Мемлекеттік тұқыммал кітабына жазылған сиырлардың сүттілігі (А.П.Солдатовтың мәліметі) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мемлекеттік тұқыммал кітабына жазылған сиырлардың сүттілігі (А.П.Солдатовтың мәліметі)

          17.Мемлекеттік тұқыммал кітабына жазылған сиырлардың сүттілігі (А.П.Солдатовтың мәліметі)

Тұқымдық топ

Сиыр саны

Сүттілігі,кг

Сүттің майлылығы,%

Сүт майы,кг

Орта орыс тармағы

Орал

Сібір

Литва

Эстон

Украйна

Белорусс тармағы

1 туған

2 туған

Сақа сиыры

3,73

4,02

3,95

3,98

3,80

3,85

3,83

3,86

3,81

  Қара ала тұқым сиырларының сүт белогы 3,30-3,45%,оның ішінде Орта орыс бұтағы бойынша 3,40%,Сібір бұтағы(тармағы) бойынша-1,45%.Орал бұтағы бойынша 3,43%,Литва тұқымдық тобы 3,43%,эстон тұқымдық тобы-3,30%,львов тұқымдық тобы-3,41%.

Тегене тәріздес немесе тостаған тәріздес желін индексі-43,0-45,0%.Сақа сиырлардың тірілей салмағы 540-550кг.

Дене бітімі мықты,шоқтығынан биіктігі130-132см,кеудесінің кеңдігі 45-47см,тереңдігі 68-70см,денесінің қиғаш ұзындығы 150-160см,кеуде орамы 192-202см,жіліншік орамы 19 см.

  Еттілігі жақсы.Бұқашығының тәуліктік қосымша салмағы 990-1000г.Тұқыммал кітабына жазылған бір туған сиырлар 490-570кг,екі туғаны 501-550 кг,үш туғаны 539-570кг тартады.Ұлы Отан соғысының алдында Нидерландия,Швециядан әкелінген белгілі аталық із бұқалармен Эстонияның қара ала сиырларын будандастырып,сүті майлы Воттель 887,Атлет 2385,Прят-Неер 4003аталық із бұқалары шығарылды. Оралда Носийзон, Атлет, «Борьская ферма» тұқыммал заводында Амур 44,Лукомор 304,Наливный 464 және т.б.аталық із бұқалары алынды.

  Қара ала тұқым малын асылдандыру жұмысы ірі және салмақты (сақа сиырының салмағы 650-700 кг)мал алуға, сұттілігін көтере түсуге (6000-7000 кг),сүтінің майлылығын көтеруге(4%),сүт белогын (3,5%),желінінің сиымдылығын арттыруға,сүттің шығу жылдамдылығын 1,6-1,7кг/минутқа жеткізуге,жаңадан сүті майлы аталық із бұқаларының кешенде пайдалануға бейім ұрпақтарын шығаруға бағытталған.

   Голланд тұқымы.Әлемде ең кең тараған ңрң қара тұқымы. Ол 30-дан астам елде өсіріледі.Саны жағынан қай тұқыммен салыстырғанда да көп.

  Голландия жерінен бастау алған бұл тұқымның шығуына елдің географиялық ыңғайлы орналасуы,теңізге шыға алатындығы,сауда жасауға оңайлығы және ірімшік пен сары майға деген сұраныстың артуы әсер етті.Сондай-ақ ауа райының жұмсақтығы,жауын-шашынның көп болуы,қыс маусымының қысұалығы,теңіз жағалауындағы көк майса жайылым да жағдай жасады.

  Голландия қара ала,қызыл ала және гронинген деп аталатын үш ірі қара тұқымы өсіріледі.Солардың арасында ең сүттісі қара тұқымы өте көп тараған.

  Голланд тұқымы Англияда,Франсияда,ТМД-да,Жапония,АҚШ,Канадада және тағы басқа елдерде өсіріледі.Бұл тұқым таза өсірілген елдерде ол фриз немесе голоштино-фриз деп аталады.

Кезінде көп уақытқа дейін голланд сиырының сүтін ғана дамытып, оның денсаулығына,сүтінің майлылығына көп көңіл бөлінбеді.Соның салдарынан 19 ғасырдың бірінші жартысында бқл тұқым сүтінің майлылығы төмендеп,дене бітімі босаңсып,мал туберкулезге шалдыға бастады.Осыдан соң мал тұқымын асылдандыру жұмысын қайта қарау керек болды.

  Қазіргі кездегі голланд тұқымы малының дене бітімі,сүттілігі,сүтінің сапасы өткен ғасырдың бірінші жартысында өсірілген малдан мүлде өзгеше. Малдың тұрқы қысқалау,жұмыр.Бұлшық еттері жақсы дамыған.Сиырдың дене өлшемдері:шоқтығынан биіктігі 132-135см,сауырынан биіктігі -132-133см,кеудесінің салыңқылығы(тереңдігі) 72-74см,кеудесінің кеңдігі-44-46см,денесініңқиғаш ұзындығы 156-156см.

  Сақа сиырының салмағы 550-580кг.Ең ірі сиырының салмағы 800 кг.Бұқасының салмағы 800-1200 кг.Еркек бұзауының туғандағы салмағы 38 кг,ұрғашы бұзауының салмағы 35кг.Тәуліктік қосымша салмағы 980-1200г,сойыс шығымы 58-60%.Жедел бордақылаған бұқашығының сойыс шығымы -63%.Голланд тұқымы сиырларының сүттілігі орта ессеппен 5000-5500кг.Сүттің майлылығы 3,7-41,1%.

   Голланд тұқымы малының жетіле түсуіне Адем 197 аталық ізіне жататын бұқалар ұрпақтарының көп пайдасы тиді.Қазіргі кезде Ника 31652,Рудольф Ян 34558 және Аннас-Адем 30587атты генеалогиялық байланысы бар бұқалар белгілі.

   Қазақстанға голланд тұқымының малы,әсіресе бұқалары ертеден әкелінген.Әкелудегі мақсат-елімізде өсірілетін қара ала тұқым, эстонның, латыштың қара ала тұқымдарын және жергілікті әулиеата тұқымы малын сіңіре будандастыру жолымен дене бітімін жақсарту,әсіресе, сүттілігін көтере түсу.

Голштин тұқымы.АҚШ пенКанадада және Нидерландыда голланд қара ала тұқымы сиырларын сүттілігіне және салмағына қарай сұрыптау жүргізілді. Сүттің майлылығына көңіл аса аударылмады.

Бұл елдерде бұзау өсіру технологиясы сиырды азықтандыру және күту де бөлек болды. Соның қорытындысында АҚШ пен Канадада сүті де, салмағы да, сырт пішіні де, желіні де, оның сиымдылығы да өзгеше қара ала тұқым малы өсірілді. Былайша айтқанда будандастыру тәсілін қолданбай-ақ бір тұқым негізінде екінші тұқым шығарылды.

Голштин тұқымы сиырларының салмағы 670-700 кг. Ішінара 1000 кг да тартады. Бұқаларының салмағы 900-1200 кг. Қайсыбірінің салмағы 1250 кг жетеді. Еркек бұзауының туғандағы салмағы 44-47 кг, ұрғашы бұзауы 38-42 кг тартады.

Голштин тұқымының түсі қара ала болғанымен, кейбіреуінің бауырында, сирағында, құйрығының ұшында ақ қылшық жүн кездеседі. Қызыл ала түсінің де кездесуі мүмкін. Бұл тұқым малын да түсіне қарап сұрыптау жұмысына аса көңіл аударылмаған.

Сиырының шоқтығынан биітігі 143-145 см, бұқасының шоқтығынан биіктігі 158-160 см, кеудесінің салыңқылығы (тереңдігі) 96 см, кеудесінің кеңдігі 65 см, бөксесі ұзын, кең, түзу. Сербек арасы 63 см. Дене бітімі мықты.

Голштин тұқымы сиырларын кешендерде ұзақ уақыт өсіруге болады.

Сүтіндегі белок мөлшері 3,2-3,35%. Голштин сиырларының арасындағы белгілері: Элен 7336725 «А», 4-бұзаулағанда 25047 кг, Бризевуд Бетел Бер 6174402 9-бұзаулағанда майлылығы 4,71%, 21517 кг сүт сауылды. Голштин тұқымы сиырының желіні астау немесе тегене тәріздес, желін индексі 45-46%. Сүтінің шығу жылдамдығы 3,2-3,5 кг/мин.

Голштин тұқымын өсірудегі мақсат бұқалары ұрпағының сапасына қарап, оның сиыр өнімін жақсарта алатынын немесе жақсарта алмайтынын анықтау және жақсартқыш бұқаларды барынша кеңінен пайдалану. Осындай бұқаларды қазір АҚШ пен Канададан әкелу көбейіп барады.

Голштин бұқаларымен басқа тұқым малын будандастыру жолымен алынған будандар сүтінің майлылығы төмен болғанымен, сүттілігі жоғары. Сондықтан да сүтіндегі май мөлшері (кг есебімен алғанда) де көп.

Соңғы жылдары голштин тұқымы бұқалары Қазақстанға да әкелініп, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы әулиеата сиырларымен сіңіре будандастырылуда. Ал басқа облыстарда, көбінесе қызыл ала бұқалары әкелініп, қырдың қызыл және латыштың қоңыр қызыл тұқымы сиырларымен будандастырылып жүр.

Қазақстанда қазір қара ала голштин малы – 5091, оның ішінде таза қандысы 288, қызыл ала голштин малы – 4016, оның ішінде таза қандысы – 37.

Эстон қара ала тұқымы.Эстонияның солтүстігінде өндірісі өркендеген аудандарда шығарылған.

Жергілікті сиырларды жақсарту мақсатында XIX ғ. екінші жартысында голланд және остфриз тұқымы әкелінген-ді.

Осыдан бастап будандастыру жүргізілді. Мұндағы мақсат сүті жоғары, ірі және жайылым балаусасын жақсы пайдаланатын тұқым шығару еді. Алынған будандардың алғашқыда сүті жақсы болғанымен, сүтінің майлылығы төмен болды.

1930 жылдары эстон тұқымы малын ұстайтын шаруалар сүтінің майлылығы жоғары голланд тұқымы сиырларын пайдалана бастады. Осы жұмыстың қорытындысында сүттің майлылығы едәуір көтерілді.

Эстон тұқымы малының тұқым мал кітабы 1885 жылдан басталды.

1951 жылы жеке тұқым болып бекітілді. Асыл тұқым малы Эстониядағы «Вийзу», «Кохила», «Қяхта», «Кехтина» шаруашылықтарында топтасқан.

Эстон қара ала малы сүтті бағыттағы тұқым. Дене бітімі ықшам, мығым, сүйегі мықты, басты жеңіл, кеудесі орташа, жотасы түзу, бөксесі ұзын, түзу, кең. Сирақтары қысқа, дұрыс басылған. Бұлшық еттері орташа. Шоқтығынан биітігі 120-130 см, кеудесінің салыңқылығы 69-70, кеңдігі 42,8-43,4,1 кеудесінің қиғаш ұзындығы 155-157 см, кеуде орамы 198 см, жіліншік орамы 19-19,3 см.

Сақа сиырының тірілей салмағы 550-600 кг, бұқаларынікі 900-1000 кг. Желіні үлкен, терісі жұқа, жұмсақ. Эстон қара ала тұқымының малын басқа жерлерде өзімен туыстас қара ала тұқым малын жақсарта түсу үшін кеңінен қолданады. Белоруссияға, Қазақстанға, Украинаға, Ресейге әкелінген. Ал Қазақстанда қара ала тұқым малымен туыстас әулиеата тұқымы малының сүттілігін жақсарта түсу үшін оңтүстік облыстарда пайдаланылады.

Эстон қара ала тұқымы сиырының сүттілігі 5000-6000 кг. Сүтінің майлы болуы эстон қара ала тұқымы сиырларының басты қасиеті, яғни ол 3,8-4,0%. Еттілігі орташа. Сойыс шығымы 48-50%. Эстон қара ала тұқымында Лидберг Н 1595, Атлет Н 2385, Пярт Н 2505, Альвери Н 4596, Неэро Эснг 57314903, Пээр Эснг 14214567 аталық із бұқалары белгілі.

Пийма Н 25490 сиырынан майлылығы 3,51% 10321 кг сүт сауылды. Асылдандыру жұмысы сүтті сиырлар шығару (6000кг-4,0%), сондай-ақ мал салмағын көтеруге (500-700 кг) бағытталған. Қазақстанда 10699, оның ішінде 6055 таза қанды эстон қара ала тұқымының малы болады.

Әулиеата тұқымы.Өткен ғасырдың аяғында Әулиеата оязының Талас алқабына Саратов губерниясынан ауған халық өзімен бірге голланд тұқымының бұқасын ала келді.

Сол жылдары, 1885 жылы, жергілікті Қырғыз сиырларын голланд бұқасымен ұрықтандыру басталды. Бертін келе голланд бұқалары басқа да көптеген табындарда қолданылды.

Голланд тұқымы малы әулиеата малы өсірілетін өңірге 1912 жылға дейін аз-аздан әкелініп жүрді.

Қан жаңарту мақсатымен 1926, 1930 жылдары және Ұлы Отан соғысы аяқталған соң голланд тұқымының қаны бар остфриз, литва, эстон қара ала тұқымы бұқалары да әкелінді.

Ұзақ уақыт бойы өз ішінде өсіру және ауық-ауық қан жаңарту үшін қара ала тұқым тобының малын әкелу сүтті бағыттағы сүттілігі жоғары тұқымның шығуына әсерін тигізді.

Әулиеата тұқымының шығуы және оның көбеюі қырғыздың таулы және тау бөктеріндегі солтүстік батыс аудандарында және Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүрді. Талас алқабы мен оңтүстіктің аптап ыстығына, кене, маса, шыбын тарататын қан ауруларына төзімді, таулы аймақтың таулы жайылымын жақсы пайдалана алатын тұқым болып өсті.

Қазақстанның оңтүстігінде голланд тұқымы мен осы тұқым будандарын пайдалану 1911-1914 жылдары басталды.

Демек, Қазақстанға голланд таза қанды малымен бірге әкелінген бұқалардың арасында бірінші ұрпақтың будан бұқаларының болуы Қазақстанда әулиеата сиырлары сүтінің майлылығын жоғарылатуға жергілікті қазақы сиырлардың әсер етуіне жағдай жасады.

1920 жылдан 1934 жылға дейін Жамбыл облысының кейбір шаруашылықтарында әулиеата сиырының дене бітімін нығайта түсу және еттілігін жақсарта беру үшін симментал тұқымы бұқалары әкелінді.

1935 жылы алғашқы асыл тұқымды мал рассаднигі ашылды. 1950 жылытұқым мал кітабының 1-томы жарық көрді.

Әулиеата тұқымы малының түсі, негізінен қара ала, бірақ ішінара қара түсі де кездеседі.

Жүргізілген асылдандыру жұмыстарының қорытындысында қазіргі әулиеата малы ірі, денесінің қиғаш ұзындығы да жақсы, кеудесі кең, салыңқы. Басы жеңіл, шағын денесіне сай, мойыны жіңішке, мойын терісі қатпарлы, жотасы, сауыры түзу, кең. Желіні орташа, желін бездері жақсы жетілген, емшектері алшақ орналасқан.

Бұзауының туғандағы салмағы 27-30 кг. Алты айлығында 160-170 кг тартады. Сақа сиырының салмағы 460-530 кг, екі жасар бұқасының салмағы 462 кг. Бес жасар бұқасының салмағы 940 кг.

Еттілігі орташа. Тартылған бордақы өгізшенің тәуліктік қосымша салмағы – 700-800 г. Сойыс шығымы – 55%. Бордақылауға қойылған өгізшелерінің 12,5 айындағы тірілей салмағы 300 кг. Бір кг қосымша салмаққа 6-7,2 азық өлшемін жұмсайды.

Сақа сиырларының орташа сүттілігі 3000-4000 кг, сүтінің майлылығы 3,8-3,9%. Осы тұқымның Забава 4,99% 7064 кг, Награда 700 сиырынан 5-сауын маусымында майлылығы 4,96% 8036 кг сүт сауылды.

Қазақстанда өсірілетін әулиеата сиырлары сүтінің майлылығы Қырғызстанда өсірілетін сиыр сүтінің майлылығынан едәуір жоғары. Кейбір сиырлар сүтінің майлылығы тіпті 5-5,4% жетеді.

Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар қатарына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Я.М. Свердлов атындағы колхоз, сол облыстағы тәжірибе станциясы, Жамбыл облысындағы Бурное әскери совхозы, XXII ртсъезд, Октябрь колхозы жатады.

Қазақстандағы әулиеата тұқымы аудандастырылған шаруашылықтарда Москвич 438, Атлас 490, Веселый, Прима 202, Диамент 8 аталық ізі бұқаларының ұрпақтары көп тараған.

Әулиеата малын пайдаланып тұқым асылдандыру жұмысы дене бітімі мықты, сүттілігі жоғары, салмақты, кешендерде өсіруге жарамды тұқым шығаруға бағытталған. Қазақстанда 1994 жылдың қаңтарында әулиеата тұқымының 167562, оның ішінде 77134 таза қанды малы болды.

                            Қызыл түсті тұқымдар

Англер ( Ангельн ) тұқымы.XVI ғасырда Германияның Ангельн аралындағы Шлезви – голштин провинциясындағы жергілікті қоңыр қызыл сиырлар негізінде шығарылған. XX ғасырға дейін өсіріліп, оның тек қана сүттілігіне көңіл аударылды.

Біржақты сұрыптау жұмысының салдарынан малдың дене бітімі босаңсып, нәзіктенді де, сақа сиырының орташа салмағы небары 480 кг тартты, сүттілігі 3000-4000 кг, сүтінің майлылығы 3,4% болды. Бертін келе ангельн тұқымынан қалып қойды. Сондықтан да бұл тұқымды өсіргенде ең алдымен оның сүтінің майлылығына, сүттілігіне және дене бітімінің мықтылығына, сүттілігіне және дене бітімінің мықтылығына көңіл аударылатын болды.

Ангельн тұқымы малын жетілдіре түсу мақсатында даттың қызыл тұқымының бұқасымен сіңіре будандастырылып жүрді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бертін келе ангельн тұқымының дене бітімі мықты, желіні машинамен саууға ыңғайлы, сүтті, сүтінің майлылығы да, өзінің еттілігі де жоғары жаңа тип шығарылды.

Сыртқы пішіні сүтті бағытты малға тән, бұлшық еттері тығыз, басы жеңіл, ықшам, денесіне сай, кеудесінің ені орташа, жотасы, белі, сауыры түзу, барынша ұзын, жалпақ, бөксесі жақсы жетілген, жалпақ, желіні үлкен, желін безі жақсы дамыған, желіні тегене тәріздес. Емшектері цилиндр секілді, алшақ орналасқан, қабырғасы жалпақ, сүйектері жеңіл, мықты, терісі жұқа, жұмсақ, ет пен тері арасындағы клетчаткасы жұқа, аяқтары дұрыс басылады. Буындары – кебу, Түсі – қызыл. Басындағы, мойнындағы, құлағы мен сирақтарындағы қылшық жүні қоңыр қызыл түсті.

Орташа сүттілігі – 4450 кг. Сүтінің майлылығы – 4,6%. Ангельн сиырының жартысынан көбісінің сүтінің майлылығы 4,5% асады.

Сақа сиырының тірілей салмағы 500-580 кг. Бұқасының тірілей салмағы 800 кг ( қайсыбірі 1050 кг жетеді ), сойыс шығымы 49%. Бордақыланған өгізшелердің сойыс шығымы – 58%.

Сүттілігіне, сүтінің сапасына қарай ангельн тұқымы көптеген елге тараған.

Ангельн малын эстонның қызыл сиырын, латыштың қоңыр қызыл сиырын, қырдың қызыл сиырын, литваның қызыл сиырын шығарғанда және оларды жетілдіре түсу үшін қолданды және қолданып та жүр.

Бұрынғы КСРО-ға ангельн сиырлары революцияға дейін көбінесе Балтық бойы республикаларына, Солтүстік Кавказға әкеліне бастады. Әкелінген мал жергілікті малды немесе қызыл тұқымын малын жетілдіре түсу үшін қолданылды.

Таза тұқымды англер малы әкелген жерлерге тез жерсініп кетеді.

Запорожье облысы «Большевик» асыл тұқым мал совхозындағы англер сиырларының орташа сүттілігі – 3993 кг, сүтінің майлылығы – 4,50%. Ал, чайка Зан Фатима Зан 7059 сиыры сүтінің майлылығы 4,2%.

Малдың ұрықтануы да, төлдеуі де қалыптағы жағдайда өз тұқымына тән.Ұрпағының сапасына қарап тексерілген бұқалары қырдың қызыл тұқымы сиырларының сүттілігін, сүтінің майлылығын жетілдіру үшін ондаған шаруашылықтарда пайдаланылады.

Қазақстанда Қарағанды, Ақмола, Жезқазған облыстарының шаруашылықтарында қырдың қызыл тұқымы сиырларының дене бітімін нығайту, сүттілігін арттыру үшін англер тұқымының бұқаларын кеңінен қолданып жүр.

Жезқазған облысының «Красная Поляна» совхозында англер тұқымы мен қырдың қызыл тұқымы сиырының буданынан сауын маусымында 3800 кг сүт сауылады. Сүтінің майлылығы – 3,8%

Қазақстанда 1994 жылдың қаңдарында 8 таза қанды англер малы болды.

Даттың қызыл тұқымы. Бұл ірі қараның әлемде ең көп тараған тұқымының бірі. Жергілікті сиырларды ангельн, солтүстік шлезвич, баллум тұқымдары малымен будандастыру нәтижесінде шығарылған. XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап осы күнге дейін таза өсіріледі.

Бұл тұқымның шығуына 1895 жылдары ұйымдасқан бақылау одағы да әсер етті. 1945 жылы бұқаларды ұрпағының сапасына қарай тексеретін станциялар ашылды.

Сиырлары ірі, дене бітімі мықты, кеудесі салыңқы, денсі ұзын, сирақтары қысқалау, денесіне сай, бөксесі кең, желіні үлкен, жақсы дамыған, тегене тәріздес. Бұлшық еттері, сүйектері жақсы дамыған.

Сақа сиырының сүттілігі 5800 кг. Мал тез жетілгіш, 12 айлық бұқаларының салмағы 420 кг, 15 айында 500 кг, 18 айында 600 кг, сойыс шығымы – 57-60%.

Тұқым ішінде Кристофер IV деген бұқаның орны ерекше. Оның Ноягер 2168 және Эске 2240 деген екі ұрпағының тұқмдары белгілі аталық іздің негізін салды.

Келешек асылдандыру жұмысы жоғары майлылығын сақтай отырып, сүттілігін көтеруге бағытталуға тиіс.

Ірі қараның бұл тұқымы Данияда, АҚШ, Польшада көп тараған.

Бұрынғы Кеңес еліне алғаш рет өткен ғасырдың 40-шы жылдары әкелінді. Балтық бойы республикаларында кең тараған.

1974 жылы даттың қызыл сиырының үлкен тобы Москва, Ленинград облыстарының шаруашылықтарына таза өсіру үшін әкелінді.

Ленинград облысы шаруашылықтарындағы сиырлардың орташа сүттілігі 3600 кг, майлылығы 3,8%. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда – 4800 – 4,0%.

Даттың қызыл сиыры латыштың қоңыр қызыл сиырын, Эстонияның қызыл сиырын, Литваның қызыл сиырын шығаруға пайдаланылды.

Даттың таза қанды қызыл сиыры Москва, Ленинград облыстарында, Белоруссияда өсіріледі.

Қазақстанда Қарағанды, Жезқазған, Ақмола облыстарының шаруашылықтарында қырдың қызыл сиырының қанын жаңарту үшін сіңіре будандастыру мақсатымен әкелініп жүр.

1994 жылдың ақпанында Қазақстанда бұл тұқымның 19 малы болды.

        Латыштың қоңыр қызыл тұқымы.Азықтандыру жағдайын және күтімін жақсарта отырып, латыштың жергілікті сиырын ангельн және даттың қызыл тұқымы бұқаларымен будандастыру арқылы шығарылған.                                                   Латыштың қоңыр қызыл тұқымы және оған туыстас Эстонияның, Литваның қызыл сиырын шығаруға 1892 жылы малдың сүттілігін есепке алатын бақылау одағының құрылуы, 1885 жылдан бастап тұқыммал кітабы мен таза қанды малды тіркеу кітабының шығуы, ауық-ауық өтетін көрме, таза қанды бұқаларды топтастыратын пунктердің орналасуы әсер етті.                                                                                            Әлгі бақылау одағының құрылуы барлық сиырдың сүттілігін, сүтінің майлылығын есепке алу, қатаң сұрыптау жұмысын жүргізуге себебін тигізді.                 Латыштың қоңыр қызыл тұқымы малының сырт пішіні көрнекті. Дене бітімі ықшам, сүтті сиырларға тән, мықты. Биіктігі орташа, сиырының шоқтығынан биіктігі 125-127 см, қиғаш ұзындығы 156 – 157 см.                                                                        Желіні жақсы жетілген, тегене тәріздес. Бөліктері біркелкі дамыған. Емшектері алшақ орналасқан.

 4-сурет. Латыштың қоңыр қызыл сиыры

Сырт пішінінің кемшілігіне ішінара кездесетін таркеуделік, сирақтарын дұрыс баспау және тарқұрсақтығын айтуға болады.                                                    Бұзауының туғандағы салмағы 29 – 35 кг, жақсы азықтандырылып, күтімі жақсы болған бұзауы 6 айлығында 160 – 180 кг тартады.                                                 Сақа сиырының салмағы 450 520 кг (750 кг дейін).Таза қанды тұқымның салмағы 800 – 900 кг (1200 кг дейін). Бұқашықтарының сойыс шығымы 55%. Түсі – қызыл. Басы, құлағы, әукесі, сирақтары қоңыр қызыл.                                                           Сүттілігі азықтандыру деңгейіне байланысты. Тұмса сиырларының сүттілігі 3400 – 3500 кг, сүтінің майлылығы – 4,43%. Екінші рет туған сиырларының сүттілігі – 4200 кг, сүтінің майлылығы – 4,42%.                                                                      Сақа сиырларының сүттілігі – 4500 кг, майлылығы – 4,47%. Тұқыммал кітабына тіркелген сиырлардың майлылығы – 4,47%, белок мөлшері – 3,47%. Сүтінің шығу жылдамдығы минутына 1,30 кг. Тульпе 1152 атты рекордшы сиырының сүттілігі – 10469 кг, сүтінің майлылығы – 4,51%. Вика 479 сиырынан майлылығы 4,53% 9643 кг, ал Типа 4191 сиырынан малылығы 4,28% 9180 кг сүт сауылды.                                                                                                                            Бұл тұқымда 15 генеалогиялық байланысы бар даттың қызыл тұқымы бұқаларының аталық ізінің қаны бар ұрпақтары біршама. Солардың арасындағы белгілілері Кам Бридерун ЛВ-836, Внесулис Гумар ЛВ-604, Донис Один ЛВ 2029. Бұл аталық із бұқалары ұрпақтары сүтінің майлылығы 4,18 – 4,19%, сүттілігі 3500 – 4214 кг.                                                                                                           Латыштың қоңыр қызыл тұқымын жетілдіру бағдарламасында оның сүттілігін орта есеппен 4500 кг, сүтінің майлылығы 4,0% жеткізу көзделген. Сүтінің белок мөлшерін 3,4%, сүтінің шығу жылдамдығын минутына 1,8 кг, желін индексін 44% және бұқалар енесінің сүттілігін 6000 кг, майлылығын 4,5%, белок мөлшерін 3,4%, желін индексін 46%, сүтінің шығу жылдамдығын минутына 1,60 кг жеткізу мақсат тұтылған. Салмақты, тұяғының мықты болуы да ескерілген.                                                                                                                           Қазақстанда Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі.                                                                Ақмола облысы «Новоникольский» асыл тұқымды мал заводы республикаға белгілі. Бұл совхозда әр сиырдан орта есеппен майлылығы 4,4% 3800 кг, ал Қостанай облысының Мичурин атындағы совхозында майлылығы 4,3% 3450 кг сүт сауылды.                                                                                                                             Қазақстанда өсірілетін мал арасында әйгілі бес аталық іздің ұрпақтары бар. 1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда латыштың 100372, оның ішінде 52136 таза қанды қоңыр малы болды.                                                                                          Қырдың қызыл сиыры.Бұл тұқым ХІХ ғасырдың басында Оңтүстік Украинада жергілікті сұр сиырды Батыс Европадан әкелінген қызыл тұқым (остфрислянд, ангельн, вельстермарш) бұқаларымен будандастыру жолымен шығарылған.                                                                                                                              Қырдың қызыл сиыры сүтті бағыттағы тұқым. Украинаның оңтүстігіне тән қуаң да континенталды жер жағдайы мен ауа райына жақсы бейімделген.                        Бұл тұқым малы оңтүстіктің қапырық ыстығына да, ерте қурап, қатқылданатын шөбі сирек жайылымына да төзімді.                                                              Жерсінуге бейім және төзімділігінің нәтижесінде қырдың қызыл сиыры тек украинада ғана емес Ресей жерінде де, Молдовада да, Қазақстанда да кең тараған. Қазақстанда 1994 жылдың ақпанында 402164 қырдың қызыл сиыры болды.                                                                                                                                        Саны жөнінен ТМД-да екінші орын алады. Ал Украинада бірінші орында.

   

5-сурет. Қырдың қызыл сиыры

Қазіргі кезде қырдың қызыл сиыры сүтті бағыттағы тұқымдары ішінде ең бастыларының бірі.                                                                                            Қазақстанда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жезқазған және тағы басқа облыстарда аудандастырылған.                                                                                               Түсі қызыл, қызғылт сарыдан күрең қызылға дейін ауысуы мүмкін.               Қырдың қызыл сиыры арасында ұзынша, денесі нәзік және жалпақ, дене бітімі мықты типтері бар. Осы екі типтің ешбіріне қосылмай, екі арасынан орын алған мал да кездеседі.                                                                                                        Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар сақа сиырының тірілей салмағы 450 – 480 кг. Рекордшыларының салмағы 830мкг. Бұқасының салмағы 800 – 900 кг (1280 кг дейін жетеді).                                                                                                                 Еркек бұзауның туғандағы салмағы 29 – 40 кг. Ұрғашы бұзауы 24 – 35 кг. Алты айлығында тиісінше 160 – 195 кг және 140 – 185 кг тартады. Он екі айлығындағы салмақтары тиісінше 245 – 295 кг және 230 – 265кг, ал он сегіз айлығында – 380 – 420 кг және 300 – 350 кг.                                                                                      Қондылығы орташа малдың сойыс шығымы – 50 – 52%. Салмағы 500 – 550 кг келетін сақа сиырының сойыс шығымы 56 - 62%. Қазақстанда өсірілетін бұл тұқымның ішінде Баян Веселый АДНМ 107, Хозяин АДНМ 103, Гарольд 109, Фокус АДНМ 156, Яхоит АДНМ 24 және т.б. аталық із бұқалары белгілі.       Жезқазған облысы «Красная Поляна» совхозы сиырларының сүттілігі 3800 – 4000 кг, майлылығы 3,6 – 3,8%.                                                                                                                        Қарағанды облысы «Қарағанды» совхозында бұл тұқымның сақа сиырларының әрқайсысынан майлылығы 3,7% 3500 кг сүт сауылды. Келешек тұқым асылдандыру жұмысы бағдарламасынжа малдың сырт пішінін жақсарта түсу, желінінің түрі мен сиымдылығын жақсарту, мал арасында кездесетін індетке төзімділік қасиетін арттыру, кешендердегі өнеркәсіптік технология жағдайына бейімділігін, сүттілігін, сүтінің майлылығын көтеру, дене бітімін нығайту, сақа сиырларының тірілей салмағын 550 – 570 кг, бұқаларының салмағын 900 – 950 кг жеткізу, осы бағдарламаны орындау мақсатында қырдың қызыл сиырларын ангельн және даттың қызыл тұқымы бұқаларымен сіңіре будандастыру жолымен жаға тип шығару, сақа сиырларының сүттілігін 5000 – 6000 кг, сүтінің майллығын 3,8 – 4,0%, сүт белогын 3,5 – 3,6%, сүтінің шығу жылдамдығын минутына 1,45 – 1,46 кг және желін индексін 45 - 46% жеткізу көзделген.                                                                                                                                    1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда 1142973, оның ішінде 402164 таза қанды қырдың сиыры болды.                                  

 

    Қоңыр тұқым

    Швиц тұқымы.Швейцарияның өнімі аз, кеш жетілетін, желіні кішкене жергілікті сиырынан шығарылған.                                                              Ұзақ жылдар бойы азықтандыру жағдайын жақсарту, өз ішінде өсіру, қатал сұрыптау нәтижесінде сүттілігі осы күнгі малға тән тұқым шыққан.      Сонау 1897 жылы швиц тұқымы малын өсіретін қоғам құрылған. Швиц тұқымы отанында тау және етегі малы болып бөлінеді. Тау сиырының тірілей салмағы 550 – 600 кг, етек сиыры 650 – 690 кг, бұқасы – 1000 кг тартады.         Швиц малын жетілдіре түсудің нәтижесінде оның сүттілігі және сүтінің майлылығы жақсарды.                                                                                                       Қазіргі кезде отанында швиц сиырының сүттілігі 4200 кг, сүтінің майлылығы 3,87%, сүт белогы 3,4%.                                                                         Швиц тұқымы Австрия, Франция, Италия, АҚШ, Испанияда өсіріледі. Осы елдердің қай-қайсысында болмасын швиц тұқымының сүттілігін жетілдіріп, жергілікті жерде жаңа тип шығару, жергілікті сиырлармен будасдастырып, оның сүттілігін көтеру көзделген. Мысалы АҚШ-та бақылау тобынан 5033 кг сүт сауылған. Сүтінің майлылығы 4,05%. Лис Хил Кипрс Рейвер атты рекордшы сиырдан сауын маусымында 15822 кг сүт сауылған. Сүтінің майлылығы 4,53%.                                                                                          Асыл тұқымды швиц бұқалары 1905 жылдан ұрықтандыру пункттерінде шоғырландырылды.                                                                         Жергілікті жер сиырларымен будандастырылып алынған будандардың көптеген топтары пайда бола бастады. Мысалы, Бабаев, Мисков, Большемурашка және Лебеде топтары Ресейдің Брян, Смоленск, Тула, Тамбов, Горький облыстарында, Краснодарда, Белоруссияда, Өзбекстанда және Қазақстан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Түркменстанда өсіріледі. Ересек бұзауының туғандағы салмағы 38 кг, ұрғашы бұзауы 35 кг, 6 айлығында 182 – 166 кг, 12 айлығында 300 – 258 кг, бірінші туған сиырының тірілей салмағы 438 – 550 кг, сақа сиырының тірілей салмағы 539 – 591 кг тартады. Түсі тышқан түстес. Қоңыр, қара, сұр түсті де кездеседі. Мүйізінің ұшы, тұяғы, тұмсығы қара, қорғасын тәріздес.                                                               Бірінші туған сиырлардан 3137 (сүтінің майлылығы 3,82%)кг, екінші туған сиырлардан 3684 (3,81%), сақа сиырларынан 3983 (3,81%) кг сүт сауылады.                                                                                                                               Смоленск облысы «Коммунизм» асыл тұқымды мал заводы малының сүттілігі – 5135 кг (3,71%), сүтіндегі белок мөлшері 3,4 – 3,7%. Желіні тегене тәріздес және домалақ. Сүтінің сауылу жылдамдығы орта есеппен минутына 1,2 -1,3 кг.                                                                                                                               Тұқымында Янач 3 Ш-124, Мартын 3 -157, Баро ЯШ-259, Эмо- Яш-261, Гольд МИГ-212 аталық із бұқалары белгілі. Кейінгі кезде қалыптаса бастаған Алмаз МШ-322, Дик МШ-442, Орлик ТШ-34, Виер ГШ-39, Бархат ТШ-7 атты аталық із бұқалары бар.                                                                                         Асылдандару жұмысына сиырларының сүттілігін, сүтінің майлылығын, сүтінің сауылу жылдамдығын көтеру енген. Одан басқа сүтінің майлылығын көтере түсу, тірілей салмағы жоғары аталықміз құру, малдың кешенге бкйімділігін арттыру көзделген. 1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда швиц тұқымының 6779, оның ішінде 2053 таза қанды малы болды.                                  Кострома тұқымы. Кострома облысының «Караваево» тұқыммал заводы мен басқа да түрлі тұқыммал фермаларында шығарылған.                                           Өткен ғасырдың аяғында Кострома маңында ірі қараның Мисков және Бабаев атты екі түрлі тобы болды. Бабаев тобы жергілікті сиырларды альгаус тұқымы бұқаларымен будандастырудан алынған будандардан тұрады.                ХХ ғасырдың басында осы екі топқа швиц бұқалары таңдалына бастады. ІІ – ІV будандарына швиц тұқымы бұқаларын қосып, бағалы, таза тұқым малын сұрыптау жұмысы қатар жүргізілді. Швиц тұқымының бұқалары Тимирязев атындағы академияның сүт өндіру шаруашылығынан әкелінді.                                                                                                                     Кострома тұқымы бұзаулары салқын бөлмеде интенсивті өсіру нәтижесінде шығарылды. Бұл жеке тұқым болып 1944 жылы бекітілді.        Кострома тұқымының шығуына Социалистік Еңбек Ері С.И.Штейман, Кострома мемлекеттік рассаднигінің сол кездегі директоры И. Я. Горский аянбай атсалысты.

6-сурет. Кострома сиыры.

    Бұл тұқымның малы ірі, сүйегі мықты, бұлшық етті, дене бітімі мықты, желіні жақсы дамыған, ұзақ уақыт мол сүт сауылада. Кострома малы ұзақ тіршілік ете алады.                                                                                                       «Караваево» тұқыммал заводында кейбір сиырлар 19 – 22 жыл пайдаланылған. Олардан бүкіл тіршілігінде сауылған сүт 102 – 180 мың кг. Тұқыммал кітабына жазылған сақа сиырларының сүттілігі – 4412 кг, сүтінің майлылығы – 3,93%, салмағы – 549 кг. Рекордшы сиырларынан 14000 кг сүт сауылған. Послушница П сиырының өнімділігі 14115, сүтінің майлылығы 3,92%. Гроза деген сиырдың сүттілігі – 14203 кг, шоқтығының биіктігі – 127- 134 см. Кеудесінің салыңқылығы – 65 – 73 см, қиғаш ұзындығы (таяқпен) – 152 – 160 см, кеуде орамы – 185 – 207 см, жіліншік орамы – 19,6 – 21,5 см. Бұқасының тірілей салмағы – 850 – 950 кг. Кейбіреуінікі тіпті 1000 кг тартады.                                                                                                                                   Ұрғашы бұзауының туғандағы салмағы 34 – 37 кг, 6 айлығында 170 – 185 кг, 12 айлығында 291 – 310 кг, еркек бұзауы 1,0 – 2 жасында 450 – 500 кг тартады. Сойыс шығымы – 60 %.                                                                                              Кострома тұқымы Кострома, Иванов, Владимир облыстарында, Белоруссияда көп тараған. Өзімен қандас қоңыр сұр тобындағы басқа тұқым малын жетілдіре түсуге кеңінен қолданылады.                                                                                    Үздік шаруашылықтар қатарына Кострома облысы «Караваево» тұқыммал заводы «12 октябрь» тұқыммал фермасы және Владимир облысының «Пролетарий» тұқыммал заводы жатады.                                                1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда кострома тұқымының 3567, оның ішінде 2913 таза қанды малы болды.

 

 

Алатау тұқымы.

Қазақстан және Қырғызстан тұқым мал шаруашылықтарында жергілікті сиырларды швиц тұқымының бұқасымен будандастырып шығарылған.Жұмыстың соңғы жылдарында кострома тұқымы да пайдаланылады.Тұқымды шығаруда мол өнімді,таулы аудандардағы жайылым отын пайдалануға бейім тұқым шығару мақсат етіп қойылды.

Көңілден шыққан екінші буын өз ішінде будандастырылды, ал будандарды сүттілігі және дене бітіміне қарай сұрыптау әр будан малы арасында жүргізіліп отырды.

Алатау тұқымының малы ықшам денелі,сүйегі мықты,бұлшық еттері жақсы жетілген.Басы мен мойыны денесіне сай, етті , Шоқтығы, арқасы, сауыры ұзын,қарыны аумақты, бөксесі түзу,кең.Сирағын дұрыс басады, мықты.Тұяғы үлкен,берік.Биік тау жайылымын тиімді пайдалануға жақсы бейімделген.

Желінінің көлемі орташа, тегене секілді.Емшектері цилиндр, конус тәріздес.Желін қоры көп.Демек,желін сиымдылығы да жақсы.

Сыртқы пішінінің кемшіліктеріне алдыңғы аяқтарында кездесетін маймақтықты, бөксенің салбыраңқылығы , желіннің бауырына берік қабыспауын айтуға болады.Түсі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін тербеледі.

Шоқтығынан биіктігі128-130 см,денесінің қиғаш ұзындығы170-192 см, кеудесінің тереңдігі-68-72 см, кеуде орамы 195-198 см, жіліншік орамы19-21 см.

Бұзауының туғандағы салмағы-29-42 кг.Бір жарым жасар қашарының салмағы 350-380 кг.Құнажыны 450-480 кг тартады.Демек, алатау тұқымының малы тез жетіледі.Жетекші шаруашылықтарда алғаш бұзаулаған сиыр салмағы 590 кг дейін жетеді

Сақа сиырлары-550-600 кг, бұқасы850-950 кг.Өнімдік бағыты бойынша сүтті-етті тұқымға жатады.Сақа сиырының сүттілігі-3500-4100 кг,майылығы,3,8-3,9%.

Алатау тұқымы малының еттілігі де жақсы.Бордақыланған еркек баспақтарының 18-20 айлығындағы салмағы 495-510 кг.сойыс шығымы-62%.

Сиырының тірілей салмағы жоғарыланған сайын (800 кг дейін ) сүттілігі де жоғарылай түседі.Салмағы одан жоғары сиырдың сүттілігі кеміп, етті-сүтті бағытқа айналады да,еттілік белгілер айқындала түседі.

Алатау сиыры Қазақстан мен Қырғызстанда тараған.Тұқым ішінде Марс 1013,Амтист 256,Пургень514 секілді аталық із бұқалары белгілі.

Қазақстанда алатау тұқымын өсіретін шаруашылықтар ішінде Алматы облысының «Каменский», «Ақсай» тұқыммал заводтары бар.

1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда алатау тұқымының 440303, соның ішінде 151085 таза қанды малы болды.

Тағы басқа тұқымдар

Джерсей тұқымы малының аты-отанының, яғни Ла-Манш шығанағындағы аралдың атымен аталған.Ауа райы жұмсақ,бірқалыпты қоңыр жай аралда мал мамырдан қарашаға дейін тәулік бойы жайылымға шығарып, кешкісін қораға енгізеді де,ірі азық,тамыр түйнек,кебек, күнжара секілді азықтармен азықтандырады.

Бұл тұқымның шығуы жөнінде толық мәлімет жоқ,тек қана Нормандия және Британия жергілікті малын басқа тұқым малымен жетілдіре түсудің нәтижесінде шыққан деген болжам бар.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.019 с.)