Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ірі қара тұқымдарының өнім бағытына қарай аудандастыру принциптеріПоиск на нашем сайте
ІРІ ҚАРАНЫ КЛАСТАУ Күнделікті тәжірибеге сай ірі қараны олардан өндірілетін өнімге қарай топтастырған жөн.Осыған орай ірі қара тұқымдары етт, сүтті және етті-сүтті немесе сүтті етті бағыттағы деп үш тапқа бөлінеді. Сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдары: Бұл топқа жататын ірі қараның зат алмасуының ерекшеліктері - оның азықтық заттарды барынша сүтке айналдыра алатындығы. Сүтті бағыттағы малға голланд сиыры,қара ала сиыр,қырдың қызыл сиыры,әулиетһата, ангельн, аиршир және басқа сиырлар жатады. Етті бағыттағы ірі қара тұқымдары: Бұл топқа жататын ірі қараның зат алмасуының ерекшеліктері азықтық заттарды ет пен майға айналдыра алатындығы.Сондықтан да бұл бағытттағы мал азықтық заттарды өосатын қосымша салмағымен өтейді. Етті бағыттағы ірі қара тұқымына – герефорд,қалмақ,абердин ангуу,шартгорн ірі қарасы, қазақтың ақбас сиыры,галловей,санта-гертруда, шароле, лимузин,қиан ірі қаралары жатады. Сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары: Бұл топқа жататын ірі қараның ерекшелігі – олардың азықтық заттарды сүт түзумен бірге етке де пайдалана алатындығы. Сонымен, сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымына – швиц,симментал,сычев,кострома,алатау,лебеда,кавказдың қоңыр сиыры,карпаттың қоңыр сиыры,бестужев,горбатов қызыл сиыры,қорған,,тамбовтың қызыл сиыры,украинаның сұр сиыры және тағы басқа тұқым малы жатады. Осы арада айта кететін бір жайт – бұл тұқымға жататын малдың өскен ортасына,азықтандыру және жер жағдайына қарай сүт бағытына немесе ет бағытына ауытқи беретіндігі. Кейбір жағдайда ірі қара тұқымдарын географиялық принципті қолданып бөледі.Мұндай жағдайда ірі қара тұқымдарын ойпаңдық,таулық және далалық деп бөледі.Бірақ қазіргі кезде бұлай бөлу ірі қара тұқымдарының арасындағы айырмашылықты ашып бере алмайды.Мысалы, Европаның ойпаң аймағында шығарылған голланд тұқымы қазіргі кезде жер шарының түкпір-түкпірінде өсіріледі. Осы тәсілдермен қатар ірі қара тұқымдарын оларға жүргізілген тұқым асылдандыру жұмысының деңгейіне қарай табиғи,заводтық және ауыспалы деп үш топқа бөледі. Табиғи(абориген) тұқым деп табиғи жағдайлар әсерінен пайда болған мал тұқымын айтады. Оларға кавказ,қырғыз,қазақ,сібір ірі қараларын жатқызады. Заводтық мал тұқымы деп ұзақ уақыт адамзат араласып,сұрыптау,жұп таңдау,жеткілікті азықтандыру нәтижесінде пайдалы тұқымдық қасиеті бекіген малды айтады.Тұқымдық қасиет дегенді олардың өнімділік ерекшеліктері,сырт пішіні,дене бітімі деп білу керек. Ауыспалы мал тұқымына сыртқы орта мен мал өнімін жақсартуға тырысқан адам еңбегі нәтижесінде пайда болған мал жатады.Ғалымдар бұл үшінші топқа лебеда,истобе тұқымдарын жатқызып жүр. Келешекте мал тұқымын асылдандыру-селекциялық жұмыстары дұрыс жүргізілсе,бұл мал тұқымын заводтық тұқымға ауыстыруға әбден болады. ІРІ ҚАРАНЫҢ ТУЫСТАС ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ Шығу тегі мен шаруашылықтағы мәніне қарай,ірі қараның туыстас түрлеріне енеке,зебу,қодас,буйвол,бантенг,гаур және гаялды айтуға болады. Зебу.Өзінің дене бітімі,шоқтығының өркеші,сүтінің сапасына байланысты зебу ірі қара туыстастарының арасында ерекше орын алады. Зебудің өркеші оның щоқтығының тұқсындағы ромба және трапеция пішінді бұлшық еттерінің ерекше өсуіне байланысты пайда болған.Өсу кезеңінде бұл бұлшық еттер майлы шандырмен жақсы қапталады да,қайсыбір кезде түгелімен майға айналып кетеді. Еркек зебудің өркеші ұрғашыларының өркешіне қарағанда ерекше үлкен болады. Зебудің басы ұзынша,ықшам,шотмаңдайлылау,салпаң құлақ,кеудесі кең,жоны түзу, сауыры қысқалау және түсіңкі келеді.Зебудің түсі әр түрлі – қара,қара сұр,сұр, қызыл немесе теңбіл болады. Зебу көбіне Индия,Ауғаныстанда,Түркияда,Иран,Қытай,Жапон,Африка елдерінде,Арабтарда,Оңтүстік Америка жерлерінде көп тараған. ТМД-да Азербайжан мен Орта Азия республикаларында кездеседі.Соңғы жылдары збудің кейбір биологиялық ерекше қасиеттерін пайдалану мақсатымен Украинада,Москва түбінде ,Алтайда ,Заполярльяда (Мурманск) да өсіріп жүр.Соңғы жылдары зебудің таза қанды бұқалары мен гибридтері Қазақстанға да әкелінді.ТМД-да Азербайжан зебуі мен швиц және лебеда сиырлары будандарының қайсы бірінен 3000-3500 кг дейін (майлылығы 4,2) сүт шығады,салмағы 400-450кг.Москва түбіндегі «Снегери» атты ғылыми тәжірибе сүттілігі 4000-4500кг (майлылығы 4,4) болатын гибрид табынына шығарылды. Зебудің биологиялық ерекшелігі –сүті майлы келеді.Мәселен майлылығы 56 процентке жетеді.Сондай-ак олар сиыр малында кездесетін көптеген жұқпалы аурулармен ауырмайды,кейбір зерттеулердің қорытындысына қарағанда ірі қара арасында көп тарайтын,аусыл,бруцеллез,туберкулез және қан ауруларымен зебу мүлде ауырмайды екен,ауырсада женіл ауыратын көрінеді. Зебудің осы қасиеттерін пайдалану үшін соңғы жылдары сиыр мен зебу буданын шығару қолға алынып отыр.Мысал үшін Америкада шығарылған етті бағыттағы санта-гертруда,брангус,бифмастер ,брафорд,чарбрей сиырларында зебудің қаны бар.куба жерінде қсіріліп,күніне 110л шамасында сүт сауылатын (майлылығы 3,8) «аң желін» атты сиыр да сондай. Қодастар:Алтай,Памир тауларында және Байкал маңында өседі.Олардың көп тараған жерлері Монғолия ,Кытай мен Ауғанстан Жабайы қодас Тибет тауларында кездеседі.Терісіндегі қылшық жүн мен түбіт оны ызғырық желден қорғайды.Бауыр жүнінің ұзындығы 70-90см.Осы бауыр жүні қалың әрі ұзын болғандықтан қодастар демалу үшін жер таңдамайды. Басы үлкен,мүйізі ұзын ,әрі жұмыр ,таза қанды қодастың шоқтығының биіктігі 110см.Бұқасының салмағы 350-400кг,ал ұрғашы 300кг тартады. Қодастың еті күрен қызыл ,тарамыстау болып келетіндіктен ,оны колбаса,консерві жасау өндірісінде пайдаланылады.Сойыс шығымы орта есеппен 45процент мөлшерінде,терісі калың болғанымен босаң,көбінесе аяк киімнің ұлтаны жасалынады. Қодастың майлылығы 6-8,5процент аралығында 600-700сүт сауылады.Суалар кезде сүтінің майлылығы 12-15процент жетеді.Қодастың сүтінде майдан баска белок,сүт қанты және құрғак заттар мөлшері өте көп.Жалпы 180-220 кундей сауылады. Қодаспен ірі қара будандасса алады.Алғашқы еркек будан тұқымсыз болады,ал ұрғашы будан бұзаулайды.Будандар қодастан ірі келеді.Сойыс шығымы 62процент шамасында.Гибрид сиырлардың сүті 3000-3590кг жетеді.Қырғыстандағы «Аламидин»атты асыл тұқымды мал совхозында қодаспен сиыр будандарына сауын маусымында майлылығы-604процент 3100кг сүт сауылыады. Бантенг,гаур,гаял- айыр кеуде,сом денелі,кеуде жағы биіктеу келген мал. Бантенг Үнді Қытай жерлерінде,кіші Азия аралдарында оның жабайы түрінде қолға уйренгендерінде кездестіруге болады.Олар Явалық,Бирмалық ,Манипурлық деп3-ке бөлінеді.1.Бір –бірінен тұлғасымен түр түсіне карай ажыратуға болады. Көбінесе ет малы немесе күш көлік тұрғсында пайдаланылады.Бантенг ірі карамен будандаса алады. Гаур-Джунгли қалың орман малы .Жабайы түрінің Индия тауларында болатындығы белгілі.Ірі мал (шоқтығынан биіктігі 150-160см).Шаруашылық үшін пайдасы аз. Гаял.Бирма жерінде ертеден ет малы.Күш көлігі ретінде ,майлылығы жоғары сүт сауу үшін өсіріледі.Ірә карамен будандаса береді. Енеке.Зоологиялық тұрғыдан Еуропалық және Азиялық болып екі топка бөлінеді.Олар Үнді елінде,Кытай,Болгария,Румын жерлерінде өсіріледі.Азербайжанда,Кавказдың кара теніз жағалауында,Закавказиеде өсіріліп жүр. Енекенің әлемдегі жалпы саны 2млн болғанмен ТМД елдерінде 500 мындай ғана. Енекені сауады және күш көлігі ретінде пайдаланылады.Қолда өсірілген енеке өте ірі жануар.Шоқтығынан биіктігі 125-130см ,сүйегі ірі және түзу,кеуделі,салмағы 450-500кг.Түсі әртүрлі кара,кара бурыл,кара сұр.Терісінің салмағы 26-32кг.Жас енекенің сойыс шығымы 40-50процент.Енекеден сауым маусымныда майлылығы 7-8процент 1500-2000кг сут сауылады.Азербайжанның «Дашюаз» асыл тұқымды мал совхозында «Азербайжан енекесі»атты жаңа тұқымы шығарылған.Бұл совхозда енеке машинамен сауылады.Енекенің сауылу маусымы 180-240 кун созылады.Буаздығы 300-305кун.Енеке төлшіл қысыр қалуы өте сирек.Күтім талғамайды әр түрлі ауруларға төзімді. Бизонз (зубрлар).Америкалық (бизон) және европалық (зубр) болып екіге бөлінеді. ТМД да европалық зубр мекендейді.Жабайы түрі Ресейдің батысында ,Литва жерінде Украйнада және Кавказда кездеседі. Қазіргі кезде зубрлар тек қорықта өсіріледі. Зубр өте ірі,салмақты жануар.Басы үлкен моиыны қысқа ,жұмыр ,сом денелі,кеудесі жүндес.Бұқалары 1000кг,сиырлары 600-700кг тартады. ТМД да қазіргі кезде 800 ден астам зубр өсіріледі.Украйнада (Аскания,Ново) зубр мен ірі қара буданы алынған.Зубрдың буаздық мерзімі 260-280 күн .Сауылу маусымы 5-6 ай. Зубрлар орман өсімдіктерімен қоректенуге бейімделген.Қарағай ,қайың ,үйеңкі жапырақтарын жей береді.Олар суықта ,тіптіқоректенуге бейімделген.Қарағай ,қайың ,үйеңкі жапырақтарын жей береді.Олар суықта ,тіпті 30% C аязға да төзіаязға да төзімді.Зубр тебіндеп жайылатын мал. Бұл қасиеті жағынан ол жылқыдан кем түспейді демалуға жер таңдамай,қарға да жата береді. ІІІ тарау. Ірі қараның сырт пішіні,дене бітімі және ішкі құрлысы туралы түсінік. Ірі қараның сыртқы пішіні .Малдың сыртқы пішіні анатомиялық ерекшеліктері және алынатын өнімі арасында тығыз байланыс бар.Осыған орай ,малды сұрыптау кезінде одан алынатын өнім мөлшерін есепке алыпқана қоймай,малдың сыртқы пішініне де көңіл аударып сынаған жөн.Малдың сырт пішінін оның жекелеген дене мүшесіне қарап сынайды .Сырт пішінге мал тұқымының,жынысының жасының,азықтандыру ерекшеліктерінің ,күту жағдайларының да өскен ортасының да әсер еткендігіде шындық. Сырт пішінін сынағанда мал типінің айқындылығына ,сүйектілігіне,еттілігіне көп көңіл бөлінеді. Дене бітіміндегі,кейбір дене бітім кемшіліктерді де есептеу қажет. Сүтті бағыттағы сиырлардың сырт пішіні.Дене бітімі мен сырт пішіні сиырда жан жақты сынау үшін бірден бір қажет көрсеткіш.Сиырдың сырт пішіні мен оның денсаулығын,тұқым ерекшеліктерін айқындайтын,қалыпты физиологиялық қызметтеріне әсерін,денедегі кемшіліктері мен ерекшеліктері жөнінде мәлімет алуға болады. М.И.Придорогин ,П.Н.Кулешов ,М.Ф.Иванов,Е.Ф.Лискун секілді белгілі ғалымдар әр түрлі өнім бағытындағы ірі қараның сырт пішіміне олардың өзіне тән талап қоиылуы керектігін айтады,өйткені әр түрлі өнім бағытындағы ірі қараның түрлі дене мүшелерінің бірдей жетілмейді де оған қойылған талапта түрліше болу керек.Сонымен қатар қандай өнім бағытындағы мал болмасын,олардың дененің саулылығына көңіл аударылуы тиіс. Дене бітімі мал денсаулығына көрсеткіші болып табылады.Олай болса мал кеудесінің кеңдігі және салмақтығы,арқасының түзулігі,сүиегінің мықтылығы,барынша жүндестігі,жұмыр жылтыр мүиізділігі,дене мүшелерінің сайлылығы,сергектігі,өміршеңдігі міндетті түрде еспке алынады. Сүтті бағыттағы ірі қараның сырт пішіні ерекшеліктері мынадай:басы жеңіл ,ықшам,жағы ұзынша ,тар маңдай,мойыны ұзын,әрі жіңішке,терісі тығыз,мойын терісі жұқа ,қатпарлы,жоны түзу,белі мен сауыры барынша ұзын,бөксесі кең,сирақтары түзу,буындары ісіксіз,тұяғы жылтыр,мықты,тұлғасы созылыңқы.Шоқтығы биік,ұзын,құйрығы жіңішке ұзын шолақты.Кеудесі ке ,қабырғасы жіңішке омыртқасына көлби біткен. Сиырдың бөксе бөлігі жақсы дамыған желіні көлемді болғанымен ,сауғаннан кейін босап ,жақсы қайтады.Оның пішіні тегене тәрізді бауырын боилап алға артқа жақсы жайылған.Емшектері жарылмаған,ұзындығы 6-8 см мөлшерде, жуандығы 200 см,бір бірінен алшақ орналасқан. Сүттілік бағыт,малдың басы үлкен,моиынын ет басқан ,қысқа белі қайқы,тар кеуде,сауыры төмен немесе көтеріңкі,сирақтары маймақ немесе алшақ ет желін болса оны аса үлкен кемшілік деп санайды. Етті бағыттағы сиырлардың сырт пішіні. Етті бағыттағы сиырлардың сырт пішіні төртбақ, етті, жұмыр, қысқа мойынды, сирағы қысқалау келеді. Бұл олардың негізгі еттілік көрсеткіші болып табылады. Кеудесі кең, төсі шығыңқы, алқымды, жоны түзу, ет басқан жұмыр, жауырыны түзу, ойықсыз, жотасы, белі, сауыры арасында белгі жоқ, аяғы алшақ, етпен тері арасындағы шандырға май толып, іркілдеп тұрады. Тері жұмсақ, сырт көзге босаң, болбыр көрінеді. Етті бағыттағы малды жемдеп семірткенде майдың пайда болуының, оның жиналуының өзіндік реті бар. Осы ерекшеліктер малдың қоңын анықтағанда кеңінен пайдаланылады. Басы етті, үлкен, тұрқы қысқалау, мүйізі қысқа, келтек, мойыны қысқа, жұмыр. Белі, сауыры кең, ет басқан,түзу, қысқа. Денесінің артқы бөлігі ұзынша, түзу, кең. Құйрығы келте. Шап терісі майлы, қалың. Желіні кішкене, бауырымен жақсы жабысқан. Терісі қалың. Тері астындағы шандыры майлы. Сүтті бағыттағы сиырлармен салыстырғанда алғы және артқы бөліктері жақсы дамығанымен, орта бөлігі қысқалау. Етті – сүтті бағыттары ірі қараның сырт пішінінде етті бағыттағы малдың да, сүтті бағыттағы малдың да белгісі бар. 1974 жылдан бастап сүтті – етті бағыттағы сиырдың сырт пішінін сынау үшін етті бағыттағы сиырдың сырт пішінін сынау тәртібі пайдаланылып жүрген болатын. Дегенмен, сүтті – етті бағыттағы сиырдың сырт пішінінің сүтті бағыттағы сиырдың сырт пішініне ұқсағаны жөн. Ал етті – cүтті бағыттағы сиырдың сырт пішінін сынауға етті бағыттағы сиырдың сырт пішінін сынау үшін қолданылатын жүйе пайдаланылатындықтан оның етті бағыттағы ірі қараға ұқсағаны жөн. Бұқаның сырт пішіні. Асыл тұқымды бұқа өз тұқымына сай, дене бітімі мықты, бұлшық еттері барынша дамыған, майсыз, бұқалық қасиеті айқын болуы керек. Басы үлкен, денесіне май жиналған, мүйізі келтек, жуан, мойны жұмыр, қысқалау, жалы бар. Жоны, белі, сауыры түзу, жақсы жетілген, мықты. Кеудесі кең, сирақтары күшті, жыныс органдары жақсы жетілген, қимылы ширақ. Сырт пішінде кездесетін ақаулар мен кемшіліктер. Сүтті және сүтті- етті бағыттағы сиыр малын сынағанда оның мына кемшіліктеріне көңіл аударылады: жалпы жетілмегендік, өзінің тұқымына, типіне, өнімділік бағытына сай еместік, жынысына сай жетілмегендік,тар кеуделік, қайқы белдік, немесе бүкірлік, тар құрсақтық, қысқа, салбыраңқы, тар сауыр, маймақтық, желіні жетілмегендік, аяқтарын дұрыс баспаушылық. Әрбір дене мүшесінің мәні, маңызы бар екендігін әсте естен шығармау керек. Тіпті сүтті бағыттағы мал мен етті бағыттағы малдың аттас дене мүшелерінің арасында да едәуір айырмашылық бар. Ірі қараның шыққан тегін, желінін, емшегін, иілгіштігін, тірілей салмағын, есептей келе сыншы сиырдың сырт пішінің көңілден шыққан мүшелерін жоғары бағалай немесе көңілден шықпаған,кемшілігі бар дене мүшелерін көрсете келе берілген балдың жиынтығын шығарады, сөйтіп тиісті класына жатқызады. Әрине, сыннан сүрінбей, ешбір мүлтіксіз өтетін мал жоққа тән болғандықтан, жоғары класқа өткізу үшін сиыр 70-75, бұқа 90-95 балл алса да жеткілікті. Көзбен көріп сынау жақсы-ақ, бірақ сиырдың дене мүшелерінен қате жібермей, әділ бағалау сыншыға, оның тәжірибесі мен көпті көрегендігіне байланысты болатындығы тұрғысынан өте қиын. Дегенмен балл беріп сынау, тек ет бағытындағы мал үшін ғана тиімді. Себебі, олардан алынатын өнім сиырдың сырт пішініне тікелей байланысты ғой. Өлшем алып сынау, барынша әділ тәсіл.Әр малдан алынған аттас өлшемдерді бір-бірімен салыстыруға, айырмашылығын анықтауға болады. Қанша айтқанмен, ірі қараны өлшем арқылы сынау көзбен көруге жетпейді, ол тәсілді толығымен алмастыра алмайды.Сондықтан да күнделікті өмірде осы екі тқрлі сынақ бірін-бірі толықтыра түседі және қатар пайдаланылады. Малдың дене мүшелерінің өлшемдерін арнайы жасалған өлшеуіш таяқпен, таспамен және циркульмен алады. Ғылыми зерттеулер үшін немесе басқа бір жағдайларға қажет болмаса 11-14 өлшем жеткілікті. Олар мыналар: 1.Таяқпен алынатын өлшемдер: 1. Шоқтығынан биіктігі-жер мен шоқтықтың ең биік аралығы. 2. Жоннан биіктігі-жер мен үшінші – төртінші бел омыртқа тұсына дейінгі биіктік. 3. сауырынан биіктігі-жер мен сауырдың ең биік аралығы. 4. Кеуденің кеңдігі-жауырынның сыртынан алғанда шоқтық пен төс сүйегі аралығы. 5. Кеудесінің жалпақтығы-екі жауырын сыртынан ең алыс жатқан аралығы. 6. Тұлғасының шаршымалы ұзындығы-иық-құйымшақ сүйек аралығы. II Циркульмен алатын өлшемдер: 7. Сербек аралығы. 8. Артқы бөліктің шаршымалы ұзындығы-жамбас сүйектің басынан құйымшақ сүйек аралығы. 9. Құйымшақ сүйек аралығы. 10. Иығының алшақтығы. III Таспамен алынатын өлшемдер: 11. Сиыр тұлғасының шаршымалы ұзындығы-таяқпен өлшегендегідей. 12. Кеуде орамы-сиыр кеудесінің жауырынның сыртынан алғандағы орамы. 13. Сирақ орамы-алдыңғы аяғының қыр жіліншігінің орамы. Малдың дене мүшелерінің артықшылығын немесе кемшілігін айқын көрсету үшін, сиыр тұлғасының ерекшеліктерін барынша аша түсу үшін индекстер пайдаланған жөн. Индекс деп бір бірімен анатомиялық байланысы бар екі және одан да көп дене мүшесінің бір біріне (процеске шаққандағы) қатынасын айтады. Күнделікті тәжірибеде мынадай индекстер пайдаланылады: 1. Төрт бақтық-тұлғаның шаршымалы ұзындығы*100/шоқтығының биіктігі. 2. Сирақтылық-шоқтығынан биіктігі-кеудесінің кеңдігі*100/шоқтығының биіктігі. 3. Кеуделілік-кеуденің жалпақтығы*100/ кеудесінің кеңдігі 4. Еңкіштік-сауырынан биіктігі*100/ шоқтығынан биіктігі. 5. Сүйектілік-сирақ орамы*100/ шоқтығынан биіктігі. 6. Мығымдылық-кеуде орамы*100/ құйымшақ аралығы. Келтірілген индекстердің көрсеткіштері әр бағыттағы малды әр түрлі болатындығын мына бір мысалдармен дәлелдемекпіз. 3. Әр түрлі бағыттағы мал индекстері. Индекстер Сүтті бағыттағы сиырлар Етті бағыттағы сиырлар Етті-сүтті бағыттағы сиырлар Тұқымы асылдандырылмаған сиырлар Төртбақтылық Мығымдылық Сирақтылық Кеуделілік Еңкіштік Бөкселік Сүйектілік 120 14,6 123 13,9 118 15,1 115 14,0
Өздеріңіз байқап отырғандай төртбақтылық етті сиырда басқа сиырларға қарағанда өте жоғары. Ал тұқымы асылдандырылмаған сиырлар көрсеткіші бәрінен де төмен. Кеуделілік, бөкселілік те солай. Демек , индекстерді салыстыра отырып, сиырдың бір бірінен айырмашылығын ғана емес, олардың өнім бағытын да болжауға болады. Ірі қараның дене бітімін жіктеу. Дене бітімі туралы ілім мал шаруашылығына медицинадан ауысқан. Бұл ілімінің шығуын грек философы Ксенефонд пен ғылыми медицинаның негізін қалаушы Гиппокрад еңбектерімен байланыстырады. ТМД елдерінде дене бітімі ғылымының дамуына И.П.Павлов, Е.А.Богданов, П.Н.Кулешов, В.Ф.Лискун, М.Ф.Иванов сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты. Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе, сұрыптау мен жұп таңдауда малдың дене бітіміне үлкен мән беріледі. Малдың дене бітімі мен өнім бағыты,ширақтылығы,бір жер жағдайына бейімділігі,ауа-райы,бағып-күтуден кететінкейбір кемшіліктерге төзімділігі,денсаулығының мықтылығы арасында тығыз байланыс бар. Малдың дене бітімінің негізгі қасиеттеріне мына төмендегілер жатады: 1.Организмнің бірлігі. 2.Әр түрлі дене мүшелерінің формасы мен көлемінің бірлігіне сәкес дамуы. 3.Нақтылы сыртқы орта жағдайына бейімділігі және қоршаған орта өзгерісіне бейімделу қабілеті. 4.Нәсіліне тәуелділігі. 5.Сыртқы орта жағдайына бағыныштылығы. 6.Белгілі бір өнімділікке бейімділігі 7.Жұқпалы ауруларға деген әлсіздігі және төзімділігі. Демек,дене бітімі деп организмнің нәсілдік қасиеті мен анатомиялық-физиологиялық құрылыс ерекшеліктері негізінде қалыптасқан, жалпы ішкі және сыртқа құрылыс жиынтығын айтады. Дене бітімі ерекшеліктері малдың түр- тұлғасынан, өнімділігінен және сыртқы орта әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді. Ірі қараның өнімділік бағыты,тіршілік ортасы ұқсас болған сайын,олардың дене бітімінің ұқсастығы да арта береді.Соған орай оларды бір топқа топтастыруға болады. Зоотехниялық тәжірибеде дене бітімін жіктеудің әр түрлі әдістері бар.Бұл жіктеулер малдың дене бітімін жай көзбен қарағанда анық көрінетін түр-тұлғасы мен физиологиялық қасиеттері бойынша ажыратуға негізделген. Белгілі ғалым А.Н.Кулешов ірі қараның дене бітімінің типі одан өндірілетін өнімге,соған орай организмнің функциялық және морфологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына байланысты болатындығын анықтайды. Ол организмдегі органдар мен тканьдердің жетілуі әр түрлі болуына орай,сүйегінің ,терісінің ,тері астындағы шандырдың жетілуіне сәйкес сиыр дене бітімін төмендегідей төртке бөледі: 1.Дене бітімі сөлекет типке-басы тым үлкен,денесі ауыр,терісі қалың,сүйегі ірі,бұлшық еттері тарамыс мал жатады.Бұл малдың сүті аз,тым баяу семіріп жетіледі,жұсалған азықты өтеу де нашар. 2.Нәзік типке-сүйегі жеңіл,терісі жұқа,мойын терісі қатпарлы,еті аз,көбіне сүтті бағыттағы сиырлар жатады. 3.Дене бітімі тығыз,мықты типке-буындары, тамырлары айқын көрінетін,жұқа терілі,жақсы жетілген бұлшық етті,денсаулығы мықты,төзімді және өсімтал,мол өнімді,өнімі арзанға түсетін жұмсалған азықты еселеп қайыратын ,көбінесе сүтті бағыттағы сиырлар жатады. 4.Болбыр типке шабан қимылды,жуас,терісі жұмсақ,қалың қатпарлы,кең кеуде,семіруге өте бейім етті бағыттағы мал жатады. Ішкі құрылысы .Малдың сырт пішіні мен түр-тұлғасының олардың өнімділік көрсеткіші болатындығы тәрізді,органдары мен такандері құрылысы да организм қызметімен тығыз байланысты келеді. Сырт пішін мен ішкі құрылысы арасында байланыс бар.Бірақ сырт пішін мен ішкі құрылыстан ішкі органдар мен тканьдер қызметі жөнінде ешқандай мәлімет ала алмаймыз. Малдың ішкі құрылысы деп оның дене бітімі мен өніміне байланысты ішкі физиологиялық,анатомиялық,гистологиялық және биологиялық,биохимиялық құрылым қасиеттерінің бірлестігін айтады. Мал органдары мен тканьдердің гистологиялық,морфологиялық,биологиялық,биофизикалық тәсілдермен зерттеп,дене бітімі мен өнімділігі әр түрлі мал ерекше. Гистологиялық зерттеулер қорытындысында сүтті мал мен сүті аз мал желіннің айырмашылығы ашылды.Сүтті мал желінінің айырмашылығы ашылды. Малдың ішкі құрылысын зерттеулерге олардың жүнінің сапасын,қанының құрамын зерттеу, өкпе,жүрек,асқорыту органдарының жұмысы және тағы басқа физиологиялық тыныс алу көрсеткіштері жатады. Осылардың ішінде, қазіргі кезде, қан құрамының ерекшелігін жете зерттеу теориялық та, практикалық та, маңызы бар жұмыс болып отыр. Себебі қан денедегі барлық органдарды, ішкі бездерді, клеткаларды байланыстыратын, оларға қорек таситын, зат алмасуының қалдықтарын жуып кететін сұйық ткань. Қанның құрамында тұқым қуалағыштығы жағынан әкеден балаға беріліп, жылдар бойы өзгермейтін белоктар мен ферменттер бар. Мысалы : қанның тобы, гемоглобин, трансферрин, церулоплазмин карботидраза және амилаза типтері. Соңғы жылдары асыл тұқымды бұқаларды таратудың алдында, оның қанының тобын анықтап, шыққан тегінің осы көрсеткіш арқылы тағы да нгізделуі қажет екендігі күн тәртібіне қойылды. Сонымен, ірі қараның ішкі құрылысын зерттеу мынадай мәселелерді шешуге тиянақты деректер жинауға мүмкіндік береді: Организмнің ішкі құрылысын органдар мен тканьдердің және олардың жүйелерінің үйлесімді даму ерекшеліктерін білу; Дене бітімінің ерекшеліктері және органдардың физиологиялық және биохимиялық қасиеттері; Онтогенез кезеңдерінде органдардың түзілуі мен дамуын және оған әсер ететін күштерді анықтау; Өнім бағыты, өнімділік пен ішкі құрылыс арасындағы мүмкін болған байланысты анықтау; Академик Е.Ф. Лискун жүргізген желіннің гистологиялық құрылымының сиыр сүттілігімен байланыстылығы туралы зерттеу сүтті сиырлардың сүт бездерінің көбірек, ал сүтсіз сиыр желінінде шандыр көбірек болатындығын көрсетеді. Сүтті бағыттағы сиыр бұлшық етінің талшықтары етті-сүтті бағыттағы сиыр етінің талшықтарымен салыстырғанда едәуір жіңішке. Оның өнім мөлшері, сиыр жүрегінің салмағы, өкпесінің аумағы да әр түрлі болады. Сүтті бағыттағы сиырлардың бұл көрсеткіштері де жоғары. Сүтті бағыттағы сиырлардың етті бағыттағы сиырларға қарағанда тыныс алысы, жүрегінің соғу жиілігі және таза салмағына шаққанда шығаратын көмір қышқыл газы да жоғары. Ішкі құрылысының басты көрсеткіштерінің бірі – денедегі қанның мөлшері мен құрамы ( эритроцит және лейкоцит), гемоглобин, белок, белок фракциялары, қант, кальций және негіздік қалдық. Қанның қызыл түйіршіктерінің саны мен сапасы мал өнімділігімен тығыз байланысты деген ұғым бар. Мысалы, гемоглобин мөлшері, азот қалдығы, активті негіздің фосфатаза көрсеткіштері мол өнімді малда жоғары. Сиыр қанында 12 топ анықталған. Қан тобы малдың тегін, құнажын сиырдың буаздығын ерте ажыратқанда және кейбір ауруларды анықтағанда кеңінен қолданылады. Малдың ішкі құрылысының көрсеткіштері шамамен болса да олардың келешек өнімділігін болжауға мүмкіндік береді. Ірі қараның тірілей салмағын анықтау. Мал салмағын анықтап отырудың орны зор екендігі белгілі. Ал, етті бағыттағы ірі қараның салмақты болуы бірден-бір басты шарт. Салмақтың өзгеруіне қарап, жас малдың өсу қарқынын бақылайды. Малды ертемен, аш қарында өлшейді. Таразы болмаған жағдайда дене өлшемдерін пайланып, малдың нақты салмағы болмаса да шамамен алғандағы салмағын анықтап беруге болады. Ол үшін Трухановский тәсілі немесе арнайы таблица пайдаланылады. Трухановский тәсілімен сиырдың салмағын анықтау формуласы: ТС(Ко*Тұ*2)/100; Мұндағы: ТС – сиырдың тірілей салмағы, кг; Ко –жауырын сыртынан алғандағы кеуде орамы,см: 2 – коэффициенті сүтті сиыр үшін, 2,5 - етті-сүтті бағыттағы сиырлар үшін; Тұ – тұрқының ұзындығы (шоқтығының ең биік ноқатынан құйрық түбіне дейін, см). Малдың жасын айыру Малды дұрыс сипаттау және сынау үшін оның жасын білген жөн. Нағыз дәл мәлімет білу үшін, әрине бұзау туысымен тіркеу кітапшасына оның туған күні, ата-тегі, жынысы, салмағы, түр-түсі жазылуы тиіс. Ал тіркеу кітапшасы жоқ болса немесе қолдан алатын жағ- дайда сиыр жасын мүйзіне, тісіне қарап анықтауға болады. Сиыр жасын мүйізіне қарап анықтау. Бір айдан соң бұзаудың мүйізі біліне бастайды да , одан әрі айына см ұзарып отырады. Мүйіздің ұзаруы оған келген қоректік заттардың мөлшеріне байланысты. Малдың өсіп-жетілу кезеңінде, бүкіл тіршілігінде түрлі жағдайлар болып тұратындықтан кейде қоректік зат мүйізге қажетті мөлшерде жетпей қалады. Мысалы үшін буаз сиырдың бұзаулайына бір екі ай қалғанда іштегі бұзау өте тез өседі де, сиырдың мүйізіне қоректік зат қажет мөлшерде толық бармайды. Сиыр жыл сайын бұзаулайтындықтан мүйіз қоректік заттардан тапшылық көреді де, еркін өсе алмайды, онда бір жылда бір сақина пайда болады. Демек, сиыр қанша бұзауласа, сонша сақина бар деген сөз. Сондықтан сиыр алғаш рет екі жасында бұзаулайтындықтан мүйіздегі сақина санына деген сан қосып, оның шамамен алғанда,ы жасын анықтайды. Шамамен деп отырғанымыз сиырдығ қысыр қалуы да, іш тастауы да мүмкін ғой. Мұндай жағдайда қатар жатқан екі сақинаның арасы біршама алшақ болады. Сиырдың жасын тісіне қарап анықтау. Әбден толысқан ірі қараның тісі болады. Оның сегізі – орғыш тіс, ал жиырма төрті – азу тіс. Ірі қараның бір ерекшелігі оның орғыш тістері тек төменгі жақ сүйектерінде болады, ал үстіңгі жақ сүйектерде орғыш тіс жоқ, тек қызыл иек болады. Тісті сүт тісі және негізгі деп бөледі. Ал астыңғы жақ сүйектегі орғыш тістерді жұптап (екі-екіден) жұлғыш тіс (нақ ортаңғы екі тіс), ішкі екеу (ортадағы екі жұлғыш тістің екі жағынан бір-бірден), сыртқы екеу (ішкі екі тістің жан-жағынан бір-бірден) және шеткі екеу (сыртқы екеудің екі жан-жағында тұратын ең шеткі екі тіс) деп ажыратылады. Ірі қараның жасын анықтау, міне, осы аталған тістердің алмасуы мен мүжілуіне негізделген. СИЫРДЫҢ ТҮСІ МЕН РЕҢДЕРІ Бақташылар ұарамағындағы сиырларды түсіне ұарап анықтайды. Сондықтан да сиырдың сырт пішінін сынағанда, оның түр-түсіне көңіл аударады. Малдың түс-түсі ең алдымен тұқымдық белгі екендігін естен шығармаған жөн. Кейбір ірі қара тұқымдарын сұрыптау жұмысы кезінде сиырдың түр-түсі қоса есептелінген. Соған орай тұқымға тән түс-түс ұзақ уақыт сұрыптау барысында қалыптасқан. Бір тұқымды сиырдың түр-түсінің әр түрлі болып келетін жағдайлары да бар. Қара сиыр. Жүні де, түгі де бірыңғай қара сиыр. Қара қоңыр сиыр. Жүні де, түсі де аса қара болмай, ұшы қоңыр тартқан немесе жүні аралас мал. Қара ала сиыр. Арқа жүні ақ немесе қара, ал басқа тұстары қара немесе ақ т.б. болып келген мал. Сары ала сиыр – ақ түсті жүн мен сары түкті жүн аралас мал. Қызыл сиыр – жүні бірыңғай қызыл мал. Қызыл қасқа сиыр – денесіндегі жүні қызыл, маңдай жүні тұмсығына дейін ақ мал.
ІРІ ҚАРАНЫҢ КҮЙІ Малдың күйі деп оны өсіру мақсатын барынша ақтауүшін қажет физиологялық жағдайын айтады. Малдыі күйі оның қондылығына, азықтандыру , бағып- күту және пайдалану жағдайына тікелей байланысты. Қалыпты жағдайда малдың күйін төртке бөледі. Олар: заводтық, көрмелік, жұмыстық, бордақылық. Заводтық күй- тұқымдық еркек және ұрғашымалға тән. Организмдегі тканьдерді май баспай, малдың қонды болуы қажет. Сапалы төл алынып, мол өнімді болуы керек. Ол үшін мал оның организміне қажетті қоректік заттар жеткілікті түрде теңестірілген рационмен азықтандырылуы тиіс. Көрмелік күй- көрмеге дайндаған малға тән. Мал өнім бағытына сай көрмелік күйге келтіру үшін өсіріледі. Жұмыстың күй- күш- көлік малына тән. Бұл күйдегі малдың қондылығы орташа, организмдегі қоректік заттар қоры малдың салынатын жұмысқа шаршап- шалдықпауына және оның денсаулығын қалыпты жағдайда ұстауына жеткілікті болуы керек. Сондықтан азық мөлшері малдың атқаратын жұмысына сай болуы қажет. Бордақылық күй – етке тапсыру үшін арнайы бордақыланған малға тән. Малдың семіз, бұлшық ет, терінің жақсы жетілуі керек. Күйіс малын семіртуге қызықпай, пайдаландырмаған дұрыс. Тым семіз еттің қажеті жоқ.
ЕН САЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТТАРЫ
Малдың тегін, туған уақытын есепке дәл алу үшін ен салған дұрыс. Әр бұзаудың өз номері болады. Номер 1-ден 10000- ғай дейін жасалынған. Осы номерлер толық пайдалынлса, әсіресе, ет өндіретін совхоздар үшін номерді қайт абастайды. Жаңа туған бұзауға өлген, етке өткен, сатылған малдың номерін қайталауға болмайды. Ал, қолда ұсталатын малға ен салған дұрыс. Оның бірнеше жолы бар. Соның бірі құлаққа салу. Бұзаудың құлағы тазалап жуылады, спиртпен сүртіледі, инемен тізіліп жазылған номер арнайы қысқышпен қысылып, із салынады да, мастика немесе спиртке езілген голланд қара күйесі бармақпен езіліп жағылады. Мұндай ен міндетті түрде оң құлағына салынады. Инемен із салынып, мастиканы жақсыап үйкеп жаққан ажзу ешқашан өшпейді. Екінші түрі- сырға салу, арнайы дайндалған номерлер (олар темірден немесе пластмассадан жасалады) малдың құлағына арнай қысқышпен салынады. Сырға салу жақсы-ақ, бірақ қолайсыздығы да бар. Ол торға, қурай, бұтаққа ілініп түсіп қалады. Құлақты тіліп номерлеу. Тілінген құлақ малдың кейпін бұзады демесе номерлердің ең бір қолайлы тәсілі. Құлақты кесіп номерлеудің келісілген үлгісі бар. Мәселен, құлақтың шетіндегі қима немесе ортасындағы ойық арнайы санды көрсетеді. Ірі қараның терісін күйдіріп, немесе суықпен қарып ен салу. Үсіген, күйген теріге ақ жүн шығытыны белгілі. Мысалы қара сиырдың немесе қара ала, қоңыр сиырдың қара жүн шыққан тұстарына температурасы өте төмен (-170) сұйық азот пайдаланып, номер немесе басқа да белгі басуға болады. Арнайы дайындалған номерлерді отқа немесе электр тогына қосып, қыздырып, сиырдың мүйізіне номер басуға болады.
Сиырдың машинамен саууға бейімділігі Сүтті және сүтті – етті бағыттағы бағыттағы сиырлардың сырт пішінін, дене бітімін сынаған кезде оның машинамен саууға тиімділігін де анықтайды. Ол үшін мына төмендегі жағдайларды білу қажет. Желіннің дамуы және оның құрылысы. Аса сүтті сиырлардың желіні үлкен, желін терісінің астындағы шандыр майсыз, желін бездері жақсы дамыған (75-80%). Мұндай желін сауыннан соң жақсы босап, қатпарлана түседі. Желін безі бөлшектерінің бірдей дамуының үлкен мәні бар. Себебі сауудың ұзақтығы және желіннің толық сүттен босауы осыған байланысты. Егер желіннің сүт безінің бөлшектері бірдей дамымаса, сүтті бірдей бөлмейді де, сүттен босаған бөлшектеріне сауын машинасы әсер етеді. Содан сиырдың желінсау ауруына шалдығуы мүмкін. Сиырдың желін бездерінің алдыңғы екі бөлігі артқы екі бөлігіне қарағанда нашар дамиды. Сондықтан да алдыңғы бөліктерден сауылатын сүттің 40-40 проценті ғана шығады. Желін бездерінің алғы-артқы бөліктерінің бірдей дамуының көрсеткішін желін ндексі деп атайды. Демек, желін индексі дегеніміз, желін безінің алдыңғы екі бөлігінен шығатын сүттің барлық сауылған сүт мөлшеріне қатынасы (процент есебімен.) Желіннің түрлері. Желін астау, тегене пішінді, домалақ және ешкі емшек болып бөлінеді. Астау, тегене пішінді желін сиырдың бауырына алға және артқа қарай жайыла түсіп қабысады. Домалақ желіннің тегене пішінді желінмен салыстырғанда қабысу аумағы аз. Аздап салбырауы да мүмкін. Мұндай желіннің желін бездерінің бөлшектері біркелкі дамымайды Алдыңғы екі бөлігінің көлемі аз. Тіпті онша дамымауы да мүмкін. Сондықтан емшектерінің жақын орналасуы да ықтимал. Ешкі емшек желін. Мұндай желіннің емшектері тым тығыз болады. Бүйірінен қарағанда үшбұрыш тәрізді көрінеді. Желін бездері толық жетілмеген. Мұндай желін машинамен саууға өте қолайсыз. Емшектің түрі және орналасуы. Емшектің түрі мен орналасуы да машинамен саууға көмектеседі. Емшек цилиндр, конус, алмұрт, шөлмек, қалам тәріздес болып бірнеше түрге бөлінеді. Осылардың ішінде машинамен саууға жарамдысы – цилиндр және конус тәрізді емшектер. Емшектердің көлемі қалыпты болуға тиіс. Қысқа немесе жіңішке емшектер сауын сауытынан сыпырылып түсіп қалады. Тым жіңішке емшек сауытқа симай қысылып, сүт жүрмейді. Жарамды емшектің ұзындығы 5-9 см, орамы 6-8 см, диаметрі 2-3,2 см болуға тиіс және желінге дұрыс, алшақ орналасуы қажет. Алдыңғы қатардығы екі емшек арасы 6-10 см, алдыңғы емшектер мен артқы емшектер аралығы 8-14 см болғаны дұрыс. Сүт шығу жылдамдығы дегеніміз бір өлшем уақытында сауылған сүт мөлшері (мин/кг есебімен өлшенеді).
IV ТАРАУ ІРІ ҚАРА ӨНІМДЕРІ СҮТТІЛІК СҮТТІЛІККЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАР Сүттің құрамы да, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты. Солардың ішіндегі ең бастылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы және т.б. Тұқым қуалаушылықтың маңызы маңызы Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтімін жақсарта түсу негізінде өнімділігі әр түрлі сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бір тұқымға жататын мал ішінде де ата-тегіне байланысты өнімділігі де әр түрлі сиырлар бар. Мұндай тұқымаралық ерекшелік сиырды бонитировкалау талабында ескерілген. 7. сиырдың сүттілігіне қарай жасалған 1 класс стандарты
Ірі қара тұқымы 305 күндегі сүттілігі,кг Сүт көрсеткіштері,% Сүт майы, кг I II III майлы белок I II III Қара ала сиыр Голштин сиыры Қырдың қызыл сиыры Сары ала сиыр Қоңыр сиыр Айршир сиыры Джерсей сиыры 3200 3001 3600 3300 4000 3600 3,6 3,6 3,7 3,8 3,7 4,1 5,0 3,2 3,2 3,3 3,3 3,3 3,4 3,7 117 150 127 165 144
7-таблица мәліметтеріне қарап мынандай тұжырымға келуге болады: тұқымдық сиыр өнімінің деңгейі анықталады. Сонымен қатар тұқым ішінде мал өнімділігіне оның өскен сыртқы ортасы әсерін тигізеді. 8. сүтті бағыттағы ірі қараның әр түрлі қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы. Белгілер мен көрсеткіштер Коэффициент, % Сауын маусымындағы сүттілік Сүттің майлылығы Сүт майы Сүттегі белок Сүттегі қант Майсыз құрғақ сүт қалдығы Сауын маусымындағы сүттің тұрақтылығы Тұмса сиырдың жасы Туғандағы салмағы Қосымша салмағы Сақа сиыр салмағы Тұлғасының типі Сүт шығу жылдамдығы , кг/мин Тәуліктік жоғарғы сүттілік , кг Азықты өтеуі Төзімділігі Төлшілдігі 0,30-0,42 0,60-0,78 0,43 0,50-0,70 0,30 0,60-0,70 0,12 0,34 0,22 0,40 0,32 0,25 0,35-0,60 0,40-0,50 0,20-0,40 0,27-0,38 0,08-0,10
Тұқым қуалаушылықтың және өнімділік көрсеткішінің жалпы әр түрлілігіне сырқы ортаның тигізетін әсерін білу үшін тұқым қуалаушылық коэффициенті есептеледі. Тұқым қуалау коэффициенті дегеніміз жалпы әр түрлілік ішіндегі тұқым қуалаушылық қана әсерін тигізген өзгергіштік. Сүттілік пен тұқым қуалаушылық коэффициентінің 0-ден 68%-ке дейін өзгеруі мүмкін. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің көрсеткіші табын өнімінің деңгейіне, асылдандыру және алдын ала жүргізілген сұрыптау жұмысына, азықтандыру жағдайына, күтіміне және т.б. байланысты. Тұқымдық қасиет атасынан ұрпағына тұрақты түрде берілген сайын бұл көрсеткіште жоғарылай береді.
Сүттіліктің сиырдың жасына қарай өзгергіштігі Бірінші және екінші бұзаулаған сиырларды сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30% кем шығады. Алтыншы, жетінші, сегізінші бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі де азая түседі. Сиыр сүттілігінің өзгергіштігі оның азықтандыру жағдайына, жетілгіштігіне, дене бітімінің мықтылығына байланысты. Дұрыс азықтандырылған, күтімі жақсы мал 10-12 жыл бойы өте сүтті болады.
Алғаш ұрықтандыру жасының әсері Алғашқы ұрықтандыру жасы сиырдың келешектегі сүттілігіне әсер тигізеді. Ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүті де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажынның салмағын да ескеру керек. Құнажынды оның салмағы сақа сиырлар салмағының 70 процентіне жеткенде ұрықтандырған дұрыс. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Сверлов атындағы тұқым мал колхозында құнажындар алғаш рет 17-18 айлығында салмағы 340-360 кг жеткенде ұрықтандырылды. 20-24 айлық, салмағы өсіп кеткен құнажынды кеш ұрықтандырудың да сүттілікке деген кері әсері бар.
Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстылығы Бұл көрсеткіш малдың жалпы жетілгендігін көрсетеді. Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігі анықталған. Егер сиырдың сүтті малға тән дене бітімі, тұлғасы сақталса, тірілей салмағы өскен сайын оның сүттілігі де көтеріле түседі. Профессор С.А. Рузский сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігінің арасында айнымалы байланыс бар екендігін де анықтады. Сиырдың салмағы артқан сайын, белгілі бір шамаға дейін сүттілік көтеріледі де, одан әрі тірілей салмақ қанша артқанымен сүттілік мөлшері өспейді. Оқымыстылардың айтуынша, сиырдың сауын маусымындағы сүттілігі өзінің тірілей салмағынан 8-10 есе артық болғаны дұрыс.
Сервис кезеңінің әсері Сервис кезеңі деп сиырдың бұзаулаған күні мен келесі ұрықтанғанға дейінгі аралықты айтады. Сиыр сүттілігін салыстырғанда, олардың бұзаулаған күнінен ұрықтанғанға дейінгі уақытты ескеру керек. Бұзаулаған сиыр тым ерте ұрықтанса буаздығы ерте басталып, сауын маусымы қысқарады. Сөйтіп сауылатын сүтінің мөлшері де азаяды. Ал сиыр кеш ұрықтанса сервис кезеңі ұзарып , буаздықта кеш басталады да сауын маусымы ұзаққа созылады. Бірақ жыл сайын бұзаулай алмайды. Буаздық өскен сайын организм физиологиясы өзгеріске ұшырап, сиырдан сауылатын сүт мөлшері 15-20 процентке төмендейді. Сиырды ең әрі кеткенде 3-4 сервис кезеңінде ұрыққтандырған дұрыс. Е.А.Новиковтың мәліметіне қарағанда, сауын маусымы сервис кезеңі әсерінен 450 күнге дейін ұзарған. 305 күн сауылған сиырдың бүкіл сүтінің 85%-ке дейін-ақ сауылған. Демек, сауын маусымын тым ұзартқанымен сүттілікті көбейту былай тұрсын,15%-ке дейін сүтті аз сауады екенбіз. Ендеше сиырды 305 күн сауып, жылына бір бұзаулатып, 50-60 күн суалтып алған жөн.
Сервис және суалу кезеңдерінің ұзақтығы мен сүттілікке қоңдылықтың әсері \ Сауылатын сүт мөлшеріне көп жағдай әсер етеді. Сиырды құнарлы жем шөппен азықтандырғанның өзінде организмнен көптеген пайдалы заттар бөлініп шығады да, жем шөптен алынған өнімді заттар олардың орнын толтырмай сиырдың коңдылығы төмендейді. Сонымен қатар сауын маусымы кезеңінде сүт түзетін альвеолалар мен сүт жолдарындағы эпителий клеткалары ескіріп және сылынып, сиырдың сүттілігі төмендейді. Сиырдың тірілей салмағын және сіңімді заттар қорын толықтыра түсу және желін безі клеткаларының жаңаруы үшін оны сауынан босатып, суалтады. Суалту ұзақтығы келер сауын маусымында сауылатын сүт мөлшеріне коңдылығына, азықтандыру жағдайына , күтіміне байланысты. 9. Суалу кезеңінің ұзақтығы мен келер сауын маусымындағы сүттілік арасындағы байланыс(Е.А.Новиковтың мәліметі)
Топтағы сиыр саны Өткен сауын маусымы Суалу ұзақтығы Келер сауын маусымы 1 күні сауылған сүт, кг сауын күндері Сауылған сүт,кг Тірілей салмақ Сауын күндері Сауылған сүт, кг Тірілей салмақ Сүттілігі орташа сиырлар 30 291 277 4204 3943 535 583 31 97 294 292 4569 4434 548 591 14,1 13,7 11,4 Сүттілігі жоғары сиырлар 47 296 294 5631 5433 559 578 33 91 249 240 4953 5270 569 587 15,0 15,6 13,8
Осы таблицада көрсетілгендей, сүттілігі 5000кг сиырлардың суалу кезеңі қысқа болса келер маусымдағы сүттілігіне қатты әсер етеді. Ал суалу кезеңін 98 күнге дейін ұзартқанда тиімді емес. Құнарлы жемшөппен жақсы азықтандырылағн сиырлардың суалу кезеңінде желінін май басып, сүттілігіне қатты әсер етеді. Суалу кезеңінін ең тиімді ұзақтығы 50-60 күн. В.Ф. Воскобойниковтың зерттеулеріне қарағанда қара ала тұқым сиырлары салмағының бұзаулау алдында 530-550 кг тартқаны жөн. Бұзаулау алдындағы тірілей салмағының тым төмендеуі оның сүттілігінің 300кг дейін төмендеуінің себепшісі болады, ал салмағы 500кг төмен болса әрбір 10 килограмм салмағына 500кг сүтін кемітеді. Ал суалу мерзімі 30 күн болса, сүттілігі 20% кемиді(40 күн болса 10% төмендейді.)
Азықтандырумен күтіп -бағудың әсері Азықтандыру және күтіп бағу сиыр сүттілігіне әсер ететін ең манызды жағдай.Көптеген шаруашылықтарда азықтандыру және күтіп бағу жағдайын жақсарту жолымен сиыр сүттілігін 60 арттырып та отыр. Сиыр сүтінің мөлшері жемшөптің сапасына ,әр түрлілігіне және рационның толық құндылығына да байланысты.Сондықтан сауын сиыр рационы протеин ,витамин ,минералды заттар мөлшеріне қарап реттеледі.Белокпен углеводтардың да өзара байланысына көп көніл аударылады.Оның 1,5:1 болғаны дұрыс.Ал азық қлшемінде де 100-120г сіңімді протеин болуы керек.Жемшөп жетіспесе сауын маусымында сауылатын сүт мөлшері де төмендейді.Ал әрі азық азайып құнарлылығы төмендеген кезде тіпті күнделікті сауылатын сүттің өзі азаяды.Сиыр тез суалады. Азықтандыруды жақсарту және әрбір кг сауылған сүтке 1:1,2 азық өлшемін беру сиыр сүтінің мөлшерін жоғарылатуға ,сондай-ақ бұзаудаған сиырдың тез ширауына әсерін тигізеді. Сиыр сүттілігіне күтіп –бағу жағдай ыда әсер етеді.Суық қорада тұрған сиырдың зат алмасуы бұзылады .Күнделікті берілген азық денедегі жылу алмасуға жұмсалады.Сөйтіп сиырдың сүті кемиді.Сондықтан да қазіргі кездегі сапалы азық беріліп ,жылы кешендерде тұрған сиырлар әрбір кг сауылатын сүтіне азықты аз жұмсайды. Сиырдың бұзаулау маусымының әсері Шаруашылықтарда жемшөп жеткілікті жағдайда сиырдың бұзаулау маусымы оның сүттілігіне көп әсер етеді.Бірақ біздің елде ауа-райы бір біріне ұқсамайтын климаттық аймақтар көп болғандықтан және олар сиыр сүттілігіне әсерін тигізетіндіктен бұзаулау маусымын ескермеуге болмайды.Әсіресе сиырды біркелкі азықтандыра алмаған жағдайда оның бұзаулау маусымы сүттілікке әсерін міндетті түрде тигізеді.Сондықтан егер жемшөбі жеткілікті болса солтүстік аудандарда сиырдың қыс айларында бұзаулағаны дүрыс.Мұндай жағдайда сауын маусымының жартысы жемшөбі мол қыс айларында келеді де жартысы жайылым отының піскен шағына дөп түседі.Мұның бұзау өсіруге де пайдасы бар.Бұзау сүт еметін кезін қыс айларында өткізіп ,көк шыққанда жайылымда отығады. Мысалы наурызда бұзаулаған сиырлардың сауын маусымының екінші жартысы көктем айында өтеді.Мұның өзі сиыр сүттілігіне әсер етпей қоймайды.Жыл бойы байлауда тұратын жемшөбі мол кешендерд сиырды жыл бойы бұзаулата беруге болады. Сауу жиілігінің әсері Сауылатын сүт мөлшеріне сауу жиілігі де ,сауу техникасы да әсер етеді.Дұрыс сауылмаса және желінді күтпесе ,сиырдан сүтті мол сауу мүмкін емес. Сауардың алдында және сауын сонында желінді уқалау оның сүттен тез және толық босауына әсер тигізеді.Себебі уқалау кезінде желінге қанның көп келмеуіне ,соның нәтижесәнде сүттің неғұрлым көп түзілуіне жағдай жасалынады.Сиырды жиі сауып ,мазасын алу берілген азықтың тез қорытылуын бәсеңдетіп қана қоймайды,сонымен бірге организмдегі физиологиялық процестерді тежейді. Сүтті бағыттағы сиырларды кешенге ауыстыру еңбекті көп қажет ететін жұмыс.Демек сиырды тәулігіне үш қайтара сауудан екі қайтара саууға ауыстырғанда абай болған дұрыс. Сауын маусымының жүру сызығы Сиырдың сүттілігін сауын маусымының қисық сызығымен сипаттауға болады.Ол сауын маусымының әр бір айында сауылатын сүт мөлшерімен белгіленеді.Бұл сауын маусымы сызығы маусымның 305 сауын күніндегі сауылған сүт мөлшерімен сызылады деген сөз. Озат тәжірибелерге қарағанда күнделікті сауылатын сүт сауын маусымының үшінші-екінші айларында көтеріледі,содан соң бір-екі ай бірқалыпты болып,соңынан жайлап азаяды.Сауын маусымы сызығы тұқым қуалауға бағынышты болғаннымен сиырды азықтандыру жағдайына қарай өзгереді. Егер сауын маусымының бірінші айында сауылатын сүтті 100% деп алсақ 2-3 айдан соң оның жайлап төмендегенін түсінеміз.Бірақ бұл тұрақты заңдылық емес.Әр сиырдың өзіне тән ерекшелігі бар.Біреулерінің сүті жайлап төмендейді,ал енді біреулерінің сүті соңғы 2-3 айда төмендейді.Дұрыс азықтандырылып жақсы күтілген сиырлар сүтінің мөлшерінде дегенмен күрт өзгеріс болмайды.Ал жемшөбі жеткіліксіз жағдайда сиырлардың сауын маусымы сызығынан қандайда болмасн заңдылықты аңғару мүмкін емес.
10.Әулиеата сиырының ай сайынғы сауылған сүті сиырлар Сауын маусымының саны Сауын маусымындағы сауылған тәуліктік сүт,кг ай бойынша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 305күнде сауылған сүт,кг
забава ----------- 21,1 20,1 24,7 24,5 24,1 23,6 17,7 14,3 20,6 8,1 5738
Фея ------------ 21,2 27,4 24,3 24,0 23,1 10,7 11,1 9,6 7,2 4,3 4749 Красава ------------ 22,0 26,2 25,2 23,4 18,6 21,2 17,4 14,3 10,6 6,8 3619
Сиырды сүтейту.Сиырдың сүттілігін арттыруда және оның сүттілігінің деңгейін арттыруда ең маңызды да тиімді шаралардың бірі-сиырды сүтейту.Сиырды сүтейту дегеніміз оның сүттілігін көтере түсу мақсатында зоотехниялық және ұйымдастыру шаралары.Оны жүргізу үшін сиырдың сүттілігіне әсер ететін жағдайлардың бәрін ескеру керек.Сиырды сүтейтуге дайындау сауын маусымы басталар алдында жүргізіле бастайды.Сүтті сиырлардың салмағы жооғары,дене бітімі мықты болады.Ондай сиырлардың ішкі органдары да жақсы жетілген.Ал сиырдың мұндай ерекшеліктері бұзау кезінен басталып,бүкіл тіршілігі үстінде қалыптасады.Сондықтан ұрғашы бұзауды туғанна бастап сүттілікке арнайы дайындау қажет.Оны өсіру жүйесінің осы мақсатқа бағынышты болғаны жөн. Сүтейтуде әр түрлі тұқым малының ерекшеліктерін ескере отырып ,сиырдың бірінші сауын маусымынан бастайды.Өте ерте сүтейтіп,сауған сиырдың сүтті өмірі қысқарып келешек сауын маусымындағы сүттің азайып кетуі мүмкін. Сондықтанда дене бітімі мықты сиырларды ғана үдемелі сауу керек. Сауылатын сиырлардың жемшөбі ,күтімі,күтетін адамдардың кәсіби мамандығыда жоғары болған дұрыс.Мысалы әулиеата сиырларын 500-5500кг дейін,ал голштин сиырларын 6000-7000кг дейін маманданған сауыншылар ғана сүтейте алады. Сүтейте сауу сапалы болу үшін сиырды уақытылы суалту ,бұзаулауға дайындау ,суалу кезінде сапалықұнарлы жемшөппен азықтандырудың маңызы зор. Азықтандыру мәселесін жоспарлағанда алдымен сиырдықұнарлы,сапалы жемшөппен қамтамасыз ету ойластырылады.Сиырды аванс азықтандырады.Аванс қажет нормадан 1,5-2 азық өлшеміндей артық болу керек.Бұл жағдай сиыр сүтінің түзілуіне әсерін тигізеді.Аванс азықтандыруды сауылатын сүт мөлшерінің өсуі тоқталғанға дейін жүргізеді.Сондықтан сиырларын сүтейтіп сауатын шаруашылықтардың жемшөп қорын жасап алғандары жөн. Дұрыс ұйымдастырылып ,жан-жақты үйлестірілген шаруашылықтарда жүргізілген сүтейту жұмысы бүгінгі күн талабына өте сай келеді. Сиырдың сұрыптауға жататын басқа да пайдалы қасиеттері Сиырдың ірілігі мен жетілгіштігі.Сиырдың ірілігімен уақтығын оның тірілей салмағына қарай анықтайды.Айталық,екі малдың сырт пішіні ,дене өлшемдері болсын делік.Бірақ оны бірі қонды ,екіншісі арық.Сонда екеуінің сырт пішіні бірдей болғанымен екіншісінің салмағы төмен болғаны сөзсіз.Сұрыптаушының алдында тұратын сұрақ:осылардың қайсысын алып қалу керек?Әрине сұрыптаушы ең алдымен ірі малды алып қалады. Ал мал уақталып кеткен кезде оның салмағы көтеріп,ірілендіре түсу үшін бұзау асырауды жақсартумен қатар сұрыптау жұмысын да жолға қою керек. Азықты жеткілікті дайындап сиырды жақсылап азықтандырғаннығ өзінде,оның салмағы тез көтеріле қоймайды. Сиырдың салмағы мен сүттілігі арқасында тығыз байланыс бар екендігі белгілі.Сүтті сиырлар ірі де,салмақты келеді. Мынадай мысал келтірейік:сиырды 3 топқа бөлдік делік: Сүттілігі.Сүтінің өзгергіштігі 1.Өте уақ сиырлар 3304+-10,35 12,44 2.Орташа 3995+-45,95 22,8 3.Өте ірі,салмақты сиырлар 4233+-95,0 22,1 Міне өте уақ сиырлардың өте ірі сиырлармен салыстырғанда сүттіллігі де ,сүттің өзгергіштігі де төмен. Сүттілік коэффициенті деп сиырдың әрбір 100кг салмағынан шыққанда сауылған сүт мөлшерін айтады.Әрине уақ және ірі сиырлардың бұл көрсеткіші бір бірімен келмейді.Уақ сиырлардың сүті де аз.Әрбір 100кг салмағына шаққандағы сүті де төмен.Ал ірі сиырлардың сүті көп болғанымен салмағы жоғары.Сондықтан қайсыбір жағдайда олардың да көрсеткіші төмен болуы мүмкін.Соған орай сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арқасында байланысты иауып сұрыптау жұмысын осыған орай жүргізген жөн .Мысалы әулиеата тұқымының салмағы 490-540кг тартатын сиырлары неғұрлым сүтті келетіндігі анықталды. Сиыр сүттілігінің ерте көтерілуі жұмсалған азықтың тез өтелуін ғана емес кәрі сиырларды жылдам ауыстырып табынды жас малмен уақтылы жаңалауды да қамтамасыз етеді. Азықты өтеу мүмкіндігі.Сиырды сұрыптағанда оның өзіне жұмсаған азығын сүтімен өтеп ақтай алатын мүмкіндігін естен шығармау керек.Әрине азықтағы қоректік заттарды сиыр алдымен өз организміне қалыпты ұстау үшін жұмсайды.Азықтың энергисы ең алдыменжылу алмасу ас қорыту,қан айналу,тыныс алу,іш бездерінің жұрыс жұмыс жасауы зат алмасу ,қозғалу процестеріне жұмсалады.Қоректік заттарды ең алдымен организмін қалыпты ұстау үшін пайдаланатындығы малдың тұрақты көрсеткіші.ол малдың ірі-ұсақтығына,салмағына байланысты және оны өзгерту қиын.Ал малдың өнім түзуі үшін қажетті қоректік заттар мқлшерін өзгертуге болады.Демек мал өнімінің мөлшері азықтық заттардың қоректік мөлшерімен тікелей байланысты.Егер сиырды оның азықтық заттарды өтеу қабілетіне қарай сұрыптайтын болса оларды ең алдымен толық және саналы рационмен азықтандырып оның өнімділік мүмкіндігін барынша ашып алуымыз қажет.Өз органмизмін қалыпты ұстау үшін ғана жететін азықтық қорек алған сиырдан еш уақытта мол өнім күтуге болмайды.Сондықтанда сиырдың сүт өнімін көтере түсу үшін ең алдымен оған сапалы азықты жеткілікті түрде әр сиырға кем дегенде 4000-4500 азық өлшемі есебінен дайындауымыз керек. Екінші жағдай әр сиырдың мінез-құлқын,сүттілігін азықты өтеу қабілеті,сүтіндегі май әне беок мөлшерін біліп алған жөн. Азықты өтеу қабілетін әрбір кг сүтке қанша азық өлшемінің жұмсалғандығына қарап анықтайды.Сиырдың азыты өнімімен өтеу қабілеті берілген ақықтықтағы қоректік зат мөлшерімен ғана емес соған қоса ссиырдың тұқымқуалаушылық қабілетіне де байланысты.Мысалы ертеден сүттілігіне қарай сұрыпталып келе жатқан голланд,қара ала ,әулиеата ,данияның және қырдың қызыл сиырлары азықты мол сүтімен өтей алады. Сүттің құрамы және оның өзгергіштігі Сүт құрамының маңыздысы –майлылығы мен белогы.Оның осы құрамы жоғыралаған сайын тағамдық құндылығы да арта түседі. Сүттің майы мен белогы сиырдың тұқымына ,жасына,сауын маусымының кезеңіне ,буаздығына ,сүттілік мөлшерінің деңгейіне ,азықтандыру жағдайына ,күтіміне сауу тәсіліне және денсаулығына байланысты. СҮТТІҢ МАЙЛЫЛЫҒЫ Әр түрлі тұқым малы сүтінің майлылығы да әр түрлі.Бұл көрсеткіш бойынша кейбір тұқым малын сүті сұйық мал тобына,кейбірін орташа майлы тұқвм малына,ал үшіншісін –сүті қою,майлылығы жоғары сиырлар тобына жатқызады. Сүтінің майлылығы өте жоғары сиырлар тұқымына джерсей-6,44 ,гернзей-5,1,даттың қызыл сиыры-4,43 ,және Ресейде шығаоылған ярослав -4,13,қызыл горбатов сиыры 4,2-4,5,сібір сиыры 4,5-5 жатады. Сүті сұйыққ сиырлар тобына қара ала сиыр тұқымын 3,45,голланд 3,4 тұқымы сиырларын және т.б. жатқызуға болады.Бізде өсірілетін сиырлар тұқымының көпшілігінің сүтінің майлылығы 3,65-3,85 шамасында.Дегенмен әрбір тұқым малының арасында сүті сұйығыда,қоюыда кездеседі.Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысында сиырдың сүттілігін көздеп қана қоймай,оның сүтінің майлылығын көтеру жағын да ойластырған жөн.Сүттілік пен майлылық жақсы тұқым қуалайды.мысалы ірі қараның әулиеата тұқымының арасында өзіне тән сүттілікпен майлылық ұрпақтарына тұрақты түрде беріледі.Симментпл,қара ала тұқым және басқада тұқым мал арасынлһда жүргізілген зерттеулер арасында биологиялық-шаруашылықерекшеліктері бар сиырлар типі анықталған. Бірінші топ-сүттілігі жоғарылаған сайын сүтінің майлылығы да жоғарылайды.Мысалы Шымкент облысы Сайрам ауданындағы Свердлов атындағы колхоздың ірі қарасының арасында мұндай сиырлар 29 кездеседі. Екінші топ –сүттілігі көтерілгенімен сүтінің майлылығы өзгермейтін сиырлар.Аталған шаруашылықтың ірі қара табынында мұндай сиырлар үлесі 22-28 Үшінші топ-сүттілігі мен майлылығы көтерілген сайын сүттіліг төмендейтін сиырлар.Мұндай сиырлардың табындағы үлесі әр түрлі бағыттағы шаруашылықтарда 18-23 арасында ауытқиды. Төртінші топ-сүттілігі мен оның майлылығы арасында байланыс білінбейтін сиырлар. Осылардың ішіндн бірінші және екінші типтегі сиырларды өсіру тиімді.әсіресе,сүттілігі жоғарылаған сайын оның майлылығы да көтерілетін сиырлар тобының зор маңызы бар.Осы сиырлар арасынан келешек бұқалар анасы таңдап алынады,немес аналық ұя құрылады. Сүті және сүтінің майлылығы жоғары сиырлар арасында сұрыптау және жұп таңдау жұмысын үздіксіз жүргізе отырып оның азықтандыру жағдайын және күтімін жақсарта түсу керек. Сүт белогы Сүттің майлылығымен қатар сүттегі белоктыда көтере түзу керек.Сүт белогы негізінен ірімшік,қойытылған және құрғақ сүт даярлайтындықтан сүттің сапасы ең алдымен оның құрамындағы белок мөлшеріне де қарап анықталады. Әр түрлі тұқым сиырлары сүтінің белок мөлшері де түрліше болады.Бір тұқымға жататын сүт бағытындағы сиырлардың сүтінде азықтандыру жағдайына ,күтіміне қарап белок мөлшерінің әр түрлі болуы мүмкін.Сүттегі белок мөлшері сиырлардың тұқым қуалаушылық мүмкіндігіне де байланысты.Сондықтанда мал тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлағанда оның сүтінің белогына қарап сұрыптау жүргізуді де ескерген дұрыс. Әрине,сүті майлы тұқым сиырларының сүтінде беокта көп болады.Мұндай ерекшелік бір тұқымға жататын екі сиыр арасында болады.Сүті ,сүт майы және болыгы жағынан бұқалардың да тұқым қуалағыш қасиеттері бар.Мысалы кейбір бұқалар ұрпағынығ сүтіндегі майлылық пен белогы арасында өзара теріс байланыс бар .Ондай бұқалар ұрпағының майлылығы жоғары,белогы төмен сүт сауылады.сүттегі майллықпен белок арасында оң байланыс боса бұл көрсеткіштер бір-бірінсіз тұқым қуалай береді.демек ,сүттілікті тек қана сүтінің майлылығына қарап сұрыптау оның белогының жоғарылауына әсер етеді. Тұқым қуалаушылық мұмкіндігіне қарай мал 3 топқа бөлінеді. Бірініші топқа мал сүтінің майлылығы да белогы да жоғары.Әулиеата сиырларының арасында бұл көрсеткіш 29,ярослав сиырларының арасында 31,симментал миырларының арасында 27. Екінші топқа сиырлары сүтінің белогы төмен ,майлылығы жоғары. Үшінші топ сиырлары сүтінің майлылығы да,белогы да төмен.Аталған үш топ ішінде сүтінің майлылығы да,белогы да жоғары тобы ең жақсысы болып табылады. Сүт белогы мен сиырдан бір жылда сауылатын сүт арасында өзара теріс байланыс бар.Мысалы,сүтті сиырлар сүтінде белок аз.Өзара байланыс көрсеткіші-0,17-0,25арасында ауытқиды.Мәселен,әулиеата сиырының жылдық сүті 4200кг болғанда ,сүт белогы 3,25 ал сүттілігі 4960 кг болғанда белок мөлшері 3,15 болады.
Тұқымның әсері Сиыр тұқымдары әр түрлі табиғи және ауа райы жағдайында шығарылғандықтағі шаруашылықтық мәні бар өнімдері де әр түрлі сипатталады. 11. Әр түрлі түқым сиырлары сүтінің майлылығы мен белогының орташа корсеткіші 11. Әр түрлі түқым сиырлары сүтінің майлылығы мен белогының орташа корсеткіші
Сиыр тұқымыСүтінің майлылығы, сүт белогы, %
Қара ала сныр3.5-3,7 3,0—3,6 Қырдыц қызыл3.7—3,8 3.2-3.7 сиыры Әулиеата сиыры 3,6-3,8 3.5.-3.6 Швиц сиыры 3,6—3,8 3,5-3,6 Алатау сныры 3.7-3,9 3,4-3,6 Джерсей сиыры 4.0-4.1 3.4-3.8 Майлылығы өте жоғары сүт сүтті бағыттағы джер- сей тұқымы сиырларыиаіі сауылады. Бірақ бұл тұқым снырларьшың нәзіктігінен, сүттілігінің нашарлығынан ТМД-да көп тарамаған. Майлылығы мен белогыныц өзара байланыстығы жөнінен ярослав, әулиеата сиырлары ерекше көзге түсе- ді. Мысалы, ярослав тұқымы сиырларын өсіретін «Гор- шиха» колхозы әр сиырдан орта есеппен майлылығы 4,5—4,6% 5000 кг сүт сауған. Ал әулиеата сиырын өсі- ретін Онтүстік Казақстан облысының Свердлов колхо- зында әр сиырдан орта есеппен майлылығы 3,8% 3957 кг сүт сауылды. Кейбір шаруашылықтарда сиырдың тұқымы мен тұ- кым куалаушылық қасиетіне қарамай-ақ көп мөлшерде сүт сауылып жүр. Демек, сүтінің майлылығы мен белок мөлшерін көтеру үшін мал тұқымын асылдандыру жұ- мысын жүргізу керек. Майлылық пен белок бір тұқым малы арасында ғана емес, сонымен бірге бір сиырдың сүтінде де түрлі жағ- даиға байлаиысты әр түрлі келеді. Мысалы, бір тәулік ішінде, яғни ертеңгілік, түскі, кешкі сауылған сүттін майлылығы да, белогы да әр түрлі бола береді, кейде оның айырмасы і процентке дейін жетеді. Сүтті сиырдың сүтіндегі майлылық гіен белок мөлше- рі өзгергіш келеді деген мәлімет бар. Ал сиырдың жасы өскен сайын сүтінің майлылығы мен белогы көгі өзгер мейді. • 1 Азықтандыру жағдайы мен күтімінің әсері Тұқым қуалаушылық сиырды жақсы күтіп, құпарлы жемшөппен азықтандырғанда ғаиа әсер етеді. Сондықтан қорытылатын заттардан алыиатын энергия мал организмін толық қамтамасыз етуі керек. Мал рационындағы азықтар азык өлшемімен алған . көміртегіндік азықтардан тұрады. Олар КҮИІС малының үлкен қарнында ферменттер әсерінен глюкозаға, одан әрі ұшпалы маи қышқылына деиін ыдырайды. Бұл қышқылдар үлкен карыпда корытылып, аздаған мөлшері ғана әрі қарай жылжиды. Ал қорытылған май қышқылдары қанға қосылып организмдегі зат алмасу процесіне активті түрде қатысады.Ұшпалы май қышқылдарына сірке, пропиоп,қышқылдары жатады. Қалыптағы сірке қышқылыпың мөлшері 50-80, пропнон қышқылы 5—20% болып, олардың үлесі ас ко- рыту процесінің жүруіне байланыстн келеді. Ас қорыту процесі рационның құрамы мен типіне тікелей байланысты.Сірке қышқылы организмдегі энергияиың басты қай- нар кезі. Сірке қышқылыныц организмге қажет болуы мол сүт өндіруге жәие әсіресе, сүт майлылығыныц жо- ғары болуына әсерін тигізеді. Сірке қышқылының мөл- шері мал рационының құрамындағы ірі азықтың мөлшеріне және оның сапасына байлаиысты. Егер рационда небәрі 1—2 кг ірі азық болса, сірке қышқылыпыц концентрациясы кеміп, нропион қышқы- лы концентрациясы өседі. Мұндайда сүттің майлылығы 0,3—0,5% кемиді. Үлкен қарындағы ас қорыту процесі рационда 4—5 кг ірі азық болғанда ғапа қалыптағыдай жүреді (17— 20% клетчатка). Рациондағы 40% клетчатканы сабанмен ауыстырған- да үлкен қарындағы сірке қышқылы мөлшері және сүт- тегі майлылық та төмеидейді. Ал рациондағы клетчат- каиыц 70% сабанмен алмастырғанда сиырдыц сүті де, сүтінің майлылығы да күрт азаяды. Сүттегі майлылық біркелкі болу үшін рациоида кем дегенде 14% клетчатка болуы керек. Рациондағы клетчатка сүрлем мен пішендеме клетчаткасымеи толығады. Ал сүрлем және пішендеменің Дайындау техііологиясы бұзылса, сүрлемміц де, пішендеменің де ылғалдылығы артады, олардың құнары тө- мендеп, келетін пайда жоқтығынан сиырдың суті дс азаяды. Өте көп жем бергенде үлкем қарындағы ас корыту процссі бұзылып, сірке қышқылды ашу азаяды, пропи- он қышқылды ашу арта түседі. Себебі дәнді дакыл же- мінде углевод псн крахмал көп. Мұндай ашу сүттіцң май-лылығын төмендетіп, белок мөлшерін көтереді. Сауын сиырларына рацион жасағанда осы ерекшеліктерді ес- керген жөн. Дэнді азықтардыц үлесі көп болса, орга- низмде энергия көп бөлініп, соның әсерінен сүт мөлшері де артады. Мысалы, К. В. Куриловтың тэжірибесінде организмге бөлінетін энергияны 25% көбейткенде сиыр- дың сүттілігі 14—21 кг өскен. Бірақ маилылығы 3,4 про- центтен 3 процентке деіііи төмендеген. Сиыр денесіне май жинап, берілгеп жемді сүт майын түзуге аз пайда- ланған. Ал сүттегі майлылықтың төмендеп кетуінің та- гы бір себебі сиырлар рационында клетчаткалы жемшөп үлесі азайып кеткен. Соныц салдарынан үлкен карында- гы сірке қышқылы да азайгап. Сондықтан, сиыр сүтінің майлылыгын көтереміз деп рациондағы жемнің үлееін арттырып, ірі азықтың үлесін азайту бекер жұмыс. Мұндай жұмыстың сүттіц майлылығын төмендетіп, организмдегі калыптасқан зат алмасу процесін бұзған- нан баска пайдасы жоқ. Сиырдың жиі сауылып, сүтті көп беретін айларында энергияны азықтан 3 есе артық алуы тиіс. Сүтті сиырлардыц бүзаулаған соң сауылған сүтімен шыққаи энергиясы азықтап алынған энергиясынан көп. Бүл смырлардың сүтті көп беретін кезінде сүт тузуге шыгарған энергиясының 70—80 процентін ғана алған жемшөп эпергиясымен толтырады. Ал қалған бөлігі де недегі жиналған қордан толады. Соның салдарынан си- ырдың тірілей салмагының төмендеуі мүмкін. Сиырға жсмшөпті шамадан тыс көн бергенде қан алмасу процс- сі бұзылып, сірке қышқылы төмендейді де, сүт майлы- лығының төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан сиырға әр- бір кг сауылған сүтіне 250—300 г жем берілуі керек. Сүттің майлылығын және организмдегі энергияны камтамасыз етуде жемшөптегі майдыц орны зор. Егер сиыр рационындағы қүргақ заттардың 2,5—3% май бол- маса сүттіц майлылығы туралы сөз етуге болмайды. Үлкен қарында микрофлора әсерінен май қышқылы түзіледі. Күнбағыс, мақта, кендір сықпаларыпда май көп Бірақ жемдегі майлылық мөлшері 6 проценттеи аспауы керек. Қазіргі кезде сутініц майлылығы жоғары сиырлар- дың осы қасиетін сақтагі қалу үшін жемшөгіке натрий ацетатып, өсімдік майы мен мал майын араластырады Бұл майлардын мацызы, әсіресе, көктемде зор. Себебі кектем айларындагы балаусада клетчатка аз болады. Сүт майы мен сүттілікке рацион кұрамы мен деңгейде әсер етпей коймайды. Сауын маусымы кезінде сүтті бағыттағы сиыр рациононда 13—15% протеин болуы тиіс. Сүттілігі 2315 кг снырға кұрамында 9% протеині бар рацион жасалғанда олар тез арыктап, сүтінің май- лылығы 4—12 проценттен 3—01 процентке дейін төмен- деген. Ал кұрамыпда көн протеині бар рационға ауыс- тырғанда (18—22%) сиырдың сүттілігі жоғарылаған. Рационың кұрамында 18% протеині бар сиырлар сүт- тілігін көтере түскен, ал құрамында 14% протеині бар рационмен азыктапдырған сиырлар сүтінің майлылығы өте жоғары болған. Жем шөппен протеинді көп алған сиыр қанында мо- чевина көбейіп, депегс азот жиналған. Жаздың басында рациондагы азыктык заттар үлесі өзгерген кезде сүттің мөлшері де, оның кұрамдық сапасы да өзгеріске түседі. Көк балаусада 25% проценткс дейін протеин болса, клетчатка үлесі бар болғаны—12%. Осының салдары- нан үлкен карыпдағы сірке қышкылы азайып, сүттің майлылығы төмендейді. Суттің майлылығын көтеру және тұкымға тән деңгей- де ұстау үшін рационға клетчаткалы азық (пішен, пі- шендеме) косады. Сондыктан көктем айларына ірі азык, пішендеме сақтап, кыстаудан жайылымға шығар кезде сиыр басына тәулігіне 1-онкүндікте 5 кг пішен, немесе пішендеме, 11-опкүндікте 3 кг, ал ІП-онкүндікте 1 кг пішен, немесе пішендеме косу керек. Ерте көктемдегі азықтарда жеңіл ферменттелетін углеводтар аз болатындықтан, углевод-белок теңдігі өзгереді. Соған орай лротеиннің артығын жою үшін әр сиырға тәулігіпе І кг сірне, 3 кг картоп немесе 2 кг кы- зылша бергеп жөн. Балаусада кальции көп. Сондықтан кальций-натрий теңдігі өзгеріп, нормадағы 2:1 орнына 10:1 болып көтерілуі мүмкіи. Сиырдың іші өтіп ауырады, сөйтіп сүті төмендейді. Мұны қалпына келтіру үшін ас тұзын немесе тәулігіне әр сиырга 100—150 г фосфор беріледі. Осыған байланыс- ты рационды кұрамындағы азыктык заттардың тепе-теңдігін сақтай отырып жасау керек. Н. И. Денисов мынадай рацион ұсынады (12-табли- ца).
Жемшөпті мал құмарлана жеп, қорытуы тиіс, яғнн азықтыц тиімді болуы керек. Себебі жемшөп энергиясы организмдегі физиологиялық процестердің дұрыс жүруі- нің қайнар көзі. Қазіргі кезде мал азығы түрлі технология колданы- лып дайындалады. Оған мысал ретінде түйірленген (гранул) және түйіршіктелген азықтарды айтуға бола- ды. Аргіаныц сүттенген кезінде дайындалған түйірлен* ген азықтар сүт майлылығыныц төмендеуіне әкеп сок-» тырады. Рационында 15—17 кг сүрлем, 4 кг ірі азық және 1 кг сүтіне 300 г жем есептелінген сиырларға қарағанда 14-15 кг түйірленген азық, 1 кг жем есептелінген сиыр- лар сүтін 2,3 кг, ал сүтінің майлылығын 1% кеміткен. Өте уақталған жемшөп үлкен қарыниан жалбыршақ қарынға тез өтеді де, үлкен қарында сірке қышқылды ашу уақтылы үлгермейді. Демек, сүт майлылығының жоғарылауына ешбір негіз жоқ. Ал түйіршіктелген азық сүттің майлылығын төмендетпейді. Сонымен, сиырдыц сүттілігін сақтау, немесе арттыра тусу үшін алдын ала мол жемшөп корын жасаумен қатар, рационды азықтық заттар қатынасымен (үлесімен) теңдеп жасау қажет. Сиыр жасының сүттің майлылығына тигізетін әсері Қанніа қалыпты азықтандырып, күтіп-баққанмен сиыр жасынын да сүттіц майлы болуына әсер ететіндігі аныкталды. Алты-жеті бүзаулаған сиыр сүтінің май- лылығы келер сауын маусьгмында, өткен маусымға қарағанда 0,15—0,17 процентке төмендейді.
ТҮРЛІ тұкым сиырлары сүтінің майлылығы бір жаста темендемейді. Біреуінде ерте, біреуінде кеш төмен.Сүтінін майлылығы өте жоғары тұкым сиырлары сү- тініц майлылығының өзі де бұзаулағам сайын төмендеи- ТІНДІГІ белгілі. Бірак бір сиыр сүтіпің майлылығыньщ өзгеруінде де ешкандай заңдылык жок. Сондыктан дз сиыр сүті майлылығыиың жыл сайынғы өзгергіштігі де, оның сүрыптау жүмысындағы маңызы да жогары емес. Сүт майлылығының өзгері іштігі Бұл — сүттің майлылығын есептейтін көрсеткіш Сиырда басыңқы және басылыңкы гсн бар. Бірак сут маилылығына әсер ететім гендердің мөлшері белгісіз. Басыңкы ген басылыңқы генмен салыстырғанда пайдалы белгілердің дамуына әсер етеді. Мұндай геннің жинақталған әсері аддитивті, ал көрсеткіштің өрбуіне ықпал ететіндері адднтивтік деп аталынады. Генотииі ор түрлі малды іріктеп алғанда әр топка аддитивті өзгергіштігі бар мал жиналады. Себебі бұлгенотипте көрсеткішке ықпал ететін әр түрлі гені бар үрпақтар топтасады. Табынды сүрыптағанда сүтімін майлылығы жоғары сиырлар селекциялық ядроға альь нып, сүті сүйық, майлылығы аз сиырлар табыннан шы ғарылады. Дегенмен, өз ішінде өсіру кезінде бәрібір сүтінің майлылығы әр түрлі снырлар бола береді. Қандай та- быпда болмасын, сүт майлылығының өзгергіштігі А. П. Солдатовтыц айтқаныпдай, 5—9% арасында тер- беледі. Тұқым қуалаушылық әсерінен болса, майда генотипке қатысы жоқ, баска да жағдайлардың әсерінен езгерістердің бола беруі мүмкіп. Олар азықтандыру және күтім жағдайларына карай пайда болады. Көрсеткіштіц жалпы өзгергіштігіндей тұқым қуалаушылық өзгергіштігініц үлесіи білу үшін тұкым қуалау шылык коэффициентін қолданады. Ол бөлшек сан есебімен (нольден бүтін санға дейін % есебімен) белгіленеді. Окымыстылардың айтуынша, сүттіц сапасын (майлы- лық, белок, сусыз сүт қалдығы) анықтайтын көрсеткіш- тердш жоғары түкым куалаушылық қасиеті бар. Тұкым қуалаушылық коэффициенті генетикалык және генетикалық емес жағдайларға байланысты болғандықтан, бұл көрсеткіш тұрақты емес. Сондықтан әрбір табынның өзінің тұқым қуалаушылық коэффициентін шығарып, малды асылдандыру жұмысында батыл қолдануға болады. Сүттің мөлшсрі мен майлылығына сиырды азықтандыру және күтіп-бағумен бірге сауу технологиясы да әсер етеді. Дұрыс сауу сүтті желінен тезірек сауып алуға және сауын арасында сүттің неғұрлым тез түзілуіне әсерін тигізеді. Сауу технологиясын бұзу сүт мөлшерінің және оның майлылығының кемуіне әкеп соқтырады.
13. Сүт майлылыгынын, бслогының, сусыз, майсыз сут қалдығының түқым қуалағыштыгы Корсеткіштер Тұқым куалаушылық, % Сүттегі майлылық 60—70 Белок мөлшері 50-70 Құргак майсыз сүт қалдығы 50—70 Сауын маусымындагы сауылған сүт 30—42 Сиырды вакуумы қалыпты, сору саумы дұрыс сауын машинасымен сауу керек. Вакуум мөлшері мен сору са- ны машинаның маркасына байланысты. Сауар алдында желінді жылы (45—50°С) сумен жуу, таза кұргақ орамалмен сүрту, сондай-ақ укалау сиырдың июіне жағдай тугызады. Сиырды идіру үшін желінді жылдам жуу, тез-тез сүрту, сондай тұрғыда уқа- лау кажет. Бір сөзбен антқанда бұл жұмыстарды 40 се- кундта бітіру керек. Өйткені бұл процестер мен сауудың арасындағы үзіліс ұзарган сайын сиырдың июі бұзылып, сут толық бөлінбей, желінде калып қояды. Қысқасьі сұй- ық сүт бөлінеді де, ең майлы сүт шықпай қалады. Үйреншікті күн тәртібін бұза беру, бара-бара сүт майлылығының еиыр тұқымына сай болмауына әкеліп соқтырады. Желінді 30—60 секунд укалау сиырдың июін 16—20 процентке, сауылған сүт мөлшерін 16—23%, сүт майлы- лығын 16—22 процентке көтереді (А. П. Қокоринаның мэліметі, 1979). Машинамен сауғанда желінде сүттің бір бөлігі сауылмай қалып қояды. Сондықтан саууды аяқтар алдында тағы да уқалау керек. Ол сауылатын сүт мөлшерін 15 процентке дейін көтеріп, сүттің майлылығын 0,6—0,7 процентке жоғарылатады. Машинамен тез, 15—20 секундта сауып болған дұрыс.Желін қабынып ауырса сүт мөлшеріне де, оның са- пасына да әсер етеді. Қабынып ауырғанда сут майлы- лығы ауырған бөлшекте 0,1—0,3% ке.міп кетеді. Сауын маусымының соңында эсіресе сүт майлылығы жоғарылайтын болса, қабынып ауырған бөліктегі сүттің майлылығы төмеидеп, анырмасы 1,5—2 процентке жетеді. Егер ауырмаған бөліктегі сүттің майлылығы 4,3— 4,5% десек, қабынған бөліктегі майлылық бар болғаны 2,3—2,8%. Емделіп қалпына келгенмен, бөлік одан әрі суттің майлылығын қалпына келтіре алмайды. Желіннің кабы- нуы сүтті өндірістік жолмен өндіретін шаруашылық- тарда немесе кешендерде жиі кездсседі. Сиыр көп шоғырландырылған шаруашылықтарда әншейінде байқалмайтын желінсау ауруының жабық түрі кең тараған. Егер желіннің қабынуы салдарынан сүттің кемитінін еске алсақ, осы аурудың салдарынан шаруашылық көп зиян шегеді. Сондықтан шаруашылықтар желінсау ауруына төзімді сиырларды іріктеу жұмысына көп көңіл аударуы қажет. Сүт құрамының бір-бірімен байланыстылығы Сүттің мөлшері мен майлылығының сүттің майлылы- ғы мен белогының арасындағы байланыста маңызы зор, Сүттің мөлшері мен майлылығы арасында көбінесе теріс байланыс кездеседі. Бұл — сиырларды осы екеуінің бірі арқылы сұрыптасак, екіншісінің төмендеуіне осерін тигізеді деген сөз. Әр табында мұндай байланыс көрсеткіші (г2) әр гур- лі, яғни теріс байланыстан оң байланыска дейіи жетеді. Е. П Қарманова мен А. Е. Болгова (1980) осындай өзара байланысты қолданып, сиырларды әр түрлі типке бөлген. Біріниі тип — сүт мөлшері меп сүт майлылығы ара- сында ои байланыс бар сиырлар. Екінші тип — сол белгілер арасыида теріс байланыс бар сиырлар. . . . Үшіниі тип— сүттілік мөлшері қалай өзгерсе де сүтінің майлылығы өзгермейтін сиырлар. Төртінші тип-сүтінің мөлшеріне қарамай майлылығы өзгергіш сиырлар. Бесінщі тип-бірінші немесе екінші сауын маусымынан соң сүтінің майлылығы төмендейтін сиырлар.Бір сиырдың немесе бір табындағы сиырлардың сүттілік мөлшері мен оның майлылық арасындағы байланыс әр жылы әр түрлі келеді.Бірақ бұдан тарайтын ұрпақтарының сүттілігімен майлылығы арасындағы байланыста әр түрлі болады.Өзара байланысты қалаған бағытқаөзгертуді тек сүт мөлшері мен сүт майлылығы арасындағы байланыс ген негізінде жүзее асқан бұқаларды пайдалану жолымен жүргізуге болады.Өйткені сүт майлылығы тұқым қуалағыщ белгісі арқылы анықталады. Сүттің майлылығы мен белогы арасында 0,28-0,72 арасында тербелетін оң байланыс бар.Бірақ осы екеуінің бірін сұрыптау автоматты түрде екіншісінде көтереді деген сөз емес.Өйткені аталған оі байланыс белок мөлшерінің белгілі бір деңгейіне дейін ғана әсер ете алады.Сондықтанда әрбір табында осы көрсеткіштің тегін анықтау қажет.Содан соңғы сұрыпиау жұмысы иайлылық пен белок екуіне қатар жүргізілуі тиіс. Сүт майлылығын 1процентке көтеру белок мөлшерін 0,3 процентке жоғарлатды.
ЕТТІЛІК. ІРІ ҚАРАНЫҢ ЕТТІЛІГІ. Ірі қара етінің маңызды көрсеткіштеріне тірілей салмағы, сойыс салмағы, сойыс шығымы және таза ет мөлшері жатады. Еттің тағамдық маңызы бар. Өйткені оның құрамына белок, май, минералды заттар, витаминдердің А, Б және В тобы кіреді. Ет бұлшық еттен, сүйектен, шеміршек, без, нерв, май және шандырдан тұрады. Еттің сапасын осы айтылғандармен қатар, химиялық құрамына, қуатына (калориялылығы) қарап анықтайды. Еттің негізгі бөлігі таза бұлшық ет. Өйткені бұлшық еттің құрамында толық құнды белок болады. Ірі қара ұшасының 50-54 проценті бұлшық еттен тұрады. Ал шеміршек, сүйек, шандырдың құрамында құны төмен коллаген және эластин деген белоктар болады. Коллаген мен эластині көп сиыр етінің сапасы төмен, тағамдық құны шамалы. Май – еттің маңызды құрамының бірі, оның мөлшері малдың қоңына, жасына қарай 2 проценттен 17 процентке дейін тербеледі. Май тері астындағы ұлпаға, бұлшық еттің ара – арасына, ет талшықтарының арасына жиналады. Сүйек ұшаның орта есеппен 20 процентіндей мөлшерде болады. Арнайы етті бағыттағы тұқым малының еттілігі де, етінің сапасы да жоғары. Етті бағыттағы мал тез жетіледі және тәулігіне қосатын салмағына азықты тым аз жұмсайды. Сондай – ақ сүтті малға қарағанда сойыс шығымы да, тағамға пайдалы бөлігі де жоғары.
ЕТТІЛІКТІҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ. Малдың тірілей салмағы мен басқа да көрсеткіштері тұқым қуалайды. Бір тұқымға жататын мал арасының өзінде тұқым қуалағыш қасиетіне сай, ұрпақтарының еттілігін де және тағы басқа белгілерін де жақсарта алатын бұқалар кездеседі. Мал салмағының тұқым қуалағыш қасиеті өте күрделі өтетіндігі белгілі. Өйткені оған малдың тұқымдық қасиеті әсер етеді. Мысалы, тірілей салмағы бір – біріне ұқсамайтын малды жұптағанда салмағы орташа, бұқаға да, сиырға да ұқсамайтын ұрпақ алынады. Тірілей салмағы мен етінің сапасы арасындағы байланыс та тұқым қуалайды. Мысалы А.С. Всякихтің мәліметі бойынша қырғыз, қазақ сиырларын швиц бұқасымен жұптағанда қырғыз, қазақ сиырлары бұзауларының тірілей салмағы 19-21 кг тартса, швиц тұқымы бұзаулары 37-39 кг, ал осы екі тұқым арасынан алынған будан бұзауларының тірілей салмағы 23-28 кг тартқан. Сонымен бірге етті сиырлар ұрпақтарының ата – тегіне тән қосымша салмақ қосу мүмкіндігін бойына сіңіре алатындығы да анықталады. А.В. Черекаев тәжірибе жасап, етті бағыттағы қазақтың ақбас сиыры бұқасынан тәулігіне 870 г қосымша салмақ қосатын асыл тұқымды ұрпақ алған. Оның 12 айлығындағы салмағы 243 кг, 15 айлығында 358 кг тартқан. Ал екінші бұқа тәулігіне 570 кг салмақ қосқан. Оның ұрпағының тірілей салмағы 12 айлығында 243 кг, ал 15 айлығында 323 кг тартқан. Демек, тәулігіне қосатын қосымша салмақ қосуына қарап, ірі қара ұрпағын ерте бастан сұрыптауға болады. Бірақ бұл жұмыс бұқаны ұрпағының сапасына қарап бағалауға кедергі бола алмайды. Ет сапасының көрсеткіштері де (қуаттылығы, майының мөлшері, ет пен майдың өзара байланысы) тұқым қуалайды. Олардың тұқым қуалаушылық коэффициенттері де жоғары. Демек, осы көрсеткіші пайдаланып сұрыптау жұмысын жүргізсе табындағы мал сапасын да өзгертуге болады. Еттегі «ет көздері» ылғалдың және құрғақ зат мөлшерінің тұқым қуалаушылық коэффициенті төмен. Тұқым қуалаушылық жұмсалған азықты тәулігіне қосымша салмақ қосу мүмкіндігімен өтеу қабілетіне де әсерін тигізеді. Кейбір бұқалардың ұрпағы 1 кг қосымша салмаққа 6,8-7,2 азық өлшемін жұмсаса, басқа бұқалардың ұрпағы 8,5-8,8 азық өлшемін жұмсайды. Сондықтан ірі қараны сұрыптағанда ұрпағының тірілей салмағы және сойыс шығымы жоғары, жұмсалған азықты тәулігіне қосатын қосымша салмағымен өтей алатын бұқалар ұрпағымен іріктеп алу керек. Ірі қараның тірілей салмағы мен етінің сапасы басқа жағдайларға да байланысты. Оларға малдың жасы, жынысы, азықтандыру, күтіп – бағу жағдайлары жатады.
Мал жасының әсері Бұзаудың туғандағы салмағы мен одан әрі өсуінің арасында байланыс бар. Жас бұзауға сыртқы орта әсер етеді. Мал жасының оның еттілігіне әсер етуі денедегі түрлі тканьдер жетілуінің әр түрлілігіне, оның химиялық құрамының өзгеруіне байланысты. Өскен сайын бұзаудың алдымен сойыс шығымы өзгереді. Алғашқы алты айға дейін сойыс шығымы аз болады. Содан соң қарқындап жоғарылайды да, қартайған сайын тағы да төмендейді. Бұлшық еттің өсуі малдың жыныс белгілері жетілгенше созылады. Тез жетілетін тұқымдардың бұл уақыты 1,5-2 жасына дейін барады. Бұлшық ет салмағының артуы оның талшықтарының созылып, жуандауына және май талшықтарының оралуына байланысты. Қ.А.Акопяның мәліметі бойынша қазақтың ақбас сиыры тайыншасының бұлшық етінің өсуі 12 айлығына дейін интенсивті жүреді. Ал 12 айлығынан 2-2,5 жасына дейін тайыншаның қарқындап өсуі бәсеңдеп, бұлшық еттерінің өсуі азаяды. Одан әрі жасы өскенмен бұлшық ет дамуы осы деңгейде қалады. Мысалы, ұрғашы тайыншаның қабырға арасындағы еттің жуандығы бір жылға дейін 156% өссе, екінші жылы 26% қана, белдемесі бірінші жылы-94%, екінші жылы-9%өседі. Бұлшық еттің өсуінің өте қарқынды кезі-бұзаудың 6-9 айлық кезеңі. Содан кейін бұлшық ет өсуі саябырлап, 18айлығында қайта көтеріледі. Малдың жасы өскен сайын бұлшық ет сапасы да өзгереді. Туғаннан 18 айлығына дейін бұлшық еттегі ылғалдылық азайып, құрғақ заттар мөлшері өсе түседі және май мен протеин үлесі артады. Майдың да сапасы өзгереді. Ондағы ылғалдылық және протеин мөлшері азайып, шыны май үлесі арта түседі. В.П.Шевченконың мәліметі бойынша қара ала сиырдың жаңа туған еркек бұзаудың май тканінде 35% ылғалдылық, 16%протеин, 1% шыны май болса, 18 айлығында бұл көрсеткіштер 61,6, 19,2 және 18 процентке тең болған. Қосымша салмағын өтеу мүмкіндігі де осыларға байланысты. Мысалы, 3 айлық бұзау 1кг қосымша салмаққа 4,5 азық өлшемін жұмсаса, сақа сиырлар 9,5 азық өлешемін жұмсайды. Сондықтан, сапасы жоғары мол ет өндіру үшін жас малдың биологиялық ерекшелігін біліп, оны тиімді пайдалану керек. Ірі де салмақты 18-20 айлық мал өсіру үшін оны бұзау күнінен интенсивті өсіру қажет. Интенсивті азықтандыру экономикалық тұрғыда да өзін-өзі ақтай алады. Бір жылға дейін төлді жеткіліксіз азықтандыру малдың бұлшық еттің дамымай қатпа малға айналуына әкеп соғады. Мұндай кешеуіл қалған малдың салмағы келешек өсу кезеңдерінде де толмайды. Малдың 10 айға дейінгі өсу кезеңдерінің өзінде дене мүшелерінде үлкен өзгерістер болады. Жасы өскен сайын белгілі бір уақытқа дейін мал ұшасындағы бұлшық ет және май үлесі артып, сүйектің салыстырмалы салмағы азаяды. 18-24 айлығына дейін семіріп, салмағы 400-500 кг жетеді. 13-14 жастағы кәрі мал денесінде азотты заттар аз жиналып, майы аз, шандырдың үлесі көп болғандықтан еттің сапасы да төмен болады.
Азықтандыру деңгейінің әсері Мал денесінің өсуіне және ет сапасының жақсаруына әсер ететін жағдайлардың ең маңыздысы-азықтандыру. Н.И.Чирвинский және А.А.Малигонов жұмыстарының негізінде мал денесінің өсуі эмбриондық және эмбрионнан кейінгі кезең болып екіге бөлінеді. Осы кезеңдердің қай-қайсына болмасын азықтандыру сапасы мал денесінің өсуіне барынша әсер етеді. Азықтандыру деңгейі мен сапасы, біріншіден, бұлшық еттің және сүйектің өсуіне ықпал жасайды. Жас малдың еті, әсіресе азықтандыудың басынан соңына дейін құнарлы жемшөппен қамтамасыз етсе ғана барынша көп өседі. Толық құнды азықпен қарқынды өсіргенде 18 айлық жас малдың салмағы 450-500 кг жетеді, және сойыс шығымы да жоғары болады. Егер жас малдың бір жасына дейінгі орташа азықтандырса оның тәулігіне қосатын қосымша салмағы 300-400 грамға дейін. Сондықтан мұндай азытандыру жас малдың салмақ қосуын, ет жинауын тежеп, 1 кг қосымша салмаққа көп азық жұмсайды да, мал кеш жетіледі. Бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Қарқынды азықтандыру қорытындысында еті сапалы мал өсіреді. Еттің құрамында құрғақ заттар және май мөлшері де артады. Қарқынды өсірілген немесе жемделген малдың сыртқы және ішкі майында да ылғалдылық та, протеин де аз, ал шыны майы көп. Жаз айларында малды жайып-семірткенде тәулігіне 800-900 г қосымша салмақ алуға болады. Сондықтан да малды жайылымға жайып семірткен дұрыс. Бір центнер қосымша салмақтың өзіндің құны байлап бордақылағанда алынатын 1 ц салмақпен салыстырғанда 2-3есе арзан. Азықтандыру жағдайына, қоңдылығына қарай сойыс салмағы және түрлі мүшелерінің үлес салмағы да әр түрлі. Интенсивті бордақыланған өгізшенің 18 айдағы салмағы 450-500 кг болып, 1 кг қосымша салмаққа 7-8 азық өлшемін жұмсаса, орташа бордақыланған мал бұл салмаққа 2,5-3 жасында жетеді де, азық 2-3 есе артық жұмсалады. Сондықтан барынша мал азықтандырылған немесе қызылша сірнесі аралас сапалы ірі азық берілген малдың тәуліктік қосымша салмағы 820-830 г жетіп, жемге қойылған малдың 75 процентке дейіні жоғары қонды болады. Малдың еттілігі бордақылау мерзімінің ұзақтығына байланысты. Бордақылаудың алғашқы мерзімінде малдың салмағы тез өседі. Өйткені бұл уақытта денеге бұлшық ет, май да қосылады және ас қорыту ағзалары жемшөпке толады. Ал бордақылаудың соңғы айында қосымша салмақ азаяды. Денеге май ғана жиналып, ол аз да болса денедегі ылғалдың және протеин орнына пайдаланылады. Жоғары сапалы етті жайылымда семірген малдан алуға болады. Шөбі шүйгін жайылымда малдың бұлшық еті тез дамиды, кәрі малдың тірілей салмағы 50 процентке, жас малдың тірілей салмағы 70 процентке өсіп, еттің тағамдық қасиеті 2-3 есе артады.
Малдың тұқымы мен типінің әсері Малдың бордақылауға бейімділігі, еттің сапалығына және еттілігі малдың дене бітімі мен тұқымына да байланысты. Ерте жетілетін етті бағыттағы малдың ерекшелігі-оның таза етінің үлесі мен тағамдық құндылығы. Бір тұқымға жататын малдың еттілігімен және сойыс шығымымен ерекшеленетіндері олардың дене бітімінің типіне байланысты. Жақсы бордақыланатын мал тез жетілгіш, еті тез майланады. Өйткені мұндай малдың зат алмасу процесі баяу, шандырлары, тері асты тканьдері жақсы жетілген. Малдың жақсы бордақыланғандағы сыртқы белгілеріне: денесінің жалпақтығы, кеудесінің салыңқылығы, төсінің шығынқылығығ сирақтарының қысқалығы, сүйектерінің мықтылығы, терісінің жұмсақытығы, жақсы жетілген шандыры, басының денесіне сай, бірақ аздап қысқалығы жатады. Етті бағыттағы малдың тірілей салмағы да, сойыс шығымы да оның тұқымына байланысты. Малдың салмақты тез қосуының, сойыс шығымының жоғары болуының ерекше маңызы зор. Кеш жетілетін мал тиімсіз екендігі белгілі. Тез жетілгіштік қасиет тек асыл тұқымды малға ғана тән. Сұрыптау жұмысын дұрыс жолға қойып, малдың бұл қасиетін жақсарта түсуге болады. Тез жетілетін малға салмақытық және сойыс шығымының жоғарылығы тән. Мысалы, тез жетілетін малдың сойыс шығымы-45-50%, асыл тұқымды абердин-ангустың бұл көрсеткіші-65-70%. Малдың тез жетілгіштік қасиетіне азықтандыру жағдайы да әсер етеді. Мысалы, академик Е.Ф.Лискунның айиуынша кейбір кеш жетілетін тұқым малын бұзау күнінен ағыл-тегіл азықтандырғанда және бордақылағанда еттілігі жағынан кейбір асыл тұқымдық малдан қалыспайды. Сондай-ақ кейбір сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқым малын қарқынды өсіріп, бордақыласа, сапалы ет өндіруге болатындығы анықталды. Мысалы, симментал, қара ала, қырдың қызыл сиырларының ұрпақтарын қарқынды бордақыласа, 18-20 айлығында 400-500кг дейін тартады да, сойыс шығымы 58-60%жетеді. Бірақ етті және сүтті-етті бағыттағы малдың ұшасы етті бағыттағы малдың ұшасы етті бағыттағы малдың ұшасына қарағанда маймен жақсы қапталмаған және іш майы өте көп болады. Етті бағыттағы тұқым малының ет пен тері арасындағы, ткань шандырындағы, бұлшық еттері арасындағы, бүйрек майы, сондай-ақ іш майы да айтарлықтай, сүтті бағыттағы малдың бұлшық еті аз болғанымен іш майы көп, ал бұлшық еттер арасындағы май аз болады. Сөлекет денелі мал бордақылауға тиімсіз. Өйткені олардың етінің сапасы төмен.
Мал жынысының әсері Тартылған өгізше мен құнажынның еті әрине көп және сапалы келеді. Бордақылаған құнажынның еті жұмсақ, бұлық ет талшығы жіңішке, бұлшық ет пен талшық арасында жұқа май қабаты болады. Бірақ оларды бордақылағанда өгізшелермен салыстырғанда азық көп жұмсалады. Бірақ бордақылау мерзімі қысқа. Тартылған өгізшелер (3-6 айында) жақсы өседі. Май қабаты жақсы дамыған. Бұлшық еті де толық болады. Бұқалардың және кәрі сиырлардың етін жас мал етімен салыстыруға келмейді. Өйткені кәрі малдың еті тарамыс, құрғақ келеді. Бұлардың қосымша салмағы тартылған өгізшелердің салмағынан 10-15% артық. Сондықтан да қарқынды бордақыланған өгізшені 18 айлығында сойса, оларды тарттырудың қажеті жоқ. Дегенмен, тартылған өгізшелерді юайлап бордақылаған немесе жайылымда семірткен жөн.
ІРІ ҚАРА ЕТІНІҢ САПАСЫ Малды сойған соң ең алдымен оның еті мен май мөлшерін анықтайды. Ұшаның толықтығына мән береді. Оның морфологиялық және физико-химиялық сапасы анықталады. Өйткені морфологиялық және физико-химиялық сапасы анықталады. Өйткені малдың қоңдылығы жоғары болған сайын ұша етінің ылғалдығы азайып, майы көбейеді. Демек, ондай еттің қуаттылығы да жоғары. 16. Қоңдылығы әр түрлі мал ұшасы еттің орташа құрамы мен қуаты Ұша мен ет сапасы Малдың қоңы арық орташа семіз майлы
Морфологиялық құрамы Бұлшық ет Май Сүйек пен шеміршек Шандыр Химиялық құрамы Су Белок Май Күл 1кг қуаты (ккал)
60,0 59,7 56,6 52,1 3,5 10,3 16,1 23,0 21,6 17,5 15,7 15,1 14,3 12,3 4,5 9,6
74,1 68,3 61,6 57,5 21,0 20,0 19,2 17,7 3,8 10,7 18,3 22,9 1,1 1,9 0,9 0,9 1214 1815 2485 2856
Еттің морфологиялық және химиялық құрамы өзгерген сайын оның тағамдық қасиеті де өзгереді. Ет майдың өн бойына таралуына сәйкес ұша 15 бөлікке бөлінеді. I сорт-65,4% II сорт-32% III сорт-2,6%
ІРІ ҚАРАНЫҢ ҚОҢДЫЛЫҒЫН СЫНАУ Қоңдылық дегеніміз-денедегі бұлшық еттің өсуі және оны пайдалану мүмкіндігі, ет пен тері арасында, ішкі органдардың айналасында және ет талшықтарындағы май қабатының дамуы. Ірі қара мынадай төрт топқа бөлінеді: I. Өгіздер мен сиырлар; II.Бұқалар; III.Баспақтар; IV.14 күннен 3 айға дейінгі бұзаулар. Өгізбен сиырлар 3 категорияға бөлінеді: жоғары,орта, ортадан төмен. Бұзаулар мен бұқалар 1 және 2 болып екі категорияға бөлініп жүр. Қоңдылығы ортадан төмен малды категорияға жатқызбайды. Қоңдылығын көзбен анықтағанда талас туса, малды бақылау үшін сойып,қоңдылығын ұшасына қарап анықтайды. Жоғары сезімдік. Мұндай малдың бұлшық еті өн бойында жақсы жетілген. Денесі домаланып, жауырын, сербек, құйымшақ сүйектері білінбейді. Сан еті толық, бұлшық еттері ұршықты буынға дейін жетеді. Омыртқа сүйектері де білінбей, қолмен сипаттағанда ет пен тері арасындағы жиналған май жақсы сезіледі. Ұша түгел маймен қапталады. Шаптағы май мен ұша майы білініп тұрады. Орташа сезімдік. Малдың бұлшық еті орташа жетілген. Толыспағандық байқалады. Жауырын, сербек, құйымшақ сүйектері шығыңқы, білініп тұрады. Сан еті толық емес. Омыртқа сүйектері де білінеді. Ет пен теріарасындағы май құйрық түбінен ғана байқалады. Ұшасын қаптаған май 8-қабырғадан құйымшаққа дейін таралады. Мойынында, жауырын тұсында,қабырғаның алдыңғы бөлігінде бөлектенген май болады. Ортадан төмен сезімдік деп алдыңғы айтылған түрлеріне жатпайтын семіздікті айтады.бұлщық еттердің өспегендігі, барлық дене мүшелерінің жетілмегендігі көрініп тұрады. Жауырын, сербек, жамбас пен тоқпақ жілік байланысы,құйымшақ, омыртқалар айқын көрінеді. Сан еті босаң, жетілмеген. Ет пен тері арасында май байқалмайды. Ұшасында, сербек басында, құйымшақ сүйек арасында жұқа шандыр май болады. Ортадан төмен сезімдікке майы жоқ, бұлшық еті біршама жетілген ұша да жатады. Жас малдың семіздігі. Жас малдың семіздігі оның сыртқы пішінін көзбен көріп ажыратуға болады. Жоғары семіздік. Жас малдың денесі толық, бұлшық еті жақсы жетілген. Жауырны, жотасы, белі, белдемесі, саны жұмыр. Омыртқалары білінбейді. Ет пен тері арасындағы май қолға жақсы білінеді. Сипаған кезде құйрық түбінде, құйымшақ сүйектегі май мен өкшелердің ұма майы анық байқалады. Орташа сезімдік. Денедегі бұлшық ет орташа дамыған денесі онша жұмырланбаған, жауырын, омыртқа сүйектері аздап білінеді. Сан еті тығыз емес. Ет пен тері арасындағы май білінбейді. Бірақ құйрық түбінде қабырғаның ішкі бетінде жұқа май қабаты жатады. Жас мал ұшасының еті тығыз болса, майдың басқан баспағанына қарамастан орташа семіздікке жатқызуға әбден болады. Ортадан төмен семіздік. Бұлшық еті жақсы жетілмеген, жауырын, кеуде және омыртқа сүйектері шығып тұрады. Ет пен тері арасында май жоқ. Жас малдың семіздігіне де азықтандыру жағдайы әсер етеді өскен сайын жақсы азықтандырылып, күтімде болған мал мен арық мал арасындағы алшақтық анықтала түседі. Бұқалар семіздігіне қарай екі категорияға бөлінеді. Бірінші категорияға мойын,кеуде, белі, боксесіндегі бұлшық еттері жақсы дамыған бұқалар жатады. Екінші категорияға мойын, жауырын, сан бұлшық еттері біркелкі дамыған,бірақ босаң сүйектері білініп тұратын бұқалар жатады. Бұзаудың семіздігі де екі категорияға бөлінеді. Бірінші категорияға салмағы 30кг, сүт емген, бұлшық еті орташа бұзаулар жатады. Кеуде және бел омыртқасыаздап білініп тұрады, қабағы, қызыл иегі ақшыл. Еріндері мен таңдайы қызғылт немесе ақшыл сарғылт. Ұшасының түсі қызғылт немесе ақшыл. Бүйрегінде, белінде, қабырғасында аздаған май қабаты бар. Екінші категорияға бұлшық еттері жеткілікті дамымаған, омыртқа сүйектері шығып тұратын бұзаулар жатады. Қабағының, қызыл иегінің, ернінің түсі қызыл. Ұшасының түсі қызғылт, бүйрегінде, белінде аздап май қабатының болуы мүмкін.
ЕТТІЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ Ірі қара еттілігінің көрсеткіштеріне сойыс салмағы, сойыс шығымы, тәуліктік қосымша салмақ және етінің сапасы жатады. Тірілей салмақ таразыға тартылып анықталады. Кейбір жағдайда малдың тірілей салмағын дене өлшемдерін пайдаланып, кестемен немесе формуламен анықтауға болады. Дегенмен, бұл тәсіл тура бола бермейтіндіктен таразы жоқ кезде ғана қолдану керек. Малдың салмағын ертемен, яғни азықтандыруға дейін анықтайды. Ірі малдың бонитировкалау алдында, сиырлар салмағы сауын маусымының 2-4 айында немесе бордақылауға қояр алдында анықталады. Бұзау туғаннан соң 6 айға дейін ай сайын, одан әрі 6,12,18,24 айлығында өлшенеді. Жайып-семіртуге бөлінген малдың салмағы жайылымға шығар алдында және семіртудің соңында есептеледі. Бордақылауға қойылған малдың ай сайын кез-келген 15-20 басының салмағы өлшеніп, бордақылау қарқыны анықталады. Соның қорытындысында малдың тәуліктік салмағы шығарылады әрі малға жұмсалған азық, соған орай өсу энергиясы табылады. Соятын мал 24 сағат ашықтандырылған соң өлшенеді. Ұшасының салмағы 24 сағат сауытылғаннан кейін анықталады. Еттің сапасын ұшасының сыртындағы бұлшық ет арасына жиналған майға, шандырға және химиялық құрамына қарап анықтауға болады.
ІРІ ҚАРАНЫҢ ТЕРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САПАСЫ Ірі қараның терісі өндіріске өте қажет, бағалы шикі зат. Терінің салмағы және оның сапасы малдың өнімділігі мен тұқым ерекшелігіне байланысты келеді. Сүтті бағыттағы мал терісінің салмғы тірілей салмағының 6-8%, ал еттті бағыттағы мал терісінің салмағы тірілей салмағының 8-10% құрайды. Дене бітімі тығыз, мықты малдың дене бітімі нәзік малға қарағанда терісі жақсы болады. Терінің сапасы малдың жасына және жынысына байланысты нәрсе. Мысалы, құнажын мен тайыншаның терісі сауын сиыр терісінен жұқа. Сауын сиырдың терісі буаздығына, азықтандырудың біркелкілігіне қарай өзгеріп отырады. Кейбір жағдайда, сиыр терісінің жұмсақтығы азаяды, ол босаң, құрғақ болады. Өгіздің және ерте тартылған өгізшенің терісі сиыр терісіне қарағанда ауыр және жұмсақ келеді. Бұқа терісінің салмағы малдың тірілей салмағының 9-12% тартады. Бұзау терісі мықты. Ондай терінің салмағы туғандағы салмағының 10%, үш айлығында-8%, 12 айлығында 7% құрайды. Жеңіл өнеркәсіпте ірі қара терісінен ұлтан, арнайы техникалық заттар жасалады. Тері ГОСТ 1134-51 бойынша мына төмендегіше жіктеледі: кішкене тері(жаңа ғана туған немесе өлі туған бұзау терісі; бұзаудың жүні түлемеген терісі, сылынып алғандағы салмағы 10кг келетін тері, жүні түлер алдындағы тері); үлкен тері (құнажын мен бұқашықтың сылынып алғандағы салмағы 10-17 кг келетін терісі, терісінің жеңіл түрі-салмақтысы 13-17, орташа 17-25кг, ауыры-25кг жоғары); өгіз терісі (өгіздің жеңіл терісі-17-25 кг, ауыр терісі-25кг жоғары. Тартылмаған өгізшелер терісінің жеңілі 27-25 кг, ауыры-25 кг жоғары). Терінің сапасына мал азықтандыру жағдайы және күту де әсер етеді. Протеині жеткілікті құнарлы рационмен азықтандырылған күтімі жақсы малдың терісі жұқа, жұмсақ, мықты болады. Рацион сүрлем үшін көп болған жағдайда және ауа-райы ылғал өңірде өскен малдың терісі қалың және босаң болады. Жемшөпте минералды заттар мен витаминдердің, рацион құрамында құнарлы азықтың жетіспеуі мал терісінің өсіп-жетілуін тежейді. Жайылымда өскен малдың терісі байлауда тұрған мал терісінен жақсы болады. Сойғаннан кейін шығатын сүйек, қан, басқа да заттарды пайдаға асыратын орындар бар. Сүйектен , мысалы үшін, малға берілетін сүйек ұны дайындалады. Тағамға жарамайтын қанды кептіріп қан ұнын дайындауға болады. Қан ұнының мал азғындық қасиеті бар. Ішкі органдардың кейбір тағамға пайдаланып, қалғанынан малға азық дайындалады.
Ірі қара экономикалық және табиғи жағдайларға қарай әр түрлі бағытта өсіріледі. Егер халыққа сүт және сүт өнімдері барынша қажет болса сол аудандарда (ірі қаралар,өнеркәсібі өркендеген қыстақтар,облыс және аудан орталықтарының маңы)сүтті бағыттағы мал өсіріледі.Бұл аймақтағы шаруашылықтардың ірі қара табынында сиырдың өзіндік үлесі үлкен,сүттілігі де жоғары болады.Сүт өндіретіншаруашылықтар сатылатын сүттен пайда табады.Сүтті бағыттағы сиырлар өсіру етті бағыттағы сиырларға қарағанда интенсивті жүргізіледі.Сондықтан да азықпен,қора-жаймен барынша жақсы қамтамассыз етіледі. Сүт өндірісін шаруашылықтарда ірі қараға арнайы қора салынып,оларды Механикаландыру,электірлендіру жағы талапқа сай жүргізіледі.Жайылымы Шүйгін,суы мол аудандарда етті бағыттағы сиырлар өсіріледі.Етті бағыттағы малдан алынатын ең басты өнім-ет. Етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтардың табынындағы сиырдыңөзіндік үлесі 30% айналасында болды.Бұл аудандарда мал көбінесе табиғи азықтар мен егістік қалдықтарын пайдаланады. Сонымен қатар,кейбір сүтті бағыттағы мал өсіретін аудандарда да ет өндіруді арттыру үшін етті бағыттағы тұқым бұқалары мен сүті азсиырлар будандастырылады. Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан табиғиэкономикалық және зоотехникалық жағдайлар негіз болады. Осылардың ішінен ең маңыздысы-сол аймақта қалыптасқан экономикалық жағдайлар. Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан татигізген әсері аз.Ірі қараның адам шығарған сүтті тұқымдары азық жеткілікті және күтімі жақсы болса қай жерде де өсе береді.Сондықтан ауа райы олардың таралуына шешуші әсер ете алмайды. Зоотехникалық жағдайларға келетін болсақ,жерсіндіруге әкелген малдың сол жердегі жергілікті малды жақсартуға ұзақ уақыт пайдаланылса,оны сол ауданға жоспарлы тұқым деп есептеген жөн.Тек қана әкелінген мал сол аймаққа қалыптасқан,эконмикалық жағдайларға және сүт сауу технологиясына төзе ме,жоқ па соны ойлау керек. Мал саны зоотехникалық жұмыс үшін жеткілікті болуға тиіс.Өйткені жоспарлы тұқым малы неғұрлым көп болған сайын,оны сұрыптап,тезірек жетілдіруге жағдай да туады. Бірақ бір тұқым үстіне екінші тұқымәкеліп жерсіндірудің немесе мал санын арттырудың қажеті жоқ.Мысалы, әулиеата тұқымы өсірілетін өңірге қардың қардыі қызыл сиырын әкелуге болмайды. Әкелінсе де әулиеата тұқымына туыстық қатысы жоқ болғандықтан және санының аздығына байланысты сол өңірдегмалды жақсартатын тұқым деп тануға блмайды.Сондықтан өсірілетін тұқымды таңдау үшін алдымен оқымыстылармен, мамандармен ақылдасқан жөн. Тұқымды аудандарға жоспарлы түрде бекіту,мал тұқымының өсірудің негізі бола тұра қатып қалған заң емес.Малды жеке аудандарға жоспарлау азық өндірудің және азықтандырудың өзгеруіне,жаңа технология ендіруге,өндірісті интенсивтендіруге байланысты өзгеріп тұрады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.027 с.) |