Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Көмектес септігін меңгеретін септеуліктерПоиск на нашем сайте Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер Көмектес септікті меңгеретін септеуліктерге қатар, бірге септеуліктері жатады. Бұл септеуліктер іс-әрекетті бірнеше субъектінің бірігіп жасағанын білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Сол жаймен қатар Мырзахандар айтып келген ерлік ертегісі де бұл өңірдің жас баласына дейін түгел жетті (М.Әуезов). Ол тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес (Абай).
ІІІ БЛОК Демеуліктер Демеуліктер – шылаулардың құрамына енетін көмекші сөз таптары. Өздері тіркескен сөздерге әр алуан грамматикалық мағына қосатын сөздерді демеулік шылаулар деп атаймыз. Демеуліктер – грамматикаланудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, тек көмекші қызметке көшкен сөздер. Ғалым Ы.Шақаман демеуліктердің морфологиялық ерекшелігінің бірі ретінде олардың сөзге жалпылама тіркесе беретін қасиетін айта келіп, оларды үш топқа бөледі: «1) еліктеуіш, одағай сөздерден басқа барлық сөз табына тіркесетін демеулік шылаулар: да/де, ма/ме, ғана/қана, қой/ғой, -ақ, -ды/-ді, -тын/-тін және одағайға да тіркесетін демеуліктер: -ай, -ау; 2) есім сөздер таптарына, есімдерше түрленетін етістіктерге тіркесетін демеулік шылаулар: екеш, түгіл, тұрсын, тұрмақ; 3) жіктелеген етістікке ғана тіркесетін демеулік шылау: -мыс/-міс» [59, 17]. Демеулік шылаулардың мағыналары тек сөйлемде, контексте көрінеді. Мысалы, Қой асығы демеңдер, қолына жақсы сақа қой, жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға ғой (Қазақтың би-шешендері). Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры (Б.Момышұлы). Берілген мысалдардағы қой, ғой шылаулары нақтылау, тұжырымдау мәндерін білдірсе, ғана демеулігі шектеу мәнін білдіру мақсатында қолданылған. Демеулік шылаулардың білдіретін мағыналары алуан түрлі. Олардың тілдік жүйедегі қалыптасқан негізгі мағыналары мынадай: 1. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те; 2. Сұраулық демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше; 3. Нақтылау демеуліктері: ды/ді, ты/ті, тын/тін, қой/ғой; 4. Шектеу демеуліктері: ғана/қана, тек; 5. Болжалдық демеуліктері: мыс/міс; 6. Қомсыну демеулігі: екеш; 7. Салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ; 1. Күшейткіш демеуліктердің қатарына -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те шылаулары жатады. Бұл топтағы демеуліктер сөйлемде айтылған ойға күшейту реңін қосу үшін қолданылады. Да/де, та/те демеуліктері күшейткіш мәндерін үнемі сақтайды. Мысалы, Қызметін істесе де қарайласқысы келмегені ғой! (М.Әуезов). Көше сондай қараңғы да емес қой (Н.Ғабдуллин). Сөйлемдерде демеуліктер етістікпен, сын есіммен келіп, оларға күшейту мәнін үстеген. Бұл демеуліктер жалғаулық, септеуліктермен тіркесе береді және өзінің күшейту мағынасынан айырылмайды. Мәселен, Егер де маған сенбесеңіздер ояздың өзінен сұраңыздар (Ә.Әбішов). -ақ демеулік шылауы өзі тіркескен сөздерге күшейткіш реңін қосады. Мысалы, Амантай өз ойын Қайырға әлдеқашан-ақ айтып қойған ғой (Ғ.Мүсірепов). Қаланың адамдарын қысылтпайын-ақ дейсің, бірақ амал жоқ (Б.Нұржекеев). Ахмет Қуанұлының семьясы үлкен еді, бірақ ол нан-тұзын ұсынып, қонақжайлық білдіру парызын адал-ақ атқарды (Е.Брусиловский). Мұнда -ақ демеулігі есімдік, етістік және сын есіммен тіркесіп күшейткіш мәнін беріп тұр. -ау демеулігі көбінесе сөйлемге эмоциялық реңк береді. Мысалы, Көп күн жүріп жеттік-ау (Ш.Жиенқұлова). -Айтыңыздаршы, Жұртым-ау, Құрманбек тірі ме?- дедім үнім дірілдеп (Ш.Жиенқұлова). -ай демеулік шылауы толық мағыналық сөздерге тіркескенде оның күшейткіш мәні басымырақ болады. Ал -ай шылауы зат есімнен болған сөздерге тіркескенде ол сөздерге ой екпінін түсіріп ерекшелеп тұрады. Мысалы, Қайран ер көңілді аналар-ай!-дедім менде ішімнен (Ш.Жиенқұлова). Жарықтық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау (Б.Майлин). Мұнда әрі таңдану, әрі таңырқау мәні бар. 2. Сұраулық демеуліктері ма/ме, ба/бе, па/пе қандай сөз табымен келгеніне, қандай тұлғада тұрғанына қарамастан үнемі сұрау мәнінде жұмсалады. Олар үнемі баяндауышпен қатар жүреді. Мысалы, Құлын тайға өтпей ме? Тай құнанға жетпей ме? Құнан ат боп құлдырап, Қырдан асып кетпей ме? (Д.Әлімжанов). «Гәккудің» авторы Ыбырай ма, Құлмағамбет пе, әлде Иса ма? (Е.Брусиловский). Сағынып, аңсап барғанда, сағына күткен жан бар ма? (М.Мақатаев). Ше демеулігі зат есім, етістік, үстеу сөздерге тіркесіп, ойды толықтыру үшін қайталай сұрау мақсатында сөйлемнің соңында қолданылады. Мысалы, Ей, әлгі Мәскеуде Мұқаңның бізді ұялтатыны ше?...(Ш.Жиенқұлова). 3. Нақтылау демеуліктері -ды/ді, -ты/ті өткен шақтағы сөздерді нақтылайды. Мәселен, Осының алдында Құрманбек екеуіміздің басымызға күн туып жас шаңырақтың уықтарын солқылдатқандай ауыр жағдай өткен-ді (Ш.Жиенқұлова). -Тын/тін демеулігі -ды/ді демеулігімен мағыналас өткен уақыттағы ойды нақтылау мағынасын береді. Мысалы, Болымсыз нәрседен шатақ шығаратын жайсыздау кісі-тін (Б.Нұржекеев). Үрия мінезге бай әйел еді, тек жалғыз ғана осал жері - ерке-тін (Е.Брусиловский). 4. Шектеу демеуліктері ғана/қана үнемі шектеу мағынасын үстейді. Мысалы, Кімде-кім өзін билеп, ілім мен өнер үйренген жағдайда ғана баянды бақытқа қолы жетеді (У.Кайкавус). Халық тәжірибесі тек бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет (Б.Момышұлы). Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады (М.Әуезов). Ғана/қана демеуліктері тек демеулігімен қатар айтылып, сөздерге күшейту, шектеу мағынасын қосады. Мәселен, Тек қана оқуменен өнер білмек (С.Торайғыров). 5. Болжалдық демеуліктері -мыс/міс өзі тіркескен сөзге тек болжалдық мағына жамайды. Ол көбінесе етістіктермен тіркесіп, болжалдық мәнді береді. Мысалы, Ойратқа сонау дүрбіт, торғауыт, төлеуіт тайпалары жатады-мыс (Ә.Кекілбаев). 6. Қомсыну демеулігіне тек қана екеш демеулігі жатады. Екеш демеулігі үнемі қомсыну мәнінде жұмсалады. Мысалы, Жан рахатын құс екеш құс та біледі (Ш.Мұртаза). 7. Салыстыру демеуліктеріне жататын түгел, тұрсын, тұрмақ демеуліктері сөз таптарына қалай бірдей тіркессе, сөзге үстейтін мағыналары да сондай ұқсас. Мысалы, Мұны естігенде, Күләштің қалтырағаны былай тұрсын, зәрем зәр түбіне жеткендей жүректен жүрек қалмады (Ш.Жиенқұлова).
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |