Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Асыл тұқымды еркек бұзау өсіруПоиск на нашем сайте Бұзау өсіру шаруашылықтардағы малды жылдан жылға жетілдіру, малдың сүттілігін арттыру, салмағын жоғарылату және оның тез жетілгіш қасиетін көтере түсу, сондай-ақ малдың сыртқы пішінің, дене бітімін тағы басқа көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін алдымен бұзауды дұрыс өсіру қажет. Ең алдымен, сүтті сиырлардан дені сау жақсы өскен бұзау алуды ойластырады. Одан әрі туғаннан сақа сиырға айналып, қалыптасқанға дейін оның азықты көп пайдалана алатын қабілетін баулу, дененің жақсы өсуіне әсер ететін тұқым қуалаушылық қасиетін дамыта түсу қажет. Сүтті және етті бағыттағы сиырлардың бұзаулары әр түрлі тәсілдермен өсіріледі. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқымның ұрғаы тайыншалардан зат алмасу процесі жоғары, ас қорыту, тыныс алу органдары жақсы дамыған мал өседі. Осындай азықтармен азықтандырса ұрғашы тайыншалардан зат алмасу процесі жоғары, ас қорыту, тыныс алу органдарыжаксы дамыған мал өседі. Етті бағыттағы тұқым сиырларының бұзауын интенсивті өсіру және тез жетілгіштігін арттыра түсу үшін протейн, белогы көп жемшөппен азықтандырады. Бұл жағдайды оның сүттілігі, әсіресе, бұлшық етінің өсуі тұрғысындағы тұқым қуалаушылық мүмкіншілігі ерте бастан ашыла түседі. Сондықтан, етті бағыттағы тұқым бұзауларын енесінің бауырында, жеммен қосымша азықтандыра отырып өсірген дұрыс. Бірақ көк балауса, пішен мөлшерін шектеген жөн. Етті бағыттағы тұқым малы 8 айына дейін интенсивті өсетіндіктен осы мерзімде оны толық құнды азықтармен интенсивті азықтандырады. Бір жасынан 15 айына дейін таза қанды мал да, будан мал да майы аз бұлшық ет жинайды. Сондықтан оларды осы уақытта бордақылауға қойған орынды. Уыз еметін шақ Бұзаудың уыз еметін шағы 7-10 күнге созылады.Уызды алғашқыда еміздікті ыдыспен емізеді.Содан соңғы 3-5 күн ішінде күніне 3-4 рет,1,5-2 л уыз емізеді.Жасында уызға барынша тойған бұзау жақсы өседі деген бұзаушылардың тұжырымы бар. Уызда 25-30% құрғақ қалдық,тез қорытылып,денеге тез сіңетін 20% белок,сүттегіден 2 есе көп минералды заттар,витаминдер бар.Сондай-ақ белокты фракцияларының бірі иммунды денелі глобулиннің болуы бұзаудың түрлі аурулардан қорғана алатын қасиетін асыра түседі. Уыздың қышқылдығы 50процент.Таза уызда кейбір патогенді микрофлоралар сол сәтте жоғалып,бұзауға залалын тигізе алмайды. Уыз бұзаудың ас қорыту органдарына әсер етіп,ішін жүргізеді де,ішіндегі тоңғақтан босауына себебін тигізеді.Бұзауды іш аураларынан сақтау үшін сиырды сапалы азықпенен азықтандыру қажет.Азықтың сапасы төмен болса,бұзаудың іші бұзылып,диспепсияға ұшырайды. Сондықтан жаңа туған сиырларға спалы пішен,кебек,сұлы жармасын,ал 7-8 күн өткен соң аз-аздап азықтық қызылша береді(5-7 кг). Бұзаудың диспепсияға ұшырамауы үшін алғашқы 3-5 күн енесінің уызын өзі емгені дұрыс.7-күннен бастап бұзауды жылы және құрғақ күндері аулаға серуенге,ал жазда жайылымға шығарады.Профилакторийде тазалық сақталады және бөтен адам кіргізбейді. 12-20 күн өткен соң,бұзаудың жағдайына қарай енесінің сүтін беруді тоқтатып,жасанды сүтке ауыстырады. Тіршілігінің 2-күні бұзаудың салмағын анықтап,ат қойылады,құлағына ен салып (сырға тағып,)бұзау өсіру кітабына тіркеледі. Бұзаушылардың көп жылдық тәжірибесіне қарағанда,бұзау шығынының 75% алғашқы 15-20 күнде болады.Шығынның басты себебі – іш ауруы,өкпенің қабынуы,күтімнің жоқтығы және лас уыз емуі. Бұзау ауырмас үшін бөлмедегі ауаны бірқалыпты таза және құрғақ ұстау,бұзауларды шамадан тыс тығыз ұстамау,қораға өкпек жел соқтырмау және қораның жарық болуын қадағалау қажет.
Сүт еметін кезең Бұзау өсірудің бұл кезеңінде екі түрлі,яғни сүтті қолдан емізу және теліп өсіру тәсілі қолданылады.Қолдан емізіп өсіргенде профилакторий кезеңінен соң бұзауларға құрама сүт берді (14-15).Жоспарланған тәуліктік қосымша салмағына қарай бұзауды азықтандыру кестесі жасалады (19-таблица). Тұқыммал шаруашылықтарында бұзауға 3-4 жеті таза сүт беріп,содан соң бірте-бірте көк сүтке ауыстырады.2-3 айдан соң көк сүтке толық ауыстырады да,4-5 айына дейін береді.Бұзау өсірудің осы кезеңінде Тәулігіне берілетін азықтың мөлшері(кг) Минералды заттар бор - - тұз - - Пішен сабан - - - - - - - - - - - - жоңыщқа - - 0,1 0,3 0,5 0,7 0,8 1,2 1,5 2,5 3,5 сүрлем - - - - 0,1 0,2 0,3 0,5 0,7 Балауса картоп - - - - 0,1 0,3 0,5 1,0 1,5 1,5 1,5 Тамыр түйнек - - 0,1-0,2 0,3 0,4 0,5 0,7 Құрама қоспа - - - - - - 1,4 1,6 1,5 1,2 - - - - - Жем сұлы - - 0,1-0,3 0,4 0,6 0,8 - 0,8 0,8 0,8 0,8 0,6 Сүт Көк сүт - - 0,5 3,5 5,5 4,5 2,5 Таза сүт 4,5 4,5 3,5 1,5 - Айы мен күні Он күдік 10-12 13-15 16-18 айы 200-250 кг таза сүт,400-500 кг көк сүт жұмсалады.Асыл тұқымды бұқащықтарға 300-400 кг таза сүт,500-800 кг көк сүт береді.Ал аса сүтті сиырлардың бұзауларына таза сүт,көк сүт және тағы басқа күшті азықтарды 7-8 айына дейін және көп мөлшерде беруге тура келеді.Ол үшін бұзауды жеке азықтандыру кестесі жасалынады.Мұндағы мақсат еркек бұзауды да,ұрғашы бұзауды да интенсифті өсіріп,табынға барынша ерте қосу. Бұзауды 20-25 күнінен жемге үйретеді.Алғашында әрқайсысына 50 г,ал сүт ему кезеңінің соңында 0,6-1,5 кг дейін жеткізеді.Жемнің ішіндегі жұғымдысы-сұлы жармасы,бидай кебегі және құрама жем. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқым бұзауларын әуелден-ақ балауса,пішен,сүрлем,пішендемені көптен жеуге,ал жемді аз пайдалануға үйретеді. Алғашында бұзаудың түйіліп,қақалып қалмауы үшін жемді суға араластырып,бөктіріп береді.Тегінде бұзау азықтандырудың мынадай бір көрсеткішін есте ұстаған жөн: Айы Азық мөлшері Жасы Азық мөлшері (кг) (ай) (кг) 3 12 24 8-9 4 16 28 10 5 18 30 11-12 6 20 33 13-15 7 22 35 16-18 Жаз айларында бұзауды өріске шығарып,сонда ұстаған дұрыс.Жайылым қурап кетсе,бұзау қосымша азықтандырылады.Жаз айларында 3 айлық ұрғашы бұзауға тәулігіне 0,1 кг жем,4-5 айлығында 0,5 кг,алтыайлығында 0,4 кг жем беріледі. Бұзауды балауса азыққа туғанына 10-150күн толған соң үйрете бастайды.Қызыл сәбіз бұзауға қыс айларында таптырмайтын азық.Алғашқы күндері осындай 100-200 г сәбіз жұқалап жонып беріледі де,бертін келе турап беруге болады. Алты айдан соң пішен мен сүрлемді,пішендемені қажетінше салады.Ал жазда өріс шөбіне қосымша балауса беріледі. Бұзау сілекейінен пішеннің сапасы тез төмендейтіндіктен бұзауға пішенді күнделікті жаңалап отырған орынды.Бұзау оттығына бор(3-5 г),сүйек ұны (10 г)және ас тұзы (3-5 г )салынып қойылады.Бұзау пішенге,жемге үйренген соң бор,ас тұзын азыққа араластырып та беруге болады. 4-5 айлығынан бастап әр басқа күніне 10-15 г преципитат беріледі. Бұзауды іш ауруынан сақтау үшін 3 жетіден соң ацидофильді айран,сұлыдан жасалған қойыртпа (кисель)және пішен сүзіндісін береді. Екі жетіден соң қайнаған салқын су,ал екі айлығынан бастап таза су беріледі. Профилакторий кезеңінен соң 3 айлығына дейін 5-8-ден,ал 3-5 айлығына дейін 12-18 –ден топтап ұстайды. Секцияны немесе үйшікті әрбір бұзауға 2 м есебінен жасайды.Бұзау күн сайын серуенге шығарылады.Станоктағы жемшөп оттықтарының таза болуын қадағалаған жөн. Жазда бұзауды ыстықтан,жаңбыр,желден қорғайтын көлеңке,ықтырманы қолда бар материалдан жасап алған дұрыс. Қазіргі кезде таза сүт орнына жасанды сүт (ЗЦМ) пайдаланылады.Туғанына 5 ай толған соң бұзау жынысына қарай бөлініп,бөлек бағылып,бөлек ұсталады.
Бұзауды теліп өсіру Бұзауды теліп өсіру еліміздің кейбір жерлерінде соңғы кезге дейін қолданылып келді.Ол үшін дені сау,желіні,емшегі сау,сүттілігі 2000-2500 кг сиыр бөлінеді.Бұзауды осы бөлінген сиырға туғанына 10-12 күн өткен соң телиді.Әрбір бөлінген сиыр,сүттілігіне қарай бір мезгілде 2-4 бұзау емізеді.Ондағы шарт:әрбір бұзау күніне 3,5-4 кг сүт емуі керек.Телінген бұзаулар,орта есеппен 3 ай емеді. Бөлінген сиыр маусымына 6-10 бұзау емізеді.Бір бұзау сүт ему кезеңінде 200-300 кг сүт емеді. Әрбір бұзау тобын телінген сиырдан айырған сайын сиырдың сүттілігін бақылап сауып,анықтап отырады немесе бұзауларды емгенге дейін және емгеннен кейін таразыға тартып анықтайды. Телінген сиырдан айырған соң бұзауларды топтап,қолдан емізген тәсілдегідей,станокта немесе үйшікте өсіреді.Теліп өсірудің пайдасы:бұзаудың іш ауруы азаяды және қолдан сүт беріп,өсіргенге қарағанда шығын да кемиді.Бір бұзаушы бір уақытта 45-50 бұзауға қарай алады. Бұзауды бұл тәсілмен өсіргенде табысқа жету үшін мынаны есте сақтау керек:алдымен бұзау меізетін сиырларды дұрыс таңдап алу,сүттілігіне,қоңдылығына және мінез-құлқына қарап,таңдап алған сиырларды толық құнды азықпен азықтандыру,ондағы мақсат сиырлардың дер кезінде қайталануын сақтау. Бұзауды телінген сиырларды бұзау қорамен жапсарлас қорада бөлек ұстау керек.Жазда өріске табындағы басқа да сиырлармен бірге шығарылады.Қисыны келсе мұндай сиырлар мен бұзаулар бір көлеңке-ықтырманың тандыру қажет. Бұзауды теліп өсіру сиырлардың жыл бойы біркелкі бұзаулауын қажет етеді.Ал бұзаулау жыл мезгілімен байланысты болса,бұл тәсілдің экономикалық пайдасы азая түседі. Қыс айларында бұзау телінетін сиырларды бұзауларымен қоса суық ьолсада да жарық қорада байлауда ұстайды. Бұзауды топтап ұстағанда да бұзау телінетін сиырлардың қарсы бетіне жұптайды да,емізуге жібергенде қақпаны ашады.Әр бұзау өз енесіне барады.Жазда мұндай сиырлар мен бұзаулар бір көлеңке-ықтырманын астында құрылған станоктарда болады. Бұзауларды телінген енелеріне алғашқы екі айда күніне 3 мәрте салады,содан ары күніне екі мәртеге қысқартады.Келе-келе бұзауларды балауса,пішен,жем жеуге үйретеді.Телінген сиырдан бөлген соң да бұзаулар суық қорда өсіріле береді.Бұл тәсіл дене бітімі мықты,дені сау мал өсіруге мүмкіндік береді. Еркек бұзаулардың уыз еметін шағы ұрғашы бұзау өсіргендегідей.Бірақ олрады бұзау қораға ауыстырған соң,жеке топ құрылып,арнайы азықтандыру кестесі бойынша бағып-күтіледі.Әсіресе,850-900 г тәуліктік қосымша салмақ қосып,6 айлығындағы тірілей салмағы 190 кг жететін сүт ему кестесі пайдаланылады.Бұл кесте бойынша бұзаулардың әақайсысына 400 кг дейін таза сүт,800 кг дейін көк сүт,218 кг жем,300 кг балауса,220 кг пішен беріледі. Азықтандырудың осындай түрі (еркек бұзауларға сүт пен жемді көбірек, ал балауса мен пішенді азыпақ беру)еркек бұзаулар сүйегінің мықты,бұлшық етінің тығыз болуына және жыныстық қабілетінің ерте жетілуіне әсер етеді. Таза сүтті,жасанды сүт пен көк сүтті де туғанына екі жеті толған соң 6 айлығына дейін беруге болады.Пішенді 12 күннен кейін бере бастайды.20 күннен бастап тары жармасын сүтке араластырып та, быламық жасап та беруге болады. Бір айға толған соң сәбіз бен қызылшаны жұқалап жонып беруге болады.Бір айлығы мен алты айлығының арасында әрбір азық өлшемінде 120-130 г қорытылатын протеин,ал алты айдан әрі азық өлшемінде 110-120 г қорытылатын протеин болуы керек.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |