Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.Поиск на нашем сайте СӨЖ 1. Тілде модальділік мағынаның берілу туралы ғалымдар пікірін конспектілеу, сипаттама беру, шолу жасау. 2. Модаль сөздерді көркем шығармалардан теріп, олардың қолданыстағы мағынасын сипаттау.
Тапсырма: Мәтіндерден модаль сөздерді тауып, оның семантикалық ерекшелігі мен грамматикалық сипатын түсіндіріңіздер.
1- тапсырма. Модаль сөздер арқылы модальділік мағына берілген сөйлемдерге талдау жасаңыз. Модаль сөздердің мағынасын анықтаңыз. Қатені келешекте қайталамайтын боп түсіні керек. Мүмкін, анада ауырардан бір күн бұрын келгенде, айтпақшы болған шығар. (З.Ш.). Гүлсімге Тұрар сырының тарихы ертеден басталған сияқты.(З.Ш). Әжім пайда болған тәрізді.(З.Ш). Қаны ұйып қалса керек.(З.Ш). Адамды тізгіндеп отырмаса, тойынған жылқыдай осқырып, есіріп кететін сияқты.(З.Ш.).Екі күн болды аспанды бұлт басқала, жауып кетуі мүмкін.(З.Ш). Айтыңыз, мүмкін, біз албырттықпен білмейтін де шығармыз.(З.Ш.). Осы күні оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып тастап кеткен тәрізді.(З.Ш.). Хатшы тосып отырған болар.(З.Ш.). Өзі бізге жақын көрінеді.(С.М.) Осылар кетіп қалған білем(С.М.). Бұл дауды менің бітіретінім рас (Ғ.Мұст.).Тіпті, өзінің дүниеден өтіп, мәңгі жоғалатын жылы мен күнін, уақытын білу қасиеті де дарыпты («Қ.Ә.»).
2- тапсырма. Берілген сөйлемдерді модаль сөздердің қыстырма сөз ретінде қолданылғандары мен күрделі мүшенің құрамында келгеніне қарай топтап, модаль сөздердің сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметін түсіндіріңіз. Поэзия – жан бұлқынысы. Бұлқыныс пайда болғанда қаламнан қол үзбеу керек.(М.М.). Шешесінің соңғы сөзі Абайдың құлағына әлі естіліп тұрған секілді (М.Ә.). Сіздің тасыңыз, рас, қасиетті тас екен. Сірә, мен зат танысам, бұл балтаның қабы болар,- депті («Х.ау.әд.»). Байлар қазір тақырға, шөлге, тау мен тасқа қамалған шығар (Ғ.Мұст). Арт жағындағы жол бойында қыбыр еткен жан жоқ, тым-тырыс сияқты. (Б.Т.). - Сонда балалары кімге еркелейді? - Халыққа. - Халық көтере бере ме? - Әрине. - Тіпті, басына шығып кетсе де ме? Бай: Уа,Қожа! Керек болса қазанымды тағы алып тұруыңа болады (Х.а.әд.). Айдабол сынды адамның баласына болмаған атты қойғаны несі екен? («Ел аузынан» кітабынан).
Синтаксис – «қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Демек, синтаксис – сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Синтаксис саласы морфологиямен тікелей сабақтаса байланысып отырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Сөз тіркесінің құрамы мен мағынасы сөз таптарының ерекшелігіне қарай анықталатын болса, сөйлем мүшелері де сөз таптарынан жасалатыны анық. Жалпы құрмалас сөйлем компоненттерінің жай сөйлем түрлері ыңғайында жұмсалатыны, ал сабақтас сөйлем бағыныңқыларының шартты райлы, көсемше тұлғалы етістіктер арқылы не болмаса бір септік жалғаулы, есімшелі етістіктер арқылы қалыптасатыны осы жайды аңғартса керек. Синтаксис зерттеу обьектісінің сипатына қарай төртке бөлінеді: 1. Сөз тіркесі синтаксисі; 2. Жай сөйлем синтаксисі; 3. Құрмалас сөйлем синтаксисі; 4. Мәтін синтаксисі; Сөз тіркесі синтаксисі бөлімінде оның сөйлем құраудың материалдық негізі екендігі баса айтылады. Сөз тіркесінің табиғаты, оған тән белгілер, кез-келген сөздердің сөз тіркесін құрай алмайтындығы, зерттелу барысы, сөз бен сөз тіркесінің ара қатынасы, сөз тіркесінің түрлері, оны топтастыру принциптері, сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары кеңінен сипатталады. Жай сөйлем синтаксисі. Бұл модуль бойынша сөз тіркесі мен сөйлем екі түрлі единица екендігі; сөйлем қарым-қатынас жасаудың, пікір алысуды қамтамасыз етудің міндетін, ал сөз тіркесі сөйлем құраудың негізі болудың міндетін өтейтіндігі көрсетіледі. Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен айырмашылығы, сөздердің сөйлем мүшесі болуы, атқаратын қызметіне қарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз болып екі топқа бөлінетндігі, зерттелу жайы, сөйлемнің түрлері, құрылымдық типтері, жай сөйлемнің күрделену жолдары, оның ішінде оқшау сөздер арқылы күрделенуі кеңінен қарастырылады. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Мұнда құрмалс сөйлем, оның қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет берілген. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты айырмашылығы, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері қамтылған. Сонымен қатар бұл оқулықта салалас құрмалас сөйлем, оның өзіндік айырым белгілері, түрлері, сабақтас құрмалас сөйлем, оның компоненттерінің табиғаты, салалас сөйлемнен негізгі айырмашылығы, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары, ішінара саралануы, көп құрамды құрмалас сөйлем, олардың түрлері, т.б. мәселелерқозғалып, сөз етілген. Бөгде сөз, оның түрлері , төл сөздің берілу жолдары, төл сөз бен автор сөзін байланыстырудағы де етістігінің қызметі, төлеу сөздерге жалпы сипаттама беріледі. Сондай-ақ тыныс белгілері туралы жалпы түсінік бере келіп, тыныс белгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі принциптің негізге алынатындығы, тыныс белгілердің түрлері жайлы баяндалады. Мәтін синтаксисі. Мәтін – құрылымдық синтаксис пн қатысым синтаксисінің негізгі тұлға бірлігі. Оның белгілері, құрылымдық ерекшелігі, түрлері, ол жайында ғалымдардың көзқарастары, сөйлеммен ара қатынасы, күрделі синтаксистік тұтастық-мәтін негізгі тұлға бірлігі екендігі қарастырылады. Синтаксис бөлімінде қамтылған тақырыптарды жазу барысында кейінгі жылдары зерттеліп, қорғалған еңбектер, жеке кітаптар мен мақалалар енгізіліп, синтаксис саласы жөніндегі мәліметтер толыға түсті. Оларды оқырман қауымға таныстыру мақсаты көзделді. Сонысымен де синтаксис саласының мазмұны нақтылана, кеңейе түспек.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.) |