Азықтандыру жоспары және азықтық баланс 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Азықтандыру жоспары және азықтық баланс

Мал азықтандыруды ұйымдастырғанда жан жақты ойластырып,жоспарлаудың маңызы бар.

Азықтық жоспар-шаруашылыққа қажет азықтың мөлшерін,азық өнімі есебінен және қорытылатын протеин мөлшері қолда бар нормативті пайдаланып,қажет уақытқа есептеп шығару.Ал қолда бар азық мөлшерін дайындалатын азық мөлшерімен салыстыруды азық балансы деп атайды.Азық балансын кесте түрінде жасайды.Кестенің сол жағына азықтың түр түрі бойынша қажет мөлшері,ал оң жағына азықты дайындау мүмкіндігі көрсетіледі.

Азықтандыру жоспарын екі жолмен жасайды:

1.Бір жылдық (қаңтардың басынын желтоқсанның аяғына дейін)

2.Бір жылдың егінінен екінші жылдың егініне дейін.

Бірінші жағдай әрбір малға,оның жасына,жынысына қарай жұмсалған азықты,азықтың жоспарланған мөлшерін және мал өнімінің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.Ал екінші жағдайда табиғи шабындыққа қоса,әр дақылға қажет егістік көлемін көрсетеді.

Тәжірибеде азықтың қажет мөлшерін есептеудің екі түрі қолданылады:

1.Норма бойынша бір малға қажет азықты табиғи күйінде есептеу.

2.Мал өнімінің әрбір өлшеміне жұмсалған азық өлшемін есептеу.

Азықтың қажет мөлшерін мал тобына қарай табиғи түрінде рациондағы өзіндік үлесінге қарай есептейді.Азықтың қажет мөлшерін бір жылға немесе жылдың әрбір кезеңінде ұсталатын мал санына,ал балаусаны әрбір айға есептейді.

Азық балансын жасағанда әрбір мал тобының жемшөппен (жем,пішен, сүрлем,пішендеме) қамтамасыз етілуі (% есебімен) және оның құндылығы малдың әрбір тобына азық өлшемі және протеин мөлшері есебімен есептелінеді.Сонымен бірге пішен мен сүрлемнің жылдық қажет мөлшерінің және жеке меншіктегі мал қажетінің 15-20% дейінгі сақтық қорын қоса есептейді.

Азық балансына қарап мал азықтандыру түрін және пішеннің,сүрлемнің,жемнің жылдық қордағы өзіндік үлесін анықтайды.

Сиырға пішенді тірілей салмағының әрбір 100 кг 1-1,5 кг есебінен береді.Сүттілігі 4000 кг болғанның өзінде 1кг сүтке беретін жем 1кг сүтке 350 г есебінен аспауы тиіс.Жаз кезінде табиғи және жасанды жайылымды толық пайдалану керек.

Рационның толық құндылығы құрамындағы жемшөптің әр түрлілігіне қарай толықтырылып тұруы тиіс.Сонда ғана рационда амин қышқылы,витамин,минералды заттар неғұрлым жеткілікті болады.Рационда витаминдер,минералды заттар,микроэлементтер жеткіліксіз болса,арнайы қоспалармен толықтырылып тұруы тиіс.

 

                           Сиырда қыста азықтандыру

Бузаулы сиыр толық құнды жем-шөппен азықтандырылуы керек. Мал рационы оның жалпы қажетін ақтап қана қоймай, протеинге минералды заттарға витаминге қажетін толық ақтауы тиіс.

Қыстағы рацонда жем шөптің сапасына,құрамына,әр-түрлілігіне көп көңіл бөледі.

Сиырдың сүттілігі 4000-4500кг болса,онда оған кем дегенде 15ц пішен,90-120ц сүрлем,көк балауса және 1-12ц жем дайындалуы керек. Пішеннің бұршақ тұқымдастардан,дәнді дақылдар тұқымдастардан және шабындық пішенінен,азықтық қызылшадан,жүгері сүрлемінен болғаны дұрыс.

Жем-шөпті малдың түрріне физиологиялық жағдайына,сүттілігіне қарай нормалайды.

 

                 Суалған және буаз сиырларды азықтандыру

Сиырды суалту кезеңі оның сауын маусымында төмендеген көңдылығын көтеру тірілей салмағын жоғарылату және желін функциясын қалпына келтіру үшін қажет. Суалған кезеңінде сиырды толық құнды жөмшөппен азықтандыру жолымен келер сауын маусымындағы сүттілігін де көтеруге болады. Сиырды бұзаулауына 40-60 күн қалғанда суалтады. Ол 7-10 күннің ішінде суалып болуы тиіс.

Кейбір сүтті сиырлардан бұзауларының алдында да 10-12 кг сүт суалады. Бірақ ондай сиырларды азғантай сүтіне бола суалтпай қоюға болмайды. Ол үшін сиырды азықтандыруды,күтімін және сауу кестесін өзгертіп,сауын уақытын да азацтады. Рационнан көк балаусаны жем алып тастап,берілетін пінеш мөлшерін де қысқартады. Ал жазда суалталатын болса,ондай сиырларды жайылымға аз уақытқа қана шығарып,көк балауса беруді доғара тұрады.

Егер сиырдың қоңы бұзаулау алдында төмен болса ондай малды еселеп азықтандырғанның өзінде де қоңын көтеруге немесе сүтін жоғарылатуға болмайды.

Буаз сиыр рационына бұршақ тұқымдастар пішенін,ал қыс айларына жетіспеген пішен орнына алдын ала дайындаған дәнді дақылдар сабанын немесе олардың топанын қосады.

Сиырға азықтық қызылшаның сапалы сүрлемнің жем мен минералды заттар(бор,тұз,сүйек ұны) қоспасының міндетті түрде берілуі керек.

Сиырдың әр-бір 100кг салмағына 2-2,5пішен,4-5кг балауса беріліді.

Аса сүтті сиырларға,егер сүттілігі 4500-5500 кг,салмағы 500-550кг болса,тәулігіне 8-10пішен, 5-6кг азықтық қызылша,10-15кг сүрлем,230кг жем және минералды заттар(40-50г 3кальцифосфат,100г ас тұзы және т.б)береді.

Жаз айларында буаз сиырлар өзіне қажет заттарды жайылымнан-ақ табады да,қосымша азықтандыруды қажет етпейді. Оларды тек минералды заттармен ғана қамтамасыз ету керек.

Қазіргі кездегі сутті тоқтаусыз өндіру және мал санын өз ішінде өсіру. Технологиясында әр-бір шаруашылықта буаз сиырларға бөлек цех бөлінеді. Ол цехтарда суалған,буаз сиырларды салмағына физиологиялық жағдайына,қоңына,сүттілігіне,топтастырып,азықтандырады. Бұзаулауына 15-20күн қалғанда сиырды азықтандыру мөлшерін оның жалпы жағдайына,желінің толуына қарап 25-30 процентке дейін төмендетеді. Суалған,буаз сиырлар рационында олардың іш тастауна себепші болатын шіріген,үсіген,көгерген жем-шөп болмауы тиіс.

Бұзаулауына 10-15 күн қалғанда оларды бұзаулайтын цехқа көшіреді.

 

Сауын сиырларды азықтандыру.

Жаңа бұзаулаған сиырға алғашқы күндері бұршақ,дәнді дақылдар тұқымдастар және майда пішен(тәулігіне 10-12кг) береді де,одан кейін күніне 0,5-2,5кг шөп бере бастайды.

Бұзаулауы жеңіл өткен сиырға,желіні қабынбаса 6-7күннен бастап 4-5кг азықтық қызылша береді.

Бірте бірте тамыр түйнектідер мөлшерін көбейтіп,10күндіктін соңында қажет мөлшеріне жеткізеді.

Бұзаулауының 7күнінен бастап жем береді. Тәулігіне 1-1,5кг,ал екі жеті өткен соң 4-5кг жеткізеді(1 кг сауылған сүтке 200-300г) 7-8 күнінен бастап 5-6кг сүрлем береді. Егер желіні қабынып іспесе қоңы түспесе 12 күнінен бастап сиырды толық құнды рационға ауыстырады.

Жаз айларында күн өткен соң сиырға алғашқыда күніне 8-9кг көк балауса,беріп,10 күн өткен соң күніне 30-40 кг береді. Жемді 0,5кг он күннен соң 3,5-4кг жеткізеді. Одан әрі сауын сиыр сүттілігіне, сүтінің майлылығына және салмағына қарап азықтандырады. Сауын сиыр рационында протеин жеткілікті болуы қажет. Тәулігіне сауылатын сүтінің мөлшеріне қарай 1 азық өлшеміне 100-120 г протеин де болуы керек. Сиыр сүтті болған сайын оның рационындағы протеин де көп болуы тиіс. Сауын сиыр кальций, фосфор, каратинмен жеткілікті қамтамасыз етілуі керек.

Тұзды өлшемсіз-ақ береді.

Сиыр рационы әртүрлі жемшөптен тұрып, толық құнды болуы тиіс. Жемді сиырдың сүті тәулігіне 10-15кг болса әрбір литріне 150г, 15-20кг болса 200г, 20-25кг болса – 250-300г, ал 25кг жоғары болса – 300г береді.

Шаруашылықта сауын сиырлар жоғары сапалы пішен мен, әртүрлі балауса мен азықтандырылса жем аз жұмсалады. Рационда сиырдың тірілей салмағы әрбір 100кг 4-4,3 кг құрғақ зат болуы керек.

Сауын сиыр рационында әрбір 100кг салмағына 1,5-2кг пішен, 8-10кг балауса (азықтық немесе жартылай азықтық қант қызылшасы) болғаны дұрыс.

Рацион құрамын айына 1 рет ауыстырады. Шаруашылықтарда сиырларды топтастырып азықтандырады. Ал сиыр аса сүтті болса, оған жеке рацион жасайды.

Сиырды топтастырып азықтандырғанда 1топқа сүттілігі, салмағы барынша бірдей 15сиыр таңдайды. Ал оларды жекелеп азықтандыру қажет болғанда, жемді әрқайсысына жекелеп береді де, басқа азықтардың мөлшері шамамен бірдей болады.

Ал сиырды жекелеп азықтандырғанда оларға рационды қысқа уақытқа жасап, сүтінің, салмағының өзгеруіне қарай жақсартып отырады. Рационның жан-жақтылығына, амин қышқылдары бойынша толық құндылығына көңіл аударады.

Қазіргі кезде рациондағы лизин мен триптофан мөлшеріне қарайды. Сиырдың әрбір 100кг салмағына немесе әрбір кг сүтіне тәулігіне 1г лизин, 2г триптофан беріледі. 

 

               Ірі қара азығы 

Ірі қараның өсіп-жетілуі,өнім мөлшері оның күнделікті алатын азығының мөлшері мен қуаттылығына тікелей байланысты. Малды әр түрлі сапалы және құнарлы азықпен азықтандырған жөн екендігі баршамызға белгілі.

Азықтың құнарлылығы-оның мал организміне қажет қоректік азықты өтеу қасиеті.

Азықтық заттар құрамы,қуаты және құнарлылығына қарай ірі азық пішен,сабан,топан және пішендеме,балауса,жем,басқадай азықтар болып бөлінеді. Енді осы айтылғандарға жеке-жеке қысқаша тоқталалық.

 Ірі азық тобына жататындар:пішен,сабан,топан,пішендеме. Бұларда 19-45 процентке дейін клечатка болады.

Пішен ең көп тараған азық. Оның сапасы мен құнарлылығы уақтылы шауып,желдетіп,кептіріп,жинаған мерзіміне байланысты. Бірақ көкшөпті гүлдеу кезінде шауып,жапырағы мен гүл шоқтарын түсірмен,неғүрлым қысқа мерзімде кептіріп,жинаған пішен құнды келеді. Ал пішенді жинау кезінде күн жабырлы болса,шөп арасына 1 тонна пішенге 5-8 кг есебіне тұз сепкен жөн.

Табиғи шабындықтан дайындалған пішенді өзен қойнауы шалғыны,далалық,тау етегі,орман шабындығы және батпақты көл жағасы пішені деп бөлсе, екпе өсімдіктер пішенен қызыл бас жоңышқа, еркек шөп пішені деп өсімдіктердің өз атымен айтады.

Қолда ұсталатын ірі малға пішенді күніне кг мөлшерінде дайындайды. Жылына бір сиыр үшін кем дегенде 15ц пішен дайындалады.

Сабан-топан-бидай,кара бидай,сұлы тары және бұршақты өсімдіктердің сабаны мен топаны. Құнарлығы жағынан пішеннен әлдеқайда төмен болғанымен өте қажет азық. Бір сиырға тәулігіне 7кг жылына 5ц дайындайды.

Пішендеме-өте бағалы,құнарлы азық. Құнарлылығы жағынан пішен мен сабанның аралығынан орын алады. Сүрлемге салынған азық құнарлылыгының 20-25 процентін,ал пішен дайындау,сақтау,тасымалдау кезінде құнарлылығының 10-15 процентін ғана жоғалтады.

Пішендемені шабылған өсімдіктің ылғалдылығы 30-35 процент болып,сола бастаған шағында сүрлем дайындау технологиясына сәйкес тез арада траншеяға салады. Траншеяға салынған пішендемеде органикалық қышкылдар пайда болып рН ортасы өзгереді,оның иісі мен дәмі сүрлемге ұқсай бастағанмен,құнарлығы жағынан сүрлемнен едәуір жоғары келеді.

Пішендемеден сиырға тәулігіне 20-25 кг дейін беруге болады. Оған жылына 2т пішендеме қажет.

Балауса сүрлем. Өсімдікті балауса қалпында сүрлеу оның құнарлылығының ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Сүрлемге салар өсімдіктерді турап,тығыздап басып, ауасын шығарған соң сүрлем салған траншеяны әбден бүркеп,жауып тастайды. Тығыздап жапқан сүрлемдегі қант сүт қышқылын тұзеді. Қыс айларында қуаттылығы мен құнарлалығы жоғары,өте бағалы азық.

Сүрлемге салынған массаның ылғалдылығы 60-70 процент болуы керек. 15-20 күн өткен соң сүрлемді пайдалана беруге болады. Бір сиырға тәулігіне 40кг дейін сүрлем берсе жетеді. Жылына сиыр басына 4 тонна сүрлем қажет.

Жемге қарабидай,сұлы,жүгері,бидай,тары және арпаның қалдықтары жатады. Аты аталған жемді малға түріне қарапй үгіп,жармалап,жаншып,ұндап береді.

Жас мал мен суалған сиырға 2-3 кг,сауын сиырға сүттілігінің мөлшеріне байланысты әрбір кг сүтіне 100-200г береді. Жылына сиыр басына 5ц жем дайындалады.

Тамыртүйнекте-ылғал көп болғандықтан оларды туралған пішен,сабанмен араластырып берген жөн. Сауын сиырға тәулігіне 30 кг, жылына 10-15ц тамыртүйнек қажет.

Картоп-құнды құнарлы азық. Сиырға тәулігіне 15кг,жылына-8ц кароп қажет.

Асқабақ-құнарлылығы тамыртүйнекпен бірдей. Малға турап береді.

Жайылым балаусасы-жұғысдылығы,құнарлылығы және биологиялық құндылығы өте жоғары азық. Жайылым балаусасы жұғымды да сіңімді және өте арзанға түседі. Тәулігіне сақа сиыр 70 килограмға дейін жайылым балаусасын жейді. Сондықтан да жаз айларында сиырдың жайылымда мейлінше ұзақ жайылғаны жөн.

Техникалық өндіріст қалдықтары-қант,спирт,сыра заводтарының қалдықтары,ұн,май және экстракт (шырын) сығу өндірістері қалдықтарының жағымдылығы жоғары,диеталық маңызы бар азықтық заттары.

Күнжара,шрот-өсімдік майын алу,шырын сығу өндірісінің қалдығы. Майлы.белокты азық. Рационға жетпейтін белокты толтыру үшін пайдаланы. Малға тәулігіне 4кг мөлшерінде уатып,үгітіп береді

Кебек,ұн ұлпасы-ұн жасау өндірісінің қалдығы. Құнарлылығы жоғары дәмді азық,бірақ жұғымдылығы жемнен төмен. Клечаткасы және минералды заттар үлесі жоғары. Малға тәулігіне 1 килограмнан 5 килограмға дейін береді.

Барда-сыра жаншымасы. Спирт жасау өндірісінің қалдығы. Құрамдылығы ылғалдың мөлшері 85-90 процент. Малды бордақылау кезінде құнарлылығы төмен туралған сабанмен араластырып,тәулігіне 20кг дейін береді.

Қант қызылшасының жаншымасы және меласса-қант заводы қалдығы. Мал бордақылағанда тәулігіне әр малға 20кг есебінен бере беруге болады. Сірненің бір бөлігіне 3-4 бөлік су араластырып немесе құрғақ азықпен араластырып береді.

Картоп езіндісі-крахмал өндірісінің қалдығы. Мал бордақылығында қолданылады.

Асхана қалдығы-асхана және басқадай тағам жасау орындарының қалдықтары. Құнарлығы өте жоғары. Сиырға суға салып жібітіп бөктіріп,тәулігіне 2 шелек беріледі.

Ет және сүйек үгіндісі-тәулігіне 100-200г мөлшерінде ғана беріледі.

Сүт заводы қалдықтары. Құрамында өте жоғары сапалы құнды белок,витамині бар азық. Көк сүт жас бұзау үшін ең басты азық. Көк сүт жас бұзау үшін ең басты азық. Көк сүтті бұзаудың салмағына қарай,тәулігіне 10 кг дейін беруге болады. Ацидофильді сүт бұзауға диеталық және емдік қасите бар азық ретінде беріледі.

Витаминді азықтар және қоспалар. Қылқанжапырақтылартылар және өсімдік ұнтағы,балық майы,өндіріс шығаратын витаминдер жас бұзау азығы ретінде құрама жем құрамына енеді. Сиырға қылқанжапырақтылар ұнын тәулігіне 100г,ал бұзауға 500 грамға дейін беруге болады.

Минералды қоспалар. Малдың азығында кальций,фосфор болуын бақылаған жөн. Малға ас тұзы,бор сүйек ұнтағы,преципитат,үшкальций фосфат бекітілген мөлшерде беріледі.

Азықта малға беруге даярлауға мақсат-жемшөпті бөтен қосындылардан арылту,құнарлылығын арттыра түсу.

Азықты даярлау түрлеріне-турау,жармалау,үгіту,ұндау,жаншу,ашыту,бұқтыру жатады.

Турау. Ірі азықтан көптеген қалдық (сағыр,саңылтыр) қалатындықтан,оны малға берер алдында ұсақтап тураған жөн. Турау,ұсақтау малдың азықты қорыту қабілетін арттыра түседі.

Ірі азықты ұзындығын 3-5 см етіп турап, ұсақтау оп-оңай. Картопты жуып, тазартып,шіріген тұсын алып тастап тураған жөн. Олай етпеген жағдайда сиырдың картопты бітеу жұтып,түйілетіндігі белгілі.

Сүрлемді турап та,турамай да бере беруге болады. Кейбір жағдайда сүрлемнің 100 киллограмына 1-1,5 л 10-20 проценттік аммиак суын бүркеді. Мұндай жағдай жағдайда сүрлемдегі белок мөлшері 25-30 процентке дейін жоғарылай түседі.

Үгіту. Дәнді дақылды ірі қара мал өте нашар жейді. Оны шайнамай жұтады да,дән денеде толық қорытылмай,сіңбей,сол бойы түседі. Дәннің қабығы қиын қорытылатындықтан жаншып,жармалап немесе үгіп берген жөн.

Дәнді дақылды ыстық суға,буға бұқтырып беруге де болады.

 

ІРІ ҚАРА АЗЫҚТАНДЫРУҒА ХИМИЯЛЫК ЗАТТАР ЖƏНЕ БИОПРЕПАРАТТАР КОЛДАНУ

 

Еліміздің көптеген шаруашылықтарында 1 азық өлшеміне 90-100 г протеиннің орнына 60-70 г протеині бар жемшөп дайындалады. Ал азықта протеин жетіспесе, белокқа бай химия ендірісі шығаратын азотты каллоиттарды (карбомид, бикарбонат, аммоний сульфаты, аммоний фосфаты) пайдалануға болады.

Карбомид немесе мочевина-түсі ак, иіссіз, дəмі көрмек, суда жеңіл еритін зат. Өндіріс оны үгінді (порошок) немесе туйіршік (гранула) түрінде шығарады. Малдын протеинге деген кажетінін 20-35 процентін карбомидпен қамтамасыз етуге болатындығы анықталды. Карбомидті сиырдың тəуліктік сүті 15 кг болса80-150 г, ал 19 килограмнан жоғары болса 150-200 г беруге болады. Алты айдан асқан бұзауларға тəулігіне 40-50 г, бордақыда тұрған малға 50-90 г береді. Малды карбомидке бірте-бірте 15-20 күн ішінде үйретеді.

Карбомицті жемшепке араластырып береді, суга косып беруге болмайды. Карбомидтен мал уланатындыктан оны мал корасынан аулакта сактайды. ` Карбомицтін 30-45 проценті сурлемде органикалык кышкылдарынын аммоний тұзына айналатындыгынан, сурлем дайындаганда онын 4-6 г 1 т жугері, сабан турамасына араластыруга болады. Тек қана сурлем массасында карбомидтін біркелкі араласканы дұрыс жене ондай сурлемді мал байламга толык кошкен сон береді. Карбомидтіжемшөпке де, сірнеге де, жемге де араластырып та беругеболады. Жемшепке кұраған күйіндеараластырады. Су тисе карбомидбұзылып, аммиактыниісішығады. Қазіргікездеөндірістенкарбомид концентраты шығарылады. 1 кг концентратта 0,9 азык. елшемі, 450-500 г протеин бар. Протеин жетіспегенжағдайда АКД (аминоконцентраттыкоспа) малға мынаесеппенберіледі:сиырға-600-1400 г, 2 айлық бұзауға 1 кг 300 г, бордақыланатын малға 300-500 г. АҚД малға пішен. сабан турамасына араластырылыпберіледі.

Ылғалдылығы мол азықпен (тамыртуйнек, жаңа орылған балауса) араластыруға болмайды.`

Аммоний бикарбонаты-қышқыл аммонийге тән иісті үгінді. Рационда протеин жетіспегенде ірі караға карбомид қолданылғандағыдай мөлшермен беріледі.

Аммоний сульфаты-рациоида протеин жетіспегендеқолданады. Тазаланған аммонийдің азықтықкуаты 1-2 г протеинге тең.

 

Аммонийдің фосфатты тұзы 21,2% азоттан, 23,0% фосфордан. Бұл қоспаны колданып, рациондағыазотты және фосфорлык` коспалардықалыпқа келтіруге болады.

СИЫР РАЦИОНЫНДА БЕЛОКТЫ АЗЫК КОЛДАНУ

Азықтықашытқыларды гидролиз және спирт өндірісішығарады. Құрғақ құрамында 8-10% ылғалдық, 48-52% белок және Втобындағы витаминдер бар.

Гидролиздіашыткыларалуашытқылықгрибоктардың ағаш, камыс, сабан, жугерісабағынгидролиздегендетузілетінбелокты-витаминді масса алуға негізделген.

1 кг азықтық ашытқыда 9-10 азық өлшемі, 380-400 г сінімді протеин бар.

Бұқаға және сиырға азықтық ашытқыдан 400-500г, жас малға 200-300 г, бузауға 100-200 г береді. Жас бұзауға 15 куннен соңберебастайды.

Белокты-витаминді концентраттың 50% алмастыруға келмейтін белок және 1% витаминдер. БВК-ні протеин жетіспегенде рационға қосып, малды бірте-бірте үйретеді.

БВК косу рационның толық құндылығын арттырып мал өнімін көтеруге мүмкіндік жасайды.

 

ІРІ ҚАРА АЗЫҒЫНДА ПРОТЕИН МЕН АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ АРТЫҚ БОЛУ НЕМЕСЕ ЖЕТІСПЕУ САЛДАРЫ

Белок пен протеипнің организм тканінде ерекше орын алатындығы белгілі. Азықтағы протеин жас мал денесінің өсіп жетілуіне, жарақаттанған тканьдерінің кайта жаңаруына, өнім түзуіне қажет. Барлықферменттер де, гормондар да, иммунды денелер де белоктан тұрады.

Мал өнімділігін, өсуін қамтамасыз ететін протеиннің биологиялык құндылығының маңызы зор. Азыктағы протеиннің биологиялык кұндылығы онын амин кышкылдык кұрамына байланысты. _

Амин кышқылдары мал организмінде түзілетін (аланин, глицин, аспарагин қышқылы, глутамин кышкылы, оксипролии, пролин, серин, тирозин, цистин және т. б.), түзілмейтін (лизин, метионин, триптофон, лейцин, изолейцин, треонин, гистидин, валин, аргинин) болып екіге бөлінеді.

Түзілетін амин кышкылдары мал организмінде синтезделе береді, ал тузілмейтін амин кышқылдары мал организмінде синтезделінбейді.

Күйіс малына қажет амин қышқылдарының 60 процентін үлкен қарында синтезделінетін бактериялар белогы қамтамасыз ете алады, калған 40 процентін азықтағы тағы амин қышкылдары камтамасыз етуі тиіс.

Толыкқұнсыз азыктык протеин деп кұрамында мал белогын синтездеуге кажет түзілмейтін амин қышқылдары жоқ азықтарды айтады. Түзілмейтін амин қышкылдарының жоқтығы немесе жетіспеуі малдың тәбетін төмендетіп, организмдегі азоттын теріс баланс беруіне, нерв жене фермент жуйелері, іш бездері жұмысының бұзылуына‚ кан кұрамыныңөзгеруіне әсер етеді.

Мұндай жағдайда мал организмінін зат алмасу процесі бұзылады, аурушаң келеді.

Түзілмейтін амин кышкылдары жетіспеген жағдайда кан сарысуындағы белоктардың да синтезделуі төмендейді. Сонын салдарынан тканьдегі және клеткалардағы жасампаз процестер токырап олардын организмді корғаушылыққасиеті темендейді.

Сонымен катар түзілмейтін амин қышкылдарының жетіспеуі мал өнімін кемітіп, малдың, денсаулығын төмендетеді, аурушаң етеді.

Ал рационда протеин шамадан тыс көп болса, амин кышкылдарының көптеп ыдырауына, мочевина синтезінің жоғарылап, белоктың ыдырау қалдыктарының организімінен көптеп шығуына әкеп соғады. Мұндай жағдай мал организміне әсер етпей коймайды. Мысалы жас малдын өсіп-жетілуі кешеуілдеп, сақа мал өнімі кемиді. Малдың бауырын май басып, нерв жуйесінің кызметіне, жыныс бездерінің әсер етеді және іш бездерінің жұмысы бұзылады.

Сонымен‚ рациондағы белок мөлшері белгіленген керсеткішке сай келмесе мал өнімі кеміп, салмағы азаяды, жүрісі бұзылып, буындары ауырады, нерв, кан айналу және ас қорыту жуйелерінін жұмысы бұзылып, жыныс бездерінің жұмысы да өзгереді.

Малға протеинді көп немесе аз бергенде де оларда ацетонемия ауруы козып, сиыр мен бұкалар алиментарлык плоксемия ауруына шалдғады.

Сиыр мен бұкаларды протеині жеткілікті рационмен барынша мол азыктандыру және денеге жеңіл сінетін углеводтардын (пішен, көкеніс, тамыр-туйнектер) жетіспеуі кетоз ауруына әкеп соқтырады.

Себебі протеин мен углеводтар катынасынын сакталмауы улкіен карындагы микрофлора турінің өзгеруіне, азықтың дұрыс ферменттелмеуіне, соның салдарынан протеиннің толық ыдырамауына, азыктың толык корытылмауына әкеп соғады.

Мұндай жағдайда улкен карындағы аммиакты микроорганизмдер калыптағыша сіңіре алмайды, сірке қышқылы және май қышқылы мөлшері шамадан тыс көтеріліп, углеводтар жетіспеуінен, бауырда толық тұтылмай, ацетосірке, май кышкылдарына және ацетонга айналып, мал организмі уланады да, кетоз ауруына шалдыктырады.

Азыкта май және углевод жетіспесе, ацидоз және гиперкетонемия пайда болады. Ал енді май мен углевод жетіспесе, кетон денелерін корытатын май мен углевод жетіспейді деген сөз. Демек, малдың денесінде май ыдырап, организмінде кетон кебейе түседі. Денедегі майдың ыдырауы малдын жыныс бздерінің жұмысына, витаминнің жетіснеуіне әкеп соқтырады.

Ацетонемия ауруының алдын алу ушін азыктың сапасы мен рационның толыктығына, әсіресе, ерте көктем айларында көп көңіл аудару кажет.

Азықта протеин жетіспеген жағдайда, оның қажет мөлшерінің 25 проценттейі мөлшерін рационға карбомид косып. толыктырады. Өсімдіктерде толық кұнды белоктар жоққа тән олар өнімінің калдыктарында: сүт, ет, сүйек балық ұнында жеткілікті.

 

МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖЕТІСПЕУ САЛДАРЫ

Рационда минералды заттардың жетіспеуі жас малдын дұрыс өсіп-жетілмеуіне әсер етеді. Мал өнімі нашарлап ауруға шалдыққыш болады. Сақа мал өнімі азайып, салмағы томендейді, қысыр калуы, іш тастауы жиілеп, сүйек ауруына шалдығады. Мал бір-бірін жалап, жүнін жұлып жейді, сүйек «кеміреді», табеті бұзылып, ас корыту органдары ауырады. Минералды заттар зат алмасу процесіне қатысып, малдын өніміне эсер етеді.

Мал организмінің калыптағыдай жумыс істеуіне калий, кальций, фосфор, натрий, магний, хлор, кукірт, темір және баскаларының маңызы зор.

Кальций және фосфор. Минералд заттар мал денесіндегі букіл заттардын 60-70 процентін немесе салмағының 2 процентін кұрайды. Олар ен алдымен, суйек кұрамына кіреді, нерв жуйесі мен жүрек жұмысына канның ұюына қатысы бар. Фосфордын, сонымен бірге, бұлшык еттердін кыскаруына, углеводтар мен майдың сіңуіне қатысы бар.

Рационда кальций мен фосфор, витамин жетіспесе, жас мал мешел болып, буаз және сауын сиырлар суйек аурулары – оспеопорез, остеомалация ауруларымен ауырады.

Малға кальций мен фосфор ұзак уақыт жетіспесе. денесіндегі минералды заттарды пайдаланады да, соның салдарынан салмагы төмендеп, жыныс бездерінің жұмысы өзгереді. Сондықтан рациондағы кальций мен фосфор мөлшері мен бір-біріне катынасының тиісті мөлшерде (1,5:1) болғаны жөн. Кальций өсімдіктерде шамадан тыс көп болса да магниймен қатынасын бұзады. Мұндайда денедегі зат алмасу бұзылып, қанның электролиттік кұрамы өзгереді. Сиырларда «өсімдіктен іш түйілу» деп аталатын ауру пайда болады.

Суалғаи сиыр рационында бір азык өлшеміне 8-10г кальций. 5-6гфосфор, сауылатын сиыр рационында. тиісінше 6-8 г және 4-5 г. бұзаулар рациоиында 5-10 жәие 4-8 г болғаны дұрыс.

Рационда кальций мен фосфор жетіспесе, оған сүйек ұнын,сүйек күлін, фторсыз фосфат, азықтық преципитат араластырады. Жалғыз кальций жетіспеген жағдайда бор беруге болады. Ал кальций көп, фосфор жетіспесе,рационға диаммоний, моноаммонийфосфат, динатрийфосфат қосады.

Натрий жене хлор ас тұзы кұрамындакездеседі. Тәбет шакыратын дәм береді. Натрий мен хлор жетіспесе, денедегі осмос кысымыөзгеріп, малдың тәбеті бұзылады, азыктағы май мен белок толыккорытылмай,малдың салмағы темендепәлсірейбереді.

Натрий мен хлор сауын сиыр сүтімен және термен шығып кететіндіктен, сауын сиыр мен күш-көлік малы рационында жеткілікті болғаны дұрыс. Азықты дайындау технологиясы бұзылса ондағы нитрат пен нитриттер мөлшері өзгеріп, организмге жағымсыз әсер етеді.

Сондыктан азықтағы нитрат пен нитрит мөлшері мына төмендегі мөлшердегіден артпауы тиіс (23-таблица).

Мал организміндегі натрий мен хлор антогинистер болыптабылады. Өсімдіказыктарында калий көп те, натрий аз. Сондықтанда жайылым және текдала балаусасынажайылатын малға кысы-жазы ас тұзынжалату кажет. Оны мынадаймөлшердежалаткан дұрыс (тәулігіне):

сауынсиырға 100-150 г;

суалған сиырға 80-100 г;

бұқаларға50-80 г;

бордакыланатын сақамалға 60-80 г;

жасмалға 40-50 г.

Мал рационында темір жетіспесе, гипохром анемиясы өрбиді. Рациондағы негіздердін кышкылдардаң басымырак болғаны жөн. Әйтпесе мал қан ацидозына шалдығады Денеден қышқыл-негіз тепе-тендігін сактау ушін рациондағы қышқыл жүретін фосфор, кукірт және хлор, негіз тузетін кальций, магний, натрий және калий мөлшерінен төменірек болып, олардың қатынасы 0,8-ге тең болғаны дұрыс.

Денедегі зат алмасу процесі калыптағыша жүру үшін макроэлементтермен бізге микроэлементтердің де маңызы зор. Мал денесіндегі барлык микроэлементтердін мөлшері мүлде аз. Мәселен минералды заттар массасының 0,4 процентін ғана кұрайды.

Микроэлементтердің негізгі депосы - кан, бауыр‚ бұлшық ет және ми. Микроэлементтердін кайсыбірі іш бездерінде, мысалы, йод -қалқан бездерінде, цинк —гипофизде, ұрғашы және еркек малының ұрык бездерінде, кобальт -ұлтабарда, фтор тіс сауытында жиналады.

Микроэлементтердің жетіспеуі немесе тым артык болуы малдын өсіп-жетілуіне, өнімділігіне, гармон, витамин және баскадай биологиялык активті белоктардың синтезделінуіне әсер етеді.

Микроэлементтер топыракта, табиғи суларда және өсімдіктерде кездеседі. Бұлардың, яғни микроэлементтердің ішінде организмге пайдалы және ең бастылары -йод, кобальт, мыс, марганец, цинк, селен және т.б. Аталған микроэлементтердін жетіспеуі немесе артык болуы малдың кысыр калуына, өнімінің төмендеуіне, нммундык касиетінің бұзылуына және кайсыбір аурулардың өршуіне себепші болады. Мысалы, йод жетіспесе. малдың аукесі өседі, кобальт жетіспесе-терісі курғайды, қатерлі қан аздық ауруы өршиді. Мыс жетіспесе -терісі кұрғайды, катерлі кан аздык ауруы өршиді. Мыс жетіспесе -канның түзілу процесі бұзылады, малдың табеті төмендейді, дәм сезгіш касиеті жоғалып, малдың. арткы аяғын паралич ұрады. Марганец жетіспеген жағдайда —-жыныс бездерінің жұмысы бұзылады. Микроэлементтердің шамадан тыс көп болуы да кажетсіз. Егер фтор көбейсе малдың тісі бұзылып. сүйегі ерекше өседі, молибден көп болса -мал онымен уланады. Селен артык болса мал япколозға шалдығады. Никель көп болса мал соқыр болып қалады.

Сондыктан да микроэлемент мөлшерін жоспарлағанда бекітілген мына норманы пайдаланған жөн (24- таблица)

 

Рационда витаминнің жетіспеу салдары

Денедегі зат алмасу процесіне минералды заттар секілді витаминдер де қатысады. Втиаминдер ішіне А, Д, Е, К, С, В1, В2, В3, В6, РД, В12, биотин, фолин қышқылы түрлерінің маңызы зор.

Витамин жетіспесе организм авитаминозға шалдығады. Малдың тұратын орнын дұрыс ұстамаса, олар ылғалды өкпек желді жерге тығыз тұрса, аз серуендетілсе, біртекті азықтандырылса авитаминоз ауруы өршиді.

Витаминнің жетіспеуінен жас мал көп қиындық көреді. Авитаминоз ауруы буаз, сауын малы арасында ерте көктемде кездеседі. Жаз айларында жинап үлгерген витамин қоры 2 – 3 айға ғана жетеді.

Витаминнің аздығы немесе жетіспеуі малдың қысыр қалуына, іш тастауына, малдың өсіп-жетілуін кешеуілдеуіне, ет, сүт өнімдерінің төмендеуіне себепші болады.

А витамині – өсімдіктерде, көк балаусада қолмен мыжып сықса, сары түсті жағынды болатын пигмент – каротин, немесе А провитамині түрінде кездеседі.

Каротин ас қорыту жолдарына түскен соң каротиназа ферментінің әерінен ыдырап А витаминін түзеді.

Каротин жетіспесе, малдың өсуіне кешеуілдеп, өнімділігі төмендейді, жыныс бездерінің жұмысы бұзылып аурушаң болады. Себебі бұл кезде денесіндегі иммундық қасиет төмендеп белоктың, майдың, углеводтың қорытылуы бұзылады.

Сондықтан малға берілетін азықтың әрбір 100 килограмындағы оның мөлшері (мг есебімен) мынандай болуға тиіс:

                     суалған сиыр рационда 60 – 80;

                     сауын сиыры рационында 50 – 80;

                     бұқалар рационында 50 – 80;

6 айлық бұқалар рационында 70 – 80.

Әйтпесе бауырдағы гликоген азайып, каротин ауруының пайда болуы мүмкін.

Малды А витаминімен қамтамасыз ету үшін жайылым шөбі мен көк балаусаның орны бөлек. Ал қыс айларында дер кезінде жиналып, сапасын сақтаған пішендеме, сапалы сүрлем, сәбіз, асқабақ, жүгері және т.б. өсімдіктерде көп болады.

Д витамині. Фосфор мен кальцийдің зат алмасу процесіне қатысы бар. Организмде Д витамині жетіспесе, минерал алмасуы бұзылып, қандағы қалпы мен фосфор азаяды. Соның салдарынан сүйектің өсуі кешеуілдеп, қатаюы төмендейді. Д витамині – көкөніс, көк балаусада көп және ультракүлгін сәуле әсерімен күннің күлгін сәулесінен пайда болады.

Е витамині – еркек мал мен ұрғашы малдың жыныс бездері жұмысының және нерв жүйесі жұмысының бұзылуына жол бермейді.

Еркек мал рационында Е витамині жетіспесе спермогенездің бұзылуына, еркек малдың жыныстық рефлексінің жойылуына әкеліп соқтырады.

Ұрғашы мал денесінде ұрық өспей, өз бетімен сіңіп кетеді, немесе мал іш тастайды.

Е витаминімен толық қамтамасыз ету үшін жазда көк балауса, көкөніс, қыста дәнді дақылдар жем береді. Жоңышқа дайындайды, т.б.

В тобының витаминдері. Бұл топқа В1, В2, В3, В6, РР, биотин, фолин қышқылы, В12 кіреді. В тобының витаминінің жетіспеуіне бұзау сезімтал. Сондықтан бұзау рационына жем, кебек, көкөніс, тамыртүйнектілер, көк сүт, синтетикалық препараттар қозады.

С витамині – қан жаңарту, жыныс бездері жұмысына және т.б. процестерге әсер етеді. Өсімдіктерде синтезделеді.

С витаминінің жетіспеуін малдың шарщағыштығынан, тамыр соғысының жиілеуінен, аурушаң бола бастағанынан білуге болады.

Толық қамтамасыз ету үшін рационға көкөніс, сапалы пішен, картоп, тамыртүйнектілер, қарағай шырпысын қосады.

 

Ірі қараны күтіп-бағу және ұйымдастыру.

Шаруашылықтардың құрылымы мен бағытына қарай ірі қараны бағып – күту бір орында ұстап бағып – күту, байламай күту және байламай бокстарда ұстау болып бөлінеді. Бұл тәсілдер қыстық және жаздық болып айырылады. Ірі қараны жаздыкүндері лагерде байлауда ұстап бағып – күту және жайылымда күту тәсілдері де қолданылады.

  Жерінің барлығы дерлік жырытлып, жер өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілетін шаруашылықтарда және кешендерде сиыр дыл бойы байлауда ұсталып, азықтандырылады.

Малды байлап ұстау. Бұл тәсіл сүтті бағыттағы шаруашылықтарда кеңінен пайдаланылады. Ірі қараны байлап ұстағанда әрбір сиырдың немесе құнажынның өз орны, азықтандыратын астауы, автоматты суаты болады.

Тұрған орнының үстіңгі жағына әр малдың жеке номері, аты, өнім деңгейі және тәуліктік рационы көрсетілген тақтайша ілінеді.

Азықты тракторға тіркелген механизммен таратады.

Байлап ұстаудың артықшылығы малды сүтейте сауу үшін жекелеп азықтандыруға ыңғайлы. Малдың денесі, сауылған сүті таза болуы үшін олардың астына сабан, ағаш үгіндісі, торф төселеді.

    Сиырдың сауар алдында желінін жылы сумен жуып, таза орамалмен құрғата сүртеді. Сиырдың орнын күнделікті тазалап, 3 – 4 сағат серуендетеді. Арнайы жүру жолы белгіленіп, оның орта шегіне қойылған астауға азық салынады. Соның арқасында мал серуендеуге тез дағдыланады.

    Сиыр тұратын қора зоогигиеналық шаршшарға, байлауда ұстауға, өндіріс процестерін жан – жақты механикаландыруға ыңғайлы болуы тиіс. Осындай шаруашылықтарда немесе үлкен кешендерде сауыншылардың еңбегін 2 – 3 кезекпен ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Еңбекті екі кезекпен ұйымдастырғанда, әр кезекте тәулігіне 7 – 8 сағаттан келетіндіктен еңбекті прогрессивтік тұрғыда ұйымдастыру болып саналады.

   Әрбір фермада жұмысшылардың сиырды сауу, азықтандыру жиілігінде және мал өнімін өндіру процесін механикаландыру деңгейіне, малды бағып-күту тәсіліне қарай жасалған жұмыс кестесі болады. Мал өнімін өндіруді өндірістік жолға көшіру фермаларды техникамен толықтыруды және технологиялық прцестерді қайта құруды талап етті. Мысалы, еңбекті екі кезекпен ұйымдастыру жұмысшылардың еңбегін жеңілдетуге, техниканы дұрыс пайдаланумен бірге, еңбек қарқынын арттырып, уақытылы демалуына жағдай тудырды. 

Малды байламай ұстау тәсілін екіге бөлуге болады. Оның бірі – малдың барлығына жалпы төсеніш төсеп, байламай ұстау, екіншісі – сүтті өндірістік жолмен өндіретін шаруашылықтарында қолданылып жүр.

Малды байламай ұстау тәсілін қолдану үшін мына шарттарды орындау қажет: өнімнің деңгейіне сәйкес даралап азықтандыру үшін қажет әр түрлі азықтың жеткілікті болуы, малды жете күтіп-бағу үшін, оларды жасына, физиологиялық жағдайына, өнім деңгейіне сәйкес топтау, сиыр саууды дұрыс ұйымдастыру.

 

25. Сауын сиырларын күтіп-бағудың екі кезектік жұмыс күнінің жобасы.

 

                                                                              Жұмыстың

         Жұмыстың түрі                 басталуы аяқталуы  уақыты

 

Бірінші кезек

Сиырды азықтандыру 5                6                 1

Сиырды саууға дайындау және сауу 6                8                 2

Сиырды азықтандыру 8                9                 1

Сиырды тазалау және серуендету 9               10                1

Сауыншылардың үзілісі  10             11                1

Қора тазалау 11             12                1

Жаңадан бұзаулаған сиырларды және

аса сүтті сиырларды сауу 12             13                1

 

    Барлығы                       8 сағат

Екінші кезек

Балауса азық тарату 15             16                 1

Сиырды байлау және жем тарату 16             18                 2

Сиырды саууға дайындау және сауу 18             20                 2

Ірі азық тарату 20             22                 1

     Қора тазалау 21             22                 1

 

                                                                                 Барлығы            7 сағат

 

Оңтүстік Қазақстан облысы «Победа» колхозында 480 сиыр дұрыс байланбай, боксті қорада ұсталып, күтіп-бағылады. Сауылып, сүт өндіріледі. Бұл шаруашылық сиырды дұрыс күтіп, азықтандыру әр сиырдан орта есеппен 3850 кг сүт сауады.

Алматы облысының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы колхозында сиырды әрбір сауыншы бойынша топтастырып ұстайды. Ал азық тракторға тіркелегн таратқышпен таралытылады. Малды байламай ұстағанда олар серуендеу алаңындағы азыққа ( пішен, балауса ) өз бетімен келеді. Бірақ оларға жем мен тамыртүйнектілер нормамен ғана салынады. Әр малдың азықтану алаңы кем дегенде 0,5 м болуы керек.

Байлаусыз ұсталатын кешендерде сиырлар жылына 1-2 мәрте ауыстырылатын, қалың төсеніште жатады да, төсеніштің үстіне күнделікті жаңадан сабан төселеді. Ал байлаусыз бокстер кешендерінде мал арнайы бокстерде жатады.

Бокстың ені – 1,1 – 1,2 м, ұзындығы – 2-2,2 м. Боксті кешендердің еденді қи жолынан 20 см биік орналасады да малдың денесі таза болады.

Байлаусыз ұстайтын қораның аумағы әрбір малға 4-5 м2 келеді. Ал мал қораның ішінде азықтанса әр сиырға 5-7 м2, әрбір жас малға 2,5 м2, ал әрбір сақа малға 3 м2 есептелінеді. Мал серуендеп, азықтанатын алаң әр сиырға 16 м2, жас малға 10 м2 есебімен жасалынады.

Төсеніш әрбір малға тәулігіне 3-4 кг есебінендайындалады.

Жазғы уақытта етті бағыттағы малды жайылымда ұстайды.

Байламай ұстау сиырдың желінін, тұяғын, мүйізін уақтылы қарап отыруды және сиырлардың желініндегі жасырын желінсауды дер кезінде байқап емдеуді талап етеді.

Сиырларды арнайы сауын орнында бір уақытта сауады. Жаңа бұзаулаған және алғаш бұзаулаған тұмса сиырларды үш мәрте сүтейте сауады.

Етті бағыттағы мал фермаларында сиырларды елу-елуден топтап, бұзауымен бірге ұстайды. Қыстағы күтім және азықтандыру товарлы сүт фермасындағы сиырларды азықтандырып күткендегідей.

  Сиыр ұстайтын қора мезгіл-мезгіл тазаланып, дезинфекцияланып тұрады.       Сиыр бір-бірден сүзіп, жараламауы үшін және табын жаңартуға алып қалған құнажындар мүйізінің ұшын кесіп тастайды.

 

 

Малды жыл бойы байлауда және байлап , лагерьде ұстау тәсілдері. Жазғы уақытта шаруашылық орналасқан аймақтың табиғи экономиялық жағдайына қарай азықтандыру мен бағып-күтудің әр түрлі тәсілі қолданылады.

              Жерді интенсивті пайдаланатын шаруашылықтарда жыл бойы сиырды байлауда ұстап бағып-күтеді.

              Малды толық құнды рационмен азықтандыру және балаусамен қамтамасыз ету үшін егіс айналымында жасыл конвейер ескеріліп,оған бір жылдық және көп жылдық сиыржоңышқа мен сұлы қоспасы,дәнді дақыл мен бұршақ тектілер аралас егіледі.

              Шауып алынған балауса оттыққа салып беріледі.Рационға жем қосуды да естен шығармау керек.Қала маңындағы шаруашылықтарда тамақ өнеркәсібінің қалдығы,сыра жаншымасы, спирт заводының қалдығы пайдаланылады.

              Жыл бойы байлауда ұстағанда малдың өз ішінде өсу мүмкіншілігіне көп көңіл бөлу қажет.Себебі малды аз серуендету оның жыныстық белгілерінің бәсеңсуіне әкеп соғады.Малшы абай болмаса,сиырдың қысыр қалуы мүмкін.

              Табиғи немесе жасанды жайылымға бай шаруашылықтарда сиырды жайып бағу-байлап ұстау тәсілі қолданылады.Жайылымда ұстағанда балаусамен және жеммен қосымша азықтандырады.

              Малдың жазғы лагерін жайылымға жақын,қыраттау жерге ыңғайлау керек.Малға қалқа ,қыраттау жерге ыңғайлау керек.Малға қалқа,ықтырма жасалынып,сауын орны даярланады.Сиырлар жылжымалы сауын қондырғысымен сауылады.

              Жайылымда ұстау.Мал өнімінің жоғарлауына жайылымның әсері зор.Көк шөп – таптырмайтын азық және оған уақытылы орылған бұршақ тұқымдастар араластырылып берілсе малдың физиологиялық талабына толық сәйкес келеді де, өнімділігін көтере түседі.

              Мұндай азықтағы протеин 15%, белок,шикі май 45%,азотсыз эстрактивті заттар 32-55%, оның ішінде қант 15%, күл 8%. 1кг дәнді дақыл-бұршақ тұқымдас азықтың құндылығы 1 азық өлщеміне тең.Органикалық заттардың қорытылуы – 75% ,протеин қатынасы – 1,2.

              Малды жайылымға шығарарда алдын-ала жайылымды, суатты көріп,тазартып ,жайылымның мал дәрігерлік-санитарлық жағдайын тексереді.

              Малдың мал дәрігерлік жағдайын көріп, тұяғы тексеріледі.өсіп кетсе қиып, жоғалған жеке номері жаңаланады, мүйізінің ұшы қиылады.

              Жайылым жақсы болса ,мал құнарлығы жағынан таптырмайтын азық жейді.Жайылымдағы мал сергіп, денсаулығы нығаяды, өнім артып, жыныстық қызметі жақсарады.Малды жайылымға бірте-бірте үйретеді.Қасқы рационына қарай мал жайылымға 1 – 2 жеті ішінде толық аударылады.Егер мал рационында күшті де сіңімді белокты азық көп болса , екі жеті ішінде , ал рационда тамыртүйнектілер, сапалы сүрлем көп болса , бір жеті ішінде ауыстыруға болады.

              Жайылымға көшірудің алғашқы күндері сиырға алдын-ала пішен беріп, 3 -4 сағат жаяды.Әйтпесе, ашыққан мал жайылым балаусасын қомағайланып жейді де,іші бұзылады немесе іші кебеді.

              Байлаудан жайылымға көшіргенде сиыр рационында 1 – 2 кг пішен немесе сабан, әйтпесе 5 – 6 кг сүрлем ,3 -4 кг пішендеме болуы керек.

              Мұндай қосымша азықтандыру малды клетчаткалы,құрғақ заттармен толық қамтамасыз етеді де,ас қорыту процеінің қалырты жүруіне, сүт майлылығының кемімеуіне әсерін тигізеді.

              Малды минералды заттармен (магний ,ас тұзы ,кобальт ,цинк ) қамтамасыз етуді де естен шығармау керек.Одан әрі жайылым шөбі жеткіліктіболса, малды жайылымға жаюды ұзарта түсіп, қосымша азық мөлшерін азайтады.

              Сиырды тәулігіне кем дегенде 10 – 12 сағат жайған дұрыс.Ол үшін малды жайылымда күннің салқын кезеңінде ертеңгілік және кешкілік ,ал тым ыстық кезде түнде де жоюға болады.

              Малды жайылымда ұстау үшін әрбір шаруашылықта жан жақты доспар жасалынады.Ол жоспарда жайылым көлемі,жайылым шөбінің түсімі табынға жаз бойы қажетті балауса мөлшері және сиырларды азықтандыруға ай сайынғы қажет қосымша азық түрлері мен мөлшері корсетіледі.

              Малдың жайылым азығынан қажет мөлшері оның сүттілігі мен тірілей салмағына қарай есептелінеді.

 

 

                        26.Әр малға қажет балауса мөлшері

                Мал тобы       Тәулігіне қажет мөлщері,кг

Бұқалар

Сиырлар (суалған буаз сиырлар,құнажындар және сүттілігі 8 кг дейінгі сиырлар)

сүттілігі 10 – 12 кг

 -»-  14 – 16 кг        

 -»- 18 – 20 және одан да жоғары 

Бір жастан асқан жас мал        

Бір жасқа дейінгі жас мал                             30-40

 

 

                 40-45 кг

                 45-55 кг

                 55-65 кг

                 65-70 кг

                 30-35 кг

                 18-20 кг

        

Жайылымның түсімін анықтау үшін екі-үш орыннан белгіленген бір гектар жерден 5-6 шаршы метр жайылым шөбін орып,есептейді.Ал, мал пайдаланағн балауса мөлшерін сондай типтес шабындықтың түсіміне қарап та есептеуге мүмкіндік бар.Естен шығармайтын жай жайылым түсімі шабындық түсіміне қарағанда 15 -20% кем болады.

              Пішенді балауса масасына аударғанда мынадай коэффициенттер пайдаланылады: қыраттағы жайылым шөбін орып, есептейді.Ал, мал пайдаланған балаусасы – 2,5 – 3,5,орман арасы, ойпандағы ылғады жер жайылымы -3,5 – 4,5, балаусасы көбу жайылым-20 – 30.Орманды-далалы аймақта өте ылғал жайылым 3,0 – 4,0.Мысалы, қолда бар пішен массасын осы қажет коэффициентке көбейтіп, балауса массасын табуға болады.

              Шөбі шүйген жасанды жайылымның мал пайдаланатын мөлшері табиғи жайылымда 80 – 85% шөбі жақсы жайылымда- 70 -80%, сапасы орташа болғанда -70 - 75%, ал сапасы нашар жайылымда-55 – 60%.

              Балауса мөлшерін қолма-қол анықтай алмайтын жағдайда,сиырлардың өткен жылдың сол айларындағы сүттілігіне қарап та есептеуге болады.Ол үшін мына нормативті пайдаланады:қосымша азықтандырылмай жайылым балаусасына ғана жайылған салмағы 400 кг, тәуліктік сүті 6 л сиыр күніне 30 - 35 кг балауса, ал тәуліктік сүті 4 кг болса,25 – 30 кг балауса жейді.

              Мұндай жағдайда балаусаның ай сайынғы түсімін шығару үшін бір сиырдың бір күнде пайдаланған жерін сиырдың барлық басына және сол айдағы күнге көбейтеді.

              Жайылымның 1 гектарынан алынған мөлшерін қайыра есептеп анықтауға да болады. Ол үшін 1 кг сүтке жұмсалған азық өлшемін шығару керек.Сондықтан да осы алқапты пайдаланған күнді сол күндері сауылған барлық сүтке көбейтеді.Шыққан санын тәуліктік сүтке бөледі.Міне, осы сан азық өлшемі болып табылады.

              Химиялық анализ негізінде 1 кг балаусаның құнарлығын да анықтауға болады.Тәулігіне сауылған сүтке шыққан азық өлшемінің барлығын балаусаның құнарлығына бөлу керек.Шыққан сан айдаланылған балауса мөлшері деген сөз.Әрбір шаруашылықта сонымен қатар жайылым сыйымдылығын анықтайды.Егер жайылым толығымен толмаса оталмай қалған шөп өсіп,қатаяды да малдың тұяғымен тапталып,қайта өсетін шөпке кедергі болады.Ал жайылым шамадан тыс толса,мал тұяғымен қазылып,келер жылдары түсімі азаяды.Мал қоршалған айылымдажайылса,балауса тапталмай,тамыры қопарылмай,толық пайдаланылады.Табында 100 сиыр болса,түсімі орташа жайылымның 10 – 12 гектары,ал түсімі жоғары болса немесе жасанды жайылымның 5 – 10 гектары,орман жайылымының 20 – 30 гектары жеткілікі.

Жайылымы толық пайдалануды жайылым маусымында 1 га жайылымды пайдаланатын мал санын мына формуланы пайдаланып анықтауға болады (Мс – 1 гектар жайылымдағы мал басы).

                                       Мс-Т/(Б.Н):

              Т – сол кездегі балауса массасының түсімі, кг/га;

              Б – бір малдың тәулігіне алған мөлшері, кг;

              Н – жайылымды пайдаланатын күн саны.

              Мысалы 1 га түсімі 150 ц, бір сиырға қажет балауса 40 кг, жайылым уақыты – 15 күн. Формула бойынша жайылым сыйымдылығы 250 ірі қара.

              Сиырды балаусамен үздіксіз азықтандыру үшін және кездейсоқ жағдайлардың алдын алу үшін әрбір шаруашылықта жемшөптің сақтық қоры болғаны жөн.Сақтық қоры балаусаның қажет мөлшерінің 10 – 15%болуы керек.

              Сиырдың жазғы рационында фосфор мен кальций жетіспейді.Егер сиырдың салмағы 500 кг ,сүттілігі 15 -16 кг,сүтінін майлылығы 3,9 – 4,0 % болса,12,4 – 12,6 азық өлшемі, 1400 гсіңімді протеин ,90 г кальций,50 г фосфор,500 мг каротин болуы тиіс немесе 80 динатрий Фосфат қосса, рациондағы фосфор мөлшері қалпына келеді.

                           

 

                      27.Сиыр рационы ( А.П.Солдатов мәліметі )

 

Азық

    Азық массасы

,кг

                Рациондық мөлшері

               азық өлшемі протеин Са , г   Р, г    каротин ,

мг

Жайылым шөбі

Балауса

Арпа жармасы

Ас тұзы

Динатрий фосфат

(құрамында 21 гфосфат)  45

2,5

0,285

 

 

0,08 8,1

1,7

2,82

-

 

 

- 920

270

222

-

 

 

- 67

21

2

-

 

 

- 30

8

6

-

 

 

- 350

990

-

-

 

 

-

        

    Сиыр рационына ас тұзын қосу керек.Рационда жас жүгері сабағы көп болса,кальций мен фосфор жетіспейді.Сондықтан рацион үшкальций фосфатпен толықтырылады (оның 100 грамында 14 г фосфор және 32 г кальций бар).

    Жаз айындағы ыстықта сиырдың ас қорыту процесі бәсеңситіндіктен ,малды аса қыздармау керек.

    Сиыр жаюды ұйымдастырған қырдағы жайылымның жылдық түсімінің 2/3-ден - 3/4-ке дейінгі мөлшері мамыр мен маусым айларына келеді.Шілдеде бұл жайылым шөбі қатаяды да көбінесе жайылым күйіп кетеді.Тамыз бен құркүйекте бадауса массасына 1/10-2/6-ге дейін азықтық масса қосылады.

    Ойпандағы жайылымнан балаусаның ең жоғары массасы маусым мен шілде де ғана шабылады.

    Су жайылған алқаптағы жайылым шөбі біркелкі өседі.Мал көп жылдық жасанды жайылым шөбінің 65-90 процентін пайдаланса, ойпаңдағы және қырдағы жайылымның 60-75 процентін,батпақты және орманды жайылымның 35-60 процентін ғана пайдаланады.

    Ерте көктемде сиырлар азықты алдымен өз денесіне жинап,одан әрі сүт түзуге жұмсайды.Сондықтан көктемде,жаздың басында бұзаулаған сиыр сүті тез көтеріледі.Әсіресе сиыр қосымша азықтандырылса онда сүттің мөлшері көбейіп,оның өзіндік құны да төмендейді.

    Жайылымды өріске бөліп пайдаланған жөн.Өріс саны мал алғащқы өріске қайта айналып келгенше шөбі көтеріліп қалатындай,әрбір өрісте бір-екі күннен ғана болатындай етіліп ұйымдастырылады.Өрістегі мал саны артық та,кем де болмауы керек.

    Ертерек пайдаланылған көк шөптің құнарлығы жемге жақын, әсіресе белокқа, минералды заттарға, витаминге бай.

    Балаусадағы каротин мөлшері пішендегіден 10 есе көп.Д, С, Е витаминеріибарынша мол.

    Күн өткен сайын көк шөп өсіп, қатаяды, азықтық құны төмендейді.1 кг құрғақ зат құнарлылығы шамамен екі есе төмендеп, сіңімді протеин үш есе , каротин 1,5 есе кемиді. Жайылым шөбінің өсіп, қатацвп кетпегені жөн.Сондай-ақ оның дәнді дақыл мен бұршақ тұқымдастардан тұрғаны дұрыс.

    Сиыр жайылым шөбіне, оның қандайлығына қарай тәулігіне мынандай мөлшерде пайдаланады.

    Өте жақсы жайылым балаусасы                                92 кг;

    Су басып тұрып қалмаған жайылым шөбі                 80 кг;

    Су жайылған жайылым шөбі (гүлдеуінің алдында)       50 кг;

    Су жайылған жайылым шөбі (гүлдеген кезде)          40 кг;

    Қызыл бас жоңыщқа гүл жарарда                            110 кг;

    Гүл жарардың алдында                                             57 кг;

    Жайылымды қайта-қайта ора берсе түсім азайып,қыстың аязына шыдамай,азып кетеді.

    Сиыр жайылым шөбінің жеткілікті жесе жемді азайтуға болады және қосымша азықтандырудың қажеті жоқ.

    Жайылым кезінде малды жеммен қосымша азықтандыруға үйретсе,ол жайылым шөбі де тиімді пайдаланылмайды.

    Әрбір шаруашылықта малдың күйін,салмағын қадағалап отыру және жайылым жағдайына қарай сиырды қосымша азықтандыру қажет пе, жоқ па, соны анықтап отыру керек.

    Аса сүтті сиырларға жайылым шөбіне және қосымша берілетін балаусаға қоса жем беруді тоқтатпау керек.

    Жаңа орылған шөпті мал жақсы жеу үшін оған тұз,ерітіндісін бүріккен дұрыс.Жайылым шөбі орташа болса (1 гектардан 3000 азық өлшемі) онда 3000 кг сүт сауылатын сиырға көлемі 0,5 жайылым керек.Демек, 500 бас сиырға 250 гектар, 400 сиырға 200 гектар жайылым керек.

    Малды өріске бөліп жаю алғашқы отам кезінде өте қолайлы.Өйткені мұндай жағдайда жайылым шөбін аз уақытта толық отауға мүмкіндік туады.

    Малды өріске бөліп жайғанда пайдаланатын жайылым ең алдымен, шөбінің қалдығына, түсіміне, санына, жайылымның бір малға қажет мөлшеріне қарай есептелінеді.Малды бір өрісте аз уақыт қана жайып, басқа өріске ауыстырғанда біраз уақыт өтіп,жайылым оты көтеріліп қалады.

    Бұл тәсіл сазды жайылымды немесе қыр жайылымын пайдаланғанда жиі қолданылады.Себебі бұл екі жағдайда да жайылым мал тұяғымен қазылып, тозады, содан түсімі азаяды.Сондықтан ондай жайылымды өріске бөліп, қоршап ( 30 гектардан ) пайдаланған дұрыс.

    Малды тәулігіне кем дегенде 3 мәрте суарады.

    Жаз айларында малға жасанды жайылым оты жетпесе, қосымша пішендеме, ерте салынған сүрлем және жем береді.

    Шаруашылыққа қажет ерте сүрлемді мамырдың аяғы мен маусымда салады.Сүрлем салатын траншеяның сыйымдылығы құркүйекке дейін жететін болуы тиіс.Одан әрі оған қыстық сүрлемді салуға болады.

    Жаздық рационды құрғақ заттар, тез қорытылатын углеводтар, клетчатка жетіспесе, сиырдың ас қорыту процесі бұзылуы мүмкін.

    Сондықтан рационға пішендеме, пішен, сірне қосып рационды теңестіру керек. Осыны ескеріп бұрынғы БМШИ оқымыстылары сүт кешендері үшін жаз айларына арналған рацион жобасын ұсынды.

28.Салмағы 500 – 600 кг, сүттілігі 16 кг сиырларға арналған рацион жбасы

 

       Азық кг

                                Мөлшері

        

              1      

               2

Пішендеме

Пішен

Балауса

Қоспа жем

Тұз

Азықтық қоспалар                -

              3

             40 – 45

              5

             0,2

        қажет болса               16

 

              35

               5

             0,2

 

Егер кешен немесе ферма үлкен болса,малды жайылым балаусасында ұстаған жөн.Мұндай жағдайда жайылыммен алдымен суалған,буаз сиырлар қамтамасыз етіледі.

    Жайылымға жаюды малды суыққа ұрындырмай сиырдың қоңыр түсірмей, ертерек тоқтатып, қорада байлап ұстауға көшірген дұрыс.Тәулігіне есептеп, сүрлем, пішен, тамыртүйнектер беріп, қысқа рационға біртіндеп көшіру керек.

 

IX тарау. Ірі қараны күтіп-бағу және оны ұйымдастыру.

 Бұқа азықтандыру мен бағып-күту

Бұқаның жыныстық белсенділігі ең алдымен азықтандыру, күту жағдайына және оны пайдалану тәртібіне байланысты. Азық толық құнды болмаса немесе шамадан тыс ағыл-тегіл азықтандырылған бұқаның жыныстық белсенділігі төмендеп, ұрығының сапасы нашарлайды, пайдалану ұзақтығы кеми түседі. Сондықтан бұқа рационын белгілер алдында оны пайдалану қарқынын білу қажет.

Рацион белгілеу негізіне бұқаның семірмей, заводтық қоңдылықта болуы, жыныстық белсенділігін сақтауы және ұрық сапасының жоғары болуы жатады.

Рацион протеин, минералды заттармен және витаминдермен толықтырылуы тиіс. Оқымыстылар мен шаруашылық мамандардың тәжірибесі бойынша бұқаны ұрық алуға қарқынды пайдаланып жүрген кезеңде бір азық өлшеміне 140-150 г фосфор, 7-8 г ас тұзын алуы керек. Рационда сонымен қатар, жеңіл сіңетін углеводтар болып, қант-протеин қатынасының сақталуы тиіс. Бұқа рационында микроэлементтер мен витаминдердің де енгізілуін қадағалау қажет.

Олар жетіспеген жағдайда рационға премикс қосады. А витамині малдың ұрықтандыру қасиетіне әсер етеді. Бұл витамин жетіспесе бұқа ұрығының түзілу процесі бұзылып, сапасы нашарлайды. А витаминімен толықтыру үшін рационға көк балауса, сәбіз және сапалы пішен қосады. Қорыта айтқанда, рационның құрамы төмендегіше болғаны дұрыс: қыс айларында: сапалы пішен 40-45%, балауса ұнтағы немесе түйіршік -8-10%, арнайы қоспалар-4-5%, жем -40-45%, балауса ұнтағы немесе түйіршік 22-25%, арнайы қоспалар – 0,5-1,0%, балауса 30-35%, жем – 32-35%.

Бұқаның денсаулығын және жыныстық белсенділігін сақтауда серуендетудің орны зор. Аз серуендесе қимылдың жоқтығынан бұқа семіріп, жыныстық белсенділігі кемиді, асаулана бастайды. Сөйтіп күтушілеріне қауіп төндіреді. Сондықтан бұқаны серуендетіп, қисыны келсе жеңіл-желпі жұмысқа пайдаланған орынды. Серуендету ұзақтығы 2-4 сағат. Жағдай болса бір топ бұқаны бірге сергіткен жөн (серуендету алаңы әр бұқаға 100-120м^2 есебінен келуге тиіс).

Жаз айларында бұқаны жасанды жайылымда ұстаған дұрыс. Жасанды жайылым әр бұқаға 0,3-1,0 гектардан келуі керек. Жайылымда суат пен оттықтың болғаны дұрыс. Жасанды жайылымды уақтылы ауыстырып (әрбір 5-6 күнде), көк майсаның қайта көтерілуіне мүмкіндік туғызған жөн. Сөйтіп алғашқы өріске 30-40 күнде ғана оралу қажет.

Х тарау. Сүтті өндірістік жолмен өндіру.

Шаруашылықтарда механикаландырылған жаңа қора салу немесе ескі қораны қайта салу жұмыстары көптеп жүргізіледі. Жергілікті жерлерде өзіндік құны төмен сүт өндіретін кешендер он-ондап салынады.

Сүтті бағыттағы малды интенсивтендіру сүт өндіруді өнеркәсіптік жолға қоюмен тығыз байланысты. Өйткені жоғары механикаландырылған кешендер мен фермалардағы сиырлардың сүттілігімен бірге сүт өндіруде шығатын шығын да, қол еңбегі де аз.

Халықты сүтпен қамтамасыз ету жолында әрбір сиырдан орта есеппен 3000 кг болса,кейбір жерлерде 4000-5000 кг сүт сауу қажет. Сүттілігі 3000 кг болса, сиырдың әрқайсысына 40ц, ал 4000 кг болса 48-50 й азық өлшемін дайындау қажет.

Әрбір жерден экономикалық және экологиялық жағдайына байланысты сүт өндіруге мамандандырылған шаруашылықтардың мынандай 4 типі болуы мүмкін:

1.Ірі қаралар мен елді мекендердің арасында табын айналымы толық сүтті бағыттағы мамандандырылған шаруашылықтар.

Бұл шаруашылықтар табынындағы сиырлардың өзіндік үлгісі 80-85%. Табын жаңартатын құнажындарды шаруашылықтардың өзі интенсивті өсіреді. Ал артық мал 20 күн ішінде бордақылануға мамандандырылған басқа шаруашылықтарға беріледі.

2. Сүтті қайта өңдейтін орындардың айналасында шоғырланған сүт өндіруге мамандандырылған шаруашылықтар. Бұл шаруашылықтарда әрбір сиырдың 3500-4000 кг сүт сауылуы тиіс. Табындағы сиырдың өзіндік үлесі 50-55%. Артық жас мал шаруашылықтың өзінде немесе шаруашылықаралық ірі қара бордақылауға мамандандырылған орындарда өсіріліп, соңынан бордақыланады да, 12-15 айлығында 300-350кг, ал 17-18 айлығында 400-450 кг салмақпен етке өткізіледі.

3. Сүт өндіру және тағы басқа өнімдер өндіру жұмысымен тығыз байланысты сүтті-етті бағыттағы шаруашылықтар. Сиыр сүттілігі 3000-3500 кг, табындағы сиырының өзіндік үлесі 40-50%. Табын жаңартуға қажет мөлшерден артық жас мал мамандандыпылған шаруашылықтарда немесе кешендерде бордақыланып, 15-18 айлығында 400-450 кг салмақпен етке өткізіледі. Мұндай шаруашылықтар сүт пен етті бірдей өндіретін ең шешуші күш.

4. Колхоз-совхоздардың, асыл тұқымды мал заводтары, қатардағы шаруашылықтардың фермалары. Бұл шаруашылықтарда жоспарлы тұқым малын сүттілігі, сүтінің майлылығы, белок мөлшері жоғары асыл тұқымды мал өсіретін басқа шаруашылықтарға сатады. Оларасыл тұқымды малдың жетіле түсуіне бағытталған арнайы жұмыс істейді.

Мал өнімін өндіру технологиясы азық өндіру, мал азықтандыру, табын құрамындағы малды асылдандыру жұмысының ерекшелігімен, өнім өндіруді шаруашылық ішінде немесе шаруашылық аралық мамандандырумен, өндірісті механикаландыру және автоматтандырумен тығыз байланысты.

Кешендегі жұмыстар онда жиналған сиырлардың сүттілігіне де байланысты.

Сиырды қалыптағы жағдайда ұстап, жақсы бағып-күтіп, толық құнды рационмен азықтандырса, еттің өзіндік құнының төмен, тиімділігінің жоғары болуына сиырдың сүттілігі әсер етеді.

Қазақстанда соңғы жылдары сиырдың сүттілігі едәуір өскенімен барлық сауылған сүт бір сиырға шаққанда 2010-2300 кг болды. Бірақ Алматы облысы «Каманский» совхозы сиырларының сүттілігі 5000 кг төмен түскен жоқ. Демек, біздің республикамызда өсірілетін сиырлардың сүттілігін көтеруге толыө мүмкіндік бар.

Оқымыстылардың айтуынша, сиырдың сүттілігі орта есеппен 4000 кг жетпесе, ондай малды өсіру экономикалық жағынан тиімсіз.

 

Х тарау Сүтті өндірістік жолмен өндіру.

Сиырды машинамен саууға бейімділігіне қарай таңдау.

Кешендерде сиырды жан-жақты таңдағанда алдымен олардың желінінің морфологиясына (төңкерілген тегене, тостаған тәрізді, немесе ешкі емшек) және функциясына (бөлшектерінің пропорциялануы, желіннің сиымдылығы және сүт шығару жылдамдығы) көңіл аударылады.

Латвия ауыл шаруашылығы академиясы оқымыстыларының ұсынысы бойынша желіннің мынадай түрлері бар:

төңкерілген тегене тәрізді – ұзыны мен ені орташа, терең, аздап домалақ. Ұзыны енінен 5-10% артық;

тостаған тәрізді – желіннің денеге қабысқан аумағы домалақ және төңкерілген тегене тәрізді желіні үлкен емес, төменгі жағы қушықтау, емшектері бір-біріне жақын орналасқан;

ешкі емшек – желіннің алдыңғы екі бөлшегі өспей қалған немесе артқы екі бөлшегі шамадан тыс өскен, бүйірінде айшық тәрізді сызық бар.

Осылардың ішінде ең таңдаулысы да, кең тарағаны да төңкерілген тегене тәріздес желін. Бұл желін сиырдың бауырына мықты бекіген және салбырамайды.

Желінді бөксеге және қарынға тақап орналасқан деп екіге бөлінеді. Машинамен саууға қарынға жақын орналасқан терең де, үлкен «түбі» жайдақ желін ыңғайлы.

Желіннің сыйымдылығы 12 сағат бойы жиналған сүт сиятындай болуы керек. Желіннің сыйымдылығы деп оның бір сауғандағы сауылған сүт мөлшерін айтады.

Әр сиырдың өзіне тән ерекшелігі бар. Олардан сүт шығу жылдамдығы да ір түрлі. Мысалы жай сауылатын сиырлар толық сауылмай қалған жағдайда, тез сауылатын сиырлар сауылып болып, сүттен босаған желінді сауын аппараты «бос» сорып, жаралануы мүмкін.

Сүт беру жылдамдығы бір сауғанда беретін сүт мөлшеріне, желіннің сиымдылығына, емшектің сүт жүретін жолының және сфинктерінің уақтылы босауына байланысты. Сиырдан сүт шығу жылдамдығының 1,7-2,2 кг\мин болғаны жақсы.

Сүт шығу жылдамдығына сиырды сауу жиілігі, күн тәртібін сақтау, сауу машинасын дұрыс пайдалану, сауыншының іс тәжірибесі әсер етеді.

Сиыр саууды ұйымдастыру. Сауын машиналарының типі және олардың сипаттамасы.

    Сауын аппаратымен саууға сүті тез және толық шығатын сиырларды таңдау керек. Сиырдан сүттің толық шығатындығын анықтау үшін машинамен сауу аяқталған соң, қолмен сауып, желінге қалып қойған сүт мөлшерін есептейді.

    Егер қолмен сауылып алынған сүт 400-500 г аспаса, ондай сиырды машинамен сауа беруге болады. Тегінде, сиырлардың барлығы дерлік 10-12 күн ішінде машинамен саууға үйреніп кетеді. Машинамен сауып үйретуді сиырдың бұзаулаған алғашқы күндерінен бастаса, кейіннен желінде ст қалдырмай сауылады.

    Сиыр сауатын қондырғыны таңдағанда желіннің көлемін, малды ұстау тәсілін, табынның машинамен сауғанда жарамдылығын ескереді. Сиырды байламай, бокстерде қалың төсеніш үстінде ұстағанда, сауын залында топтап ұстағанда «таңдем», «елочка» қондырғысымен немесе 1000-1200 сиыр болса конвейерлі «карусель» қондырғысымен сауады. Ал сиыр байлауд болса, сүт жүретін түтікшесі бар қондырғымен сауылады. Сауын залының көлемі сауын қондырғысының жиыны мен сиырдың санына қарай үлкен, ыңғайлы, жарық болғаны дұрыс.

Залда желдеткіш және жуынды жүретін канализация болады. Сауын залының жылылығы қыста 16°С-ден төмен, жазда 22°С-ден жоғары болмауы тиіс.

Залдың қабырғалары су сіңбейтін бояумен боялады немесе метлах плиткаларымен қапталады. Сауын алаңы әр сиырға 2-3 шаршы метр есебімен жасалады.

Сауын залының алдында сиырларды сауыннан бұрын жинайтын қаша және оларды сауын залына кіргзіп-шығаратын ені 1,5 м жол болады.

Сиыр бұзаулайтын цехта сиыр сүттілігіне, жағдайына қарай күніне 2-3 рет сауылады. Содан соң дені сау сиырларды өндірістік топқа қосады.

Сиыр ол бұзаулағаннан кейін 5-7 күн бойы шелекке сауылады да, одан әрі негізгі топқа көшкен соң сауын қондырғыларымен сауады. Сауын қондырғысының техникалық параметрлері мен жылжымалы сауын қондырғысының параметрі бірдей болуы керек ( вакуум мөлшері, пульсация жиілігі, такт саны, такт қатынасы).

Желінсаумен ауырған сиырларды оқшаулауышқа ауыстырады. Желіннің ауру бөлшегендегі сүтті басқа ыдысқа бөлек сауып алып, 85 градуста пастерлейді де, малға береді. Сауу бөлшектерінің сүтін жалпы сүтке қосады. Сауылған сүтті алғашқы өңдеу үшін қажет тазалағыш, суытқыш, қаймақ тартыш, пастерлегіш, сүт сақтайтын орын (таза) болуы керек.

Кешендер мен фермаларда фермалық өңдегіш және сүттің сапасын анықтайтын лаборатория болады. Лабораторияда суытқыш машина, дезинфекция жасайтын ерітінді және киім ауыстыратын бөлме болуға тиіс.

Сүтті суытатын ТОМ-1, ТОМ-2 вакуумды суытқыш, фреонды суытқыш, МХУ-8, сүт сақтайтын ТМТ-2 танкі тұратын алаң әуел бастан ескеріледі. Сауылған сүтті 1,5 сағат ішінде суытып үлгеру қажет. Солай еткенде ғана сүт орталық сүт заводына сапасын жоймай жетеді.

Салқындатқыш жоқ болса, суық сумен екі сатылы суытқан жөн. Мұндай жағдайда сүтті алдымен салқын сумен, содан соң суытқыш машинамен суытады.

Сүттің заводқа өткізердегі жылылығы 8°с-ден аспағаны жөн. Сондықтан фермада сүт 5-6°С-ге дейін суытылуы тиіс.

 

ТМД ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ШЫҒАРАТЫН САУЫН МАШИНАЛАРЫ

«Волга» сауын аппараты түтікше арқылы сауыттармен және сүт жүретін түтіктермен байланысқан. Коллектордан, сүт шелегінің қақпағында орналасқан төрт камералы коллектормен түтікше арқылы байланысқан пульсатордан тұрады.

Коллектор сауын шелегімен сүт жүретін түтікшемен байланысқан. Вакуум – пульсатор камерасы үлкен түтікше арқылы вакуум жолымен байланысады.

ДА-2 «Майга» сауын аппараты. Екі тақтылы, екі камералы төрт сауыттан, екі камералы коллектордан немесе төрт камералы коллектордан тұрады. Негізгі бөлшектері сауын шелегімен резинка түтікшелер арқылы байланысады. Бұл аппарат «Молокопровод-100», «Молокопровод-200» және «Молокопровод-400» қондырғысы құрамына кіреді. Қондырғының ерекшелігі сорғыш камералардағы қысымды сауын интенсивтілігі 5-6кг/мин болғанның өзінде де тезбе-тез туралай алатындығы.

Бұл аппарат емшек резинкасының қысу тақтысы кезінде емшекті толық қысады, сол арқылы емшекті «уқалайды» және «бос» саууға кедергі жасайды да, сүттің шығуын жылдамтады.

«Стимул» сауын қондырғысы. Екі тақтылы ДТ-3 қондырғысы негізінде жасалған. Аппараттың қолайлы жері – сауыттары конус тәрізді де, мөлдір материалдан жасалынған. Сондықтан да сиыр желінінің әр бөлшегінен шыққан сүтті қадағалауға қолайлы.

Сауыттың төменгі жағында коллектормен байланысқан сүт шлангасы, ал үстіңгі жағында кеңірдек сорғыш түтігі бар. Осы сорғыш түтік сауытты емшектен түсірмейді.

Кеңірдек сорғыш түтік жұмыс кезінде сығып-босатып желінге массаж жасайды.

Сауыттар емшекті сора жоғары өрлей бермес үшін, оның төменгі жағына «жүк» іледі. Бұл сауыттың артықшылығы ему резинкасы жоқ.

Пульсатор мен коллектордың жұмыс тәртібі ДА-3 қондырғысындағыдай. «Стимул» қондырғысы «Сору-босату» тақтасымен істейді. Ал жұмыс істеу тәртібі – екі тақтылы сору такты. Ұақтығы 60%, ал демалу ұзақтығы – 40%. Пульсация жиілігі минутына 60-80.

УДС-3 әмбебап қондырғысы сиырды жайылымда да, қорада да саууға арналған. Құрамына күш беретін агрегат, сумен қамтамасыз ету қондырғысы, «Волга» аппараты және 8 сауыт, сүтті алғаш өңдеу линиясы (сүт жүретін түтік, салқындатқыш) кіреді.

УДЕ-8 қондырғысы. Сиырды машинамен сауу және сүтті алғашқы өңдеу үшін қолданылады. Оның құрамына 16 сиырлық «Елочка» сауын қондырғысының екі секциясы, вакуум жүйесі, 8 сауын аппараты (ДА-3М, «Волга», немес ДА-2, сүт жүретін түтік, сүт салқындатқыш, цистернаға сүт соратын диафрагмалы сүт бұлқымы,сүт сақтайтын танк, вакуум бұлқымы (насосы), электр жылытқыш, жылы су құятын ыдыс, бу қазаны (КВ-100 немесе КВ-200), 16 азық салғыш астау, сиыр желінін жуатын воронкалы, кранды түтік, су ағызыпжуатын астау және бақылап салуға қажет жабдық кіреді. Сауын станоктарында сиырды ұстап тұратын қалқа, кірер-шығар есігі, азық және жем салатын астау, адам жүретін жол болуы керек.

Сүтті түтікпен жүргізгіш. Байлаулы сиырдың сүті жүретін түтік сүтті тасымалдау, сауу және суыту, сақталатын цистернаға құю үшін қажет. Бұл қондырғының құрамына сауылған сүтті есептейтін тетік, сүт майын өлшегіш және сүт жолдарын вакуум арқылы жуатын қондырғы кіреді. ПЭТ-200 су жылытқыш, фреонды суытқыш, МХУ-8С қондырғысы тағы бар.

Сауын қондырғысындағы вакуумды РВН-40/350 бұлқымы қамтамасыз етеді. «Молокопровод-200» сүт жүретін түтікке де осындай 4 сорғыш бар.

Сауып алынған сүт сүзіліп, сүт шлангасымен сүт жүретін түтігімен вакуум әсерінен суытқышқа жиналады. Содан кейін вакуум цистернаға немесе диафрагмалы сорғышпен беті ашық УДМ-4-3А сүт танкасына жиналады. Сауын аяқталған соң жүретін түтік поролон жуғышпен тазартылады.

КДУЕ «Карусель» қондырғысы үш жылжымалы тіректе айналатын платформа. Айналу жылдамдығы – 0,26 м/сек. Платформада 16 сауын сауыты және азық салатын астау бар.

Сиырлар күту залынан сауын станогына өтеді. Сауыншы оның желінін жуып, сүртеді, уқалап, сауын сауыттарын кигізеді де электромоторды қосады. Станок бұрылады да, азық салғыш астауға жем түседі. Сауын аяқталғанша платформа айналып, шығар есікке келеді.

Сауылып болған сиырлар залға өтеді. Сүт алдымен сүт жинағышқа жиналады да, одан цистернаға сорылып алынады. Вакуум мөлшерін вакуум сорғыш қадағалайды. Сауын аяқталған соң сауыттарды шелектегі суға салып қояды. Сүт жүретін түтік жуылады. Қазіргі кезде сауын қордырғыларының бірнеше типі бар. Мәселен сиырлар траншеяныңекі жағында тұратын «Елочка» конвейері типтес «Карусель» және сиырлар радиалды тұралардың «Веер» сауын алаңын айтуға болады. Қондырғылардың сауын өнімділігі біртекті емес. Әсіресе «Елочка» сауын аппаратында, сауые аппаратын қос-қостан қосады да, сиырдың желінін жуу немесе аппаратты қосу тоқтаусыз өтеді. Бұл қондырғыда станоктардың тұрып қалуы сауын аяғында стакандардан тез сауылатын да, кеш сауылатын да сиырларды бірге босатуға әкеп соқтырады.

Көрсетілген кемшілік «Карусель» қондырғысына да тән. Өйткені мұнда да кеш сауылатын сиыр платформаның тоқтауына себепші болады.

«Елочка» сауын алаңында сауыншы көмекшісіз-ақ жұмыс істейді. Өйткені онда 8 аппарат қана бар. Ал сауын алаңында 16 аппарат болса, сауыншының тек 8 аппаратпен ғана жұмыс істеуіне тура келеді. Әйтпесе сиырды шығарып, кіргізе алмайды, жем салуға да мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда көмекші керек.

Қазіргі кездегі сауын қондырғыларында сауыншы уақытының 25-30 процентін қол жұмысына жұмсайды. Алдағы уақытта шаруашылықтарға сиырды автоматты идіретін, яғни сүт шығаратын, сауылып болған соң өз бетімен тоқтайтын, әр сиырдан сауылған сүт мөлшерін есептей алатын аппарат қажет.

1000-2000 орындық мал кешендері автоматты сауын жүйелерімен, тасымалдауыштармен, салқындатқыштармен, т.б. қамтамасыз етілуі тиіс.

Жан-жақты механикаландырылған фермалардың механикаландырылмаған фермаларға қарағанда тікелей және жалпы шығынды және сүт өндірудің уақытын 18-38% қысқартады.

Үздік шаруашылықтардың нәтижесіне қарағанда өндірісті жан-жақты механикаландыру және еңбекті дұрыс ұйымдастыру бір адамның 100-150 сиырды күтіп-бағуына т.б. мүмкіндік тудырады.

Сиырды сауын қондырғысына және саууға үйрету

Жыл мезгіліне қарамай сиырды бір уақытта сауған дұрыс. Кешендерде сиырды екі мезгіл сауады. Сауын жүріп жатқанда басқадай ешбір технологиялық жұмыс жүрмеуі керек.

Сиырды екі мезгіл сауғанда сауу уақыты 3-5 сағаттан аспағаны дұрыс.

Сауу сиырдың физиологиялық жағдайына әсер етіп, сүттілігін көтеруге, желін бездерінің ұлғая түсуіне және сүт түзу процесінің қарқынына әсер етеді.

Сиырды сауын қондырғысында саууға үйретудің оны «Тандем», «Елочка» және «Карусель» сияқты қондырғылардасауғанда үлкен маңызы зор. Үйренбеген сиырлар өзіне үйреншікті емес, бөтен ортаға келген соң тосырқап, сүтін азайтып жібереді.

Сауын залына кіруден үркетін сиырды ұрып-соғуға, жекуге болмайды. Ондай малды сылап-сипап, еркелете сөйлеп, басқа сиырлармен қатар сауын залына кіретіндей етіп үйрету керек. Сондықтан алғашқы 2- 3 күн бойы ондай сиырларды сауын қондырғысының салдырына, шуына үйретіп, жемді көбірек береді де, саумайды. Сиыр шуға, қондырғыға үйренген соң ғана сауа бастайды.

Алғаш бұзауланған сиырларды машинамен саууға үйрету және сүт беру рефлексін бекіту үшін бұзаулау цехына ауыстырудан 30-40 күн бұрын құнажындар мен буаз сиырларды сауын орнына кіргізіп, күндік жемін береді де, желінін уқалап, сауыннан босатқан уақытының дұрыстығын (уақтылы босатылғандығын) тексереді.

Әрине, мұның бәрі еңбекті көп қажет етеді. Бірақ сиыр бұзаулаған соң сауын орнына тез үйреніп, сүтін жоғалтпайды.

Сиырды сауын қондырғысына үйреткенде оның желінін жуып, сүртіп, уқалап сауғандағыдай емшегін қыса созып, тезірек июіне мүмкіндік туғызады.

Сиыр сауын қондырғысына бірнеше күннен соң үйренеді. Содан әрі кешендегі тәуліктік кестені мұқият сақтап, уақтылы азықтандыру, дер кезінде сауып, серуендеуге босату керек.

Сауынды сиырдың желіні мен емшегін жуудан бастайды. Су шым-шым ыстық болса (45-500С) желін де, емшек те тазарып қана қоймай, сүт шығу жылдамдығы да артады. Өйткені мұндай су желіндегі нерв талшықтарына әсер етіп, оның жұмысын жандандырады.

Желінді шелекпен әкелген сумен де, түтікпен келген сумен де жуады. Әрине соңғысы ыңғайлы да, таза.

Егер сиыр желінсаумен ауырған болса, мал дәрігерлік-санитарлық ғылыми – зерттеу институты ұсынған 0,5-0,75% бір хлорлы йод (74-Б препараты) ерітіндісімен, 1/Б хлорамин немесе 20% гексахлорфен, 80% үшэталамин препаратының 4% ерітіндісімен жуады.

Сауардың алдында сиырдың желінін уқалау сүттің тез бөлінуіне көп көмегін тигізеді. Желіннің алдымен оң жағын, содан соң сол жағын сипалау, уқалау, соңында емшектерін қыса ұстау, желінді жоғары көтере түрту де бұзау емгендегі немесе сауғандағыдай қимыл жасайды. Уқалау желіннің нерв талшықтарын жандандырады да, гипофизден арнайы гормон окситоциннің бөлінуіне әсер етеді.

Кешендегі сиырлардың желінін уқалау олардың сүтті тез беруіне ғана емес, сауын уақытының қысқара түсуіне де ықпал жасайды.

Кешендерге қазіргі күннің сүт өндіру технологиясын енгізу үшін сиырлар желінінің машинамен саууға жарамдылығына қарай және механизммен уқалауға (массаж) болатындығына қарай сұрыптау қажет.

Желін мен емшекті уқалап болған соң емшекте іркілген сүтті арнайы ыдысқа сауып алады. Өйткені емшектің үрпіне жиналған сүт былғаныш келеді. Бұлай ету желінсаумен ауырған сиырды анықтап, оның басқа сиырларға жұғуына жол бермес үшін қолданатын шаралардың бірі. Жылдам қимылмен уқалау, жылы сумен жуу және желінді таза орамалмен сүрту 40-60 секундқа созылады. Сүт шыға бастасымен сауын сауыттарын емшекке жылдам кигізу керек. Әйтпесе гипофизден бөлінген окситоцин қанға араласады. Оның үстіне сиыр ұзақ сауылады. Сондай-ақ сиырдың ию жылдамдығы азайып, желін толық босамай, сауылмай қалған сүт мөлшері көбейеді.

Сиырдың желінін жуып, сүрткен соң бір минуттан асырмай емшекке сауыт кигізу керек. Өйткені сүт бөлу рефлексінің әсері желінді жуып, сүрткеннен кейін 30-40 секунд ішінде басталады. Сауыттың жылылығы 400С болса, сүт бөлу жылдамдығы жеделдей түседі. Сондықтан сауытты, әсіресе қыс кезінде жылы жерде ұстайды, немесе жылы суға батырып жылытып алады. Қатар тұрған бір топ сиырдың желінін (әсіресе «Елочка» сауын залында) бір уақытта жуып, сүртуге болмайды. Өйткені емшекке сауытты кигізу уақытының бірінші сиыр мен соңғы сиыр айырмасы 10 минутқа дейін созылатындықтан, сүт бөлу рефлексінің әсері бұзылады, сиырдан сүттің тез, толық шығуы тежеліп, сауылуы ұзарады.

Сиырдың сауылу уақыты оның сүтті тез бөлу жылдамдығымен байланысты. Сиыр сауу жылдамдығы минутына 1 литрден әсте кем болмауы тиіс. Ал сиырдың сүт бөлу рефлексі аяқталған соң, оны сауа берудің қажеті жоқ.

Бір жақты қондырғымен сауғанда сиырды «бос» сауудың әсері онша болмаса да, сүтін жай бөлуге үйретеді. Ал екі жақты қондырғымен сауғанда «бос» сауа беру емшекке микроб түсіп, желінсаумен ауруына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан сиырдың сүт бөлуі біткен соң, саууды да тоқтатқан жөн. Машинамен сауғанда, сауын біткен соң желінде 0,5 кг дейін сүт қалуы мүмкін. Қалған сүт аз көпіргенімен, сиырдың сүттілігіне әсер етеді. Сондай-ақ ол сүттің ең майлы бөлігі екенін де естен шығармау керек. Сондықтан да машинамен сауылып болған соң қалған сүтті қайталап сауады. Өйткені қалған сүт желінде сүт түзіліп, жиналуына кедергі жасайды. Демек, қайталап сауу – сүт жолдары мен сүт цистерналарында қалып қойған сүтті сауып алу.

Қайталап сауғанда және сауынның соңында аппаратқа сүт бөліну тоқтайды. Осы кезде сауыншы бір қолымен сауын коллекторын алға ұмсындыра төмен тартады да, екінші қолымен желін мен емшектің «бүктелген» жерлерін жазып, қалыпқа келтіреді. Сөйтіп сүттің жүретін «жолын» ашады. Машинамен қайталап сауу 18-20 секунд, ал желінде сүт көп қалса, 40 секундқа созылады. Сауын аяқталған соң желінді арнайыерітінділермен дезинфекциялап жуады. Өйткені жаңа ғана сүт жүрген емшектің үрпі ашық болады да, оған микроб түсуқаупін туғызады.

Шелекке құйылған дезинфекциялағыш ерітіндіге сауын сауыттарын 10-15 секунд малып алады.

Желінді уқалаудың маңызы. Тәжірибелі сауыншылар желінді сауын алдында да, сауын бітерде де уқалайды.

Сауын бітер алдындағы қорытынды уқалау – алдымен желіннің оң жағын, содан соң сол жағын, соңынан желіннің әр бөлігін жеке-жеке уқалаудан тұрады.

Уқалау сүттің толық бөлінуіне, желінде сүттің тез жиналуына, сүт жолдары мен цистерналарындағы кернеуді төмендетуге, желіннің тез де толық «қотарылуына» жағдай жасайды.

 

     11 тарау. Ірі қараны бордақылау

Бізде өндірілетін еттің жалпы мөлшерінің ірі қара етінің үлесі өте үлкен. Ал оны одан әрі арттыра түсу сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара өсіретін мамандандырылған шаруашылықтарды нығайтумен қатар табыннан шығарылған малды бордақылау және мамандандырылған етті бағыт тұқымның жас малын өсірумен, сондай-ақ бордақылаумен тікелей байланысты.

Ірі қара етін өндіру және оның сапасын көтеру, көбінесе оны интенсивтендіру, жас малды жеделдете өсіру, бордақылау, жайып-семірту жұмыстарымен байланысты.

Ірі қараны бір жерде ұстап бордақылауға да, жайылымда жайып-семіртуге де болады.

Бір жерде ұстап бордақылау тамақ өнеркәсібі қалдығына, қант қызылшасы сығындысына, бардаға, картоп езіндісіне, сыра сықпасына, сүрлем, жем қосып пайдалануға негізделген.

Бордақылауға арналған малды жынысына,жасына, салмағына, қарай бөледі. Себебі мал біркелкі болған сайын бордақылау табысты өтеді.

Мал тұратын, азықтанатын орындарда азық үлестіретін, қиын шығаратын механизмдер болуы керек. Малды байлауда ұстайтын қорада желдеткіш болады. Жаз айларында, бордақы мал тұратын орынның табаны асфальтталады немесе цемент төселінеді, ықтырма, көлеңке, оттық, суаты болады.

Қораға мал қиын тазартатын транспортер орнатады. Азық механизмдермен, таратқыш механизмі бар трактормен үлестіріледі.

Бордақыланыланатын малдың рационы толық құнды болу керек. Сондықтан рационды әр мал тобының жасына арнап, жоспарланған қосымша салмақ алатындай етіп жасайды.

Рацион протеин, минералды заттар мөлшері бойынша толық құнды болуы керек.

Малды дұрыс топтап, толық құнды рационмен азықтандыру, күн тәртібін қатаң сақтау бордақылауды ойдағыдай өткізуге, қосымша салмаққа шығатын шығынды азайтуға, сапалы ет өндіруге мүмкіндік туғызады.

        Жас мал өсіру және бордақылау

Жас малдың бұлшық еті қарқындап өседі. Сондықтан өсіп келе жатқан жас мал өсуін тоқтататын кәрі малға қарағанда әрбір кг қосымша салмаққа азықты аз жұмсайды.

Мысалы жас малды қарқындата бодақыласа 15-18 айына дейін 1 кг қосымша салмағына 7-7,5 азық өлшемін, ал орташа қарқынмен бордақыланған мал 22-24 айлығына дейін әрбір кг қосымша салмағына 10-12 азық өлшемін жұмсайды.

Бордақылау уақыты оның қарқынына және қоңдылығына байланысты. Мәселен қажет жағдайдың бәрі болса, жас малды 18 айлығына дейін жоммен 80-90күн ішінде жоғары қоңдылықта бордақылауға болады, бардамен 90-100 күн, сүрлеммен, тамыртүйнектермен 100-110 күн, ал кәрі малды жоммен 60-70 күн, сүрлеммен және тамыртүйнектермен 80-90 күн бордақылайды. Малды тәулігіне 3-4 мәрте азықтандырып, азыққа басқа да препараттар (карбомид, БВК, минералды заттар) қосады.

       Малды бір орында ұстап бордақылау

Жас малды да, кәрі малды да бір жерде ұстап бордақылағанда негізгі рационға аздап ірі азық қосады. Малды негізінен жоммен, барда, сірне, картоп езіндісімен, сүрлеммен, тамыртүйнектермен, балаусамен бордақылауға болады.

Әрбір малдың тірілей салмағын таразыға тартып анықтайды, одан әрі ай сайын бақылап таразыға тартады, бордақылау аяқталған кезде соңғы рет таразыға тартып, салмағын анықтайды.

Бордақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: бастапқы (30 күн), ортаңғы (10 күн) және қорытынды (20 күн) деп аталады.

Әр кезеңге әр түрлі рацион жасалынады. Алғашқы екі кезең бойы қолда бар арзан азықты пайдаланады да, үшінші кезеңде жем мөлшерін көбейтеді. Малды толық құнды рационға біртіндеп 7-8 күн ішінде ауыстырады. Азықтың мөлшеріне, құрғақ затына қарай күніне екі уақыт азықтандырады, сол орнында суарады. Алғашқы кезеңде мал өз денесіне протеин, май, су жинайды, соңынан бұлшық ет арасына, ет пен тері арасына май жинайды да, содан соң тәуліктік қосымша салмақ мөлшері азаяды. Қорытынды кезеңде жем мөлшері көбейетіндіктен қосымша салмақ та арта түседі.

Жоммен бордақылау. Бордақылаудың бұл түрі қант қызылшасын көп өндіретін аудандарда (Жамбыл, Талдықорған облыстары) кең тараған. Қант қызылшасында углевод, кальций көп те, белок, фосфор өте аз. Жаңа алынған жомның құрамында су көп болатындықтан тез ашып, тез бұзылады. Сондықтан оны кептіріп сүрлемге салған жөн. Жоммен бордақыланатын малға қосымша протеинді азық, ұнтақталған сүйек, преципитат, тұз беру керек.

Малды жомға бірінші 7-10 күн ішінде үйретеді. Кәрі мал тәулігіне 65-70 кг, ал жас мал 40-50 кг жом жейді.

29. Жоммен бордақыланатын малдың тәуліктік рационы (А.П. Солдатов мәліметі)

 

Рацион құрамы

    Әр малға, кг

    Кәрі мал 18 айға дейінгі жас мал

Қышқыл жом

Ірі азық (пішен)

Меласса

Жем

Тұз

Диаммоний фосфат 70

1,5

70   40

1,5

 

әрі малды бордақылағанда әрбір кг тірілей салмағына 8-10 кг, ал жас малға 7-8 кг азық өлшемін жұмсайды. Ас қорыту процесі дұрыс жүруі үшін малға 100 кг салмағына кем дегенде 1-1,5 кг ірі азық (пішен) берілуі керек. Сабан, жомға сірне қосылса мал жақсы жейді.

Бардамен бордақылау. Бордақылаудың бұл түрін спирт заводы төңірегіндегі шаруашылықтар қолданады. Жаңа алынған заттар бардада 94 процентке дейін су болады. Құрғақ заттар құрамына аздаған белок кіреді. Барданы жаңа күйінде де, сүрлеп те пайдалануға болады. Барда сүрлеміне тураған сабан немесе жүгері сабағын араластырады. Тұзбен малды керегінше қамтамасыз етеді. Жаңа барданы малға оның әрбір 100 кг салмағына 15-20 кг есебімен береді. Ірі малға тәулігіне 7-8 кг сабан немесе пішен, жас малға 9-6 кг пішен, 1,5-2,5 кг жем беріледі.

Сүрлеммен бордақылау. Рациондағы сүрлем мөлшері оның сапасына қарай, малдың 100 кг салмағына 6-8 кг, ірі азық 0,8-1 кг, ал жем 2-3 кг есебінен беріледі.

Жаз айларында малды балаусамен де бордақылауға болады. Балаусаны тәулігіне 40-80 кг, жемді 2-2,5 кг дейін береді.

Мақта-мата өндірісі қалдығымен бордақылау әдісі мақтаны көп отырғызатын аймақта қолданылады. Бір малға тәулігіне 4-5 кг мақта қабығы, 2-2,5 кг шрот, немесе күнжара, 2,5-3 кг ірі азық, 0,6-1 кг жүгері немесе қара бидай беріледі. Бордақылаудың бұл тәсілінде рационға жүгері сүрлемін, тамыртүйнектер араластырған жөн.

Малды жайылымда бордақылау. Малдан жаз айларында арзан да бағалы ет өндіру үшін жайылымды кеңінен пайдаланатындығы белгілі. Мал жайылым өсімдігін өз бетімен қажетінше пайдаланады да, оны алдын ала даярлауды, сақтауды қажет етпейді. Сондықтан малдың жемшөбіне, күтіміне көп шығын шықпайды. Жайылым өсімдігі жұғымды, жақсы қорытылады және оның пайдалы диеталық қасиеті бар. Сақа сиырлар жайылымда 100-120 тәулік, ал жас мал айына 30-40 кг салмақ қосады. Ал жас мал салмағы екі есе көтеріледі.

Шөбі шүйгін, суы мол жайылымда мал қосымша азықсыз-ақ тәулігіне 1 килограмға дейін салмақ қоса алады. Сонымен қатар жайылымды пайдаланған малдың еті арзанға түседі де дәмді, сіңімді, хош иісті келеді.

Бордақыланатын малды тұқымына, жасына, жынысына, салмағына, жайылымның ерекшелігіне қарай сақа мал болса 120 - 150-ден, ал жас малды 200-ге дейін топтап, табын құрады. Таулы, орманды жайылымдағы табында 70-100, шалғай жайылымдағы табындарда 250-ге дейін мал болғаны дұрыс. Жайылымды бөлгенде әр малға 2-5 гектар мөлшерінде бөлу керек.

Ерте піштірілген малдың өсуі төмендеп, салмақ қосу қарқыны азаятындықтан, еркек малды 5-6 айлығында піштіреді.

Жайылымда тұз болғаны дұрыс. Малды етке өткізер алдында аз уақыт қолда ұстап, қолда бар азықпен қарқынды бордақылайды.

Жайылымға шығарда малды мал дәрігері түгел тексереді, таразыға тартылып, табын ведомосы жасалады. Ол ведомоске малдың номері,жынысы, жасы, қоңы, тірілей салмағы көрсетіледі. Шаруашылық мамандары табын құрып, мал жаятын өріс кезегін жасайды. Суат, мал тыныстайтын орындар, еңбекақы (негізгі және қосымша) мөлшерін белгілейді.

Бұрынғы Бүкілодақтық мал шаруашылығы институты мамандарының ұсынысы бойынша далалық аудандарда жас малға 1,5-2 га, сақа малға 3-4 га, құрғақ далалық аудандарда жас малға 2-3 га , сақа малға 3-5 га, орманды жайылымда жас малға 2-3 га, сақа малға 3-4 га, су басатын және жасанды жайылымда жас малға 0,7-1 га, сақа малға 1-1,5 га есебімен жоспарланады.

Табынды дұрыс құрып, жайылымды дұрыс пайдаланса, мал дәрігерлік-санитарлық шараларды дұрыс сақтаса, жайып семіртудің соңында малдың 80-85% жоғары қоңдылыққа және 15% дейін орташа қоңдылыққа жетеді.

         Ірі қара етін өндірістік жолмен өндіру

Сүтті бағыттағы ірі қара өсіретін аудандарда жас мал бордақылауға ет өндіруді өндірістік жолға қойған мамандандырылған кешендер үлкен үлес қосып жүр. Ондай кешендер үлкен қалалар мен елді қоныстарға жақын орналасады да, бұзауды 7-10 күндігінен немесе 1-2 айлығынан қабылдап алып, одан әрі кешендерде өсіріп, бордақылайды.

Бұл кешендерде жас мал өсіру және бордақылау технологиясын қатаң сақтаса, сүтті бағыттағы тұқым малы 12 айлығының өзінде 300-320 кг тартады. Ал кәсіптік будандастырудан алынған бірінші будан малының салмағы 10-12% жоғары болады. Сиыр етін өндірудің ең маңызды шарттарының бірі етті бағыттағы тұқым малын пайдаланып, етті бағыттағы ірі қара саласын шығару. Мысалы, Қазақстанда 1980 жылы малдың салмағын 381 кг жеткізіп өткізсе, 1985 жылы 400 кг, ал 1994 жылы 410 кг жеткізілді.

Малдың етке өткізу салмағын көтеру бордақылау уақытын қысқартады. Соның өзінде малдың салмағы 16-18 айлығында 400-450 килограмға жетеді.

Сиыр етін өндірістік жолмен өндіру бірқатар шараларды сақтауды қажет етеді: біріншіден, мамандандырылған шаруашылықтардың типі мен олардың ерекшеліктеріне қарай қолайлы технологиялық процестерді анықтау, екіншіден, мамандандырылған шаруашылықтардың қажетіне қарай жеткілікті жемшөп қорын жасау, үшіншіден, сақа және жас мал бордақылау технологиясын анықтау.

Осыларға қоса мамандандырылған шаруашылықтарды еңбек ұйымдастыру, етті өндірістік жолмен өндіруге қажет құрылыс және тағы басқа жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

                    Табын құрамы

Етті бағыттағы шаруашылықтардың ірі қара табынында 30-35% сиыр, 1% құнажын, бір жасар және одан асқан тайынша 30% болуға тиіс.

Табын құрамы осылай кезде жыл сайын шаруашылық малының 30 процентін, яғни салмғы 380-450 кг тартатын өгізшелерді етке өткізуге болады. Бордақыланған жас малды етке 17-18 айлығында өткізеді.

Жемшөбі жеткілікті болып, толық құды азықтандырылса, малды жедел бордақылап, өнімге шыққан шығынның 1/3 бөлігін қысқартуға болады. Өйткені азықтандырудың типі мен деңгейіне қарай малдың өсуін жеделдетуге немесе тежеуге болатындықтан, тірілей салмағы ғана емес, ұшасының сапасы да әр түрлі мал етін өндіруге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде өндіріске прогрессивті технология енгізу үшін мынадай шаралар жүргізу керек:

    Жас малды 16-18 айлығына дейін жеделдете бордақылап, етке 400-450 кг салмақпен өткізу;

    Бордақылау алаңында малды 30-40-тан топтап, саңылаулы еденді орында ұстау;

    Азықтандырғанда пішен мен балаусаны көбірек беріп, жем мөлшерін 30-35 проценттен асырмау керек, ал тәуліктік қосымша салмағы кем дегенде 1000 г болу қажет;

    Қызылша мен картоп өсіретін және тамақ өнеркәсібі дамыған аудандарда бақша және тамақ қалдығын толық пайдалану;

    Бордақылауға тәуліктік қосымша салмағы жоғары болатын тартылмаған өгізшелерді пайдалану.

Бордақыланған малды тасымалдау

Ет-консерві заводына малды әртүрлі жолмен тасымалдайды. Бәрінен жеңілі және пайдалысы – малдың қоңын түсірмей, айдап әкелу. Мұндай жағдайда мал айдайтын жол белгіленіп, жолдағы жайылым, суат, мал тыныстайтын орын көрсетіледі.

Егер жолда мұндай жағдайлар жоқ болса, мал тыныстайтын орындарда әрқайсысына тәулігіне 2 кг пішен, 2-3 кг жем дайындалады. Мал тәулігіне әрі кеткенде 20 км жол жүруі керек. Ал 100 км болса, 2-3 қонып жетеді де, жол бойы мал жемшөппен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан малды автомашинамен тасымалдайды. Жолдың қашықтығы, егер мал жол бойы азықтанбаса, 10-12 сағаттан аспауы керек.

500 км жерге малды теміржолмен тасиды. Арнайы вагондарға жасы, жынысына қарай тиеп, оларды пішен, жем, сумен қамтамасыз етеді.

Ет-консерві заводының қорасында малды жынысына, қоңына қарай бөліп, 24 сағат ашықтырады.

 

                                                        XII тарау.

                                  Ірі қара тұқымын асылдандыру.

Шаруашылықта өсірілетін малдың асыл тұқымдық және халыққа азықтық қасиетін жетілдіре түсумен қатар жаңадан тұқым шығару жолындағы жүргізілетін үйымдастыру және зоотехниялық шараларға творчестволық сұрыптау жұмысы, асыл тұқымды, құнды малды күту, көбейту, сақтау, барынша пайдалану және өнімсіз, нашар малды табыннан шығару жұмыстары жатады.

Бір мақсатқа бағытталған жұп таңдау, малды өз ішінде өсіру тәсілін және оның техникасын таңдай білу, тіршілігінің қай кезеңі болмасын малға барынша жақсы жағдай тудырып, жақсы қасиетін толық айқындауы үшін оны мейлінше тоқ және дұрыс азықтандыру қажет. Демек, асылдандыру жұмыстары бір – бірімен біте қайнасқан, біртұтас шаралар. Өйткені осы шаралардың біреуі ғана дұрыс және толық орындалмаса, қалғандары қаншама көрнекті, барынша тыңғылықты орындалғанымен, ойдағыдай қорқынды бермейді.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді өндірістік жолға аударып, оны кешендерге көшіру асылдандыру жұмысына да жаңа және өзгеше талап қойды. Қазіргі кезде, мысалы ұрпақтан - ұрпаққа малдың сүттілігін, еттілігін тағы басқа өнімдерін көтере түсумен қатар, мал кешендерде ұстауға төзімді, механизмге пайдалануға бейім болғаны дұрыс. Осы жолда малды салмағына, жетілгіштігіне сүттілігіне, етттілігіне қарай біркелкілендіру және машинамен сауғанда сүттің шығуын арттыра түсу сиырақтарымен тұяғының беріктігін стандарттау жұмыстары тұр.

Бір орынға осынша көп малды жинау мал арасында аурудың тез тарауының бірден бір себебі болатындықтан індеттерге шалдықпайтын төзімді мал басын көбейту арнайы сұрыптауды да қажет етеді.

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізгенде шаруашылықтың бағыты мен сапасын ескеру керек. Мал тұқымын асылдандыру зауодының негізгі мақсаты өсіріліп жүрген тұқым малының өнімдік нәсілдік қасиетін жетілдіре түсу, жаңадан тұқым аралық тип, аталық із малын шығару.

Мұндай шаруашылық тайынша өсіріп, оны өзімен қарайлас шаруашылқтарға, ал бұқашықтарды тұқым мал станцияларына беру үшін өсіреді. Ал қатардағы шаруашылықтарда асылдандыру жұмысы дұрыс және толық құнды азықтандырып, өзіндік төмен, барынща өнімді мал өсіруге бағытталған.

Тұқым мал совхоздарын мен фермалары малды таза қанды өсіреді және сіңіре бұдандастыру тәсілін қолданады. Мұндай шаруашлықтардың табындағы малдың дені элита және элита-рекорд класына жатады.

Бұл жолда аға ұрықтың қол жеткен итабыстары да барынша толық пайдаланылып жүр.

                           Ірі қараны өсіру тәсілдері   

Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда таза өсіру (малды аталық із бойынша өсіру және инбридинг қолдану), будандастыру және гибридтеу тәсілдерін қолданады. Мал өсіру тәсілдерін таңдау жер жағдайына азықтандыру мүмкіншілігіне және алдағы уақытта өсіретін жергілікті тұқым сапасына байланысты.

Таза өсіру-бір тұқым малын жұптау. Иаза қанды тұқым малының биологиялық ерекшелігі-бір текті жүн таңдау жұмысының қорытындысын тиянақты сұрыптау мен беекіген тұқымдық қасиетін ұрпақтан ұрпаққа тиянақты бере алатын қасиеттің болуы. Бұл ерекшелік-ұрпақтары міндетті түрде тұқымға тән заводтық тип немесе тұқым қуалайтын асыл тұқым малына қажет қасиет. Таза қанды тұқым малын өсірудің мақсат-тұқымдағы бағалы қасиеттерді сақтау және өрбіту. Демек, бұл тәсілде, әсіресе, өнімі жоғары заводтық тұқымды басқа тұқым малын араластырмай өсіруде қолданған орынды. Қатардағы шаруашылықтардың табынында өнім барынша жоғары заводтық тұқымды басқа тұқым малын араластырмай өсіруде қолданған орынды. Қатардағы шаруашылықтардың табынында өнім барынша жоғары болса, жаңа тұқым шығару немесе тұқымды жетілдіре түсу үшін қажет мал басын топтастырып, асылдандыру, жұмысын жүргізу үшін қолданады. Таза тұқым малыынң барынша көп болғаны жөн.

Жер бетінде көп тараған мал арасында өзі шыққан географиялық аймаққа бейім малдың типі де пайда болады. Мысалы , Қазақстан мен Қырғызстанда әулиеата малы көп тараған. Ал симментал тұқымының сүттілігі, сүтінің майлылығы, сүтіндегі белок мөлшері әр түрлітиптері Украина, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыста өсіріледі. Қос бағыттағы тұқым болғандықтан мал арасында етті бағыттағы да, сүтті бағыттағы да типі кездесе береді. Демек асылдандыру жұмысының мақсаты - тұқымдағы типтердің ерекшеліктерін айқындай түсу, жеке мал мен табын арасындағы айырмашылықтарды аша түсу. Өйткені, дәл осылай еткенде ғана тұқым малының бейімділігі немесе жерсінгіштігі жақсара түседі.

Таза өсіру кезінде табынды жақсарта түсу шін малды бір мақсатқа бағындыра сұрыптау және жұптау, оларды көңілдегідей азықтандыру, күту әдісі қолданылады. Сонымен қатар жас мал өсіру тәсілдеріне де көңіл аударылуы керек. Өйткені келешекте дене бітімі, салмағы және типі көңілдегідей мал осы бұзаудан өсіріледі.

Сондықтан да алдыңғы қатарлы тұқым малын таза өсірумен ғана жетілдіре түседі.

Соңғы жылдары қойылып журген талаптардың бірі-тек мамандандандырылғаг шаруашылықтардағы малды асылдандырумен шектеліп қана қоймай, жұмысты неғұрлым кең, барлық тұқым малын қамтып, біртұтас жүргізу керек. Тек осылай еткенде ғана өт типінің өнімділігін ұрпақтан ұрпаққа терең түрде бере алатын тұқым малының құрылымы пайда болады да, мал басы көбейіп, мал өсіру тәжірибиесін, асылдандыру жұмысының прогресивті тәсілін батыл қолдануға болады.

Ірі масштабты селекция дегеніміз бір тұқымның мыңдаған малымен бір бағытта, біріңғай тұқым асылдандыру жоспарына сай жұмыс жүргізу. Ол популяциялық генетика заңдылығы және асылдандыру жұмысының жүйесін үлкен моссивті жүргізуге бағытталып, малдың құндылығын ол туралы жиналған мәліметті генетикалық-математикалық тәсілдермен талдап, әрбір жас топтарына тән сұрыптауға қажет параметрлерін және сұрыптаудың оптималды моделін жасау арқылы таңдау және малды өз ішінде өсіру, оларды өзінің генотипі бойынша сынау, ұрпағының өнімділік және асыл тұқымдылық қасиетін жақсарта алатын бұқалардың ұрығын биология ғылымының казіргі кездегі қол жеткен жетістікреніе орай сақтау, тасымалдау және қолдан ұрықтандыру тәсілін барынша кеңіне қолдану деген сөз.

Бізде ірі масштабты селекция негізінде жасалған бағдарлама бойынша генетикалық жолмен жетілдіре түсу жұмыстары іске асырылуда.

 

Ірі қараны аталық және аналық ұя бойынша өсіру

Ірі қараны аталық із қуалай өсіру-селекциялық жұмыстың ең жоғарғы сатысы.Аталық із қуалай өсіру тұқымда ұзақ жылдар бойы жеке малда,табында немесе тұқымда болатын ерекше қасиеттерді тұрақты түрде тұқым қуалай алатындай етіп бекіткен таза тұқым малымен жүргізілген асылдандыру жұмысының қорытындысында ғана іске асады.

Табындағы әр мал өзіне тән өнімділігімен,дене бітімімен ерекшеленіп қана қоймай,сол ерекшеліктерін ұрпағына да бере алатын тұқым қуалайтын қасиетімен ерекшеленеді.Өзінің шаруашылыққа қажет қасиетін ұрпағына бере алатын мал жиі пайдаланылып,табынды немесе тұқымды жетілдіре түседі.

Асыл тұқымды бағалы мал болған сайын оның ерекше қасиеті табында жиналып,сол қасиеттерді бойына сіңірген мал да көбейеді.Егер мұндай бұқа болса,онда оның еркек те,ұрғашы да ұрпағын табында қалдырады.Олардан өрген ұрпақтар тағы да қалдырылады.

Сұрыптау және жұп таңдау процесінде бағалы мал ұрпақтарын пайдалана білу өнімі бір-біріне ұқсас мал топтауға мүмкіндік тудырады.Осы топ аталық із деп аталынады.Ал егер,осындай құнды ұрғашы мал болса,онда одан тараған мал бір анадан тарағандықтан аналық ұя деп аталанылады.

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары,аталық із бен аналық ұя құрудың маңызы қазірде де зор.

Аталық із,аналық ұя көзге ілінбейтін,күнделікті там тұмдап істелетін,бірақ ауыр жұмыс.

Бұл жұмысты бір мақсатты көздеп,терең жүргізілетін асылдандыру жұмысымен байланыстыруды,сондықтанда күніне жеке малға ғана тән қасиет,бертін келе бүткіл тұқымға тән ерекшелік болуы мүмкін.

Асылдандыру жұмысында аталық ізді бірнеше түрге бөледі:генеалогиялық аталық із малы–шыққан тегі бір,бірнеше буын малынан тұратын,бір атадан тараған мал тобы.Ол малдың шыққан тегі бір дегені болмаса,бұл топтағы мал типі,өнімі жағынан біркелкі емес.Бұларды топтастыратын жағдай әкесінің бір ататекке жататындығы.Ал әу бастағы аталық ізді бастаушы бұқа тым алыс емес.Мысалы әулиеата тұқымындағы Москвич 438,прима 8,Диаманта 217,Чижик 410 генеалогиялық аталық із малы осындай топ құрады.

Заводтық аталық із малы.Аталық із негізін салған бұқаға тән өнімдік бағалы қасиеті мен басқа да ерекшеліктері бар мал тобы.Бұл топқа тән өнімдік қасиет жүйелі және байыпты сұрыптау,жұп таңдау негізінде сақталған,сөйтіп одан әрі жетіліп,ұрпақтан ұрпаққа тараған.Мысалы,аталық ізді қуалай өсірудің негізінде осы заводтық аталық із малы жатыр.

Малды аталық ізін қуалай өсірудегі мақсат–аталық іздің негізін салған малдың нәсілдік қасиетін сақтаумен бірге,оны байыта түсу,бірнеше ұрпақ бойы ерекше өнімді мал қасиетін,табынды өз ішінде өсіру негізінде бағалы нәсілдік қасиетін жинай түсу және сақтау.Аталық ізін қуалай өсіру тұқымды жетілдіре түсу үшін аса құнды малды барынша толық пайдалануға мүмкіндік ашады.Ол үшін табындағы әрбір малды жан–жақты білу және сол малдың ерекше қасиеттерін барынша толық пайдалану қажет.

Малды аталық із қуалай өсіру тәсіліндегі ең бағалы мәселе –бұқалардың ұрпақтарына өзінің өнімдік және тұқымдық қасиеттерін нақтылы бере алатындығы және аталық ізін қуалай өсіргенде егер малды дұрыс өсіріп,дұрыс азықтандырса келешекте тұқымдық және өнімдік қасиеті ойдағыдай мал алуға жағдай туады.

Аталық ізін қуалап өсіруді үш кезеңге бөлуге болады:аталық іздің негізін салу,аталық із жүргізу және аталық іздері арасындағы кросс.

Жаңа аталық іздің негізін салу оның мақсатын,қойылатын талабын және жұмыс жоспарын жасаудан басталады.Аталық іздің негізін салу үшін алдын ала әйгілі бұқаның анықталуы керек.Ол бұқа өзінің өнімдік,тұқымдық қасиеті жағынан ғана әйгілі болып қоймай,оның ұрпағыда құнды және біркелкі болуға тиіс.Бұқа өнімдік,тұқымдық және нәсілдік қасиетін ұрпағына беруде басым жақсартқыш болуы шарт.

Аталық іздің негізін салатын бұқаны таңдап алған соң ұрпағында сол бұқаның қасиетін сақтау және бекіту жұмыстары жүргізілуі керек.Ол үшін бұқамен жұптасатын өнім деңгейі жоғары, өте құнды сиыр таңдалуы қажет.Таңдалған сиырдың өнім деңгейі және биологиялық ерекшеліктері бұқаға ұқсас болғаны жөн.

Бұқаға гамогенді жұптаумен қатар,аталық ізді үзбей жүргізе беру үшін өз ұрпақтарымен жұптастырып(бірінші ұрғашы ұрпағымен немесе немересімен ),аса құнды мал алуға болады.

Жұптауға іріктеліп алынған ұрпақтарының қасиеті келешек шығатын аталық ізің өнімдік ерекшеліктерін айқындап тұратындай болумен қатар сыртқы пішіні сымбатты,дене бітімі мықты сыртқы пішінінде көрер көзге ешбір кемістік болмауы керек.Сондықтан да әрбір аталық із барынша мамандандырылады.Мысалы,бір аталық ізге бағалы қасиеттердің көбі орташа білінгенімен бәрібір біреуі ерекшеленіп тұрады.Мысалы,сүтті бағыттағы мал тұқымдары ішінде бірі аса сүттілігімен білінсе,басқа бірі сүтіндегі майлылықтың тым жоғарылығымен айшықтанады,ал үшіншісі салмағының жоғарылығымен көзге түседі.

Аталық ізге жататын малдың неғұрлым біртектілігі айшықтанса,соғұрлым малдың асыл тұқымдық қасиеті де,құндылығы да және олардың тұрақтылығы да жоғары бола түседі.

Аталық із малының біртектілігі өз бетімен жүре бермейді.Оған аталық іздің бірнеше ұрпағы тіршілігінде бір мақсатты көздеген және құнды қасиетін сақтап қалуға бағытталған сұрыптау және жұп таңдау жұмыстары арқылы қол жетеді.Аталық із малын жетілдіре түсу үшін кез келген мал емес,тек аталық із негізін салушы бұқаның өнімдік ерекшелігін және нәсілдік қасиеттерін бойына жиған аса тиімді мал ғана пайдаланылады.Аталық ізін жалғастырушы малға өзіндік ерекшеліктері бар сиыр қосу бұқаның келешек ұрпақтарының өнімдік және тұқымдық қасиеті өзгеше мал болуына себепкер болады.Міне,осылайша,аталық іздің негізін салушы бұқадан өзгеше бұтақ пайда болады.Қорыта айтқанда,аталық із малын жүйелі сұрыптау барынша толыққұнды азықтандырғанда ғана өз ерекшеліктерін барынша айқын көрсетеді де,жетіле түседі.

Әрбір тұқымды жетілдіре түсу үшін кем дегенде 10-15 аталық із болуы қажет.Бір шаруашылықтың табынында мал басының санына қарай 3-4 аталық із малы болуы тиіс.

Аталық із арасындағы кросс.Аталық із арасындағы кросс дегеніміз әр түрлі аталық із тобына жататын малды жұптау.

Аталық із арасында кросс жүргізгенде тұқымда бар бүкіл қасиет толық пайдаланылады.Бір аталық із малының құнды қасиеті екінші аталық із малының қасиетін толықтыра,байыта түседі.Сондықтан екі аталық із арасындағы кросс әрбір аталық ізді шығарудан алынған құнды қасиеттердің синтезі.Екі аталық із малын жұптағанда олардың нәсілдік қасиеті араласып,гетерозис тиімділіктің түзетіндігі таңданатын жай емес.Аса әйгілі мал екі аталық із арасындағы кростың нәтижесінде алынған.Аталық із арасындағы кросс мал өнімінің және тағы басқа қасиеттерінің тез жетілуіне әсер етіп қана қоймай,сонымен қатар жаңадан өзгеде қасиеті бар тағы бір аталық іздің басталуына себебін тигізеді.Аталық із арасындағы кросс гетерогенді жұптау арқылы жүреді.

Аталық ізін қуалай өсірудің малды таза өсіргенде ғана емес,тұқымаралық будандастырғанда да маңызы зор.

Аналық ұя бойынша өсіру.Табындағы малдың өнімдік және тұқымдық қасиетін жетілдіру жұмысында аналық ұямен жұмыс жасаудың да маңызы айтарлықтай.Аналық ұя дегеніміз-тұқымы белгілі сиырдан тараған,сыртқы пішіні және өнімдік деңгейі бірдей сипатталатын бір топ асыл тұқымды сиыр.

Тұқымдағы аталық із тобына жататын мал қанша көп болса,аналық ұя малы сонша аз болады да,аталық із малын жетілдіру сол тұқым малы арасында кеңінен тарайды.Ал аналық ұя малын жетілдіре түсу бір табын малмен шектеледі.

Аталық із малы тұқым мал заводтарында шығарылып,тұқыммал совхоздары мен фермаларында көбейтіліп,соларда жетілдіре түсіп,товарлы ет және сүт шаруашылықтарындағы мал өнімін жоғарылатуға пайдаланылса,аналық ұя малы кез келген шаруашылықтарда шығарыла береді.Жекелеген шаруашылықтардағы аналық ұя малының саны шектелмейді.Тек оның өнімдік қасиеті міндетті түрде ескеріледі.Өте құнды аналық ұя малы,аталық ізін шығарғандағыдай,бір мақсатқа бағындырылған сұрыптау және жұптау жұмыстарының қорытындысы бойынша өсіріліп,күтіп бағылып,толық құнды азықтандыру тәсілдерін қолданып шығарылады.Аналық ұя малын күтіп бағып,дұрыс та толық құнды азықтандырса,тиянақты селекциялық жұмыс жүргізсе,бірнеше ұрпақ бойы бағалы қасиеті сақталған мал шығаруға болады.

Аналық ұяның ерекше қасиеті –сол ұяның танымал белгілі сиырларынан өте құнды бұқалар алуға болатындығы және олардың жаңа аталық іздің негізін сала алатындығы.

Аталық із бұқаларын белгілі аналық ұяға жататын сиырға жұптау үшін де олардың нәтижелі жұптаса алатындығын мүмкіндігінше алдын-ала біліп алған жөн. Осылайша жұптау аталық із және аналық ұяға жататын кейбір сиырлардың өнімдік құндылығы жоғары болғанымен қажет түрі төмен болады(сүттілігі өте жоғары бірақ сүтінің майлылығы төмен келеді) ондай сиырлардан алынатын ұрпағының сүттілігін сақтай отырып,сүт майлылығын жоғарылату мақсатымен бұқаны таңдап қосады. Ал сиырдың сүттілігі аса жоғары болғанда оған жұптайтын енесінің сүттілігі де сондай жоғары бұқа табу қиынға соқса,ол сиырға ұрпағының өнімдік қасиеті бойынша тексерілген бейтарап бұқа қосады.

Туыстық жұптау(инбридинг) деп туыстығы жағынан жақын малды жұптауды(әкесін ұрғашы ұрпағымен,еркек ұрпақтарын енелерімен қосу) атайды. Бұлай жұптау біртекті жұптаудың шегі болып есептелінеді. Туыс малдың дене бітімі,өнімі біркелкі және нәсілдік қасиеті де бірдей.

Инбридинг-ата-енесіне тән қасиетті ұрпағында сақтап,бекіту үшін қолданылатын ең қажет тәсіл. Инбридинг қолданылып алынған малда қажетті қасиеттің барынша толық сақталатыны және мұндай малдың құнды қасиеті ұрпағына толық берілетіндігі тәжірибеден қатар ұзақ уақыт бойы жүргізілген инбридинг тәтижесінде ата-енесінің бағалы қасиеттері толық сақталған,тұқымдық қасиеті де жоғары ұрпақ туады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы жүргізілген инбридинт ұрпақтың сапасын нашарлатады. Малдың өнімі, салмағы азайып,азғындайды. Дегенмен,инбридинг табиғаты әлі күнге толық ашылған жоқ. Бұл саладағы қажет зерттеулер әлі де ұлан асыр.

Белгілі орыс ғылымы П.Н.Кулешов әледегі барлық тұқымның шығу тегін, тарихын зерттей келіп,олардың қай-қайсындаболмасын туыстық жұптау болғандығын және ондай жұптаудың қажеттілігін айтады.

Будандастыру.Будандастыру деп кемінде екі тұқымға жататын малды жұптауды айтады. Алынған будан,әрине,біркелкі болмайды. Бұл тәсілдің ерекшелігі-алғашқы бірінші будан малының арасынан-ақ көз тартар,көңілден шығатын мал бөліп алуға болатындығы. Будандастыру кіріспе (қан жаңарту),сіңіре,кәсіптік және заводтық болып төртке бөлінеді. Сонымен қатар кезек будандастыру да бар.

Кіріспе будандастыру(қан жаңарту).Бұл тәсілді малға бұрын кездеспеген жаңа қасиет беру үшін қолданады. Мысалы сиыр сүтінің майлылығын көтеру,денесіндегі (сыртқы пішініндегі) кейбір ақауларды жою үшін қолдануға болады. Бірінші буын малы арасынан бұрынғы кемшілігі жоқ,бірақ өз тұқымына тән тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жоғалтпағандарын іріктеп,бөліп алады.

Кіріспе будандастыруды қолдану үшін генетикалық туыстығы бар малдың бұқалары пайдаланылады.

Будандастыруға жақсартқыш тұқымның бұқасы бір-ақ мәрте қолданылады да, алынған бірінші буын малынан бастап негізгі тұқым малының бұқасы қайта қосылады.

Сіңіре будандастыру сүтті бағыттағы ірі қара арасында кеңінен қолдынылып жүр. Себебі бұл тәсіл өнімі аз малды өнімі жоғары малмен сіңіре будандастырып,ауыстырудың бірден-бір жолы.

Бұл тәсілді қолданғанда өнімі аз,жақсаратын малды жақсартқыш мал бұқасымен будандастырса,төртінші-бесінші буын будандарын өзара жұптап,өз ішінде өсіоеді. Будан алынған сайын оларды жақсартқыш тұқым бұқаларымен жұптастырады. Бұл жерде сіңіре будандастыру тәсілін қолданса болды,малдың өнімі арта түседі деген теріс ұғым тумауы керек. Будандастыру жұмысы бұзауды қарқынды өсіріп,азықтандыруды жақсарта түсу жұмысымен қатар жүруі тиіс.

Азықтандыру жақсармаса,қолдағы будан жақсартқыш заводтық асыл тұқымды малдың түр-түсіне және кейбір морфофизикалық белгілеріне ұқсас болмаса,сүттілігі,салмағы,еттілігі жергілікті сиырға тән қалпында қалады.

    Жоғары бірінші будан ет малын алу үшін қолданылады . Алынған будан әрі қарай өсіруге қалдырмайды. Алынған будан әрі қарай өсіруге қалдырмайды. Дегенмен, гетерозис құбылысы күтіп бағу, ұстау, азықтандыруды жақсарта түсумен тікелей байланысты. Күтіп-бағу, ұстау, азықтандыру жағдайы жақсармаса, алынған буданға гетерозис әсер етпегені былай тұрсын, ондай мал жергілікті малдан да нашар болып өседі.

Кәсіптік будандастыру тәсілін қолданар алдында пайдаланылатын екі тұқымның қосыла алатындығын, жұмыстың қорытындысында алға қойылған мақсат орындалатындығын текскріп, болжап алады. Себебі кездейсоқ алынған тұқым малын жұптағанмен гетерозис әсері туа бермейді.

Заводтық будандастыру. Будандастыуға екі, үш, түптен, төрт тұқым малының қатысуы мүмкін. Заводтық будандастырудың негізгі мақсаты- пайдаланылған тұқымдардың ерекшелік қасиетін жинақтаған жаңа тұқым шығару.

Бұл тәсіл көп жылдар бойы қажымай, талмай жұмыс істеуді, ойдан шықпаған малды аямай табыннан шығаруды талап етеді.

Сұрыптау, жұп таңдау жұмыстарын жақсарта түсу жолымен пайда болған жаңа қасиетті бекіте түседі.

Жұмыстың жемісті болуы үшін жұп таңдай білумен қатар, қойылған талапқа сай мал басын көбейте түсу қажет. Сонда ғана қажет малды таңдап, іріктеп алуға мүмкіндік туады. Егер заводтық будандастыруға екі тұқым қатысса қарапайым, ал үш және одан да көп тұқым араласса күрделі будандастыру деп атайды.

Жаңа тұқым шығарады, көбінесе екінші будан малын өз ішінде өсіреді. Дәл осындай тәсіл, мысалы, кострома, алатау тұқымдарын шығарғанда қолданылады.

Кезек будандастыру. Бұл тәсіл кәсіптік будандастыру рудың бір варианты болып есептелінеді де табындағы будан сиырларды екі тұқым бұқаларымен алма кезек будандастырып отырды.

Екінші будан будандарының бір бөлігін етке тапсырады. Ал табында қалған тайыншаларды басқа тұқым бұқаларымен будандастырады. Сөйтіп әрбір буында тұқымы бөлек бұқа пайдаланылады. Осыдан келіп гетерозис тиімділігі әрбір буында сақталатындай мүмкіндік туады. Кезек будандастыруға екі, үш, төрт тұқым малының қатысуы мүмкін. Сонымен, кезек будандастырудағы мақсат- әр буында болатын гетерозис әсерін тиімді пайдалануы.

Гибридтеу деп малдың екі тұқым арасынан жұп таңдау емес, жануарлардың екі түрін жұптастыруды айтады. Алынған ұрпақты гибрид деп атайды.

Гибридтеу өте ауыр жұмыс. Себебі, бір-біріне қатысы, байланысы жоқ екі жануарды жұптап, ұрпақ алу оңайлыққа түспейді. Гибридтеуде де кіріспе, сіңіре, кәсіптік және заводтық деп төртке бөлінеді. Солардың ішінде гибридтеудің кәсіптік және заводтық түрлері кең тараған.

Айта кететін бір жай соңғы 50 жылда жер бетінде жануарлардың 40 түрі жоғалып кетті. Олардың ішінде Африканың квага зебрасы, Американың бизоны, тур, Аралды паналайтын үлкен құстар- дронттар, салмағы 300 килограм тартатын биіктігі 4 м келетін түйеқұс түгелімен жойылды.

Қазіргі кезде жер бетіндегі жануарлардың жойылуын тоқтату үшін табиғат қорғау тұрғысында арнайы шаралар жүргізіліп жатқана белгілі. Мысалы, 1978 жылы Халықаралық табиғат қорғау ұйымы құрылды.

Гибридтеу тәсілінің қиындығы:

1) Жануарлардың кейбір түрлерінің арасынан ұрпақсыз гибрид туылатындығы;

2) Алынған гибридтердің де ұрпақ бермеуі.

Гибридтердің ұрпақсыз болуына гаметадағы хромосомдар санының, құрылымының сай келмеуі, еркек мал ұрығының өз морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктерінің әсерінен ұрғашы мал ұрығының сыртқы қабын «бұза» алмай , оның құрамына енбеуі сияқты генетиканың жағдайлар әсер етеді. Кейбір кезде эмбрион пайда болғаны мен көптеген жағдайлар әсерінен сол кездің өзінде-ақ әрі қарай дами алмай, өзінің енесінің денесіне сіңіп кету жағдайлары да кездеседі.

Міне жануарлар тегінің бөлек болуы әсерінен, генетикалық ерекшелік салдарынан еркек және ұрғашы гибридтерінде жыныстық клеткалардың пайда болу процесінің бұылуына, малдың ұрпақсыз болуына әсер ететін бір қатар себептер осы (бұл туралы Ә.Б. Байжұмановтің «Мал өсір» атты оқылығында толық жазылған).

Қазіргі кезде жануарлардың бір-біріен жұптаса алмайтын күшін жою үшін олардың ұрпағын бір-бірімен араластыру,қанын бір-біріне құю, гормонды перепараттар пайдалану , ұрықты сұйылтатын арнайы ерітінділер дайындау , пайда болған ұрықты бір малдан екінші малға ауыстыру және ұрпақ алу үшін жақсы жағдай жасау тәсілдері қолданылып жүр.

    Жүргізілген тәжірибеге қарағанда ұрпақ бере алатын гибридтерді жас малдан және гибридтердің өзінен неғұрлым көп алуға болатындығын анықтады. Әрине, генетикалық және молекулалық биологияның жедел қарқындауы гибридтердің ұрпақсыз болуы сияқты төзгісіз проблеманы көп ұзамай шешуі сөзсіз.

Қазірдің өзінде-ақ гибридтеу негізінде дәнді дақылдардың, техникалық өсімдіктердің гибрид сорттары мен мал арасынан гибрид мал тұқымдары шығарылады. Мысалы бидай мен бидайықтың, бидай мен қара бидайдың, картоп, күнбағыс гибридтерін, мақтаның өнімділігі жоғары гибридтерін айтуға болады.

Қазақстан ғалымдары жергілікті табиғи жағдайға бейімделген, өнімділігі жоғары биязы жүнді қой мен жабайы арқардан арқармеринос қой тұқымын және ірі ақ шошқа мен жабайы шошқадан семиреченская гибрид тұқымын шығарған. Америка жерінде шығарылған етті бағыттағы ірі қара тұқымы – Санта-Гертруда малы гибридтеу тәсілінің қорытындысы.

Гибридтеу тәсілінің республикамыздың оңтүстік аудандары үшін маңызы зор. Себебі басқа республикалардан әкелінген өнімі мол сиырлар оңтүстіктің ауа райы, жер жағдайына және тек осы аудандарға ғана тән құрт-құмырсқа, кене, маса-сона арқылы тарайтын ауруларға шыдай алмайды. Сонымен қатар, адамға да, малға да қауіпті бруцеллез, туберкулез, аусыл ауруларына қарсы тұра алатын табиғи имуннобиологиялық ерекшелігі бар мал ұстаудың да мәні зор.

Үлкен өндірістік кешендердегі техника, механизмдер шуы, малдың бір жерде топтасуы, соған орай көп жүріп-тұра алмайтындығы, сөйтіп әрдайым бір орында байлаулы тұруы мал сүйегінің, тұяғының берік болуын, желінсау ауруына жиі шалдықпай, денсаулығының мықты болуын талап етеді. Республикамыздың көптеген жерлерінде ірі қара арасында лейкоз кездеседі.

Осы жоғарыда айтылған жайлар малды таза өсіру, қатаң сұрыптау жұмысымен қатар, өнімі жоғары, жергілікті табиғи жағдайларға бейім, байлауда ұстауға шыдамды, инфекциялық ауруларға қарсы тұра алатын, денсаулығы мықты гибридтер шығару қажет екендігін айқындап отыр. Ірі қара ішінде мұндай гибридтер шығарудың бірден-бір жолы зебуді пайдалану.

  Зебу мен ірі қараның туыстас екендігін алдыңғы тарауларда айтқанбыз. Үнді жерінде тараған зебудің сахивал сүтті тұқымының орташа салмағы 400 кг, сүттілігі 2580 кг, сүтінің майлылығы 5,8%, бұзауының туған кездегі салмағы 18-20 кг.

Әрине, мыңдаған жылдар бойы жайлаған жерінің ауа райының қаталдығы, жер жағдайы, азығының аздығы зебудің түріне, тұлғасына, өнімділігіне, биологиялық ерекшеліктеріне әсер етпей қоймаған. Ал, бұзауының салмақты аз тартатындығы, шетелдерде жүргізілген зерттеулердің қорытындысына қарағанда зебудің бар мүмкіндігін ашпайды. Себебі бұзауының салмақты аз тартатындығына ең алдымен зебудің жайлаған ортасының ауа райының қаталдығы әсер етеді. Егер азығын жақсартып, жайлы жағдай тудырса зебу бұзауының салмағы 25-29 кг дейін жететіндігі анықталды. Сонымен қатар ірі қара мен зебудің будандастырудан алынған еркек мал ұрпақты, ал ұрғашы гибридтері төлшіл келетіндігі және малдың сыртқы пішінінің бұзылмайтындығы, бұзауының тірілей салмағының кемімейтіндігі белгілі болады. Сондықтан алға қойған мақсатты орыындау үшін зебудің өнімді тұқымын пайдаланудың ешбір зияндығы жоқ.

Алынған гибридтердің ірі қараның кейбір тұқымымен салыстырғанда биологиялық артықшылығын, кешенде де, қолда да ұстауға бейімділігі, өнімінің жоғарылығы, сүтіндегі құрғақ заттардың ( сүт майы, белогы, витаминдер, микроэлементтер) жоғары болатындығы айқын.

   Ірі қараны гибридтеу жұмысы бұрынғы Кеңес елінде ерте кезде-ақ басталды. 1931 жылы атақты ғалым М.Ф.Ивановтың инициативасымен Украинадағы Аксания-Нова қорығында мал арасында гибридтеу жұмысы және малды жерсіндіру институты ашылған болатын. Осы институтта қырдың қызыл сиыры мен аравия зебуі арасынан едәуір гибрид алынған-ды. Сөйтіп олардың көптеген биологиялық ерекшеліктері зерттеліп, тұқым қуушылық қасиетін анықтаған болатын.

Бірақ Ұлы Отан соғысы жылдары бұл жұмыс тоқтап қалды да, кейінгі жылдары қайтадан бастау ала бастады.

Азербайжанда жүргізілген жұмыстар гибридтеу кезінде сүтті сиырлардың жаңа тұқымын шығаруға болатындығын дәлелдеп берді.

Тәжікстан мен Түркіменстанда жергілікті зебу тип

Москва түбіндегі «Снегири» ғылыми-эксперименттік шаруашылығында 1957 жылдан бері қара ала сиыр тұқымы азербайжан зебуімен будандастырылып, гибрид алу мәселесі жолға қойылған. 1993 жылдың қаңтарында осы шаруашылықта мыңнан аса гибрид,оның ішінде 400-ге тарта гибрид сиырлар болды. Асыл тұқымды сиырлардың сүттілігі 4400-4100 кг, ал сүтінің майлылығы 4,3-4,5 %, белогы – 3,9-4,3 %.

    Қазіргі күннің мысалы ретінде Алтайда жүргізіліп жатқан гибриттеу жұмысын айтуға болады.Шипунов ауданы Горький атындағы шаруашылықтың кешенінде симментал тұқымы мен Снегириден әкелінген гибрид бұқалардың ұрпағынан I және II сауылу кезеңінің қорытындысында 1993 жылы 3825 кг сүт сауылып, оның майлылығы 4,55%болса, симментал тұқымы сиырларынан орта есеппен I және II сауын маусымы кезеңінде 2286 кг ғана сүт сауылып, майлылығы небары 3,87 % болды.

    Осы айтылған мысалдарды ескере отырып, 1982 жылдан Қазақстанның оңтүстік аудандарында да әулиеата сиыры негізіндн гибидтеу жұмысы басталған-ды. Алғашқы алған мәліметтерге қарағанда гибридтеу жұмысының өзін-өзі ақтайтындығы, өміршеңдігі, келешегі бар екендігі айқындалып отыр.

    Сұрыптау. Малдың тұқымдық және өнімдік қасиетін жақсарта түсудің тәжірибеде шындалған әдістерінің бірі – сұрыптау. Мысалы, аса сүтті сиырларды сұрыптап және сүті аз, көңілден шықпатын сиырларды табыннан щығара отырып, малдың пайдалы өнімін жақсартуға әбден болады. Әрине, бұ жұмыстың қорытындысы сол малға жасалған жағдайға тікелей байланысты. Мәселен етті бағыттағы мал болса, азықты аямай, барынша мол беріп, малдың бордақылауға бейімділігін арттыра түссе, ал сүтті сиырды сұрыптағанда азықтандыруды ғылыми жолға қоя отырып, сүтейте саууды қатар жүргізу керек.

    Сұрыптау жұмысы осы айтылған жағдайлардан басқа сұрыптау жүретін табындағы санына, селекциялық белгінің өзгергіштігіне, малдың өз бетімен жұпталуына жол бермеуге және түрлы ерекшелігіне қажет малды сұрыптай алуға байланысты.

    Сұрыптау тәсілдері. Сұрыптай тәсілдерінің ішіндегі ең оңай , ең қарапайымы малды өніміне, дене бітімінің типіне қарай сұрыптау. Мысалы, сүтті бағыттағы сиырларды сүт кешендеріне таңдағанда олардың сүттілігіне,сүтінің шығу жылдамдығына, желінінің түріне қарай, ал етті бағыттағы малды таңдағанда оның өсу жылдамдығына және тәуліктік қосымша салмақ қосу мүмкіншілігіне қарай сұрыптайды. Сонымен қатар сұрыптауды дәл жүргізу үшін мал өнімінің мөлшерін және сапасын неғұрлым толық есептейді.

    Мал тұқымын асылдандыру жұмысына арналып денсаулығы мықты, сыртқы пішіні көз тартарлық және салмағы үлкен мал қалдырылады.

    Малды птп-тегіне қарай сұрыптау тәсілі зоотехнияда жолға қойылған, өйткені малды, әсіресе ата-енесінің әсері, сонау алыстағы тегіне қарағанда өте зор. Бірақ сол алыстағ ата-тегі де малдың өнімдік қасиетіне біршама әсер етеді.осы жағдайды дәйекті есептеу үшін малдың ата-тегін жазу үлгісі бар. Оның оң жағына ата-анасының тегі, ал сол жағына енесінің ата-тегі жайлы мәлімет жазылады.

    Егер малдың ата-тегі толық және дәйекті жазылса, онда оны сұрыптауға ғана пайдаланып қоймай, жұп таңдау жұмысына да пайдалануға мүмкіндік бар. Демек малдың тегіне, өнімдік қасиетіне қарай жұптауға болады.

    Малдың ата-тегіне қарай жұптау әмісе көңілден шыға бермейді.

    Малдың ұрпағының сапа-қасиетіне қарай сұрыптау ең тиімді жұмыс. Сапалы ұрпақ қалдырған мал жоғары бағаланады да, ол малды келешекте қалай пайдалану туралы алдын ала тұжырым жасауға болады.

    Бұқаларды сынау және сұрыптау. Жыл сайын мыңдаған ұрпақ қалдыратын бұқалары сынауға көп көңіл бөлінеді. Қолдан ұрықтандыру тәсілі өокендеген сайын кейбір бұқалардан жылына 4 – 5 мың ұрпақ алуға болады. Сондықтан да бұқаны сынау және сұрыптауға өте жоғары мән беріледі.

    Бұқалардыңүш дүркін сынайды: алғашында ата-тегіне қарай таңдайды, содан соң іріктеліп алынған бұқаның сыртқы пішініне, дене бітіміне, соңынан оның ұрпағының сапасына қарай сынайды. Аталған үш сынның ең шешушісі – үшіншісі.

    Бұқаны ата-тегіне қарап таңдағанда оның жақын тегінің өніміне көңіл аударады. Сонымен бірге өнімі жақсы аналық ұядан немесе аталық ізден шыққаны дұрыс. Малдың осы мәлімет арқылы дұрыс сынау үшін оның кем дегенде екі атасының мәліметі болуы керек. Анасының және аналық тегінің сүттілігі жоғары болғанда ғана бұқа жоғары бағаланады. Бұқа өсіп, табынға қосар немесе ұрығын алар алдында оның өсу қарқынын, дене бітімі ерекшеліктерін, жыныстық белсенділігін және ұрығының сапасын тексеріп,сынайды.

Соның кем дегенде екі атасының мәліметі болуы керек. Анасының және аналық тегінің сүттілігі жоғары болғанда ғана бұқа жоғары бағаланады. Бұқа өсіп, табынға қосар немесе ұрығын алар алдында оның өсу қарқынын, дене бітімі ерекшеліктерін, жыныстық белсенділігін және ұрығының сапасын тексеріп, сынайды.

    Бұқаны ұрпағының сапасына қарап сыынаудың басты тәсілі – оның бірнеше ұрпағын бір-бірімен салыстыру, сондай-ақ бұқалар ұрпағының өнім деңгейін сол табын сиырлары өнімінің орташа деңгейімен салыстыру, бұқалар ұрпаңының өнімін өзі шамалас мал өнімімен салыстыру және ұрғашы ұрпағы өнімділігін енелерінің өнімділігімен салыстыру. Осы жұмыс қорытындысында сынақта жүрген бұқа ұрпақтарының өнімі салыстырған мал өнімінен кем болса, төмендеткіш, ал артық болса жақсартқыш болғаны. Сондықтан бұқа ұрпағының сапасы тек бұқаның өзіне ғана емес, оған жұптаған сиырға да байланысты. Соған орай күтімі, азықтандыру жағдайы жақсы болғанда өнімі жоғары ұрпақ қалдырған бұқа жоғары бағаланады.

    Етті бағыттағы ірі қара бұқаларын ұрпағының тірілей салмағына, тез жетілгіштігіне және ұрпағы етінің сапасына қарап сынайды, ұрпағының саны өзгерген сайын бұқаны сынау талабына да өзгеріс еніп отырады. Бұқа ертеректе табыннан шығып кетсе де, оның ұрпақтарын пайдалану үшін сынай береді.

Жұп таңдау. Мал тұқымын жақсарта, жетілдіре түсу үшін бір мақсатқа бағындырылған бағытпен жұптайды. Жұптау жұмысы сұрыптаудан соң жүреді. Мал өсіру техникасы мен тәсілдерінің өрбуі, әсіресе, қолдан ұрықтандыру тәсілін қолдану жұп таңдау жұмысын жеңілдете түседі.

    Ұрықты ұзақ сақтау және оны тасымалдау мүмкіншілігі малды дұрыс жұптаудың бірден бір кепілі. Оның үстіне аса бағалы бұқаларды барынша кең пайдалануға жол ашты.

    Жұптау бір текті және әр текті болады. Бір текті (гомогенді) жұптаудың негізі – жақсы мен жақсы. Бұлар өте жақсы тұқым береді. Бұл тәсіл тек малдың шығу тегінің ұқсастығын ғана емес, ата-енесінің де бір тектілігін көрсетеді.

    Бір текті жұптағанда, жұптасатын малдың екеуіне де тән кемшілік болмауы керек. Өйткені бұл тәсіл малдағы құнды қасиетті ғана емес, сонымен бірге кемшілікті де бекіте түседі.

Әр текті жұптау (гетерогенді) мал өнімін жақсарта түскенімен құнды қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа беру қабілетін жақсартпайды.

    Тұқыммал және қатардағы шаруашылықтарды жұп таңдау тәсілі әр түрлі. Мысалы, тұқыммал заводында малдың өнімділік ерекшелігіне қарай жекелеп жұп таңдайды ( әр сиырға жеке бұқа). Сондай-ақ малдық ата-тегі, ертеректе алынған ұрпағының сапасы, өнім деңгейі және дене бітімі ескеріледі.

    Ал қатардағы шаруашылықтарда мал топтап жұпталады. Бұл тәсілдің негізі- өнім деңгейі бірдей сиыр тобына бір немесе бірнеше бұқа тағайындалады. Тек бұқаның өнімдік сапасы жұптасатын сиырлардың өнім деңгейінің жоғары болуы шарт.

Ірі қара тұқымын үлкен кешендерде асылдандыру жұмысы

    Соңғы жылдары ірі қара өнімдерін өндіруді өндірістік жолға қою кешендердегі асылдандыру жұмысын мұқият жүргізуді талап етті. Өндірістік технология мал фермаларын техникамен қамтамасыз етуді ғана емес, өндірістің барынша тиімді болуын, ол үшін мал өнімділігін 4000-5000 кг дейін көтеруді талап етті. Өйткені кешендердегі өндіріс құралы – мал.

    Селекционерлер кешендерге сүтті мал іріктеп алу үшін оларға қойылатын талапты анықтайды. Мысал үшін сақа сиырлар мықынның биіктігі 140 см, тірілей салмағы 570-650 кг кем болғанда дене бітімі, денсаулығы мықты, желін бөліктері, емшектері жақсы дамыған, желін түбі біркелкі және жерден 40-50 см биік, сүт шығу жылдамдығы жоғары, жылдық сүттілігі 5000-5500 кг, сүтінің майлылығы 4,0% болуы керек. Міне осындай сиырлар болу үшін барлық асылдандыру жұмысын осы мақсатқа бағындыру керек. Сонымен қатар бұл жұмыс кешендерді кез-келген сиырлармен толтыруға жол берілмес үшін тезірек жүргізілуі қажет.

    Кешендерде сиырлар аз серуендейді, күн сәулесі аз түседі, саңылаулы цемент еден, асфальтты алаң, көбінесе екі тактылы машинамен сауу және малдың тығыз орналасуы әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да малға тек сүттілігі жоғары болу талабын ғана қоймай, оған қосымша осындай ерекше жағдайға төзімділігін қалыптастыруды да асылдандыру жұмысында ойластырған жөн. Мұндай жағдайда малдың дене бітімі, денсаулығы өте мықты болғаны дұрыс. Әсіресе, сирақтары мықты, тұяғы берік, желінсауға төзімді, механизмдердің әсеріне шыдамды, басқадай әр түрлі ауруларға резистенттігі күшті, тиімділігі жоғары сауын аппаратының әсеріне шыдамды, тез және толық сауылатын қабілеті жоғары болуы қажет. Сұрыптау және жұп таңдау жұмыстары кешендерде де өз құнын жоғалтпайды. Өйткені мұндай жағдайда жарамайтын сиырларды тез айырбастап, табынды толықтырып отыру қажет. Сиырлардың жарамсыз дегендері 20-25 процентке дейін жыл сайын табыннан шығарылуы тиіс.

Кешендердегі мал тұқымын асылдандыру жұмысының мақсаты – сапалы жас малды таңдап алып өсіру, сұрыптау және олармен уақытылы сиыр табынын толықтырып отыру.

Сүтті бағыттағы сиыр шаруашылығында тайынша мен құнажынды жеткілікті мөлшерде сұрыптап алу үшін және оларды дұрыс өсіру, буаз құнажындарды келешек сауын маусымына дұрыс дайындау, күту, ал тұмса туған сиырларды идіре сауу, оларды сауын маусымында, әсіресе суалған соң толық құнды азықтандыру, ұрпақ жақсартқыш бұқалармен жұптау үшін ықтиятты асылдандыру жұмысын тиянақты жүргізу қажет. Ол үшін әрбір шаруашылықта қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану керек. Табынды өз төлінен өсірудің ірі қара шаруашылығындағы ең басты көрсеткіші – 100 сиырлардан 100 бұзау алып, аман өсіру.

Кешендердегі мал тұқымын асылдандыру жүйесінде тайыншаларды дұрыс өсірудің маңызы зор. Ресейдің көптеген жерлерінде тайыншаларды мамандандырылған арнайы шаруашылықтарда өсіру тәжірибесі бар. Мысалы, Пенза облысының «Ардым» совхозында немесе қатар орналасқан «Еланский» және «Константиновский» совхоздарында кешендерді толықтыратын аса сүтті сирылар өсіретін бірлестігін айтуға болады. Шаруашылықтарда немесе кешендерде іріктеп алған ұрғашы бұзауларды, 10-15 күндігінде мамандандырылған шаруашылыққа жинайды да, оларды өсіруді 4 кезеңге бөледі:

1-кезең – 1 айлығына дейін;

1-кезең – 1 айлығына дейін;

3-кезең – 3-6 айлық;

4-кезең – 6-24 айлық.

Беттің номері жоқ

 

«Ардым» кешенінде құнажынды ұрпағының сапасына қарай тексерілген жоғары класты бұқалардың ұрығымен ұрықтандырады. Буаздығы 6-7 айға толған соң басқа кешендерге немесе шаруашылықтарға жөнелтеді.

Дұрыс өсірілген құнажындар ірі келеді, тұмса сиырлары да ірі, өнімі де жақсы.

Сүтті бағыттағы шаруашылықтарда сиырларды машинамен саууға үйретудің де маңызы зор. Өйткені осындай үйрету негізінде сиырлардың желіні біркелкі дамып, бөліктерінен сүт біркелкі шығады, сүт шығу жылдамдығы жоғарылап, емшектері де шамамен бірдей болады.

Желіні астау және төңкерілген тегене тәріздес болса, ондай желіннен сүттің шығу жылдамдығы да жоғарылап, домалақ немесе ешкі емшек желінді сиырлармен салыстырғанда қай жағынан болса да артықшылығы басым келеді.

Сиырлардың машинамен саууға бейімділігі одан сүт шығу жыдамдығына, бөліктерінің сүтті біркелкі және толық беруіне қарай анықталады. Желін бөліктерінен сүттің біркелкі шығуы оның бөліктерінің бірдей дамуына байланысты.

Сиыр желінінің морфологиялық көрсеткіштеріне келсек оның қызмет немесе өнім деңгейіне қарағанда тұқым қуалау қасиеті жақсы. Ал желіннің морфологиялық белгісінің одан сүт шығу жылдамдығымен байланысты болуы малды кешенде желініне қарап сұрыптауға мүмкіндік тудырады және сиырдың машинамен саууға бейімділігін анықтай түседі.

Желіннің түрі мен қызметі сиырдың атасы жағынан да енесі жағынан да тұқым қуалайды. Сондықтан да сиырды машинамен саууға бейімділігі бойынша сұрыптай отырып, бір мақсатқа бағынған тұқым асылдандыру жұмысын ғана жоспарламай, малды азықтандыруды да, пайдалануды да, сүттің шығу жылдамдығын дамытуға жағдай тудыруды да ойластырған жөн. Жекелеп айтқанда да құнажынды бұзаулауға жақсылап дайындау, оның желінін уқалау, идіре салу немесе сиыр саууды дұрыс ұйымдастыру қажет.

Табынды, тұқымды жетілдіре түсу, кешендердегі прогрессивті технология жағдайына бейім малды сұрыптау арқылы табындағы мал өнімділігінің, дене бітімінің, тұлғасының біркелкі жоғарылауын көздейді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.036 с.)