Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Атау септігін меңгеретін септеуліктерПоиск на нашем сайте ІІ БЛОК Септеуліктер Объекті мен объектінің арсындағы әр қилы грамматикалық қатынасты білдіріп, белгілі бір септік жалғауын керек етіп тұратын сөздерді септеуліктер деп атаймыз. Септеулік шылаулар мағынасы мен қызметіне қарай септік жалғауларына ұқсайды. Сондықтан да олар өзі тіркескен сөзінің белгілі бір септікте тұруын қажет етеді. Септеуліктер өздері тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, болжалдық, бірлестік, талғау, таңдау т.б. мағыналар үстейді. Мысалы, Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек (М.Әуезов). Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет (Ш.Уәлиханов). Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі (Ж.Аймауытов). Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі (В.Обручев). Таптырмайтын ең асыл нәрселер: өнеріміз жайлы, жеткен, жетпеген жақтарымыз жайлы айтылған, дуалы ауыздан шыққан құнды пікірлер болды (Ш.Жиенқұлова). Септеулік шылауларды зерттеген ғаламдардың бірі – Ф.Кенжебаева. Ол септеуліктердің негізгі қызметі мен мағыналық түрлерін, басқа шылаулармен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді. Ғалым Ф.Кенжебаева септеулік шылаулардың негізгі бірнеше ерекшеліктерін атайды: «Септеуліктердің бірінші ерекшеліктері – септік жалғауларындағы сөздерді меңгеріп, өздерінің әрбір септікті меңгеруіне қарай топталуы болса, екінші ерекшелігі – сол меңгерген септіктеріне үстеме мағына қосып, олардың ұғымын нақтылауы. Үшіншіден, септеулік шылаулар септік жалғауындағы сөздердің құрамына еніп, сол сөздерді келесі сөздерге септестіре байланыстырады да, олардың сөйлемдегі қызметін нақтылайды» [30]. Көптеген еңбектерде септеулік шылаулардың қандай септікпен тіркесетіндігі туралы ғана айтылып жүргені мәлім. Кейбір зерттеушілер мәселеге тереңірек барады. Септеулік шылаулардың белгілі бір септік формасындағы сөзбен тіркесетіндегі жайында ғылымда бірізді пікір қалыптасқан деуге болады. Мәселен, профессор Н.Оралбаева: «Септеулік шылаулар белгілі септік формасына байлаулы, әр септік формамен қолданылатын тілде түрлі септеуліктер бар. Септеуліктер өзі тіркескен сөздің белгілі септікте тұруын қажет етеді» - дейді [33, 167]. Ғалым септеуліктер сөйлемде дербес сөзбен бірге бір мағынаны білдіреді, сөйтіп олар біртұтас элемент қызметін атқарып, сөйлемнің мағыналы бір бөлшегі қызметінде жұмсалады деп санайды. Ғалым Н.Оралбаева септеулік шылауларды аналитикалық септікке жатқызады: «Әрине, септеулік шылаулардың заттардың арасындағы алуан түрлі қатысты білдіретіні сөзсіз және олардың септеулік аталуы да белгілі дерекке негізделген. Олардың тіркесетін тұрақты септіктері бар. Басқаша айтқанда, олар белгілі септіктердің мағынасын ғана толықтырады. Осы тұрақтылық тегін емес. Сондықтан қазақ тілінде де аналитикалық септік нақтылы арнайы зерттеуді керек етеді» [33, 167-168]. Септеулік шылаулар дербес сөз формасын таңдап, талғап тіркесетіндіктен, олар барлық септік жалғауларымен қолданыла бермейді. Септеуліктер атау, барыс, шығыс және көмектес септікте тұрған дербес сөздерге ғана тіркеседі. Септеуліктердің дербес сөз тұлғасын таңдауы, сол септеуліктің өзінің мағынасы мен тіркесетін септіктің мағынасының жақындығына байланысты. Септеуліктер де басқа шылаулар сияқты өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, яғни түрленбейді. Септеуліктер зат есімдерге, заттанған басқа сөз таптарына, қимыл атауына (есіміне) тіркеседі. Оларға септеуліктер мынадай тұлғалардан кейін барып тіркеседі: 1. Атау септігін меңгеретін септеуліктер: үшін, сайын, сияқты, секілді, тәрізді, туралы, арқылы, бойы, бойымен, бойынша, жайлы, жайында, шамалы, шақты, қаралы. 2. Барыс септігін меңгеретін септеуліктер: шейін, дейін, таман, жуық, тарта, қарай, таяу, салым. 3. Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер: гөрі, кейін, соң, бері, әрі, бұрын, бетер. 4. Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге, қабат. Атау септік тұлғасындағы сөзбен тіркесетін септеуліктер, негізінен, есім сөзден соң жұмсалады. Үшін септеулігі есім сөздермен, қимыл атауымен және -мақ (-мек), -ған (-қан, -кен,-ген) формалы есімшелермен тіркесіп, оларға себептік, мақсаттық мағына үстейді. Мысалы, Екі анасын қөңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен: «Жүсіп-Зылиха» сияқты қиссаларды оқып берді (М.Әуезов). Сайын септеулігі зат есімдермен, есімшемен тіркескенде, ол сөздерге даралау мағынасын береді немесе белгілі бір істің қайталануын білдіреді. Мысалы, Көше бойының шыныланып қойған қалың қары көк аттың тағасы тиген сайын сықырлай түсіп, кірш-кірш етеді (М.Әуезов). Туралысептеулігі бір құбылыс туралы, сол хақында, сол турасында, сол жайында деген сияқты мәнде жұмсалады. Мысалы, Құнанбай Жидебайдағы істер туралы Жұмабай мен Тәкежан сөздерін түгел тыңдап алды да, Абайларға енді ыза болды (М.Әуезов). Осы туралысептеулігімен мағыналас жайында, жөніндегі, жөнінен, турасында, турасынан деген шылаулар да бар. Желқұйын туралы өз ауылындағы бір үлкен аңшының айтқан сөзі еді (М.Әуезов). Ол осы іс жөніндегі арам ойды ерте ойлаған. Кәмшат турасында күйзелтіп күңірентіп отырсыңдар сендер бізді. Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты (Бұл да). Арқылы септеулігі зат есіммен, тұйық етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің не арқылы іске асқанын білдіреді. Мысалы, Абайдың байлауын тілмаштар арқылы енді түгел түсініп болған екі ояз күлісіп, бір-бірімен келісе жарасқандай. Жиренше арқылы Абайға пара ұсынған Барақ, қазір көтеріңкі отыр (М.Әуезов). Шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінен сан есімдерге тіркесіп оларға болжалдық мән үстейді. Мәселен, Осы көштердің алдында Сүйіндік, Сүгір, Жексен және басқа да кәрі, жастан жиырма шақты кісі оқшауырақ келеді. Қазірде Бөжей қорасының алдында тұрған қырық шамалы кісі бар (М.Әуезов). Бойы, бойымен, бойынша септеуліктері зат есімдермен, есімдіктермен және -ған, (-қан, -кен, -ген) тұлғалы есімшелермен тіркесіп, белгілі бір мерзімді толық қамтитындай мағынаны береді. Мәселен, Күндегі машық бойынша келіп жатқан атқамінер, даугер, арызшылар (М.Әуезов).
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (1.546 с.) |