Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
тапсырма. Текстен толымсыз сөйлемдерді тауып ажыратыңыздар. Олардың атаулы сөйлемге ұқсастығы бар-жоғын айқындаңдар.Поиск на нашем сайте СӨЖ 1. Ғалымдардың сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері туралы тұжырымдарын жинақтап, таразылаңыз. 2. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері туралы жазылған профессор Ә.Абілақовтың еңбектеріне талдау жасаңыз. 3. Қиысу байланысына қатысты ғалымдардың еңбектеріне сараптама жасаңыз.
СООЖ
1. Жанасу байланысы туралы еңбектер мен мақалаларға талдау жасаңыз. 2. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін /синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық/ саралаған ғалымдардың ой-пікірлерін салыстырыңыз. 1-тапсырма. Бірінші топтағы сөздерді екінші топтағы сөздермен мағынасына қарай қабыса байланыстырыңдар. 1. Қызыл, биік, гүлденген, әсем, қалың, баяу, ақ, отыз. 2. Орман, ауыл, орамал, аймақ, жел, кітап, қағаз, үй, самал 2-тапсырма. Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркесін табыңдар: Қоршауда Түс ауып барады, алайда жаудың қысымына шыдамай, шегінді, бірақ мұны Бауыржан білген жоқ-ты. Калистованы жаудың алуы және көршілердің шегінуі Бауыржанды толық қоршауда қалдырды. Жау автоматчиктері мен жаяу әскерлерін Бауыржанға қарсы салды. Бұлар Бауыржанның бүйірінен, алды-артынан қысым жасай бастады. /М.Ғабдуллин/ 3-тапсырма.Сөздерді бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланыстырыңдар: дала, оқу, кел, айт, сәлем, күт, арнайы, терек, Асқар, былтыр, ұзын, жаз, бар, көше, студент, сен. 4-тапсырма. Текстен қабыса байланысқан сөз тіркестерін табыңдар: … Төрт жерден салбыраған аспалы шамдар жаңа үйдің жайын айтқызбай баяндап тұр. Бәрі де қазақ даласына бұрын келмеген, жарығы мол, үлкен шамдар. Қара барқытпен оюланған туырлықтың иығын шығара керней тұрған алтын бояулы уықтар шам жарығында бұрын бір көрмеген салтанат сияқтанады. Бірімен-бірі араласқан бояулар, қызылды-жасылды терме баулар, түкті кілемдер, күміс адалбақандар бұл үйдің жасалуына бірталай-ақ ой кеткендігін айтып тұр. /Ғ.Мүсірепов/
5- тапсырма. Матаса байланысқан сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар Нағыз адамның белгісі — кісілік. /Ю.Баласағұни/ Өнерлінің қапасы көп, өнерсіздің өкініші жоқ. /А.Иүгінеки/ Білім — ердің дәулеті. /С.Сарайи/ Тәрбие басы — тіл. /М.Қашқари/ 6-тапсырма. Сөйлемдерден қабыса байланысқан сөз тіркестерін табыңдар Тамылжыған дала, жібектей жұмсақ ән, көңілді тыныштық Олжабекті әлдилеп келе жатқан сияқты еді, /Ғ.Мұст./ Ізгі білім — сөнбейтін шырақ. /Мақал/. Ұқпаған кісі білімді бұзады. /Ю.Баласағұни/ 7-тапсырма. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін тауып, қай септік жалғауы арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. /Мақал/ Отан үшін отқа түс — күймейсің. /Б.Момышұлы/ Ер-тоқымдарын қолдарына құшақтатып қойыпты. /Ғ.М./ Есіктен қапсағай қара кісі көрінді. /Ә.К./. 8-тапсырма. Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңдар Ерлік-елдің қасиеті, Жүректілік — жігіттің қасиеті. /Б.Момышұлы/ Оқу — білім азығы, Білім — ырыс қазығы. /Мақал/ Білім — адамның байлығы /С.Сарайи/. 9-тапсырма. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркестерін табыңдар Қыр мұрынды, атжақты, қой көзді, қызыл күрең, шырайлы, толық адам. /А.К./ Келер таң қарлы жаңбыр аралас дауылмен басталды. /Ә.С./. Қашқан лақ, қуған қасқыр дәл біздің тұсымызға келегнде аралары үш метрдей-ақ еді. /Ғ.М./ 10-тапсырма. Қосымша тәсіл және септеулік шылаулар арқылы жасалып тұрған сөз тіркестерін табыңдар. Содан бері тілдеспейміз. /Ә.С./ Түнге қарай мені тағы да сұраққа апарады. /Қ.Т./. Ол сен туралы, екеуіміз жайында жазылған кітап. /Ә.Нұрш./. Жақсыға жанас, Жаманға адас. /Мақал/
1-блок 2-блок 3-блок 4-блок Мағынасына қарай Предикативтік бас мүшелердің қатысына қарай Структура семантикалық компоненттердің қатысына қарай Субъект жақтың қатысына қарай
1. хабарлы 1. бір негізді 1. толымды 1. жақты 2. сұраулы 2. екі негізді 2. толымсыз 2. жақсыз 3. лепті 3. сөз-өйлем 3. жалаң 4. бұйрықты 4. жайылма
Ү МОДУЛЬ
Жай сөйлем синтаксисі Сөйлем – синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз. Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын ғана зерттеумен шектелмейтінін уақыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан да кеңейткен. Мысалы, орыс ғалымы Н.Ю.Шведова қазіргі синтаксистің зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды: сөз тұлғасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін. Бұлар қай жағынан да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік тұтастықты құрайды деп есептейді [57;129]. Қазір осы аталғандардың ішінен тек сөйлемді ғана тіл біліміндегі ең басты синтаксистік бірлік деп тану жөніндегі көзқарастар басым. Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше көқарастар қалыптасқан. Олар, негізінен, үш түрлі. Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді. Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзқарасты Ф.Ф.Фортунатов, В.К.Поржезинский, Н.М.Петерсон, А.М.Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір тармағы дейді. Үшіншіден, В.В.Виноградов, Ю.Шведова, В.Н.Ярцева, О.С.Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар қарастырады. Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев т.б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп қарастырса, профессор М.Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ.Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б.Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады. А.Ж.Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны – сөз формаларынан басталуы тиіс дейді [29;111]. Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттелуі жүйелі дамып келеді, ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әміров, Қ.Есенов, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Т.Сайранбаев сынды ғалымдар қазақ тілі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін қосты. Тіл мамандарының барлығы да сөйлемнің көп қырлы, жан-жақты категория екендігін мойындайды. Біріншіден сөйлемнен сөз тіркесін де, сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің оқшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін де, айқындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің өн бойынан бірнеше тілдік категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем – құрмалас сөйлемді құраудың да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы жай сөйлем негізінде құрала келіп, күрделі ойды білдіреді. Тіл-тілде сөйлемнің қандай белгілері бар, сөйлем аяқталған ойды білдіре ме, әлде біршама аяқталған ойды білдіре ме деген сұрақ төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар. Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен нақтыланады, атап айтқанда: предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік және иннотация. Бірақ бұл белгілер бірден қалыптасқан жоқ. Іргелі дамыған орыс тілінің өзінде В.В.Виноградов сөйлемнің негізгі белгілері ретінде тек предикативтілік пен иннотацияны ғана жатқызып келді. Кейін оған модальділік пен коммуникативтілік те қосылып, аясы ұлғая бастады. Сөйлемнің негізгі белгісі туралы профессор Т.Сайранбаев: «Сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік және интонация – үшеуін бірдей жатқызу орынды деп санаймыз. Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады»- дейді [42;6]. Ал модальділік белгісі ретінде – рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер және интонацияны көрсетеді. Профессор Р.С.Әміров «Жай сөйлемдер синтаксисі» деген еңбегінде: «Бастауыш-баяндауыштың қатынасы – предикативтілік қатынас деп аталады. Тілде осы предикативтілік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және бәрі де көбінесе баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады. [10;56], - деп шақтық формасы мен жақтық формасына қоса рай формасын да көрсеткен. Предикативтіліктің сөйлемге тән басты белгі екенін көрсетеді. Предикативтілік. Сөйлемді сөйлем ретінде танытатын белгінің бірі ретінде предикативтілік аталады. Сөйлемнің предикативтілік қасиеті туралы зерттеулер қай тілде болмасын аз емес. Тілші-ғалымдар сөйлем атаулының қандай түрі болмасын предикативтілік қасиетке ие және бұл оның басты белгісі болып саналады деп есептейді. «Предикативтілік – синтаксистің негізгі единицасы болып табылатын сөйлемнің функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы; хабарды шындыққа қатысты етіп, сол арқылы сөйлемді единица ретінде қалыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің құзырына енетін барлық единицаларға сөйлемді қарама-қарсы қойып зерттеуге арналған категория» [37;392]. Предикативтілік сөйлемді формальдық, құрылымдық (структуралық) тұрғыдан қарайтындар үшін – бастауыш пен баяндауыштың немесе синтаксистік бас мүшелердің қатынасы, сөйлемді семантикалық құрылым тұрғысынан қарайтындар үшін – логикалық бас мүшелер деп есептелетін субъект пен предикаттың қатынасы, ал сөйлемді коммуникативтік құрылым ыңғайында зерттеушілер үшін – тема мен реманың (актуалдық мүшелердің) қатынасы ретінде танылады. Модальділік. Сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальділік болып табылады. Яғни сөйлеуші ақиқат шындыққа қалай қарайды, оған қандай сипаттама береді, оны қалай түсінеді – модальдық қатынастың мәні, міне осында. Модальділік, ең алдымен, сөйлемде көрінеді. Сөйлемнің модальділік қасиеті иннотация арқылы, етістіктің рай, шақ көрсеткіштері, түрлі етістік жұрнақтары, түрлі демеулік, тіпті сөздердің орны тәртібі, сондай-ақ қыстырма мүшелер арқылы да беріледі. Коммуникативтілік. Сөйлемді қатынас құралы болу тұрғысынан сипаттау. Адам бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Тіл бірліктерін коммуникативтілік аспектіде, контекст, ситуация және сөйлеудің даилогтік формасында қарастыру қолға алынып жатыр. Сөз тіркесі, сөйлем мүшесі сөйлемді құрайтын құрылымдық компоненттер болғанымен, бұлар пікір алысу дәрежесіне көтеріле алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Тіл сөйлем ғана қарым-қатынастың (коммуникативтілік) негіз болып табылады. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің коммуникативтік дербестігі жоқ, бірақ құрылымдық дербестігі бар. Бұлар дара жұмсала алмайды, тек коммуникативтік дербестігі бар тұлғалардың (жай сөйлем, құрмалас сөйлем, синтаксистік шалым, текст) құрылымдық компоненті ретінде ғана танылады. Интонация. Сөйлем біршама аяқталған ойды білдіргендіктен, оның өзіндік иннотациясы болады. Ол қарым-қатынастың мақсатын білдіреді, яғни сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты әлде лепті мәнмен айтылатындығы сөйлем бойынан тұтастай көрінетін иннотациядан байқалады. Сондай-ақ сөйлемнің өн-бойынан ғана көрінетін мұндай иннотацияда сөйлеушінің көңіл-күйі, айтылған ойы және сыйластық, салқын сыпайылық, енжарлық, мысқыл, ризашылық, құрмет, күдік, күмән, сенімсіздік, үміт т.б. сияқты тыңдаушыға қатысы байқала алады. Интонацияның бұл рөлі тілдегі модальдық категориясымен шектесіп жатыр. Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен басқа тілдік бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) нақтыланады. Бұл белгілердің әрқайсысы жеке-жеке жұмсалмай, барлығы бірлікте келіп, сөйлемнің сөйлемдік қасиетін нақтылайды.
1-тапсырма.Берілген жай сөйлемдерді үлгі-схема бойынша талдаңыздар. 1. Жомарт одан әрі шыдамады. (С.С.) – Ызғұтты аға, осыны жадыңда сақтағайсың! (М.Ә.) Аң алғандағы көтеріңкі сезімі де жоқ. (С.С.) Аздан соң сам жамырайды. Одан кейін көп ұзамай маңайды қымтай бүркеп түн оралады. (С.С.) Сикорский енді тырп етпесінші, қәне! (Ғ.М.) Елдің бозбалалары сол ауылдан шықпайды. Сен, Болат, концертке үлгермей қалғанбысың? Бірақ бұл жолы Ботагөз дыбысын шығарған жоқ (С.М.) Өркөкіректі бұрқ-сарқ қайнататын ашуы қайда? (С.М.) Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірақ жатқан қалпынан тырп етіп қозғалған жоқ, қимылдаған жоқ. (С.М.) Еламан да қараңғы үйде көзі ашық жатыр. (С.С.) 2. Келіншегінің сырын алғашқыда Еламан да түсінбеді. Соның өзінде де ол Ақбаланы кінәға қимады. (Ә.Н.) Маржан кібіртіктей басып ұзай берді. (С.С.) Бүгін бірде-бір нәрсе қарт ананың назарын аудармады. (Ә.Н.) – Қар жаумаса нетсін! – Тезірек бұлақ басына жетіп алайық! – Осы жөніміз, бағытымыз дұрыс па? Кеш бата бұлаққа жетіп еру жасады. (С.С.) Ошаған отырған орнынан бір қозғалған жоқ. (С.С.) Қолбасының бес сайлы жорық шатыры тігілді. Әр жерден бір жамырай шыққан сауалдарға жігіттің жауабы мардымды болмады. Жомарт Садырбайға бұйрық етті – Бар! Осы қазір жылқыдан бір үйірді өзің Мұқатайдың аулына айдап апар! Айыбыңның өтеуі – сол! Тез жөнел! Мұз – су қаймағы (М.Ә.). Өзінің ауру сауын да айыра алмайды. Өне бойы соққы жеген кісідей мылжа-мылжа. Кейде Абай жүріп келе жатқан сияқты емес (М.Әуезов). Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Үркер төбеден ауып кетті. Шықырлаған аяғынан өзге тырп еткен дыбыс жоқ. Аппақ, кең далада ауыл көсіле ұйықтап жатыр. Ақ бесікте құндақтаулы бала сияқты (Ғ.Мұстафин). Айдала. Көлдің биік қабағы. Маңайы құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Әлсіз жел. Ең аяғы ызыңдаған шіркейдей жанды мақлұқ сезілмейді. Күн батып барады... (С.Мұқанов).
Сөйлемдер П р е д и к а т и в т і л і к Интонация Модальдылық Шақ Жақ Ертеңіне таңертең Любка Сергейді жатақханадан кездестіре алған жоқ (А.Ф.).
хабарлы
болымсыз (жоқ) бұрынғы өткен шақ (-ған, -ген) ІІІ жақта айтылып тұр, грамматикалық көрсеткіші жоқ. Кішіпейілдіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін.
болымсыз (емеспін)
бұрынғы өткен шақ І-жақ, грамматикалық көрсеткіші - пін Бұл теорияны қорғап, оның пайдасына не айтуға болады?
болымды
жалпылама жақсыз Ізғұтты аға, осыны жадыңда сақтағайсың! (М.Ә.)
болымды
ІІ жақ
І БЛОК
Жай сөйлем типтері
Синтаксис туралы ғылыми зерттеулерде жай сөйлем құрамына, формасына, құрылымына және мазмұнына қарай: 1) Толымды және толымсыз жай сөйлемдер. 2) Жалаң және жайылма жай сөйлем. 3) Айтылу мақсатына қарай бөлінетін жай сөйлемдер. 4) Екі негізді және бір негізді жай сөйлем. 5) Номинативті және етістікті жай сөйлем. 6) Күрделенген жай сөйлем. І. Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді. Кез келген сөйлем қандай да бір дауыс сазымен айтылады. Онсыз сөйлем сөйлеушінің ойын, оның сол ойға, тыңдаушыға деген қатысын білдіре алмайды. Бұл – интонацияның жалпы тіл-тілдегі маңызы. Хабарлы сөйлем. Белгілі бір ойды хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері: 1. Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалды. 2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлем жай сөйлем және құрмалас сөйлем түрінде де кездесе береді. Мысалы, Көлқора табанына бір топ атты сау ете қалды. Түс кезінде үй алдында аттар пысқырып, қоңырау сылдырады (Ә.Н). Сондай-ақ, екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді: Кәлен көз қиығын қарт балықшыға қайта тастады (Ә.Н.). Сұраулы сөйлем. Белгілі бір ой сұрау мақсатымен айтылса, сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады: 1. ма, ме, па, пе сұраулық шылаулары арқылы. Мысалы: - Сонымен, Мөңке қалай? Жағдайы жақсы ма? (Ә.Н.). - Теңізге шықпаймыз ба? (Ә.Н.). 2. Сұрау мағыналы ғой, ау, ше шылаулары арқылы: - Балалы болды деп есіттім ғой? - Ие, құр қол емес, күл шашары бар (Ә.Н.). - Қаратаз ше? - Ол да сонда… (Ә.Н.).
1. Сұрау интонациясы арқылы: - Сен артыңа ерген жастарды адастыратын алапаттың тұрманысың. - Алапат? (Ә.Әбішев). Мәди ақырып қалды: - Мұнан жеті жыл бұрын? (Ә.Әбішев). 2. Сұрау есімдіктері арқылы: «Бұл не? Қалың жаудан қаймықпайтын бетімнің мына қыздан қайтқаны қалай? Мен кеше қандай едім? Қайрап алып қалың жауға сермеген көк семсер емес пе едім? Бүгін қандай? Қанатым қайырылғандай, семсерім майрылғандай күйдемін, бұл қалай?» (Ә.Әбішев). 3. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады: - Көп керек шығар? – Екі жүз елу пұт жетеді (Ғ.Мұст.). Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болады: ашық сұрақ, күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ. 3. Бұйрықты сөйлемдер. Белгілі бір ой бұйрық мақсатымен айтылса, бұйрықты сөйлем болады. Бұйрықты сөйлемнің мақсаты – тыңдаушыны немесе айтушыны әлдебір қимыл әрекетке, іске итермелеу. Мысалы: Тапсырманы орындамай көрші! Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше реңкте беріледі. Бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасынан ғана, басқа формаларды да қатыстырып жасалады. 1. Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма – етістіктің жалаң ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тірек форма деуіміз – ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді. Дәл осылайша ел ішінен тері-терсек жинап жүрген Ебейсінді бір күні Тәңірбергеннің атқосшысы – ақикөз жігіт іздеп кеп: - Мырза шақырып жатыр. Қәне, дереу атқа мін,- деді (Ә.Нұрпейісов, «Қан мен тер», 265-б.). 2. І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды –айып, -ейір, -айың, -ейін формалы етістіктер жасалған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айып, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін, -ай, -ей бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ық, -ік, - жақтық көрсеткіштер. –ын, -н жақтық көрсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалған. ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады. 3. Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы баяндауыштардың қатысуымен де құралады: Сен кешке ол жерге барғын. Бұл баяндауыш өте ертеден қолданылып, айтылып келеді. 4. Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады. Сол кезде төмен отырған сары кісі басын көтеріңкіреп, дүңкілдеген келеңсіз жуан дауыспен: - Әй, Бақтығұл, жөніңе көшсеңші!.. (М.Әуезов, «Қараш-қараш оқиғасы», 38-б.). Баяндауыш шартты рай тұлғасын қатыстыру арқылы жасалған; ал-са-ң-шы, ал-са-ң-ыз-шы. Қарапайым сөзде бұл баяндауыш –шы, -ші жұрнағын қоспай да айтылатыны болады: Бүгін уақытында келсең! Барсаң, келсең сияқты бұйрық мағыналы баяндауыштар әдеби норма шеңберінен тыс, тек қарапайым тілде жұмсалғанмен, ол сөз бастапқы бір формасын бұзудың, қысқартудың нәтижесінде пайда болған форма емес. Бұлар тілімізде ерте кездегі қалпының ізі. 5. Бұйрықты бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-кесілді айту үшін ІІ жақ бұйрық форма – деген соң – ІІ жақ бұйрық форма болып құралған баяндауыш (ал деген соң ал) жұмсалады. - Көп деген соң көп!- дейді ол ақшагы қайырмай, уыстап тұрып (Ә.Н). 6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады. Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған (М.Ә). Бұл баяндауыш негізінен тек екінші жаққа тән формада жұмсалады. 7. Іске жұмсауды тілек, өтініш ретінде айту үшін алшы, келші түрінде құралған баяндауыштар қызмет етеді. - Апырау, оязға шапсаңдаршы!- деді Оспан (Ғ.М). 8. –айық, - ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік сыңар ретінде жұмсалатын –алық, -елік арқылы жасалған баяндауыш бар: баралық, келелік. Соңғы формадағы баяндауыш эпостық жырларда және соған ұқсайтын мәнерленген сөзде жұмсалады. Егінді даланы бөліп әуре болмалық дестік,- дейді Қасен (Ғ.Мұстафин). 9. –алықшы, -елікші бұйрықты өтініш, тілек ретінде білдіру үшін жұмсалады. Осы жерге суға түселікші. 10. Іске қосу қызметінде ерекше жұмсалатын тағы бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бір түрі келер шақ етістік – сұраулық шылау ба (бе) болып құралады: келесің бе, барасың ба. Сен оны осында алып келесің бе, үйде біраз шаруалар бар еді. Бұл сөйлемде алып келесің бе деген сұрау емес, ол екінші адамды жұмысқа шақырып тұр. Іске қосуды өтініш ретінде ғана емес, келер шақ –бе болып құралған баяндауыш – ауызекі сөйлеу үстінде ерекше мән тудыратын сөз болып есептеледі. 4. Лепті сөйлемдер. Сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлап қана қоймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл күйін, сезімін қоса білдіру мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады. Лепті сөйлемдер адамның алуан түрлі көңіл күйін (қуаныш, сүйініш, өкініш, реніш, ыза, қарсылық, жалыныш, мысқыл-әзіл т.б.) білдіреді. Бұл иннотациядан, баяндауыш формаларынан көрінеді. 1. Эмоциялық мағына таңдану арқылы: Еламан бір сәт көзін жұмып тұрып, құшырлана жұтты. – Қайран дала! Жарықтық, осы жусан дәрі-ау!… (Ә.Нұрп.). 2. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыштар да, де (алды да кетті) эмоциялық күйді білдіру үшін қызмет етеді. Кенет әлдекімнің: ойбай қасқыр келіп анау қойды алды кетті! – деген ащы айқайы шықты. 3. Көңіл-күй баяндауыш сын есім – десеңші, етістік – десеңші болып та құралады. Мықты десеңші, жарады десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулық сөз араласқан лепті сөйлемдер құрамында жасалады. Мына жердің табиғаты неткен тамаша десеңші! Бұл машинаның моторы мықты болса 500 шақырымды 3-ақ сағатта алады десеңші! 4. Көңіл-күй баяндауыштың бір түрі -тын, -тін формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің бірігуі арқылы жасалады. Есімше, есім сөз және өз есімдігі матасып байланысады: түбін түсіретіннің өзі. 5. Бір топ баяндауыштар тек өткен шаққа қатысты іс-әрекетті эмоциямен атау үшін қызмет етеді. Солардың бірі -ған (-ым) тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: барғаным бар ма. Сол қуанышты хабарды естіген бойда жетіп барғаным бар ма! Баяндауыш қызметінде жұмсалатын бұл тіркестің құрамындағы негізгі сөздер өзара предактивтік қатынасқа түсіп байланысқан. Бірақ экспрессивтік мағына, соған байланысты иннотациялық қалып компоненттердің арасындағы синтаксистік қатынастың біртіндеп көрінбей кетуіне соғады. Сондықтан да -ған формалы есімше – бар ма құрамы бір баяндауыштық тұлға болып танылады. 6. Өткен шақта болған іс-әрекетті көңіл-күймен, әсерлі етіп айту үшін -ар, -ер тұлғалы есімше мен шылау ма, ме бірігіп жасалған баяндауыш та қызмет етеді; ала қоярсың ба, айта қояр ма, ұшып келермін бе. Есім шығып, жанжал болып жатқан жерге ұшып барармын ба! 7. Арманды, тілекті көңіл күй барысымен білдіру үшін пайдаланатын баяндауыш шартты рай тұлғасында жұмсалады: Шіркін-ай, мына бастаған ісімізді ойдағыдай бітірсек! 8. Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталап құралған бармақ түгіл барамын сияқты баяндауыштар пайдаланылады. Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы шақ, нақты осы шақ, өткен шақ етістік сөзі келеді де, қайталанатын көсемше сөз істеген істі, әрекетті өкінішпен атау үшін сыңар - мақ, -мек, (-паң, -пек) т.б. формасында келеді. Бармақ түгіл барармын!
Болымсыз сөйлемдер Сөйлемдердің мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып бөлінеді: Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Толымды пікір затқа белгілі бір сапаға тән, қатысты екені жөнінде қалыптасады. – Платина – металл. Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапаға тән емес, қатысты емес екені жөнінде қалыптасады: Ағаш металл емес. Қазақ тіл білімінде, сол сияқты тюркология да, басқа индоевропа тілдерін зерттеушілердің еңбектерінде де сөйлемдердің болымды, болымсыз болып бөлінуін дербес грамматикалық-семантикалық дәрежедегі бөлініс деп түсіндіреді. Болымды, болымсыз сөйлемдер өзара грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырайды. Болымсыз сөйлес болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады. Болымдылық, болымсыздық форма баяндауыштардың тұлғасы арқылы көрінеді. Өйткені болымды және болымсыз пікір субъект пен предикаттық сапаның қатынасына байланысты. Район үлкен. Район үлкен емес. Болымсыз сөйлем – болымсыз пікірді білдіретін форма. Бірақ бұл екеуі ылғи тепе-тең келе бермейді. Осыған бір дәлел ретінде келмейді, емес, алған жоқ емес сияқты баяндауыштық формаларды атауға болады. Болымсыз мағынадағы сөзді тағы болымсыз ету – тілде белгілі коммуникативтік талап бойынша ғана пайда болатын формалар. Баяндаушының болымсыз формасы болымсыз етістіктен (келмеді, келмеген) немесе есім, есімше сөздер мен жоқ, емес сөздерін тіркестіру арқылы жасалады: үлкен емес, көрген жоқ, көрген емес, алатын емес. Болымсыз баяндауыштардың жасалуы: 1. Етістіктердің болымсыз формасы арқылы жасалады. Сен ақталма, бүлдіріп жүрген сен. (Б.М.) 2. Болымсыз баяндауыш. -ған, -ген тұлғалы есімше –жоқ құрамында жасалады: келген жоқ, көрген жоқ. Бұл баяндауыштың жақтық мағынасы екі түрде көрінеді. Бір амалы – тәуелдік жалғауы. Тәуелдік жалғауы негізгі компонент – есімшеге жалғанады: көргенім жоқ, келгенім жоқ. Бірақ тәуелдік жалғау бұл типті баяндауыштың жақтық мағынасын білдіру үшін тек І-жақ көлемінде жұмсалады. 3. Өткен шақ есімше мен емес сөзінің бірігуі арқылы жасалған баяндауыштық форманы даралап атау қажет: естіген емес, айтқан емеспін т.т. Болымсыз баяндауыштың бұл түрі -ған, -жоқ типті баяндауыштан ерекше жұмсалады. Ол іс-әрекеттің болмағанын ерекше жігермен нандырып айту үшін жұмсалады. Кино дегенді осы жасқа келгелі көрген емеспін, естіген емеспін. 4. -тын, -тін тұлғалы есімшеден жасалып, іс-әрекетті заттың тұрақты, қалыпты сапасы, қасиеті ретінде атайтын баяндауыштан болымсыз форма - ма, -ме жұрнағы арқылы жасалады: сөйлемейтін, іздемейтін. Ол өтірікке жүрмейтін. 5. Есім сөздерден болған баяндауыштардың болымсыз түрі емес көмекші етістігінің қатысуымен жұмсалады: биік емес, артық емес т.б. Үй биік емес, аласа. Логика ғылымы ұғымдарды да болымды, болымсыз деп бөледі. Болымсыз ұғымды білдіретін сөздер мыналар: ешнәрсе, ешқандай, ешқашан, ешкім, сол сияқты, еш адам, еш колхозшы, еш құрылысшы еш үй т.т. Бұл сөздер тек болымсыз сөйлемнің құрамында жұмсалып оның болымсыздық мағынасын күшейте түседі. Серік барған еді, адам жоқ екен. Серік барған еді, ешкім жоқ екен.
СООЖ 1. Хабарлы сөйлем, жасалу жолдары, түрлері. 2. Сұраулы сөйлем, жасалу жолдары, түрлері. 3. Бұйрықты сөйлем, жасалу жолдары, түрлері. 4. Лепті сөйлем, жасалу жолдары, түрлері.
СӨЖ 1. Сұраулы сөйлемдердің мағынасына және қызметіне қарай бөлінуі. 2. Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. 3. Бұйрықты сөйлемдер. 4. Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер.
ІІ. Сөйлемді предикативтік бас мүшелердің қатысына қарай: бір негізді, екі негізді және сөз-сөйлем деп бөлуде сөйлем құрамындағы тұрлаулы мүшелердің қатысы негізге алынады. Демек құрамында екі бас мүше де (бастауыш пен баяндауыш) бар сөйлем түрі – екі негізді сөйлем деп аталады. Мысалы, Судың тасуын өзен бойындағы ел ылғи күтіп тұрады (Ғ.М). Ал бастауыш пен баяндауыш құрылымды емес, сөйлемде бір ғана бас мүше бар сөйлем бір негізді деген сөз. Мысалы, Бұл судан балық аулауға болмайды. Кедейді кемітпес болар, т.б. Сөйлемнің бір негізді немесе екі негізді болуы, олардың синтаксистік құрылымына байланысты болғандықтан да, оларды ажырататын меже ретінде предикативтік белгіні ғана алу заңды құбылыс болып табылады [45;25]. Өйткені предикативтіліктен басқа тіркестерде екі бірдей мүшеден құрылмайтындығы белгілі. Коммуникативтік аспект тұрғысынан ең көп қолданылатын екі негізді жай сөйлем түрі. Олар баяндауышының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді және етістікті болып бөлінеді. Мысалы, Жер үй бу басқан қараңғы… (Ғ.М.) Бұл үйдің баға жетпес қымбаты да, айнымас дос серіктері де сол. (Ғ.М.) Танаш – ақжарқын, қабағын шытпайтын, қалжыңы таусылмайтын жігіт. Бірақ ауыл Итемгендікі Біздің құба-төбел ауылдар оп-оңай жұтап қалды. Суық терезеден де, есіктен де, үйдің бұрыш-бұрышынан да соғып тұр. Екі негізді сөйлемдер тұрлаусыз мүшелермен қатынасына қарай жалаң және жайылма болып сипатталады: Жел азынап тұр. Сең жүруі үдеді. т.б. Осындай жалаң сөйлемнің құрамына кемінде бір тұрлаусыз мүше қосылса, онда ол жайылма екі негізді жай сөйлем болады: Түндік мана ашылған. Пәуеске Оспан үйіне тіреліп тоқтады. 2. Сөйлем – сан қырлы сыры бар құбылыс. Сөйлемнің сондай ерекшеліктерінің бірі – олардың бір бас мүшелі болып келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында бір негізді сөйлемдер қалыптасты. Сөйлем ылғи екі бас мүшенің грамматикалық қатынасынан құрала бермей, сөйлемнің басты белгілі болып саналатын предикативтік мағынаны логикалық ыңғайда тұтастай білдіретін бір ғана бас мүше арқылы да бере алады. Мысалы, Ұялғаннан үндемеуге тура келді. (Ғ.М.) Осы аз күн ішінде оязбен менің жауаптасуым мүмкін. (М.Ә.) Түнде осында қонуыма тура келер. (Ғ.М.) Бізге оңаша сөйлесу қажет. (С.М.) Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді. (Ғ.Мұст.) Осы сөйлемдердің барлығына тән ортақ белгі – атау септігіндегі грамматикалық бастауыштың (немесе грамматикалық жақ) болмауы, яғни субъектінің атау тұлғалы жеке сөзбен сәйкес келмеуі. Қысқасы, бір негізді сөйлемдер бір ғана бас мүше – баяндауышпен құралып, субъекті - жақтық мән басқа бір тұрлаусыз мүше арқылы немесе бас мүше бойындағы тұлғалар арқылы танылады, тіпті жақтық мән анық байқалмауы да мүмкін. Сөйтіп, бір негізді сөйлемдер деп, грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүше құрылымда келіп, субъектілік бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз. Бір негізді сөйлемдер ондағы субъекті мәнінің берілісіне қарай: 1) белгілі жақты, 2) жалпылама жақты, 3) белгісіз жақты, 4) жанама «жақсыз» жақты деп бөлінеді [36,45;677].
СООЖ 1.Екі негізді жай сөйлемдер. 2. Бір негізді жай сөйлемдер. 3. Номинативті және етістікті жай сөйлемдер. 4. Атаулы сөйлемдер.
СӨЖ 1. Жалпылама жақты сөйлемдер. 2. Белгісіз жақты сөйлемдер. 3. Жанама жақты сөйлемдер. 1-тапсырма.Текстен екі құрамды сөйлемдерді түрлеріне (жалаң, жайылма, толымды) қарай ажыратыңдар. Таң ата жауын басылды. Көп кешікпей алыстағы таудың басынан күн сығалады. Күннің қызғылт сәулесі алдымен төбеге түсті. Одан кейін сырғанап барып тыншып аққан өзенге сүңгіді. Өзен қан боп аққандай алаулап кетті. Әлсіреп басын көтерген Ошаған өзенге көз тастап қатты тіксінді. – Қан!.. Қана аға ма? Қан ғой ағып жатқан. Қып-қызыл қан. (С.С) Биыл көктемнің басында Ақбала бала көтерді. (Ә.Н.) Күн кештетіп қапты. Жел ызғары қатая бастаған. Қиыршық қар қышыр-қышыр етеді. Ойында әлі Ақбала. (Ә.Н.) Ірге түрулі. Есік жабық. Түндік ық беттен жарылып ашылған. (Ә.Н.) Іле-шала ат тұяғы үй іргесін дүрсілдетіп өтті. Еламан тырп еткен жоқ. Ат тұяғының дүбірі құлағында тұр. (Ә.Н.) Еламан ұйықтай алмады. Үй іші әлі қараңғы екен. Тек төбедегі соқыр терезеден таң сәулесі саз беріп бозарып келе жатты. (Ә.Н.)
2-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді тұрлаулы мүшелердің (бастауыш, баяндауыш) қатынасына қарай екі құрамды және бір құрамды түрлеріне ажыратыңыз. Жел күшейді. Дауыл басталды. Айнала тез-тез меңіреулене қалды. (С.С.) Еламан жан-жағына сергек көз тастап келеді. (Ә.Н.) Тостағандай қап-қара көзі мөлдіреген әп-әдемі ботасын қасына келген кісінің бәрінен қызғанады. Түндігін ашып тастаған алты қанат ақ үйдің іші жасауға тіреліп тұр. (Ә.Н.) Зу-зу аққан оқтан жасқанып дереу ат жалына жабысты. (Ә.Н.) Бөрте сол отырғаннан мол отырды. Үлкен үйден келген «жеңешесінің» уәжін де, назын да тыңдаған жоқ. Бүкіл тұлабойын езіп бара жатқан делсалдық бар. Құйып кеткен нөсердің астында тапылжымай отырып қалың ойға шомды. (С.Сматаев) Анадан туғалы теңізге иек артып келеді. (Ә.Н.) 3-тапсырма. Қорабай үш қанат үйіне жүдеп енді. (С.С.) Шаңқай түс. Күн ысып тұр. Күйіп тұр. Сағым мұнартады. Салқар көшті сабылтып, сандалтып ойнайды. Сарғайтып алдайды. (С.С.) Ел орынға отыра Құнанбай ауылына келген. (М.Ә.) Беймезгіл шақта бейсауыт жүрістің төркінін бағдарлай алмай отыр. (С.С.) Жаңбыр суы толған сай-жыралар ауыл іргесінде сарқырап жатты. (Ә.Н.) Кешкі самалдың есе бастаған кезі еді. (Ғ.М.)
4-тапсырма. Текстен бір бас мүшелі жай сөйлемдерді (жақсыз сөйлем, белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлем, атаулы сөйлем) табыңдар. Бір құрамды сөйлемдердің бас мүшесін (баяндауышын) дара, күрделі құрылысына қарай айырып, қандай тұлғалы етістіктерден жасалғанын айтыңдар. 1. Сенің бұлайша ойлауыңа мүмкін емес еді. (С.М.) …бүгінгі шыққан ауылыңызды «Ерекең» ауылы дейді. (Б.М.) Мынау елдің, қажырлы елдің, дәл бүгін бұл ісін аяқсыз тастап болмайды!… (М.Ә.) Әбіштің бұл сөзді мақұлдағысы келмеді. (М.Ә.) Сізге асықпай ұйықтап тұруға болады. (Ғ.М.) Үйдегілердің бет құбылысын қараңғыда айырып білу қиын еді. (Б.М.) …Қасқырбайдың басы жарылғаннан бергі күнімізді итке берсін. (Ә.С.) …Осы күні Қарағандыда да көбінесе сол өлеңдерді ерекше бір жалынмен оқиды. (Ғ.М.) – …Шіркін, мына қырқада жайылып жатқан жылқың жатар ма еді! (Ғ.С.) – Тәтті асты кісінің жегісі келе бермей ме? (С.М.) Рязановтан жер алмаған кейбір жұмыскерлердің қайтпауына да болады. (Ғ.М.) Абайдың ұғына түскісі келді. (М.Ә.) Оның соңғы сәлемін маған жеткізуге тура келді. (І.Е.) 2. Асылы иттің қырын жүгірмесін, иттің қырын жүгірсе, істеген ісінің бәрі желімі қашқан ағаштай қиюы кететін әдеті. (Ә.Н.) – Дәркембай! Айтпасыңа болмаған шығар… (М.Ә.) Білім де аңшының бүркіті тәрізді. Оны орнымен жұмсау керек. (Д.И.) Хат жазуға тыйым салынған. (Д.И.) Бізде пысықтарға көп көңіл бөлінеді. (С.Д.) Осы мінезің үшін дос болғым келеді. Сауын биені онда апарып байлауға болмайды.
ІІІ. Структура-семантикалық компоненттерінің қатысына қарай жай сөйлем: толымды және толымсыз, жалаң және жайылма болып та жіктеледі. Толымды сөйлем. Тұрлаулы мүшелері түгел, мазмұны толық сөйлем толымды сөйлем деп аталады: Кірешілер Қарағандыдан шұбап шыға берді (Ғ.М.) Толымды сөйлем толымсыз сөйлемге қарама-қарсы сөйлем. Толымсыз сөйлем. Ойға қатысты сөйлем мүшесі жоқ сөйлемнің түрі толымсыз деп аталады: 1. Күндізгі ала шабыр бұлт көк жүзінде тұтасып зілдей боп басып апты. 2. Бірақ бұл жолы тағы да жаумай тарқайтын түрі бар. (Ә.Н.) Осы мысалдағы бірінші сөйлем толымды сөйлем (екі негізді). Ал екінші сөйлемнің қимыл иесі (бұлт) бастауышы түсірілген толымсыз сөйлем екендігін мәтінге қарап байқаймыз. Толымды сөйлем мен толымсыз сөйлем айырмашылықтарын тануда мәтін мен ситуацияның рөлі айрықша. Толымсыз сөйлемдердің құрылымдық жағынан мәтінмен, ситуациямен байланып жататындығы байқалады. Бұндай жағдай жақсыз сөйлемдер мен атаулы сөйлемдерде айқын көрінеді. Жақсыз сөйлемдердің логикалық субъектісі немесе толықтауыш мүшесі түсіріліп айтылуы осы мәтінмен байланысты болса, ол атаулы сөйлемде контекстен тыс, ешуақытта жеке дара сөйлем бола алмайды. Толымсыз сөйлемдерде бас мүшелердің біреуі немесе екеуі де, кейде тұрлаусыз мүшелер де түсірілгені айқын байқалып тұрады. Бұл сөйлемнің синтаксистік құрылымынан да көрінеді. Толымсыз сөйлемдердің сөйлем ретінде өмір сүруі мәтін мен ситуацияға байланысты. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі – түсіп қалған сөзді (түсірілген) орнына қойғанда сөйлемге айналады. Әрине, мұндай түсірілу қалай болса солай емес, белгілі бір коммуникативтік-стильдік мақсатта жүзеге асады. Ол түсірілген мүше контекст пен ситуациядан табылып, орнына қойылу мүмкіндігінің болуымен сипатталады: Ақбаланың өңі аппақ қудай. Баласын құшақтай түрегелді. Есіктен шығар жерде әлдене айтқысы келгендей, сәл қайырылып тұрды да, ләм-лим деместен жүре берді. (Ә.Н.) Мәтінде үш сөйлем бар, алғашқы сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасына құрылған. Ал соңғы екі сөйлемде бастауыш түсірілген. Егер бастауышы (логикалық субъектісі) жоқ бұл екі сөйлемді мәтіннен бөліп жеке алсақ, пікір олқылығы айқын байқалады. Ал контексте тұрғанда бұл олқылық байқалмайды, себебі бастауыш немесе пікір субъектісі – алғашқы сөйлемде берілген «Ақбаланың өңі» сөзі. Егер осы «Ақбала» сөзін кейінгі сөйлемдерге де жеке-жеке бастауыш етсек, олар мәтіннен тыс тұрып та сөйлемдік дәрежесін сақтайды, пікір толықтылығы да сақталады. (Ақбала баласын құшақтай түрегелді. Ақбала есіктен шығар жерде әлдене айтқысы келгендей, сәл қайырылып тұрды да, ләм-лим деместен жүре берді.) Сөйтіп бұлар мәтіндегі өзін толықтыруға болатын сөздер есебінен толымды болады да, екі негізді сөйлем болып табылады. Сонда бас мүшелердің түсірілуі есебінен «толымсыз» болатын негізінен екі негізді сөйлемдер. Бастауышы жоқ толымсыз сөйлем мен бір негізді сөйлемдердің өзара ұқсастықтары бар. Бұл сөйлем түрлерін ажыратуда қиындық туғызып келеді. Жоғарыда аталып өткендей, толымсыз сөйлемдегі бір мүшенің түсірілуі контекст пен ситуацияға байланысты болады. Ал бір негізді сөйлемдерде бас мүшелер «түсірілмейді», ол о бастан болмайды, оны сөйлемнің ішкі құрылымы да, ішкі мазмұны да қажетсінбейді. Сонымен сөйлемнің толымсыздығы мен бір негізділігінің ұқсастығын сөз қылғанда, олардың өзара ұқсастықтары тек сыртқы көрінісі ғана екендігін байқауға болады. Толымсыз сөйлем жай сөйлемнің кез келген мүшесінің түсіріліп айтылуына байланысты пайда болатын толымды сөйлемдердің стильдік варианты болса, ал бір негізді сөйлем тарихи жағынан солай болып қалыптасқан, екі негізді сөйлемге қарама-қарсы қойылып қаралатын сөйлем түрі. 1. Жалаң сөйлем. Жай сөйлем құрамына қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жай сөйлем сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұрлаулы мүшелерден құралса, онда ондай жай сөйлемдер жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы, Қыс қатты, қар қалың (М.Ә.). Ақбала тоқтай қалды (Ә.Н.). Әлиза келді. Әңгіме үзіліп кетті (Ә.Н.) 2. Жайылма сөйлем. Тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшенің бірі немесе бірнешеуінен құралған сөйлем жайылма сөйлем болып саналады. Мысалы, Күздің таңы баяулап атып келеді екен (М.Ә.). Мөңке бұл күні балықтан кеш қайтты (Ә.Е.). Теңіз оған таныс. Жаз ортасы ауғасын-ақ ұлы теңіздің жел-құзы көбейді (Ә.Н.).
Ауру бала әл үстінде. Қол-аяғынан жан кетті. (Ә.Н.) Аяғында біреу бас етік. Үстінде шидем күпі. (Ә.Н.) Есі шығып кетіпті. Киімін киюге де үлгермеді. Көйлекшең. Көйлектің омырауы ашық. Жалаңбас. Қазалы үйге басқалардан бұрын жетті. (Ә.Н.) Үй іші оңаша. Дала шыжыған ыстық. Еламанның есіне бір кезде бәрі түсті. Інісі – Рай. Қарлы боранда қолын қарыған темір кісен. Жапан түзде жалғыз отырған үй. Екі келіншегі бар ірі қара жігіт. Ағаш төсек үстінде бөксесін көрпемен орап алған нардай қара кемпір. (Ә.Н.) Түн қараңғы. Қараңғы түннің даусы да әр алуан. Алыстан тықыр естіледі. Алыстан дүсір естілді. Тынышбай елең етті. Тағы естілді. Жалғыз аттың аяғы. Дәл осылай келеді. Тура келеді. (С.С.) Айлы түн екен дейді. Ай болғанда – он төрт жаңасы. Шар қабақтай жарқырап тұр. Ауыл сыртында алтыбақан құрған қыз-келіншек, жігіт желең. Құдай-ау, сондағы мұңсыз-қамсыз сақ-сақ күлкісі-ай десеңші. Уыз бетіне қызыл қою қан ойнап, ақ сүт дүниенің ажарын кіргізіп еді-ау! (С.С.) Тағы тықыр. Тағы сыбдыр. Тағы суыл. Түн қараңғы. Бірақ қараңғы түннің әралуан үні бір тыншымайды. (С.С.)
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.015 с.) |