VI тарау. Ірі қараның жыныстық қабілетінің қалыптасуы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

VI тарау. Ірі қараның жыныстық қабілетінің қалыптасуы.

Ірі қараның жыныстық қабілетінің қалыптасуы оның тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, азықтандыру, күту сапасына және өскен ортасына тән табиғи жағдайларға да байланысты. 

Етті бағыттағы сиырлар зат алмасуының ерекшеліктеріне байланысты қарқындап өсіп, тез жетіледі де, жыныстық қабілеті ерте қалыптасып, ерте күйлейді. Тайыншалардың 7-0 айлығында күйі келеді, ал бұқашықтарының 6-7 айлығында жыныстық қабілеті қалыптасады. Сондықтан ұрғашы тайыншалар мен бұқашықтарды 5 ай толған соң жеке ұстаған жөн. Себебі жас малдың бұл уақытта жыныстық қабілеті қалыптасқанымен, олардың дене мүшелерінің қсуі мен жетіле түсуң, әлі де жүріп жатады. 

Тайыншаны бұқадан ерте шығарған жағдайда жасына жетіп, денесі толыспаған малдың өсуі кешеуілдеп, салмақты аз тартатын, тарамыс етті, өнімсіз сиыр болып өседі де, одан туған бұзау да өсіп- жетілуінен қалыс қалып, аз өнімді, тар кеуделі, ұзын сирақты мал болып шығады. Демек, тайынша мен бұқашықты жыныстық қабілеті қалыптасты екен деп ерте қосу олардың өз денесінің өсіп – жетілуінің кешеуілдеуіне, ерте тозуына, бқзауларының да кешеуілдеп қсіп, шөгуіне әкеп соғады.

Әрине, тым кеш  ұрықтандыру да пайдалы емес. Мұндай жағдай жда сиырдың ұрықтануы қиындап, кейін бқзаулаған соң, сүт тапшы болады.

Сондықтан да етті- сүтті бағыттағы сиырлар үшін қашарларды ұрықтандырудың да ең діл мерзімі 17-20ай, ал етті бағыттағы сиырлар қашарларының алғаш ұрықтану мерзімі - 16-18 ай.

Қашарлар ұрықтандырудың ең басты крсеткіші- олардың тірілей салмағы. Сонымен, алғаш ұрықтандырардағы тірілей салмағы сол тұқымның сақа сиырлары салмағының 70-75 проценттейін құрағаны дұрыс. Мәселен табын жаңартуға арналған қашарлар әуел бастан жақсы азықтандырылып, сыртқы пішіндері табын сиырларына ұқсап, салмағы жеткене барып ұрықтандырылады.

Ғалымдардың айтуына қарағанда уақытылы салмағы жетпей, кеш қалған 23-24 айлығында ғана алғаш ұрықтандырылған қашарлар арасында қысыр қалушылық 18-25 процент болса, уақтылы ұрықтандырылған қашарлар арасында қысыр қалушылық бар болғаны 4-8процент қана екен.

 Сиырдың күйлеуі  және оның қайталану циклы. Сиыр күйтінің келуі жатырындағы әбден жетілген фолликул бөліп шығаратын жыныс гормондарының әсерінен болады,

 Сиырдың күйті 18 сағатқа созылып, 6 сағаттан 36 сағат аралығында ауытқиды.

Күйті келген сиырдың мазасы кетеді, шөп- судан қалады. Соның салдарынан сүті азаяды. Егер байлауда болса, сиырдың күйтін өткізіп алмас үшін қораға серуенге шығарып тұрған дқрыс. Күйті келген сиыр айналасындағы сиырларды иіскелеп, олар артылса қарсылық көрсетпейді.

Сиырдың күйті басталардан 15сағаттай бұрын оның жыныс мүшесінен шұбалып жалқаяқ ағады. Бқл жағдайдың орта есеппен 30 сағатқа созылуы мүмкін.

Ал жатырдығы фолликулладан аналық клеткалар сиырдың күйті басталған соң 24 сағаттан кейін шығады. Демек, сиырдың ұрықтандырудың ең қолайлы уақты оның күйтінің екінші жартысы.

Бұқаның жыныс клеткалары сиырдың жыныс жолдарында 8 сағаттан 24сағатқа дейін тіршілік ете алады. Сондықтан сиырды арасында 10-12 сағат салып, екі қайтара ұрықтандырған дұрыс. Сиырды оны сауар алдында ұрықтандырған жөн. Себебі ондайда сиырдың қрықтану өабілеті арта түседі деген тұжырым бар.

Сиырдың күйлеуіне күйіттің ұзақтығы, азықтандыру деңгейі, жасы, күтімі де әсер етеді. Дұрыс азықтандырылмай, қоңы төмендеп қалған сиыр күйітінің келлген- келмегенінің байқалмауы мүмкін және ондай күйіт тез басылаы.

Сонымен қатар қоңы жоғары және рационы нашар сиырдың фолликулдары кеш жетіледі, жылдың жылы айларында жиі күйлейді де, суық кезеңдерінде күйіті сирей түседі.

Қайсыбір малдың бұл көрсеткіші оның өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)