Одағайдың құрамы мен қызметі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Одағайдың құрамы мен қызметі

ІІІ БЛОК

   Грамматикалық ерекшелiгi жағынан одағай түрленбейтiн сөз табы категориясына жататындықтан, жұрнақ-жалғауларды көп қабылдай бермейді. Олар сөйлем ішінде зат есімнің орнына жүріп, субстантивтенгенде ғана зат есімнің грамматикалық формаларымен түрлене алады. Мысалы: Сен осы ойбайыңды қойшы! Шөре-шөрелеріңді бәпептемей, тыныш отыр! Мұнда ойбайыңды (неңді?), шөре-шөрелеріңді (нелеріңді) сөздері субстантивтенгендіктен одағайлар, сондықтан оларға зат есімнің есімнің грамматикалық категорияларының көрсеткіштері - көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанған.

   Одағайға жататын сөздер басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалынбайды, сондықтан одағай тудыратын арнайы жұрнақтары жоқ. Кейбiр одағайлардан басқа сөз таптарын тудыратын –ла, -ле -лап, -леп; -шыл, -шiл, -ақ жұрнақтары жалғану арқылы туынды түбір етістіктер мен есім сөздер жасалады. Мысалы: ойбай -ойбайла, әйт-айтақ, уһ-уһлеп, тәйiрай – тәйірайшыл, айтақ-айтақшыл, бытпылдық-бытпылдықтап - деген мысалдарда ойбай, уһ, әйт, тәйірай, атақ, бытпылдық одағай сөздері басқа сөз таптарының сөздерін жасауға негіз сөз болған. Мысалы: Ойбайлап, аһлап-уһлеп мазаны алды. Бөдене бытпылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып соңынан жортып отырады. Қасқырлы жердің елі айтақшыл. Бұл жерде жұрнақ арқылы жасалынған одағай сөздер - туынды етістіктер мен туынды сын есім.

   Одағай грамматикалық формаларға түспейтіндіктен, сөйлем мүшелерінің бірде-бірінің қызметін атқара алмайды. Заттанғанда не басқа сөздердің тіркесінде келіп, күрделі мүшенің қызметін атқаратыны болмаса, жеке дара тұрғанда сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалады. Мысалы: «Жарайды, мен бытпылдық-бытпылдық деп ұшып отырам,сен көзіңді тас жұмып, менің соңымнан еріп отыр» - деген сөйлемде күрделі мүшенің құрамында келіп тұр. Ал, «Кеше біздің үйде отырған? Ә- ә- !? (Ғ.Сланов); Ә- ә-ә! «Енді түсіндім, есіме енді түсті» деген сөйлемдердің екеуінде де «Ә» одағайы сөз-сөйлем ретінде қолданылған.

  Одағайлардың өзара тіркесіп қолданылуында белгілі бір тәртіп бар, кезкелгені бір бірімен тіркесе бермейді. Көбіне өзара тіркесіп қолданылатындар ішкі мағына үйлесімі бар, мағына жағынан бір-біріне жақын жағымды не жағымсыз көңіл-күйді білдіретін, эмоцияға байланысты дара айтылатын, сөз-сөйлем орнына жүретін одағайлар. Мысалы: О, тоба! – деді қайғыдан еңсесін көтере алмай отырған Қасқақ би. (Ғ.Е.); «Ә, бәрекелді! Іштегіні айтқызбай білетін сабазың ғой; «Апырмай, ә? Айдабол сынды адамның баласына тәуір ат таба алмағандай, болмаған атты қойғаны несі екен? деген сөйлемдердің әрқайсысында қатарынан қолданылған «о, тоба»,«ә, бәрекелді», «апырмай, ә» одағайлар контексте тұтас ойды білдіріп тұрған жеке-жеке сөйлемдер.

   Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негiзгi түбірлі одағайлар; 2) күрделi түбірлі одағайлар.

   Негізгі түбір одағай сөздерге бір фонемадан тұратын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түбір сөздер жатады. Олар көбіне екі, үш, төрт дыбыстардан тұрады. Мысалы: Жә, уа, әй, паҺ, оһо, тек, кәне, тәйт т.б.

      Күрделі түбір одағайлар негізгі түбір одағайлардың немесе екі сөздің бірігуінен не екі қосарлануынан жасалады. Мысалы: Мәссаған! Апырым-ай! Алла! Әттеген-ай!, Бәрекелді! Ләббай! Бай-бай! Ай-шай т.б. сөздер

   Одағайдың қосарланған түрі сөйлемде жиі қолданылады. Одағайларды бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып айту, сезімнің күштілігін, не ишараның, бұйрықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді Одағайлардың қосарлануында белгiлi бiр тәртіп бары байқалады. Мысалы, бiр топ «тәйiрi, ту, бәсе» сияқты т.б. одағайлар қосарлап айтуға көнбейді. Ал, ендi бiр топ одағайлар - «Алақай! Ойбай! Тек! Ойбай-ау!, Рит соқ!» сияқтылар дара күйінде де, қосар күйінде де қолданыла береді. Одағайлардың ішінде көбіне тек қосар тұлғада жұмсалатындары да бар. Мысалы: Пай-пай, мына көмейі суырылған шешеннің ұрпағы-ай, сәлемінің өзін әндете салуын-ай! Әлди-әлди, бөпем-ай, ұйықтай қойшы, көкем-ай! Малға айтылатын одағайлар қосарлы түбір сөздер болады.  

  Одағайлар кейде сөйлем ішінде көмекші етістіктермен тіркесіп қолданылады. Оқшау айтылмай, көмекші етістікпен тіркесіп күрделі мүшенің құрамында келгенде, одағай тек айтушының ғана емес, басқа біреудің сезімін білдіреді.

  Одағайлардың тiркестiк, я қатар келу қабiлетiнде де ерекшелiк барына байланысты оларды да екi топқа бөлуге болады: бiрi- одағайлардың өзара тiркесе қолданылуы, екіншісі – одағайлардың етістікпен тіркесі.         

  Одағайлар етiстiкпен тiркескенде олардың бiр қатары одағайлы еркін тiркес, бiр қатары одағайлы тұрақты тiркестер құрайды. Одағайлар сөйлем ішінде көбіне «де» етістігімен тіркеседі. Мұндай жағдайда одағай сөйлемнің бір күрделі мүшесінің құрамына еніп, сол етістікпен өзара жымдасып, мағыналық жағынан өзгеріске ұшырап, одағай категориясына ауысып, одағайлы тіркес жасайды. Мысалы: Я деген!, Уа деген! Апырай десеші!, Ой де!, Бәсе деймін! сияқты тіркестерді мағына жағынан бөлшектеу қиын. Бұл типтес тіркестерді одағайлы тіркес деп атайды. 

    Одағай тұрақты сөз тіркесінде де қолданылады. Одағайлы тұрақты тіркестің ішінде келген одағай сөз қатысқан тіркестерді түгелімен одағайға жатқызуға болмайды. Үйткені тіркес құрамындағы сөздің бәрі тұрақты тіркестің беретін мәніне ауысып кеткен сөздер болатындықтан, олар одағай емес. Ойбай салды! – дегенде тіркес құрамындағы сөздер мүлде басқа мағынада қолданылып тұр.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)