Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сиырды бұзаулауға дайындау.Поиск на нашем сайте Буаздық мерзімі. Табынды төлден өсіруде буаздық мерзімінің маңызы зор. Азықтандыру мен бағып-күту жағдайы қалыптағыдай болса, сиырдың буаздық мерзімі 280 күнге созылады. Дәлірек айтқанда буаздық 270-300 күн аралығында ауытқиды. Бұлай болуы буаздыққа көптеген жағдайдың әсер етуі мен сиырдың жеке ерекшелігіне байланысты. Әсіресе, азықтандырудың әсері зор. Азықтандыру деңгейі төмен болған сайын буаздық мерзімі ұзара түседі де, бұзауы әлсіз болып туылады. Малдың тез жетілгендігінің де әсері бар. Егер мал тез жетілетін тұқымнан болса, Оның буаздығы да қысқара түседі. Тағы да бір айта кететін жайт - еркек бұзау ұрғашы бұзауға қарағанда 2-3 күн кеш туады. Сиыр көбіне бір бұзау туады. Бірақ кейде екі, үш, төрт бұзауда тууы мүмкін. Бұзау саны көбейген сайын, олар нашар, уақ болады. Егіз бұзау туғанда ұрғашысы бедеу болады да, еркек бұзау қалыптағыдай өседі. Тегінде, буаз малдың күтімін жақсарта түсу қажет. Азықтандыру тәртібін бұзу, күтімін нашарлату, сиырдың іш тастауының бірден-бір шарты екендігін есте ұстау керек. Әсіресе бұзаулауына 2-3 ай қалған сиыр күтіміне сақ болған жөн. Буаз сиырларды алыс өріске шығаруға болмайды. Оларды қора төңірегіндегі, жақын жайылымға сернгіткен жөн. Табындағы сиырлардың ұрықтанған уақытын және бұзаулайтын күнін есепке алып отырған дұрыс. Ғалымдардың тұжырымдарына қарағанда іштегі бұзаудың ең көп салмақ қосатын кезеңі туардың алдындағы екі ай ішінде өтеді. (12 килограмнан 24 кг дейін салмақ қосады). Бұл уақытта сиыр іштегі төлдің дұрыс өсуі үшін, әсіресе денесіне азықтық қор жинау үшін жақсы азықтандырып, бағып күтуді қажет етеді. Бұзаулар алдында сиыр қоңдылығының заводтық кондицияда болғаны дұрыс. Сауылған буаз сиырды қыс айларында қора алдындағы аулада, ал жаз айларында жақын жайылымға күнделікті серуенге шығарады. Күнделікті серуен малдың жалпы денсаулығына жақсы әсер етіп, бұзаулауын жеңілдетеді. Сиырды бұзаулар алдында 14-15 күн бұрын бұзаулайтын орнына ауыстырады. Бұл жерде сиырды байлап та, боста ұстауға болады. Сиырдың тұратын орнын, қи жолын, ірі азық, жем салатын науаларды алдын ала тазартып, дезинфекциялап, жаңадан таза сабын, жаңқа түзейді. Сиырды бұзаулату. Сиырдың ұрықтанған күнің, айын біле отырып, бұзаулау мерзімін (айын, күнін) болжауға болады. Ол үшін жасалған арнайы таблица бар. Сиыр бұзаулар алдында шыдамсызданып, көзі аларып, ыңыранып артына бұрылып, ыңғайлана бастағанда оның жыныс мүшесін, бөксесін марганцовка ерітіндісімен (1л суға 1г марганцовка) жуады. Мал астында таза да кебу төсеніш (жаңқа, сабан) төсейді. Дұрыс даярланған, дені сау сиыр ешбір қиындықсыз, адамның араласуынсыз-ақ бұзаулайды. Ал кейбір жағдайда іштегі бұзау дұрыс келмей, бұзаулау қиынға соғады. Мұндайда мал мамандарын шақырып, мейлінше дұрыс көмек көрсеткен жөн. Бұзаудың таза төсеніш үстіне түскені жөн. Кіндігі үзілмесе, түбінен10-12 см ұзындықта таза қайшымен кеседі де, ішінде қалған қанды сыртта сығып тастап, байлап, кіндік ұшын йодқа батырып алады. Күнделікті байқап жүріп, қажет болса, дезинфекциялап отырады. Туған бұзаудың көзін, тұмсығын, ауызындағы сілекейді таза дәкемен сүртіп, бұзаудың неғұрлым өз бетімен демалуына көмек жасайды. Бұзаудың өне бойын сиырдың өзі жалап құрғатқаны жөн Сонда бір жағынан енесі барынша жаксы тазалайды., бұзау денесіндегі қан айналымын жақсарта түседі. Бұл сиырдың өзіне де пайдалы. Өйткені сиырдың шуы тез түседі. Бұзаулаған суықтан емес, өкпек жел мен ылғалдан, сыздан сақтаған жөн. Бұзау енесімен 12-24 сағат бірге болып, денесі кепкен соң оны профилакторийдегі жеке орынға ( клеткаға) немесе сырттағы үйшікке оранастырады. Бұзаулаған сиырды бір жарым сағат өткен соң, алғашқы рет саууға болады. Сиырды алғашқы жетіде3-4 мезгіл сарқа сауған жөн. Бұзауланғаннан кейінгі екінші күннен бастап сиырға 1 кг кебекті жылы суға бөктіріп бере бастайды. Үшінші-төртінші күні жемнің мөлшерін 1,5-2 килограмға жеткізеді. Толық рационға 12-15 күн өткенен кейін ғана көшіреді. Сауын сиырға пішен жетпеген жағдайда пішеннің қажет мөлшерінің 1/3 бөлігінен 1/4 бөлігіне дейінін сабанмен ауыстыруға болады. Пішеннің сапасы төмен болған жағдайда, оны турап, жем немесе тұз араластырып берсе, онда ол азық түгел дерлік пайдаға асып, мал организмінде де жақсы қорытылады. Балауса азықтың, оның ішінде сүрлем мен пішендеменің сүт айдайтын қасиеті болғандықтан, оларды сауылатын сүттің әрбір килограмына 2-3 кг есебінен берген жөн. Жемді де сиырдың сүттілігіне қарап, әрбір литр сүтке 150-200 грамм есебінен беру керек. Сиырға жемді көп берсе, соғұрлым сүті де молаяды деген ұғымның теріс екенін есте ұстаған дұрыс. Есептен тыс көп жем жеген сиырдың организмінде зат алмасу өзгеріп, семіре бастайды да, сүттілігі күрт төмендеп кетеді. Тәулігіне 15 л сүт шығатын, салмағы 500 кг сиырға 10 кг пішен, 25-30 кг сүрлем, 2,5-3,0 жем береді және 40г мөлшерінде тұз жалатады. Тәулігіне 15л астам сүт шығатын сиырға жайылымда жүрген кезінде әр литр сүтіне 100 грамм есебінен жем берген дұрыс. Бұзау туғаннан кейін бір жарым сағат өткен соң жаңа сауылып, сүзілген уыз емізеді немесе енесінің бауырына салады. Жаңа туған бұзау үшін уыздың таптырмайтын азық екендігі белгілі. Бұзау уызды еміздікті ыдыстан жайлап, сүтке шашалмай, қауып жұтпай емгені жөн. Өйткені, уызды жайлап емгенде ол қарынға түспей, бірден ұлтабар, жалбыршақ қарынға кетеді. Ал бұзау уызды, сүтті қауып ішкенде ол қарындағы сүт жолына сыймай, қарынға құйылады да, бұзылып, ашып, жас малдың ішін бұзады. Бұзаудың іші өтеді. Алғашқы 10-15 күн бойы бұзауды 4-5 мезгіл емізеді. Әр емгенде 0,5-0,8 кг уыз немесе сүт емгені жөн. Одан әрі қарай сүтті бұзауға тойғанынша береді де, бірақ тәулігіне үш мезгіл емізеді. 7-10 күн өткен соң уыз сүтке айналады. Шамамен сол күндерден (10-15 күн) бастап, бұзауға таза сүттен басқа сұлы қойыртпасының (кисель) берілгені жөн.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |