ТМД- да шығарылған тұқымдар. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ТМД- да шығарылған тұқымдар.

 Қазақтың ақбас сиыры. Бұрын Қазақстанда өнімділігі төмен, тез жетілмейтін шағын, бірақ тез ет алатын, жергілікті жер жағдайына, ауа райына бейім қазақы сиыры, Солтүстік Кавказ және Қалмақ даласында қалмақ тұқымы өсірілетін. 

Қалмақ сиырының салмағы ауыр және қазақы сиырмен салыстырғанда тез жетілетін. 

Қазан революциясынан кейін Кеңес елінде етті бағыттағы мал өсіретін совхоздар ашылып, етті бағыттағы тұқым өсіруге жағдай жасалынды. Міне, сол кезде алғаш шығарылған етті бағыттағы ірі қара осы қазақтың ақбас сиыры болатын.

Қазақтың ақбас сиыры жергілікті қазақы және қалмақ тұқымы буданын, ішінара қалмақ сиырын герефорд тұқымы бұқалармен будандастыру жолымен шығарылған.

Герефорд тұқымы бұқалары АҚШ-тан, Украинадан Қазақстанға, Волгоград, Орынбор, Саратов облыстарына әкелінді. 

Тұқымды шығару кезінде герефорд малына тән еттіләгән және қазақы сиырдың жергілікті жер жағдайына төзімділігін ұштастыру мақсат тұтылды. Алынған екінші және үшінші будандары өз ішінде өсірілді.

Қазақтың ақбас сиырының салмағы 515-540кг. Шоқтығынан биіктігі - 122-125см, кеудесінің тереңдігі -66-70см, кеудесінің ені – 40-45см. Денесінің қиғаш ұзындығы – 162-166см. Кеуде  орамы -184-191см, жіліншік орамы – 19-21см.

Тұқым сұрыптау үстінде селекционерлер алдарына екі мақсат қойып отыр. Олар: біріншіден, тұқым арсынан етті малды таңдап алып, оны интенсивті пайдалану және ол малдың тобынан гурт, ферма құру, қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру. Екіншіден дұрыс азықтандырып, жақсылап күтіп-бағу.

Қазақтың ақбас сиырының түсі герефорд тұқымының түсіне ұқас. Тұмса бұзаулаған сиырының тірілей салмағы 306, екінші рет бұзаулаған сиыры 396, сақа сиырлары 422кг тартады.

«Шалабай», «Аңқаты» тұқыммал заводтарындағы сақа сиырлардың тірілей салмаңы 520-550кг, бұқаларының салмағы 900-1070кг. Бұзауларының енесінен айырғандағы тірілей салмағы - 200-210кг. 18айлық еркек баспағы 350-400кг тартады. Тәулігіне қосатын қосымша салмағы - 800-900г.

 Қазақтың ақбас сиыры тез жетілгіш және жақсы бордақыланады. «Қарағанды» совхозында жүргізілген тәжірибеде 18айлық баспақтарының тірілей салмағы  540кг тартып, сойыс шығымы – 63,0% болған.

Қазақтың ақбас сиыры қуаң да қатал ауа райына төзімді аөыз талғамайды және өз ішінде өсетін өасиеті де жақсы.

Бұл тұқым Қазақстанның 18облысының 26ауданынада және Өзбекстан мен Тәжікстанда өсіріледі.

Қазақтың ақбас тұқымы 40жыл бойы жетілдіріліп келеді. Осы уақыт ішінде сыртқы пішіні де жақсарып, біркелкіленді. Орал, Семей облыстары шаруашылықтарында ақбас сиырдың тоқал типі шығарылып, олардың саны да  көбейіп келеді. 

Сиырлардың сүттілігі де көтерілді. Жайылымда жайылған мал қосымша азықсыз, тәулігіне 1кг дейін қосымша салмақ қосып, 2-2,5 жасында тірілей салмағы 420-480кг жетеді. Сйыс шығымы 55-56% .

Қалмақ тұқымы. Бұл етті  бағыттағы мал ішінде саны жағынан екінші орын алатын тұқым. Шығу тегі жағынан сонау Үнді сиырларынан бастап, Ази малының және Европа малы арасындағы ауыспалы түрге жатады.

Қалмақ малы XVII ғасырдың басында, көшпелі қалмақ тайпаларымен келіп, континенталды ауа райы жағдайында қалыптасқан.

Кеш жетіледі, дене бітімі мықты, төзімді, етті- сүтті бағыттағы, күш- көлік малы.

Қалмақ малының кеш жетілуіне қатаң ауа райы жағдайында қосымша азықтың берілмеуі мен қора- жайдың болмауы әсер етті. 

Денесі орташа, кеудесі алшақ, терң, жотасы жалпақ, түзу, бөксесі кең, жалпақ. Сирағы мықты. 

Қалмақ малының ерекшелігіне қыста ұзын түбінің, ал жазда қысқа қылшық жүнінің көбірек шығуы жатады. Олар денедегі жылуды реттеуге әсер етеді. 

Түсі- қызыл, қызыл ала, қоңыр ала, сарғыш қызыл. Сақа сиырының тірілей салмағы 420-450кг. Бұқалары -600-800кг тартады. Сойыс шығымы 57-60%.

Тез жетілетін етті типі ұсақтау, тірілей салмағы жеңіл, ерте өседі. Сүйегі жеңіл, биік, сойыс шығымы кеш жетілетін типінен 2,4% аз. 

Қалмақ тұқымы өз жерінде «Сухотиский» Чкалов атындағы асыл тұқымды мал заводтарында, Ростов облысының «Зимовниковский» жылқы заводында, «Дубровский», «Комиссаровский» совхоздарында өсіріледі. 

Бұл тұқымда Мишка 92, Боровик,  Манеж, Пугач, Зиммер, Казбек атты аталық із бұқалары белгілі.

Келешек асылдандыру жұмысы мал санын көбейтіп, салмағын жоғарылатуға, еттегі майды азайтуға, азықты қосымша салмақпен өтеу мүмкіндігін көтеруге, сүттілігін, төлшілдігін арттыруға бағытталған.

1994 жылдың қаңтарында Қазақстанда 14383, оның ішінде 4553 таза қанды қалмақ сиыры болды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)