Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Етті бағыттағы тұқымдарПоиск на нашем сайте Герефорд тұқымының отаны-Англияның солтүстік батысындағы жайылымы шүйгін Герефорда графтығы.Тез жетілгіш және әлемде кең тараған тұқым. Өнімі аз жергілікті ірі қараны ұзақ уақыт іріктеу жолымен шығарылған.Англияда өндірістің өркендеп,халықтың көп шоғырлануы етті мол өндіруді қажет етті.Соған орай Англияда асыл тұқымды етті мал өсіру жедел қолға алынды. Герефорд малының сыртқы пішіні етті малға тән, сирағы қысқа кеудесі кең де терең, төстігі бөлектеніп шығып тұрады, қабырғалары жұмыр, сауыры ұзын, кең.Сан еті тығыз, жоны түзу,жүні бұйра да тығыз,қысқа қарай ол ұзара түседі.Сондықтан да герефорд малы аязға өте шыдамды.Герефорд малы жуас та көнбіс.Сиырларының енелік инстинкті жақсы дамыған.Оның үстіне сүтті де.Соған байланысты бұзауын айырғанша, яғни 8 ай бойы емізе алады.Сүттілігі 1400-2000 кг.Бұқасы салмақты,яғни 900-1000кг,ал сиыры-600 кг, сақа сиырлары 700-750 кг тартады. ТМД-да герефорд малы оңтүстік-шығыста.Қиыр Шығыста, Сібірде,Қазақстанда кең тараған.Саны жағынан ТМД-да үшінші орын алады. 1928-1939 жылдары Англия және Уругвайдан ет өндіретін шаруашылықтарда герефорд тұқымының тайынша, құнажын және бұқашықтары әкелінді. Герефорд тұқымы бұқалары мен жергілікті сиырларды будандастырып, қазақтың ақ бас тұқымы шығарылды. 1955-1975 жылдары,яғни 20 жыл бойы ет өндіретін шаруашылықтар үшін ТМД-ға Англия,Ақш,Канададан 4756 герефорд малы әкелінді. Герефорд малын өсіру үшін арнайы 30 тұққыммал репродукторы ұйымдастырылды.Соның ішінде Орал облыстық мемлекеттік тәжірибе станциясы,Ростов облысының Киров атындағы жылқы заводы,бұрынғы Целиноград(қазіргі Ақмола) облысындағы Шортанды дәнді дақылдар ғылыми-зерттеу институтының фермасы мен басқа да шаруашылықтары бар. Тұқыммал кітабының IV томында тұмса сиырларының тірілей салмағы 485 кг,екінші рет бұзаулаған сиырлары 531 кг,ал сақа сиырлары 544 кг, бес жасар бұқалары 927кг, ал кейбіреулері 1000-1100 кг дейін тартады деп тіркелген. Орал облысы Чапаев совхозында өсірілген Гоулд Сол атты бұқаның тірілей салмағы бес жасында 1150 кг жеткен.Орал облыстық мемлекеттік тәжірибе шаруашылығында пайдаланған Вельвет 95693 атты бұқа 4.5 жасында 1120 кг тартқан. Келешектегі асылдандыру жұмысы мал ұшасын жапқан майды азайту, сиырлардың сүттілігін көтеру, ірілендіру және майы аз ет өндіруге бағытталған. 1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда 9289,оның ішінде5566 таза қанды герефорд малы болды.
Абердин – ангусс тұқымы. Шотландияның солтүстік шығысында Абердин және Ангусс атты графтықтарда ауа райы қатал, ылғал, бірақ жайылымы отты жер жағдайында шығарылған.
Бұл тұқым жергілкті күш көлігі ретінде пайдаланылатын қара түсті тоқал ірі қараның негізінде шығарылған. Бұл тұқымды шығарғанда жақын инбридинг, сыртқы пішініне қарай сұрыптау, жұптастыру, бұзауларын енесінің бауырында өсіру қолданылды. Бұзауларын тегіне, бұқаларын ұрпағының сапасына қарай сынау жұмыстары да қатар жүргізілді. Абердин – ангусс тұқымы Англия, Шотландия, Аргентина, Канада, Бразилия, Австралия, Жаңа Зеландияда, ТМД т.б. елдерде өсіріледі. Абердин – ангусс малы тез және сапалы да тиімді бордақыланады. Еті жұмсақ, нәзік, дәмдә, мәрмәр келеді. Абердин – ангусс малы ықшам, сирағы қысқа, етті, сүйегі жеңіл. Салмағы 500-550 кг. Бұқалары 750-950 кг, 15-16 айлық тартылған өгізшелері 450-460 кг тартады. Сиырының сүттілігі 1500-1700 кг. Тез жетіледі де 15-16 айлығында тайыншалары бұқадан шығып кетеді. Суық және салқын ауа райына тез үйренеді. Абердин – ангусс малы сүтті бағыттағы сиырлармен будандастырылып, салмақты, етті, сойыс шығымы жоғары будан алынады. Абердин – ангусс малы Ресейде, Қазақстанда, Өзбекстанда кең тараған. Келешек асылдандыру жұмысында малдың дене бітімін нығайту, өсуін және сиырлардың сүттілігін көтеру көзделіп отыр. Абердин – ангусс малын кәсіптік будандаструға сүтті, етті – сүтті бағыттағы ірі тұқым малын да пайдаланады. Қазақстанда 1994 жылдың қаңтарында 248 абердин – ангусс малы болды. Галловей тұқымы. Шотландияның Галловей округінде шығарылған. Тастақ, шөбі сирек жайылым мен қатал ауа райы дене бітімі мықты, табиғи қатал жағдайларға төзімді тұқымның шығуына әсер етті.
Галловей малы тоқал, түсі – қара, қара сұр немесе ақ белдеулі қара. Жүні ұзын, бұйра және тығыз. Сирағы қысқа, тұяғы берік. Сақа сиырлары 450-500 кг, бұқасы 700-750 кг тартады. Жекелеген бұқасының салмағы 1000 кг дейін жетеді. Бұзаулары 7-8 ай енесімен бірге жүреді. Сиырының сүттілігі жоғары. Бұзауының енесінен айырғандағы салмағы 180-220 кг. Галловей малы шақан жерінің табиғатына орай нөсер жаңбыр, ақ боранды, қатты аязға төзімді. Соған қоса ауа райы жылы аудандардың жайылымында да өзін жақсы сезінеді. Галловей малы АҚШ-та, Канадада, Аргентинада, Бразилияда, ТМД-да өсіріледі. Бұрынғы Кеңес еліне 1902-1920 жылдары 43 бұқа және 215 тайынша әкелінген. Солардың барлығы дерлік Алматы облысында, Кеген ауданының биік таулы жайылымында жерсіндірілген. Мал тез жерссініп, 2000 км бйіктіктегі жайылымда жақсы сезінеді. Галловей тұқымы мен Алатау тұқымы арасынан алынған будандар мықты да тіршілікке бейім. Сақа сиырының салмағы 550-600 кг. Бұқалары 760-950 кг, 15-19 айлық төлдері 400-450 кг тартады. Галловей малын Қазақстанда етті бағыттағы жаңа тұқым шығару үшін кеңінен қолданылады. 1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда 21425, оның ішінде 3758 таза қанда галловей малы болды. Шортгорн тұқымы. Жер бетіндегі ең ежелгі тұқымдардың бірі. Англияда 1750-1850 жылдары Тиссе өзенінің жағасында жергілікті Тисватер малынан шыққан. Шортгорн тұқымы етті және етті-сүтті бағыттағы болып екіге бөлінеді. Қызыл Линкольн және Шотландияның етті шортгорнының іздерінің ерекшеліктері бар. Ағайынды Чарлез және Роберт Коллингтер 1880 жылдары шортгорн тұқымын шығаруға кірісті. Оңтүстік баатыстағы фермерлер шортгорнның қызыл линкольн типін шығаруда ағайынды Коллингтерден бұқа алып тұрды. Сүтке деген рынок талабы өскен сайын шортгорн малы ішінен етті-суүтті бағыттағы типі бөлініп, иітіліп сауыла бастады. Бірақ ол істен нәтиже шыға қоймады. Қазіргі кезде қызыл линкольн типін тек етті бағытта ғана өсіреді. Олардың еттілігі жоғары, тез жетіледі. Шортгорн малының ішіндегі ең ірісі де солар. Бордақылуға қойған жас малы жедел өсіп, тез жетіледі. Бірақ шортгорнның қызыл линкольн типінің денесіне майды тез жинайтындығы салдарынан кең тараған. Ал шортгорнның шотландық типі өте кең тараған. Ол экспортқа шығарылатын мал арасында екінші орын алады. Ірі қара өсірушілері Т. Бус деген фермердің табынынан алған бұқаларды солтүстік-шығыс Шотландияға әкеліп, шортгорнның жаңа типін шығаруға пайдаланған. Түсі – қызыл, қызыл ала, буырыл. Сирағы қысқы, денесі ықшам, тез жетіледі. Етті бағыттағы шортгорнның дене бітімі босаң. Өйткені бұл тұқымды шығарғанда жақын инбридинг қолданылып, ұзақ уақыт еттілігіне қарай сұрыпталған. Жас малы тез жетіледі. Тайыншалары 15-16 айлығында бұқадан шыға береді. Сақа сиырының салмағы 500-600 кг. Бұқалары -900 кг, 6-8 айлық ұрғашы бұзаулары 175-200 кг, еркек бұзауы 190-220 кг, 18 айлығындағы төлдері 450-460 кг тартады. Еті дәмді, биязы, мәрмәр түстес. Сойыс шығымы 60-65 пайыз. Сүттілігі 2000-2500 кг. Ал сүтті бағыттағы шортгорнның сүттілігі -4600 кг дейін барады. Сүтінің майлылығы -3,59 пайыз. Жаңа Зеландияда бұл көрсеткіш 3200 кг, 4 пайыз. ТМД-да шортгорн малы саны жағынан етті бағыттағы тұқымдар ішінде 7 орын алады. Барлық мал Ресейде жинақталған. Шортгорн малын өсіретін шаруашылықтар ішінде Ростов обылы «Сальский» тұқым мал заводы, Воронеж облысы «Ольховский» совхозы және Орынбордағы етті мал ғылыми-зерттеу институтының эксперименттік шаруашылығы көпке белгілі. Шортгорн тұқымы Бестужев, қырдың қызыл сиыры және тағы басқа тұқымдарға әсерін тигізді. Келешек асылдандыру жұмысы шортгорн тұқымын етті бағытта өсіруге бағытталған. Бағдарламада малдың дене бітімін, төлшілдігін, сүттілігін көтеру, еттілігін жоғарылату көзделген. Шортгорн тұқымының сүтті бағыттағы сиырларын кәсіптік будандастыру үшін пайдаланады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |