Тәуліктік қосатын салмағы 900-1000 г еркек бұзауларды азықтандыру мөлшері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тәуліктік қосатын салмағы 900-1000 г еркек бұзауларды азықтандыру мөлшері

20.Тәуліктік қосатын салмағы 900-1000 г еркек бұзауларды азықтандыру мөлшері

 

 

Ай мөлшері

 

Салмағы,кг

                    Тәулігіне,бір бұзауға

Орта есеппен

 

Айдың аяғында

 

Азық өлшемі,г

 

Қорытылатын протеин,г

 

Ас тұзы,г

 

Кальций,г

 

Фосфор,г

 

7-8

9-10

11-12

13-14

2,4

3,3

3,9

4,2

4,0

5,0

6,0

6,6

7,1

7,9

 

Еркек бұзауларды үш айына дейін күніне алғашқыда 3 мәрте,соңынан екі мәрте азықтандырады.Алты айлығына дейін байлаусыз,топтап бір станокта 4-6 бұзаудан ұстайды.

Алты айлығына,яғни жыныстық рефлексі басталысымен оларды байлауда ұстап,күн сайын серуенге шығарып тұрады.Ал 9-10 айлығынан күтуге ыңғайлы болуы үшін мұрындық тағады.Бір жасқа толған еркек бұзауларды мемлекеттік қолдан ұрықтандыру станцияларына береді.еді.Әсіресе,850-900 г тәуліктік қосымша салмақ қосып,6 айлығындағы тірілей салмағы 190 кг

                                                                                         

 

Бұзауды жыл бойы таза ауада жеке үйшік профилакторийда өсіру

Бұзау өсіретін жеке үйшіктер қалыңдығы 12мм фанерадан жасалады.Фанералар бір бірімен 40х40 мм рейкалармен жапсарластырылады.Фанералар мен рейкалар алдын ала антисептиктермен,отқа жанбайтын бояулармен боялады.Шаруашылықтар тәжірибиесінде,көбінесе жергілікті материалдар (жуандығы 15-20мм ағаш кесіндісі) пайдаланылады.Үйшіктің сыртын полиэтилен пленкасымен және оның сыртын рубероидпен саңлау қалдырмай қаптап тастайды.

Үйшіктің алдында бұзау шығып,бой жазатын ағаштан немесе темірден жасалған алаң болады.Бұл үйшіктер сиыр бұзаулайтын қораның оңтүстігіне,ықтасын жерге бір бірінен 0,6-1м алшақ салынады.Қыста сиырлар арнайы салынған бөлмелерде немесе бокстерде бұзаулайды да,жазда бөлмеде немесе ықтырма қалқаларда бұзаулайды.Жаңа туған бұзау енесімен 10-12сағат бірге болады да,тойғанынша уыз емеді. 10-12 сағат өткен соң сиырды бұзаулайтын орнына апарады да,бұзауды денесі құрғаған соң жеке үйшігіне жібереді.

Үйшіктердің табанына қалыңдығы 2-3см сөндірілген әк, 25-30см ағаш үгіндісін салып,оның бетіне 45-50см сабан төсейді.Сабанды бұзау бой жазатын алаңға да төсеген дұрыс.

Алғашқы 2-3 күн бұзау үйшіктегі сабан үстінде жатады да, 3-4 күнінен бастап,алдындағы алаңға шыға бастайды.Одан әрі жауын шашын болмаса,бұзау, көбінесе сол алаңда тұрады,

Алматы облысындағы “Панфиловский”кеңшарының бұзаулары 1982 жылдан бастап осы тәсілмен өсіріледі.Бұл шаруашылықтағы сиыр бұзаулайтын бокстердің аумағы 3x3м.Бұзау өсіру технологиясы 3 өндірістік топтан тұрады.Жаңа туған бұзау 2 айлығына дейін үйшіктерде,таза ауада болады.Екі айға толған соң 6-9 дан топтастырылып,үлкен үйшікке ауыстырылады.Алты айдан асқан соң қайтадан үлкен топтарға топтастырылып,клеткаларда өсіріледі де,тайынша,құнажындар ауыстырылмайтын қалың төсеніште өсіріледі.

Уыз,таза сүт және көк сүт еміздікті алюминий банкамен беріледі.

Бұл еміздікті ыдыстың ерекшелігі банканың қақпағындағы тесігіне сүт жүретін жолы 5-6мм резинканиппель тығылады.Ал трубканың банканың түбіне қараған басына қола штуцер кигізіледі.Бұзау еміздікті емгенде аз аздан келген сүт оның ұлтабарына көбіктеніп барады да,толық қорытылуына мүмкіндік туады.

Павлодар облысының Тельман атындағы кеңшарында бұзауды осы тәсілмен өсіреді.Бұл шаруашылықтада жаңа туған бұзау енесінің бауырында 10-12 сағат,әрі кеткенде 24 сағат болады.Содан соң сиыр тұратын орнына,бұзау денесі әбден құрғаған соң ,үйшікке ауыстырылады.Үйшікте бұзау 30-60 күн болады.

Осы уақыт ішінде бұзау мен оның енесіне бірдей номер қойылады да,бұзауға жеке еміздік бекітіледі.

Алғашқы он күндікте бұзауға енесінің уызын күніне 6 литрден береді (ертеңгілік,кешкісін 2-8 л,түсте 1 л).Екінші онкүндікте ертеңгілік,кешкісін екі уақыт 6 л таза сүт береді.Үшінші онкүндікте 6 л сүт, 0.1-0,3 кг жем береді.Сонымен алғашқы бір айда бұзау 180кг сүтке, 1-3 кг жемге және шөпке үйренеді.Төртінші онкүндікте күніне 3 л таза сүт, 3 л көк сүт (немесе жасанды сүт), 0,4 кг жем, 0,2 кг көк балауса беріледі.Бесінші онкүндікте күніне 1литр таза сүт, 4 литр көк сүт (немесе жасанды сүт) 0,6кг жем беріліп, 0,5кг шөп салынады.Алтыншы онкүндікте таза сүт берілмейді. 8кг көк немесе жасанды сүт, 0,8 кг жем,0,6 кг пішен беріледі.Сонымен,екінші айда бұзауға 40 л таза сүт ,200 л көк (немесе жасанды) сүт, 15 кг пішен жұмсалады.

Бұзауды осыдан кейін басқа ірілендірілген топқа ауыстырып,үйшікті төңкеріп кептіреді.Төсенішті көлікке тиеп апарып,аулаққа тастайды.Үйшіктер тұратын алаң дезинфекцияланып,үйшіктер орнына қойылады.

Осылай өсірілген бұзаудың тірілей салмағы 70-75 кг тартып,тәулігіне қосатын салмағы 750-800 г жетеді.

Бұзауларды екі айлығынан бастап 9-10 орындық клеткаларға топтайды,жеті,сегіз,тоғыз айлығында 7 л көк (немесе жасанды сүт) сүт, 0,8-1 кг жем береді.

Төртінші айлығынан бастап бұзауға көк сүт те беруді тоқтатады.Сөйтіп күніне 0,5-1,5кг дейін сүрлем, 1,5кг шөп береді.Бесінші айында бұзау рационында 1,7кг жем, 1,5кг сүрлем, 2-3кг шөп болады.

Алты айда өз табынын жаңартуға бөлінген бұзауға 300 л таза сүт,500 л көк немесе жасанды сүт береді.Бордақылауға бөлінген бұзауларға 200-210 л таза сүт,500 л көк сүт немесе жасанды сүт 180 кг жем, 250кг сүрлем, 245 кг шөп беріледі.Осы уақытта олардың тірілей салмағы 350 кг жетеді.

Алғашқы күннен бұзауды 37С дейін суытылған қайнаған суға үйретеді.

Үш айлығынан төсеніші ауыстырылмайтын,есігі ашық,тек боранды күні кешке ғана жабылатын суық қорада өсіріледі.

Қарағанды облысының “Топар” шаруашылығында сиыр бұзаулайтын жылжымалы жаздық бокс қолданылады.

Бұл шаруашылықта да жаңа туған бұзау енесімен бірге 10-12 сағат болған соң үйшіктерге ауыстырылады да, 1,5-2 ай осында тұрады.Содан соң клеткаларға топтастырылады.Қыс айларында үйшік клеткалар сиыр бұзаулайтын қораның күнгей,ық жағына қойылады.Үйшік қойылатын жайға қалыңдығы 10см күл,оның үстіне 18-20 см ағаш үгіндісі,содан соң бір үйшікке 5-10 кг есебінен сабан төселеді.

Бұзау бой жазатын алаң ұзындығы 180 см,ені 120 см,биіктігі 120 см етіп металл қалдығынан жасалады.Клетканың ішіне жемшөп салатын оттық,су ішетін науа қойылады.

Бұзауға 1-15 күндері 6 л, 16-25 күндері -9 л, 26-25 күндері 5 л,36-45 күндері 3,5 л, 46-55 күндері 2,5 л, 56-60 күндері 2 л таза сүт береді. 12-13 күнінен бастап пішенге, 10 күнінен бастап жемге үйретеді.  

Бұзауды сүт ему кезеңінен соң өсіру.

Алты айдан әрі қарай бұзаудың бұлшық еті,сүйегі,ішкі органдары қарқынды өсетін мезгілі басталады.Жақсы өскен ұрғашы бұзаулардың тірілей салмағы туғандағы салмағынан 7-8есе өсіп, 250-280 кг тартатын болады.

 18 айлық малдың тірілей салмағы сақа сиыр салмағының 70 процентін құрап, 350-360 кг жетуі керек.Мұндай салмаққадұрыс азықтандырып,күтімін жақсартса ғана жеткізуге болады.

Қазіргі кезде табын толықтыратын тайыншалар сол шаруашылықтың мамандандырылған фермасында немесе өндірістік негізінде мамандандырылған шаруашылықтарда өсіріледі.

Өз фермасында ұстаған тайынша мен құнажын табыннан шығарылған сиырлардың орнына ауыстырылады,ал екінші жағдайда бұл буаз құнажындар сол аудан мен облыс шаруашылықтарында қайыра таратылады.

Себебі мамандандырылған шаруашылықтарға тайыншалар әуел бастан сол шаруашылықтардан жиналады.

Бұзауларды жасына,тұқымына қарай біртекті топ құрап секцияларда жеке ұстайды.Бір топ қолданылатын технологиясына қарай 40-50 мал болуы мүмкін.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)