Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Франция, Италия елдерінде шығарылған тұқымдарПоиск на нашем сайте Шароле тұқымы. Францияның оңтүстік батысындағы Шароль қаласының төңірегінде ақ түсті ірі қара тұқымынан шығарылған. Алғашында ақ түсті сиырлар симментал тұқымы бұқаларымен будандастырылғандықтан шароле тұқымының сыртқы пішіні мен симментал тұқымының пішінінде ұқсастық бар.
Бұл тұқымның шығуына жергілікті жер, ауа райының жұмсақтығы да әсерін тигізді. Шароле тұқымының ерекшелігі – бұлшық еттерінің ұзақ уақыт өсуі. Сондықтан етінде май аз болады. Асылдандыру жұмыстарында ұзақ уақыт бойы сұрыптау, жұп таңдау, жақын инбридинг қолдану кеңінен өріс алды. Жазда табиғи жайылымда жайылып, қыста сапалы ірі азықпен азықтандырылды. Бұл тұқым АҚШ-та, Канадада, Испания, Англия, Оңтүстік Америкада, Солтүстік Африкада кең тараған. ТМД-ға басқа тұқым малымен будандастыру үшін әкелінген. Шароле тұқымы өте ірі, етті, сойыс шығымы жақсы, жерсінгіш мал. Басы үлкен, өте ірі, кеудесі терең, тұрқы ұзын, жоны, сауыры ұзын, жалпақ, етті. Сирағы денесіне сай. Терісі жұқа, жұмсақ. Бұлшық еттері жақсы жетілген, бөлшектеніп тұрады. Сыртқы пішінінің кемшілігі – ішінара кездесетін белінің қайқылығы, шоқтығының айыр болуы, құйрығының жоғары қонғандығы. Түсі қоңырқай ақ. Сақа сиыры 1000 кг дейін, бұқалары 1320-1550 кг дейін тартады. Бір жылдық еркек төлі 650-440 кг. Сойыс шығымы 65-66 пайыз, сіңірі мен шеміршегі – 3,4 пайыз, сүйегі 15-17 пайыз. Лимузин тұқымы. Францияның оңтүстік батыс бөлігінде жергілікті аквитан малынан шыққан. 1850 жылдан белгілі. Тұқыммал кітабы 1865 жылдан шығады. Қазіргі кездегі лимузин малы ірі, бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйегі жеңіл, сақа сиырының салмағы 540-600 кг. Бұқасы 1000-1600 кг тартады. Сиырының шоқтығының биіктігі 127-128 см, бұқасының шоқтығынан биіктігі 137-138 см. Түсі қызыл, қызғылт, мүйізі, тұяғы ақшыл. Мүйізі қысқа. Денесі етті, кеудесі жұмыр, терең. Жотасы ет басқан жалпақ, түзу, сауыры кең, ұзын, жалпақ. Сан еті жақсы жетілген. Сирағы қысқа. Сүйегі жеңіл, жұқа. Лимузин малы жерсінгіш. Құбылмалы ауа райына төзімді. Жайылымды жақсы пайдаланады. Сиырының сүттілігі 1500-1800 кг. Бұзауының енесінен айырғандағы салмағы 245-300 кг. 12-15 айлық еркек төлі ұшасының еті толық, мәрмәр түстес. Франция зоотехникалық орталығының мәліметі бойынша интенсивті бордақыланған 12 айлық еркек төлінің тірілей салмағы 459 кг болған. Ұшасы – 308 кг, сойыс шығымы – 70,7 пайыз. Сүйегінің үлесі – 12 пайыз. Қиан тұқымы. Италиядағы, тіпті әлемдегі ежелгі тұқымдардың бірі. Бұл малдың тегі орталық Италияда б.э. дейінгі 8 ғасырларда өсірілген. Соңынан Қиан өзенінің жағасында сұрыпталып, жақсартылды. Сондықтан Қиан тұқымы деп аталды. П.Н. Кулешов (1910) Қиан, Романьоль, Маркиджан және Украинаның сұр тұқымы бір-бірімен туыстас деген болатын. Қиан малының типі тіршілік еткен дәуір талабына сай өзгеріп отырады. Кеңес еліне алғаш рет 19 ғасырда әкелінген. Ондағы мақсат – Украинаның сұр сиырымен будандастыру еді. Бірақ экстенсивті шаруашылық жағдайында бұл тұқыммен жүргізілген жұмыс еш нәтиже бермеді. Қиан тұқымын Европаның, Азияның, Оңтүстік және Солтүстік Американың көптеген елдері өсіреді. Бұл малдың қасиеті – жас малының өсу энергиясының жоғарылығы, тез жетілгіштігі, салмағының ауырлығы (әлемдегі ең ірі тұқым). Сыртқы пішінінің ерекшеліктеріне сүйегінің жұқалығы, терісінің жұқа, жұмсақтығы, мүйізінің қысқалығы, шоқтығының биіктігі, кеудесінің кеңдігі, еттілігі, төстігінің жақсы жетілгендігі, денесінің ұзындығы, етінің жоғары сапалығы, бөксесінің түзулігі, сан етінің толық, тығыздығы, сирағының ұзын, мықтылығы жатады. Түсі ақ, ақ сұр. Еріні, ұртты тұмсығы қара. Бұзауы сарғыш болып туады да, үш айға дейін түсі өзгермейді. Мал – биік. Бұқасының шоқтығының биіктігі – 170 см, сиыры – 158 см. Денесі өте ұзын. Денесінің қиғаш ұзындығы мынандай: бұқасында – 193 см, сиырында – 173 см. Қиан мал ірі азықты өте тиімді пайдаланады да, қосымша салмақпен өте жақсы өтейді. Ірі бұқаларының тірілей салмағы – 1300 кг. Сиыры 720 кг тартады. 17-19 айлық еркек төлінің сойыс салмағы 61,4 пайыз. Кәрі малдың сойыс шығымы 60-65 пайыз. Сүйегінің үлесі 15,4 пайыз. Сұрпы етінің үлесі 82-84 пайыз. Ұшасында май аз, жас малының тәуліктік қосымша салмағы 2000 грамға жетеді. Ірі және өсу энергиясының жоғары болуы малды арнайы сурыптау мен жұптаудың, ірі азықты тиімді пайдалануына, берілген азықты тиімді өтей алатындығына қарай таңдаудың нәтижесі деп білу керек. Сиырының сүттілігі төмен. Сондықтан бұзауын жемге ерте үйретеді. Черкасс облысы «Веремеевский» совхознда Украинаның сұр сиыры мен қиан бұқалары буданының туғандағы салмағы 21-44 кг болған. Сиырлары қиналмай бұзаулаған. 7-8 айлығына дейін бұзаулары енесімен бірге жүріп, тәулігіне 1-1,5 кг жем жеген, енесінен айырғаннан кейінгі тәуліктік рационы қыста 2,5-3 кг жем, 2-3 кг ірі азық және сабан, пішендеме, азықтық қызылша, ал жазда – көк балауса, балғын жүгері және 1,8 – 2 кг жем деген де, 12 айлық будан баспағының салмағы 438 кг, сойыс шығымы 56,3 пайызға жеткен. Тұқымда Гренто 595, Массена, Ноди 590, Киадино 429 атты аталық із бұқалары белгілі. Украина шаруашылықтарында қиан тұқымының қатысуымен етті бағыттағы жаңа тұқым шығарылмақшы. Будандастырылуға шароле, симментал, украинаның сұр тұқымдарымен қатар қиан тұқымы да қатысады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |