Сиыр ұрықтандыру тәсілдері мен техникалары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сиыр ұрықтандыру тәсілдері мен техникалары

Ұрықтандыруға дені сау, жақсы өсіп-жетілген, салмағы жеткілікті, күйіне келген сиыр мен тайынша (қашар) қосылады.

Шаруашылықтарда сиыр ұрықтандырудың ең кен тараған тәсілдеріне мыналар жатады:

1. Бұқаны табында сиырмен бірге ұстау;

2. Күйлеген сиырға бұқаны жекелеп қосу;

3. Сиырды қолдан ұрықтандыру

1. Бұқаны сиырмен табында бірге ұстағанда бір маусымда бір бұқа 30-40 сиырды ұрықтандыра алады. Айтылған тәсіл, көбінесе етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтарда көп тараған.

Бұл тәсілдің қолданған шаруашылықтарда табынға бір жұмада бір бұқа қосады да, бұқаға жұмасына бір тәулік демалыс береді. Бұқаны түнге таман табыннан бөлек алып, жем беріп күтімге алады.

Қанша айтқанмен, жұмысы көп, тиімділігі аз бұл тәсіл өз маңызын жойып келешекте қолдан ұрықтандыру тәсілмен толық алмастырылуы тиіс.

2. Бұқаны жекелеп қосу. Алдынғы айтылған тәсілден артығырақ. Бұқаны табыннан бөліп ұстайды. Күйлеген сиырға жоспар бойынша алдын ала бекітілген бұқаны қосып, арнайы кітапқа тіркейді.

Бұл тәсіл кезінде тұқым мал шаруашылықтарында аса сүтті сиырларды жеке жұптастыру мақсатымен арнайы жоспар бойынша қолданылып жүреді.

Қолда ұсталатын сиырларды ұрықтандыру үшін оны арнайы станокка кіргізіп (сиыр мертікпес үшін), содан соң бұқаны қосады. Қайталап қосу 112-16 сағат өткенде ғана тиімді.

Бұқаны сиырға жекелеп қосудың артықшылығына: бұқаны пайдалану уақытының ұзара түсетіндігін, алынған бұзаудың ата-тегінің белгілі болатындығын, сиырдың бұзаулау мерзімін болжауға мүмкіндік туатының айтуға болады.

Осы тәсілмен бір бұқа жылына 150-200 сиырды ұрықтандыра алады.

3. Сиырды қолдан ұрықтандыру. Соңғы ширек ғасырдан артық уақытта уру қара шаруашылықтарында кең тараған прогрессивті тәсіл. Басқа тәсілдермен салыстырғанда көптеген артықшылығы бар. Бұл тәсілді қолданғанда әйгілі асыл тұқымды бұқа ұрығымен жүздеген, мыңдаған сиырды ұрықтандыруға болады.

Бұқа 6-8 см3 ұрық береді. Осы ұрықпен 10 сиырды қолдан ұрықтандыруға болады. Демек, жылына 2000-3000 сиыр ұрықтандыруға мүмкіндік туады.

Ал, 6-8 см3 ұрықты арнайы қосып, сұйылтса, онда бір бұқа ұрығы он мындаған сиыр ұрықтандыруға жетеді.

Сонымен, қоса айтатын жай: сиырдың қысыр қалу жағдайы азайып, бұқаны күтуге қажет шығын кемиді, асыл тұқымды бір бұқадан мыңдаған ұрпақ алуға мүмкіндік туады.

Қолдан ұрықтандыру әдістеріне: 1. Сиырдың жыныс жолын кергіш айна қолданып ұрықтандыру. 2. Моноцирвикалды әдіс ( арнайы қолқап киіп, ұрық жолы қысқа пипетканы сиырдың жыныс жолына қолмен апару); 3. Ректо-цирвикалды әдіс ( қолды сиырдың тік ішегіне сұғып, ұрық толтырылған пипетканың жатырға түсуін қолмен туралап, бақылау) жатады.

Айтылған әдістердің ішіндегі ең тиімдісі осы үшіншісі. Бұл әдіс ұрықтандыруды жүргізетін техниктің өз ісінің маманы, тәдірибелі, тыңғылықты болуын талап етеді.

Сиырдың қысыр қалу себептері.Ірі қара саныынң кемуіне сиырдың қысыр қалуы мен іш тастауының әсері зор.

Сиырдың қысыр қалуының басты басты себептері мыналар: сапасы төмен, биологиялық құны жоқ азықпен азықтандыру, малды серуенге шығармау, қораны желдетпеу, ұрықтандыруды дұрыс ұйымдастыру, бұқаның ұрығын жете тексермеу, сиырдың ұрықтанған-ұрықтанбағандығын уақытылы ( 2 ай өткен соң) тексермеу және сиырдың жыныс жолдарының ауырлығы.

Бұзаулаған сиырдың 1,0-1,5 ай өткен соң күйіті келмесе, ол сиырды мұқият тексеру қажет. Қоңы төмен болған жағдайда, азықтың мөлшері мен сапасын жақсарта түскен жөн.

Сиырларды уақытылы ұрықтандырмау олардың қысыр қалушылығын көбейте түседі.

Сиырдың күтіміне де баса назар аудару қажет. Сапасы төмен азық малдың іш тастауының бірден-бір себебі.

Сиыр күйтінің қайталану мерзімі мынадай жағдайда бұзылуы мүмкін: егер сиыр буаз болса, қысыр сиырдың жатырында сары дене сақталса, күйі төмен болса, сиырдың жатырындағы фолликула уақытылы жетілмесе, немесе жарылмаса, аналық жұмыртқада киста пайда болса.

Киста болған жағдайда фолликула жарылса да сиыр күйлей беред. Оны ұрықтандырғанмен буаздық басталмайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)