандық бейнеленуін қарастырады. Бухгалтерлік есеп дегеніміз- кәсіпорындардың шаруашылың құралдары, міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпараттарды барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі. Бухгалтерлік есеп:теорияға, қаржылық және басқарушылық есептерінен бөлінеді. Бухгалтерлік есептеу теориясы (негізгі) – бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық әдістемелік жәнетәжірбиелік негіздері. Қаржылық есеп- бұл шаруашылық әрекеттері сонымен қатар қаржылық есептілікті құруды бухгалтерлік рәсімдеу және тіркеуді қамтамасыз ететін есеп ақпараттарын жинақтаудың жүйесі. Басқару есебі- әр түрлі деңгейдегі басшылардың , кәсіпорындардың өз ішінде пайдаланылатын есеп ақпараттарын жинауға арналған. Оның басты мақсаты нақты өндірістік нәтежиелерге аса жауапты менеджерлерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепті жүргізу әр түрлі құзіретке ие, тиісті номативтік актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға міндетті, ал басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады. Нормативтік құжаттарды өзіннің бағытталуына және құзіретіне байланысты мынадай жүйеде көрсету міндеті болып табылады: Бірінші деңгейге-заңдық (Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы) ҚР-ның заң күші бар заңы және де басқада заңдар нөмер 2311, 28.02.2007ж шықты. Екінші деңгейге- Бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша стандарттар( ережелер) нөмері 221, 22.05.2007жыл. Үшінші деңгейге- әдістемелік ұсыныстар (жарғылықтар, нұсқаулықтар) қысқаша шолу, ҚР-ның қаржы министірлігінің және басқада ведомоствалардың хаттары. Төртінші деңгейде- Кәсіпорынның өзініннің бухгалтерлік есебі бойынша жұмыс бабындағы құжаттар. Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы. Заңы бухгалтерлік есептің құқық негіздерін және оның мазмұнын негізгі қағидаларын ұйымдастырылуын бухгалтерлік қызметінің негізгі қағйдаларын ұйымдастырылуын бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттарымен есеп берудің, құрылудың, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндетті шаруашылық субъектілердің құрамын анықтайды. Есеп стандарты –Есеп тәртібін және белгілі бір объектілерді немесе олардың жиынтықтарын бағалауды бекітетін негізгі ережелердің жиынтығын айқындайды. Есеп стандарттары бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңды нақтылауға арналған. Әдістемелік ұсыныстар- Салалық ерекшіліктеріне байланысты есеп Стандарттарын нақтылауға арналған олардың ҚР-ның қаржы министірлігі және әр түрлі ведомстволар дайындайды. Кәсіпорындардың өзіннің жұмыс бабындағы құжаттары ондағы есептік ұйымдастырылу ерекшіліктерімен жүргізілуін қамтамасыз етеді.Олардың негізгі табылатындары: - Есеп саясаты бойынша құжат; - Басшы бекіткен алғашқы құжаттардың нысандары; - Құжат айналымның кестесі; - Басшы бекіткен бухгалтерлік есеп шотының шот жоспары; - Басшы бекіткен ішкі есеп беру нысандары; Көптеген ұйымдарда есеп саясаты туралы бұйрық пен ғана шектелетінінде ескеруіміз қажет. Есеп саясаты дегеніміз- бұл бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп беруді ашудың негізгі қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің басшы қабылдайтын әдістің жиынтығы ҚР-да бухгалтерлік есеп және есеп қаржылық беру жүйесінің реттеуші есептің негізгі қағидалары мен жалпы ережелерін субъектілер үшін ішкі бақылау мен Сыртқы айдиттың талаптарынан бекітетін негізгі нормативтік құжаттар мыналар болып табылады. -«Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның 1995ж 26 желтоқсандағы нөмері 2732 заңы кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен. -ҚР-ның бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары. -Әдістемелік ұсыныстар және оларға нұсқаулықтар. -Субъективтің есеп саясаты. Қазақстанда бухгалтерлік есепске жалпылама әдістемелік басшылықты ҚР-сы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі бойынша департаментінің атынан үкімет жүзеге асырады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.009 с.) |